Курстық жұмыс: Социалогия | Жалпы әлеуметтік жұмысттар

Курстық жұмыс: Социалогия | Жалпы әлеуметтік жұмысттар

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3 б.
1.Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат.... 4-8 б.
2. 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы.............................................................................................9 б.
3. Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз................................10-11 б.
4. Тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы....................................12 б.
Қорытынды......................................................................................................13 б.
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................14 б.

Кіріспе
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларын жеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы белгілі ресейлік маман С.И. Григорьевтің айтуынша, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі пәніне адамның жеке және әлеуметтік субъективтілігінің өмірлік күшін қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ету заңдылықтары, сондай-ақ өмірлік күш пен оларды жүзеге асыруға, реабилитациялауға арналған құралдарды біріктіру механизмін жетілдіру жатады.
Одан да басқа айқындамалар ұсынылып отыр. Мысалы, профессор П.Д. Павленюктің ойынша, әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамның іс-әрекетінің салаларын көрсетеді дейді, ондағы оның қызметі әлеуметтік сала және белгілі бір шындық – мемлекеттік, қоғамдық және жеке ұйымдардың өзіне тән әлеуметтік іс-әрекеттері, жеке адамның, отбасылардың, басқа да қоғамдағы топтар мен жіктердің әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған мамандар мен белсенділер туралы объективті білімді жасау және теория жүзінде жүйелеуден тұрады.
Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әр түрлі факторлар динамикасы жатады.
Көзқарастардың мұндай алуан түрлілігі түсінікті де. Ол әлеуметтік жұмыстың дербес ғылым ретінде және оқу пәні ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде әлі де болса қалыптасу, осы саладағы шетелдік тәжірибені игеру кезеңінде екендігі байланысты. Тек ірі еуропалық және солтүстік америкалық жалпылама теоретико-методологиялық зерттеулерді ТМД елдерінің ғылыми шеңберіне енгізудің өзі әлеуметтік жұмыстың он мыңнан астам тұжырымдамалары құрады[1].
1. Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат
Әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарының қатарына мыналар жатады.
1. Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарына қолдау көрсету
Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан “әлжуаз” топтарына қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады. Өңірлік әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың бірқатар басқа да санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады әрі солай істеу қажет деп санаймын.
Әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, мұнда тиісті тәртіп орнатылуға тиіс.
Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы
Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келді және болып қала береді.
Мемлекет қоғамның шын мәнінде осындай көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті деп санаймын.
Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты “әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен” айқындалуға тиіс емес, қайта “еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар сапына қосуға даярлау” міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып-үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Өткен жылдың тамызында менің қазақстандықтармен тікелей эфир арқылы жүздесуім кезінде зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді әр айдың өзінде төлеу жайында өте көп ұсыныстар келіп түсті. Бұл мәселені шешетін боламыз.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласын, әлеуметтік қызмет көлемін кеңейту және олардың сапасын арттыру үшін әлеуметтік қызметтің кепілді және қосымша тізбесін әзірлеп, оны заң жүзінде бекіту және оларды беру тәртібіне өзгерістер енгізу қажет.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу, әлеуметтік қызмет көрсету ісімен шұғылданатын ұйымдардың қызметін міндетті түрде лицензиялауды кіргізу және олардың жұмысшыларын тіркеу керек болады.
3. Тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері
Бізде тұрғын үй бағдарламасы іске асырылып жатқанына үшінші жыл. Осы уақыт ішінде біз оның артықшылығын бағалауға толығымен көз жеткіздік.
Тек 2005 жылы ғана қаржыландырудың барлық көздері бойынша бағдарламада көрсетілген 3 миллион шаршы метрдің орнына 5 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2004 жылғы деңгейден 1,8 есеге көп.
Осы саладағы табыстар мен кемшіліктерді тыңғылықты зерделеп, тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізу керек.
Жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымда дамыту үшін ынталандыру жағдайларын жасауымыз керек.
Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша тұрғын үй сатып алуға табысы жетпейтін азаматтар үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін одан әрі дамыту керек.
Елімізде тұрғын үйді жалға беру рыногын әлемдік стандарттарға сай дамытып, оны мемлекет үшін ашық, бизнес үшін тартымды ету керек.
4. Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу
2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді.
Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стандарттарға көшуді ескеретін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.
Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет.
Медициналық қызметкерлерге ақы төлеуде көрсетілген медициналық көмектегі еңбектің сапасын, көлемі мен күрделілігін, сондай-ақ біліктілік деңгейін ескере отырып, жұмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар жүзеге асырылуға тиіс.
5. Халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз.
6. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің халықаралық стандарттарын енгізу
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу, әлеуметтік жағынан қорғаусыз азаматтарға нақты қолдау жасау арқылы үлгі көрсетуде.
Мұндай тәжірибе дамыған елдердегі сияқты бизнес-орта үшін қалыпты жағдайға айналуы керек.
Мәселен, экономика үшін білікті кадрлар даярлау саласында бизнес пен білім беру жүйесінің бірлескен қызметі компаниялар үшін де, тұтастай алғанда бүкіл еліміздің мүддесі үшін де пайдалы болмақ.
Әлбетте, бұл жерде байыпты түсінік жұмыстарының жүргізілуі және бизнес бастамаларына қолдау көрсету бағдарламасы қажет етіледі.
Бізге бизнестің әлеуметтік есептілігінің жалпыға ортақ ережесін әзірлеп, жалпыұлттық міндеттерді шешуде осы саладағы халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, оның әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын уақыт келді деп ойлаймын.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стандарттары БҰҰ-ның Жаһандық шартында айқындалған.
7. Еңбек ресурстарын дамытудың тиімді жүйесін құру
Бізге осы заманғы көші-қон саясатының тұжырымдамасы керек.
Қазақстанда қалыптасқан қолайлы әлеуметтік-экономикалық ахуал шетелдік жұмыс күшінің ағылып келуіне жағдай туғызып отыр.
Үкімет басқа елдердің тәжірибелерін ескере отырып, республика аумағында жұмыс істеп жүрген заңсыз еңбек мигранттарын ішкі істер органдары мен басқа да тиісті ведомстволарда тіркеу арқылы заңдастыру жөніндегі бір реттік акциялар өткізудің тетіктерін әзірлеуі қажет.
Сонымен қатар бізге республикамызда тұрақты негізде жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеу керек.
Бұл ретте біз өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығын арттыруды естен шығармауға тиіспіз.
Бізге оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау, қоғамымызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдердегі сияқты кәсіпке баулып, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады.
8. Нақты іс жүзіне асыру
Халықты әлеуметтік қорғаудың жоғарыда аталған мәселелерін шешу үшін Үкіметке:
• 2007 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 пайызға көбейтуді;
• 2006 жылдың 1 шілдесінен арнайы әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін:
• соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға 2,4 есе ( 2472 теңгеден 5974 теңгеге дейін);
• соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 1,2 есе ( 5871 теңгеден 7313 теңгеге дейін);
• Ұлы Отан соғысы кезеңінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне 1,6 есе ( 2781 теңгеден 4326 теңгеге дейін);
• қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір жарым есе ( 2884 теңгеден 4429 теңгеге дейін);
• қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, ерлеріне 2,7 есе ( 927 теңгеден 2472 теңгеге дейін);
• Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ тылда алты айдан аз емес уақыт жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға екі есе ( 1030 теңгеден 2060 теңгеге дейін);
• 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысушылар қатарындағы адамдарға төрт есе ( 515 теңгеден 2060 теңгеге дейін) көбейтуді тапсырамын.
• Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлері үшін зейнетақы мөлшерінің бір жолғы сараланған өсімі жүргізілсін.
Сонымен қатар мен Үкіметке республикамыздағы әлеуметтік жүйені жақсарту үшін тағы да бірқатар шараларды іске асыруды жүктеймін:
• 2007 жылдан бастап зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға көшу керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін.
• 2007 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасы әзірленсін.
• Кәсіби-техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленсін.
Бағдарламада кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет.
• 2006 жылы тұжырымдамасы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет.
• Үкімет 2006 жылы оралмандардың білімі мен біліктілігін ескере отырып, оларды иммиграция квотасына енгізудің объективтік өлшемдерін әзірлейтін болсын.
2002 жылдан бастап 2006 жылға жоспарланған шығынды қоса есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың жыл сайынғы шығыны 160 миллиард теңгеден 362 миллиард теңгеге дейін, яғни екі еседен астамға өсті[2].
2. 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы

Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту.
Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын.
Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысын, ал 2009-2010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз.
Екінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.
Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс.
Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет.
Үшінші. Үкімет “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек.
Төртінші. Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде “бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.
Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Жалпы әлеуметтік жұмысттар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар социалогия жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]