Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мазмұны
КІРІСПЕ ............................................................................................................... 2
ТАРАУ I. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қалыпты дамып келе жатқан балада сөйлеудің грамматикалық құрылымының қалыптасуы....................................................................................7
1.2 Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балада және ақыл-ойы кем балада
грамматикалық құрылымының қалыптасуы.......................................................10
1.3 Қазақ тілінің грамматикалық жүйесі..............................................................17
ТАРАУ ІІ. ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.2 Эксперимент әдістемесі..............................................................................33
2.3 Эксперимент нәтижесі.................................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................48

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның демократизация және жаңару үрдісінде қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін өріс алған мәселелердің бірі өткеннің рухани, мәдени, тарихи қайта өрлеу мәселесі.
Адамдар тіл арқылы бір-бірімен пікір алысады, өзара түсініседі. Қоғамдық істерді тындыру үшін адамдардың бірлесіп күш жұмсауына дәнекер ортақ тіл болуының маңызы ерекше. Ондай тіл халықтың - ана тілі.
Қазақ тілі мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуінде елеулі роль атқарып келеді. Қазіргі қазақ тілі оралымды, бай тілге айналды. Дегенмен қазіргі кезде қазақ тілінің қызмет етуі потенциалды мүмкіншіліктерді аспауы көптілдік факторымен тежелгені туралы мәліметтер бар.Соңғы жылдары қазақ тілі өз құқығына жалпы енгенмен, толық оны қолдану мәселесі шешілген жоқ.
Бұндай жағдайда бастауыш мектеп жастағы балаларда бай, грамматикалық жағынан дұрыс құрастырылған ауысша сөйлеуін дамыту қажеттілігі туады.
Тіл - ақиқатты танытудың басты құралы. Филисофиялық және психологиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.
Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір - бірімен түсінісу және адамның сезімі мен көңіл - күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан мектептің төменгі сыныптардың өзінен бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттігі мақсатты түрде алға қойылды.
Себебі жастайынан бастап ана тіліне деген сүйіспеншілік барлық өмір барысында тұлғаның дамуына өз әсерін тигізеді. Неғұрлым ана тілін ерте шақтан естіп, ана сүтімен сіңірілсе, соғұрлым қазақ халқының рухани, мәдени құндылықтарына жол ашылады.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті. Ана тілін жақсы меңгерген баланың ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, адамдармен сыпайы қарым - қатынас жасап, тіл табысуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі. Баланың жастайынан ойлау қабілетін жетілдіріп, білімін молайту үшін, оған дұрыс тәрбие беру үшін ана тілінің маңызы зор. Сондықтан елімізде мектептегі оқуды ана тілінде жүргізуге, ал, баласын таңдаған тілде оқытуға ата-анаға ерік беруге барлық мүмкіндік жасалған.
Сондықтан баланың ақыл ойының дұрыс дамуына, білімді еркін және оңай меңгеруіне, басқа сөзбен айтқанда, жан-жақты дамуына апарар бірден бір жол - сөйлеу тілді жетік меңгеру.
Мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі дұрыс дамып келе жатқан балалар мектепке барарда қажетті сөз қоры мен грамматикалық түрлерді меңгереді. Бірақ сөйлеу тілінің түрлі патологияларда, әсіресе жалпы сөйлеу тілі дамымағанда бұл үрдістер тежеліп, сапа жағынан басқа көрініс алады.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларға, ақыл - ойы қалыпты да, зияты бұзылған балалар да жатуы мүмкін. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда фонетикалық, фонематикалық, әсіресе лексико-грамматикалық жақтардың кемістіктері басқа психикалық үрдістердің қалыптасуына кері әсер етеді.
Жалпы көрсетілген ерекшеліктер сөйлеу тілдің жетіспеушіліктері бар балаларға тән болып, әр түрлі авторлармен зерттелген, Олар Р.Е.Левина, 1961, 1968, Н.А.Чевелева, 1987, И.Т.Власенко, 1988, Н.С.Жукова, Е.М.Мастюкова, Т.Б.Филичева, 1990, Т.Б.Чиркина, 1992, Р.К.Луцкина т.б.
Сонымен бірге белгіленген балалармен түзету тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру мәселелерін ашатын бірқатар зерттеулер бар. (Л.Ф.Спирова, Г.А. Каше, Н.Л. Евзекова, Н.А.Никашина, Л.В. Мелехова, )
Сөйтіп, белгіленген мәселе бойынша арнайы әдебиеттерді талдай отырып, жалап сөйлеу тілі дамымауын зерттеген жұмыстардың бар болуына қарамастан мағлұматтардың көбі орыс тілінде оқытылатын балаларға қатысты екеніне көңіл аудару қажет. Сөйлеу тілді зерттеу, түзету жолдары орыс тілінің ерекшеліктерін ескеріп жасалынған. ЖСТД балаларының грамматикалық құрылымының ерекшеліктері жайлы мағлұматтардың жоқ болуы белгіленген мәселенің өзектілігін дәлелдейді.
2. Ғылыми жұмыстың мақсаты жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының сөз жасау, өзгерту ерекшеліктерін анықтау.
3. Зерттеудің міндеттері:
1). Сөйлеу тілінің грамматикалық жүйесі бойынша әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
2). Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының грамматикалық құрылымының дағдыларын тексерудің әдістемесін құрастыру.
3). ЖСТД балаларының сөз жасау және сөз өзерту ерекшеліктерін анықтау.
4). Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын зерттеу әдістемесін логопедтермен практикалық жұмыста пайдалануға болады.
5). Зерттеудің нәтижесінде алынған мағлұматтарды қазақ тілі сабақтарында түзету жұмысында пайдалануға болады.
Әдістемелік және теориялық негіздер. Біздің зерттеуіміз келесі теориялық базаға негізделген: онтогезде сөйлеу қалыптасудың заңдылықтары ( А.Н.Гвоздев, В.А.Сохин, Д.Б.Слобин, А.М.Шахнарович, Б,Баймұратова, Т.Т.Аяпова) жалпы сөйлеу дамымаудың ерекшеліктері (Р.Е.Левина, Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, Л.Ф.Спирова, М.С.Жукова, Р.И.Лалаева, В.Г.Петрова), танымдық әрекетінің дамуында сөйлеудің маңызын (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р.Лурия), қазақ тілінің грамматикалық жүйесінің ерекшеліктері (М.Б.Балақаев, Р.С.Амиров, А.Д.Данияров, А.Түлеов), қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері (С.Қазыбаев,С.Рахметова,Б.К.Бектаева).
4. Зерттеу объектісі ЖСТД балаларының ауызша сөйлеуі.
Арнайы(түзету) мектеп орындарындағы оқу -тәрбие үрдісі.
5. 3ерттеу пәні.
Оқушылардың грамматикалық құрылымының ерекшеліктерін анықтау.
6. Зерттеудің ғылыми болжамы: Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізі және кәсіби тұрғыдағы қарым-қатынастың негізі айқындалды. Оқушылардың мәдениетін қалыптастырудағы тиімділігі арттырылды.
7.3ерттеудің әдістері: (9 бет)
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып, эксперимент жасалынды.
8. Зерттеудің базасы : Алматы қаласы №7 Арнайы (түзету) мектеп - интернаты. Зерттеуге қатысқандар - 7 сынып оқушылары (30 оқушы): 7 «а» сынып- 8 бала, 7 «б» сынып - 8 бала, 7 «в» сынып - 14 бала.
9. Зерттеудің жаңалығы:
Зиятында ауытқуы бар балаларға анықтама беріліп, оны қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды.
Қарым-қатынас мәдениетінің қажеттілігі негізделі әдістемесі жасалынды.
10. Практикалық мәнділігі :
1).Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларының грамматикалық құрылымының дағдыларын тексерудің әдістемесі құрастырылды.
2).ЖСТД балаларының сөз жасау және сөз өзгерту ерекшеліктері анықталды.
1 кесте Көптік жалғауларды қолдану ерекшеліктері:
Кестеде келтірілген сөз өзгерту дағдылары ЖСТД балаларының тек 23% ғана қалыптасқан, сөйлеуі қалыпты зияты сақталған балалардың 85% дұрыс айтады.
2 кесте Сөз жасау ерекшеліктері:
Кішірейтілген, рең мағына беретін жұрнақтар зияты сақталған ЖСТД дұрыс қолданғаны 81,6%, қате 18,4% ақыл-ойы кем ЖСТД дұрыс қолданғаны 14,1%, қате жасалғаны 85,9%, сөйледі қалыпты балалар дұрыс қолданғаны 56%, қате жасағаны 44%.
3 кесте Септік жалғауларды қолдану:
Септік жалғауларды қолдану барысында зияты сақталған ЖСТД дұрыс қолданғаны 21%, орын алмастырғаны 67%, сөйлеу.
Сонымен зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Зиятында ауытқуы бар балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
- Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты әдістемелік ұсыныстар жасалынды. Сөйлеуі қалыпты балалар қолданғаны 100%.
ТАРАУ I. ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.
І.І.Қалыпты дамып келе жатқан балада сөйлеудің грамматикалық құрылымның қалыптасуы.
Сөйлеу индивидтің ең маңызды функциясы. Сөйлеудің даму мәселесі қазіргі уақытқа дейін түрлі саладағы зерттеушілерді қызықтырған, өйткені сөйлеу тілі меңгеру күрделі психофизиологиялық үрдіс.
Балаларда сөйлеудің пайда болуы мен қалыптасу қоршаған ортаға адамдармен қарым- қатынас барысында дамиды. Қарым- қатынас пен тәрбие үрдісінде ғана бала әлеуметтік қасиеттер мен функцияларды меңгереді. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей сөйлеудің грамматикалық жағының дамуы бала іс- әрекетемен байланысты болады (Д.Б.Эльконин, 1958;М.И.Лисина, А.Г.Рузская, А.Э.Гейнсштайн, 1995).
Түсінікті сөйлей алу мүмкіндігі адам тұлғасының ең маңызды көрінісі. Л.М. Выготскийдің айтуынша бала байқағанын немесе сезгенін сөзбен бекітсе қабылдаған мәліметті соғұрлым жақсы түсінеді. (1984,3656).
Балада барлық психикалық үрдістер: қабылдау, зейін, ес, елес, ойлау, операциялары сөйлеу арқылы дамиды. (Л.С.Выготский, 1934; А.Р.Лурия, 1956, 1979; А.А.Леонтьев, 1964; А.В.Запорожец, 1965).
Авторлардың көбі ең алғашқыда импрессивті сөйлеу, кейін экспрессивті сөйлеу дамитынын белгілеген.
А.А. Леонтьевтің анықтауы бойынша «... түсіну - айтуға қарағанда едәуір күрделі үрдіс...» (1967, 4516).
Көптеген зерттеушілердің айтуынша (Л.С.Выготский, A.M. Шахнаровичт т.б.), сонымен бірге Ф.А. Сохинның, баламен ана тілін меңгеру кезінде тек енжар еліктеу ғана емес, бала жағынан белсенділіктің де рөлі үлкен. (1951,45)
Л.С. Выготский бойынша сөйлеудің белсенді дамуы өмірдің екінші жылында өтеді. Бүл уақытта психикада жаңа өзгерістер ретінде өзіндік сөйлеу дами бастайды.
Г.Л. Розенгарт - Пупко айтуы бойынша өмірдің екінші жылының екінші жартысында баланың өзіндік сөйлеуі қалыптасып белсенді дамиды. Сөйлеу қарым - қатынасына деген қажеттілік баланың сөйлеуге қабылдағыштығын арттырады.
А.Н.Гвоздев баламен грамматикалық құрылымын меңгеруінің келесі кезектілігін белгілеген:
1. Өзгермейтін, барлық жағдайларда қолданатын аморфты түбір сөздерден тұратын сөйлемдер кезеңі. Бұнда анық екі бөлім көрінеді: бір сөзден тұратын сөйлемдер уақыты (1,3 бастап 1,8 дейін) және екі сөзден тұратын кезең (1,8 бастап 1,10 дейін). Тұрлаусыз мүшелер екі сөйлемнің грамматикалық бөліктер ретінде пайдаланады. Ең алғашқыда объект және оның әрекетке деген қатынасы қалыптасады. Оның негізінде сөз тіркестер пайда болады: 1) етістік + объектінің жатыс септігі және 2) етістік + объектінің атау септігі.
2. Грамматикалық категориялардың қалыптасумен байланысты сөздердің грамматикалық түрлерін меңгеру кезеңі. Сөздердің морфологиялық дифференциациясы пайда болып, өз бетінше қалыптасқан түрлер кең пайдаланады. Бұл кезең 1,10 бастап 3 жасқа дейін жүреді.
3. Сөйлеудің морфологиялық жүрісін меңгеру кезеңі (3,0 бастап 7,0 дейін). Қазіргі кезде мектепке дейінгі жастағы қазақ балаларының ана тілін меңгеру мәселелеріне арналған зерттеулер елде болса аз (Б.Б.Баймуратова,1970;И.Т.Аяпова,1988).
Баймуратова төменгі мектеп жастағы балалармен сөйлеудің грамматикалық кұрылымын меңгеруін жалпылама түрде зерттеген. Оның мәліметі бойынша 4 жастағы балалар жекеше түрдегі зат есімдерді барлық септіктерде септей алады. Бұнымен қоса, балабақшада тәрбиеленетін 40% және үйде тәрбиеленетін 15% балалар зат есімнің көпше түріне ауыстыра алатынын көрсеткен.
Т.Т. Аяпованың зерттеулерінде (1988) 1 жастан 4 жасқа дейінгі қазақ балалары синтаксисінің даму ерекшеліктері жан - жақты ашылған. Оның
зерттеулері бойынша қазақ балалары «сөз-сөйлем» 0,11 бастап 1,10 дейін жас аралықта созылып, ана тілінің синтаксистік меңгеруге ең қажетті түйін болатынын айтқан «бала сөйлеуінің ең алғашқы даму кезеңі сөз - сөйлемнен басталады. Ол басты ерекшелік болып, келесі кезеңдердің дамуына негіз салады». (1988, 746).
Бір сөзді сөйлем синтаксисті меңгеруге қажетті түйін болып табылатьшың көптеген авторлардан қолдау табады. (Аркин 1948; Гвоздев А.П., 1961; Эльконин Д.Б. 1964;). Мысалы А.Н. Гвоздев сөз - сөйлем «... өзінің мағынасы бойынша аяқталған ойды білдіреді» деп айтқан. (1961,1626).
Т.Т. Аяпованың байқауынша бала сөйлемнің грамматикалық жағынан дұрыс калыптасуы екі сөзді сөйлемдерден басталады. Мысалы: шай тәтті. Мына шай тәтті. Бір сөзді және екі сөзді сұраулы сөйлемде сингармонизм заңына бағынбайтыны белгілеген: Мама келе ма?
Осы авторлардың мәліметтерінде бала сөйлеуінде бірінші түрленетін жатыс септік, ал жалғаулардан барыс септік жалғаулары - қа/ға пайда болатынын көрсеткен.
Кейінірек зат есімі бар етістікті сөз тіркестер қолдана басталады (2,0; 2,3). Бірақ олар басқа сөз тіркестерге қарағанда сирек қолданылады.
Етістікті сөз тіркестер барыс, жатыс және шығыс септіктердегі есімдермен қолданады. Мысалы: мамаға барамын; менде жоқ; апамен ұйықтаймын.
Сонымен Т.Т.Аяпова бірыңғай мүшелер, күрделі бастауыштары бар сөйлемдер және құрмалас сөйлемдер 4 жасқа дейінгі балаға қиын болатыны жайлы қорытындыға келді.
Автор бала сөйлеуінің алғашқы кезеңдерде сөздердің қате қатарын байқап, дұрысына ауысуына көрсеткен. Бұл уақытта олардың сөйлеуі грамматикалық жағынан дұрыс безендіріле бастайды. Мысалы, бала сөйлеуі грамматикалың дұрыс түрлендіре басталғаннан кейін, онда тұрақты сөз ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Презентация (слайд): Психология|Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері
» Реферат: Қазақ тілі | Грамматика және оның салалары
» Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Тіл және сөйлеу (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бақылау диктанты (3 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс ЖАЛПЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак тілі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]