Курстық жұмыс: Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқық мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері
Мазмұны
КІРІСПЕ 31. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері 4
1.1. Заңдылық қағидаты 8
1.2. Сот құзыретінің ерекшелігі 9
1.3. Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмеушілік 10
1.4 Судьялардың тәуелсіздігі 12
2. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік 15
3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Ақша-қаржы қоры кез келген қоғамның, мемлекетің, жеке және заңды тұлғалардың материалдық жағдайын қалыптастырады. Ондай қордың болмау әрекет жасауды қиындатады. Қазақстан Республикасының қаржы саласында әрекет жасайтын құқықтық нормативтік кесімдерді, қаржы құқығының қағидаттары, әдістері, жүйесі, бюджет, салық және оның түрлері сияқты санаттар мен ұғымдарды білуге «Қаржы құқығы негіздері» көмектеседі.
Қоғамдағы және құқық саласындағы барынша жағымсыз, қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктін) бірі қылмыс. Өскелен ұрпақты қылмыстық қылықтардан ауаша жүруге тәрбиелеу қоғамның міндеті. Сондықтан оқу құралының «Қылмыстық құқық негіздері» деп аталатын алтыншы бөлімінде қылмыстық құқықтың пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі, қылмыстық заңнаманың ұғымы, қағидаттары, атқаратын міндеттері, кылмыс ұғымы, қылмыстың белгілері, қылмысқа қатысу, қылмыс жасаудың сатылары, кылмысты топтамалау, жаза, жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері сиякты ұғымдардын мазмұндары ашылады. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді дұрыс құқық пен заңға сәйкес жүргізу, іс жүргізу саласындағы заңнамалардың талабын бұлжытпай орындау, соттық тексерудің, үкім, шешім қабылдаудын әділдігі осының барлығы адамның санасында құқықтық әділеттіліктің нышандарының нығаюына ықпал жасайды. Іс жүргізудің пәні, әдістері, жүйесі, институттары, санаттары жайындағы ақпараттар жетінші бөлімде жинақталған.
1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек негіздері, субъектілері
Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады.
Әкімшілік құқықтың пәні:
Біріншіден, Республика Президентінен бастап, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта, атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл жерде, ең алдымен экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси жұмыстарды ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі әрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырмыз.
Екіншіден, ақпараттық-талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-техникалық жабдықтау т.с.с., қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс-әрекеттер, көмекшілік, қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.
Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет жасайтын жалпы мемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындауы мен іс-әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігін де қамтиды. Жалпы мемлекеттік бақылау осынысымен прокурорлық бақылаудан ерекшеленеді. Жалпы мемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары тәртіп бұзушыларды қызметтен, жұмыстан шығару (босату), ақшалай айыппұл салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Кеңес мемлекеті кезінде жұмысшы-шаруа инспекциясы, бақылау министрлігі, партиялық-мемлекеттік бақылау, халықтық бақылау деген сияқты бақылаудың бірнеше түрлері өмір сүрген.
Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніңдегі істі қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бұл жерде соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі қараған кезде әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.
Бесіншіден, әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір институтарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру барысында пайда болатын қоғам¬дық қатынастар да жатады. Себебі олардың көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салыса отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқық беріледі.
Әкімшілік құқықтың әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың (жақтардың) еркінің теңдігі болса, әкімшілік құқықтық әдісте бір жақтың екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені шешудің құқықтық сипаттағы міндетті шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді. Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп, бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар.
Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге, автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады. Сонымен, көп жағдайда әкімшілік құқықтың әдістері «билік» және «бағыну», бұйрықтарды, талаптарды орындау сипатында болады. Дегенмен, әкімшілік құқықта горизонталды қарым-қатынастарды реттейтін тараптардың (жақтардың) тепе-теңдігі сақталатын жағдайлар да аз емес. Мысалы екі министрліктің арасындағы қатынас ешқандай бағыныштылыққа құралмайды. Әр министірлік өзінің жұмысымен айналысып үкімет басшысына ғана бағынады. Әкімшілік құқықтың бағынушылық (командалық, бұйрықтық) әдісінен басқа өзара біріккен әрекет, келісіп істеу, келісім, үйлесімділік, әкімшілік шарт сияқты әдістері бар.
Әкімшілік құқықтың дерек көздері дегеніміз мемлекеттік билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға міндетті бір не бірнеше мінез-құлық ережелері (құқық нормалары) болуы керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің іс-әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық маңызды іс-әрекеттер жасауы үшін негізі болуы ке¬рек; қоғамдағы өмір сүріп отырған құқықтық жүйе мен ғылыми-құқықтық доктринаға сәйкес келуі керек.
Әкімшілік құқықтың төмендегідей дерек көздері бар: Қазақстан Республикасы Конституциясы; халықаралық, мемлекетаралық шарттар; Қазақстан Республикасы конституциялық заңдары; Қазақстан Республикасы заңдары; Қазақстан Республи¬касы Президентінің, Парламентінің; Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері; әкімшілік соттық прецеденттер; әкімшілік шарт; ғылыми құқықтық доктрина.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері — адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны, қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар әкімшілік жауаптылықтын негіздері мен қағидаттарын белгілейді, қандай әрекеттердің әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшін қолданылатын жазалардың түрлерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай мемле¬кеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай тәртіппен қолдануы мүмкін екенін айқындайды.
Әкімшілік құқықтық нормативтік актілердің жасалуы, тәртіп бұзушылықтың барысында туындайтын әкімшілік іс жүргізу немесе әкімшілік үрдіс мынандай қағидаттарға негізделіп іске асырылады:
1.1. Заңдылық қағидаты
Әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары тек әкімшілік кодекспен белгіленеді. Әкімшілік кодексте көрсетілген әрі белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиіс емес. Сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзу¬шылық туралы істерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, әкімшілік кодексін, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан Республикасы Конституциясымен белгіленген ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда конституцияның ережелері қолданылады.
Соттар адамның және азаматтың конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіреді деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен конституциялық кеңеске жүгінуге міндетті. Сот конституциялық кеңестің шешімін алысымен іс жүргізуді қайта бастайды.
Соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезіңде заңды бұзуына жол берілмейді және заңмен белгіленген жауаптылыққа, қабылданған актілердің жарамсыз деп танылуына және олардың күшінің жойылуына әкеп соғады.
1.2. Сот құзыретінің ерекшелігі
Соттың құзыреті, оның юрисдикциясының шегі, оның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен белгіленеді және өз бетінше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе арнайы соттарды құруға жол берілмейді. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттардың шешімдерінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды. Кімнің болса да соттың биліктік өкілеттігін иемденуі заң¬мен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы істер бойынша, өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе әкімшілік кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз және күші жойылуға тиіс. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдері әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттарда ғана тексерілуі және қайта қаралуы мүмкін.
Азаматтардың заң алдыңда теңдігі Әкімшілік құқық бұзу¬шылық жасаған адамдар заң алдыңда тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс.
Кінәсіздік презумпциясы Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеқе адам өз кінәсі әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
» Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
» Курстық жұмыс: Құқық | Конституциялық құқық
» Курстық жұмыс: Әкімшілік құқық | Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі
» Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері
» Курстық жұмыс: Құқық | Конституциялық құқық
» Курстық жұмыс: Әкімшілік құқық | Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
Іздеп көріңіз: