Курстық жұмыс: Ауыл шаруашылығы | Жануар тектес азықтар
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................................41. Негізгі бөлім
1.1 Жануар тектес азықтар ..................................................................................6
1.2 Азықтық протеин алмастырушылары .........................................................9
1.3 Азықтық микробиологиялық қосындылары ............................................12
1.4 Азықтық минералды қосындылары .........................................................13
1.5 Биологиялық әсерлі заттар ........................................................................20
1.6 Құрамажем .................................................................................................23
Техникалық қауыпсіздік
Қорытынды ........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................31
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан соң, ауыл шаруашылығына үлкен назар аударыла бастады. Республикамыз Президенті 2003-2005 жылдарды «Ауыл жылы» деп жариялағаны, ауыл шаруашылық жұмыстарының өркендеуіне өте салмақты үлес қосты.
Құс шаруашылығы – бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.
Құстың өнімділігі мен беретін өнімдерінің сапасы оны азықтандыруына байланысты. Құстың тез-өсіп жетілгіштігі және жоғары өнімділігі олардың организмінде зат алмасуының жедел өтуіне негізделеді. Биохимиялық және физиологиялық зерттеулер жетілуінің арқасында көптеген витаминдер, амин қышқылдары, минералды заттар ашылып, олардың және де көмірсулардың, май қышқылдарының қоректендірудегі орны анықталды.
Құс азығын қажетті барлық қосындылармен толықтыру арқылы денсаулығын нығайтып, өнімділігін өсіріп, өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Солардың ішіне жануар тектес азықтар да кіреді.
Мал азығына өсімдік тектес жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да қолданылады. Оларға жаңа туылған төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет өндірісінің қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука) мен балық зауыттарының балық ұны (рыбная мука) түріндегі қалдықтары жатады.
Техникалық қауыпсіздік. Құс шаруашылығы мен айналысатын шаруашылықтар техника қауіпсізлігімен еңбек қорғанысын орындалуы керек. Дегенмен жұмыртқа мен ет өнімдерін өңдейтін техникалық құрылыстар, еңбекшілер денсаулығына аса үлкен зиян келтірмейді. Құс фабрикаларында техника қауіпсізлігі міндеті инженерлерге жүктеледі, ал цехтарда учаскілерде техника қауіпсіздігіне жауапты етіп цех басшыларын, бригадирлерін немесе бас мамандарын тағайындайды. Инкубация цехтарына инкубатор құрылысы мен жұмыс істеу құрылысымен танысқан, қауіпсіздігін оқыған ғана кіреді.
Жұмыс алдында орындарын жиып, тазалау кезінде электірлік құрылғымен электірлік приборларға тиісуге болмайды. Олардың су тиуден, кіші электорлық ақаулардан қорғау керек.
Ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізетін барлық мүшелер техникалық қауіпсіздігін, яғни жою дәрі – дермектермен, дезинфекция жасайтын машиналар мен құрылғыларды қалай пайдалану керектігін білу керек.
Ветеринарлық санитариялық техника қауіпсіздігін міндетті түрде сақтау, орындау ережелері миыналар:
- профилактикалық дезинфекциялық дәрі дәрмектермен улану.
- профилактикалық травматикалық механикалық аппараттармен жұмыс жасау, электір тоғының үлкен ағымарымен жарақаттану.
- Дезинфекциялық аймақтағы өртке қарсы шаралар.
Бактерияларда өсіретін юалапан цехтарын меңгеру және қауіпсіздік ережелерімен талаптарын орындау.
Әр жұмысшының міндеті, жұмысты бастамас бұрын жұмысшылар арнайы киімдерін киіп, жұмыс орындарын дайындап, жұмыс құрылғысының дұрыстығы тексеріліп, барлық ережелерге сай келгенде ғана жұмыс бастауға рұқсат етіледі.
Жануар тектес азықтар
Мал азығына өсімдік тектес жемшөппен қатар жануар тектес азықтар да қолданылады. Оларға жаңа туылған төлге берілетін сүт пен сүт өнімдері, ет өндірісінің қан ұны (кровяная мука), ет ұны (мясная мука), ет-сүйек ұны (мясо-костная мука), сүйек ұны (костная мука) мен балық зауыттарының балық ұны (рыбная мука) түріндегі қалдықтары жатады.
Туа сала төл енесінің уызымен қоректенеді. Уыз құрамы сүттікінен ерекшеленеді. Уыздың сүттен құрғақ затында жоғары болғандықтан, қою келеді. Казеинді сүт белогымен салыстырғанда уыз белогында жылдам іріп, ыдырағыш келетін альбуминдер мен глобулиндер басым болады. Уыз гамма-глобулиндері мен төлге енесінің иммундық, яғни ауруға қарсыласушылық қасиеттері беріледі. Апта аралығында уыз құрамы біртіндеп жай сүттікіне ауысады. Алғашқы күнгі уызда 16(14-ші сағатта) – (12-ші сағатта) 8% белогы , 5-3,4 % майы , 2-3 % қанты, 1% күлі бар 24 – 15 % құрғақ заты болса, 7 -9 күні бұл көрсеткіштері, тиісінше , 4,5-3,5 %; 4 -3,7% ; 4,5 -4,8 % ;0,8% мен 14 -13 % дейін өзгеріп, ол жай сүтке айналады. Бұл мерзімдегі оның қышқылдығы 40-32 Тернер градусынан 24-19 градусқа дейін төмендейді.
Сиыр сүтінің 12,7% құрғақ затында 3,4% протеин, 4,9% сүт қанты(лактоза), 3,6% май, 0,7% күл болады. Сүт қоректілігі майлығына байланысты өзгереді. 1 кг сиыр сүтінде ...майлылығы 3% болса- 0,31 а.ө., майлылығы 4% болса – 0,36 а.ө., майлылығы 5% болса – 0,42 а.ө., 33 г қорытылатын протеин болады. Жинақталған сүтпен (сборное молоко) қолдан емізілетін сүтті тұқым бұзауына сүтті 3-4-ші айда біртіндеп майы алынған (обезжиренное) көк сүтпен (обрат) алмастырылады. Майсыздандырылған сиыр сүтінің 1 кг-да 0,3а.ө.,35 г қорытылатын протеин болады. Сүт пен көк сүтті ұзақ уақыт сақтау үшін тұз қышқылымен өндеуге болады. Тұз қышқылы қосылған сүт тез ұйып, бұзылмай сақталады да төлді іш ауруына шалдықтырмайды.
Сондай-ақ сүтпен май айырғанда қалатын пахта , ірімшік өндіргенде қалатын сүт сарысуы (молочная сыворотка) да мал азығына бірден немесе ашытып пайдаланады.
Сүт пахтасында 3,5% жеңіл қорытылатын жоғары сапалы белок, 4,5-4,7% сүт қанты, 0,7% күл болады. Барлық сүт өнімдерінің протеині жоғары сапалы болып келеді. Витаминдерден оларда рибофлафин мен пантотен қышқылы көп жиналады.
Мал азығына ет өндірісінің тағамға жарамсыз қан ұны, ет ұны, ет- сүйек ұны түріндегі қалдықтары құнды протеинді, ал сүйек ұны кальций фосфорлы қосынды ретінде мал азығына жұмсалады.81% протеиннен тұратын қан ұнының 1 кг – да 0,95а.ө.,650 г қорытылатын протеин болады. 65% ет ұнының протеинінде лизин көп, бірақ метионин мен триптофан аз болады. Тағамға жарамсыз мал ұшасынан дайындалған ет-сүйек ұнында 20-25% күл болып, 50% дейінгі протеинінде 5,4% лизин, 2% метионин мен цистин, 0,75% триптофан болады.
Тағамға жарамсыз және ұсақ балықтар мен балық өңдеу қалдығынан протеинінің биологиялық құндылығы өте жоғары (4,7-7,3% лизині, 2,5-3% метионині бар) балық ұны дайындалады. Оның 1 кг – да 0,9-1,5а.ө.,480-630 г қорытылатын протеині, 50 г лизин, 15 г метионин 5,7 г триптофан, 20-80 г кальцый, 15-60 г фосфоры болады.Осыған байланысты балық ұны белоктық құндылығымен қоса және бағалы фосфор көзі болып табылады. Балық ұнының протеині аминқышқылдық құрамы жағынан эталон ретінде алынған тауық жұмыртқасы ағының құрамына жақындайды. Оның органикалық затын шошқа 85-90 % қорытады.
Азықтық ет ұнының түсі – сарғыш, боз не қоңыр, ет - сүйек ұнынікі-бозғылт-бурыл қоңырқай, қан ұнынікі қоңыр болып, козінің тесігі 3 мм електен 150 грамын елегендегі өтпейтін өалдығы 5% - дан (7,5г), ал 2 мм- ден үлкен өткір металл қалдықтары...1 сортты ұнда – 150 мг- нан, басқа сортында – 200 мг – нан аспауға тиіс. Құс құрамажеміне қосылатын 2-3 сортты қан ұнында 500 мг- ға дейін саусақ пен жеңіл үгітілетін металл тотығы болуы мүмкін.
Жануар тектес азықтар түрі, түсі, иісі, химиялық құрамы бойынша келесі қоректілік кластарына (сортына) бөлініп бағаланады.
Мал терісін өңдеу қалдықтарынан құрамында 85-90 протеині , 2-3 майы, 1,5-3 күлі бар азықтық тері ұны дайындалады. Оның цистин мен триптофаны аз протеинінің қорытылымын жоғарылату үшін қышқыл не сілтілік өңдеуден өткізеді. Ол үшін жарамсыз тері мен оның қалдықтарын жоғары қысымда , 120 -130С температурасымен гидролизлейді . Гидролизленген тері қолагені еріп , ас қорыту барысында 75 -80% ферменттеліп , қорытылады.
Құс етін өндіргенде пайдаланылмай қалатын қауырсынынан 83% протеині ,
4,6% майы , 6,4 % кальцийі , 2,7 % натрийі , бар қауырсын ұнын (перьевая мука ) шығарады . Оның 1кг-да 0,8 а.ө., 500 г қорытылатын протеин болады . Қауырсын ұнын шошқа азығына , құс құрамажеміне лизин , метионин мен триптофан аминқышқылдарына бай протеиндік қосынды ретінде қосады ...
Малды азықтандыруға қоректілігі құрамына байланысты өзгеретін асханалық ( тағамдық ) қалықтар да пайдаланады . Олардың органикалық заты жоғары (87 – 90%) қорытылады . Тағам қалдықтарын, әдетте , басқа азықтармен бордақылаудағы шошқа мен мүйізді ірі қара мал азығына пайдаланады . Малға жұғымды қосынды.Орташа құрамында 80-88% су, 1,5-3% протеин, 0,5-2% май, 0,5-1,5% жасунық, 7-14% азотсыз экстрактивті заттар, 1,3-2,3% күл болатын тамақ өнеркәсібі мен асхана қалдықтарын, негізінен, шошқа азығына жұмсайды. Бордақылаудағы шошқа азығындағы асханалық тамақ қалдығының үлесін бордақылаудың басында – 60 -70% , аяғында 50-30% көлемінде қосуға болады. Асханалық қалдықтарының 50% -на 43% жем қосындысын мен 7% витаминді шөп ұнын қосып, құнарлылығын арттыруға болады.
Бірақ ылғалдығы жоғары тағамдық қалдықтар тез арада бұзылатындықтан мал азығында дереу жұмсалуын қамтамасыз ету керек. Малға жегізілетін асхана өалдықтарында металл, әйнек-шыны секілді мал ас қорыту жолын зақымдайтын бөгде қалдықтардың болмауын мұқият қадағалайды. Біраз тұрып қалған асхана қалдықтарын жоғары температурада өңдеп, микробтардан, арылтып, арнайы магнитті қондырғылардан өткізіп металл және басқа бөгде заттардан тазартады.
Азықтық протеин алмастырушылары
Малды қажетті көлемде дене мен өнімің құрылымдық қосындылары болып табылатын протеинмен қамтамасыз ету үшін бір қарынды мал мен құсқа тікелей белок пен аминқышқылдарын қосу қажет болса, қарыны көп бөлімді күйісті малға құрамында азоты бар қосындылар қосу жеткілікті. Ол қосындылар азотын месқарын микроорганизмдер өз тіршілігіне (өсіп-өнуіне) игеру арқылы қожайын организмін, яғни малды микробиологиялық түзу белогы және аминқышқылдарымен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта пайдаланылатын протеиндік қосындыларға карбамид, аммоний тұздары, аспарагин, өндірісте дайындалатын амин қышқылдарының препараттары, т. Б. Жатады.
Өндірісте түзілген зәрлік (синтетическая мочевина, яғни карбамид) иіссіз, ақ тусті, ащы дәмді, ылғал сіңіргіш, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Оны химия зауыттары ауа азоттың жоғары температурада сүтегімен қосудан пайда болған аммиакты (NH3) 200 атмосфералық қысыммен 185-200С ыстықта катализатор қолдана отырып көмір қышқыл газымен( СО2) қосып шығарады. Қос амидті көмір қышқылы ((СО)NH2) түріндегі карбамид жылдам ерігіштігінен месқарында тез ыдырап, көмірқышқыл газы мен аммиакқа бөлінеді.
Санитарлық тұрғыдан таза аммиак тыныс жолдарын қабындырып, көздің кілегей қабығын қоздырып, жалпы организмді уландыратын өте күшті уға жататындықтан, карбамидті мал азығына қолданғанда басқа да аммиакты қосындыларды қолданғанда сақталатын санитарлық сақтық ережелерін қатаң сақтау қажет. Мал азығына жұмсалатын карбамид құрамында 46% азот болады. Бұл суда жақсы еритін, бірінші фракциясындағы көлемі – 0,2 – 1 мм, екінші фракциясындағы көлемі – 1 – 2,5 мм ақ, ылғал тартушы ұнтақ . Оны күйісті малға 6 айлығынан соң, аз мөлшерден бастап, 7-10 күнде месқарын микрофлорасын оны игеруге әбден бейімдеп барып береді.
Карбамидтің тәуліктік мөлшерін малға тәулік бойы жегізілетін жеммен біркелкі мұқият араластырып немесе оның судағы не сірнедегі ерітіндісі мен жем шөпті бүркіп енгізеді. Құрамажемге не жем қосындысына карбамидті массасының 0,3-0,5% көлемінде қосады. Осылайша карбамид азотымен күйісті малдың протеиндік мұқтаждығының 25-30% қамтамасыз етуге болады. Одан ыдырап шыққан аммиакты өз дене құрылымына игеру арқылы месқарын микрофлорасы 1 г карбамидтен орташа 2,6 г қорытылатын микробтық белок түзіледі.
Карбамидпен қоса күйісті мал азығындағы протеиндік қосынды ретінде аммоний қос карбонаты мен сульфатын, аммиак суын, амидтер мен амидтік құнарлы қосындыларды қолданады....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Өндіріс | Мақта дақылының халық шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу
» Курстық жұмыс: Биотехнология | Азықтық антибиотик Биовит өндірісін зерттеу
» Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
» Курстық жұмыс: Биология | Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері
» Курстық жұмыс: Өндіріс | Мақта дақылының халық шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу
» Курстық жұмыс: Биотехнология | Азықтық антибиотик Биовит өндірісін зерттеу
» Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
» Курстық жұмыс: Биология | Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері
Іздеп көріңіз: