Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Есімдіктердің мағыналары

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Есімдіктердің мағыналары

Мазмұны
1. Есімдіктердің мағыналары ................................................................................1
1.1. Жіктеу есімдіктері............................................................................................3
1.2. Сілтеу есімдіктері.............................................................................................6
1.3. Сұрау есімдіктері............................................................................................12
1.4. Өздік есімдік...................................................................................................17
1.5. Жалпылау есімдіктері....................................................................................18
1.6. Белгісіздік есімдіктері....................................................................................20
1.7. Болымсыздық есімдіктері..............................................................................21
2. Қорытынды........................................................................................................25
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................26

1. Есімдіктердің мағыналары
Қазақ тілінде нақтылы-жақты сөйлемдер 1 және 2-жақ тұлғасындағы есімдіктер арқылы көрініс табады. Мен, сен, біз, сіз есімдіктері бастауыш қызметінде жұмсалған сөйлемдер әрдайым белгілілік мәнінде жұмсалады, себебі аталған есімдіктер сөйлеу актіне қатысушыларды білдіріп, ең анық, нақты, белгілі болып табылады. Бірінші жақ тұлғалы есімдік сөйлемде белсенді субъект болады, сол себепті мұндай жіктеу есімдіктер белгілілік мәнінде ғана жұмсалады: Мынадай сұрапыл кезде бұл қалада тұрып болар емес, мен кеттім, бұл топан басылған күні сатармын (Ә.Кекілбайұлы, Кек. 69-б.). Мен өз еркіммен сенің етегіңнен ұстауға ырзамын, мырзам, мен сенен қалмаймын, мені алып кет, әйтпесе мен өлемін! - деп безектеді (Ж. Аймауытов. Шығ. 2-том. 221-бет.).
Екінші жақтық жіктеу есімдіктерімен салыстырғанда, бірінші жақ тұлғалы есімдіктер жиі түсіп қалатынын байқауға болады. Бұл 1-жақ тұлғаларының мағынасының тұрақтылығына, белгілілік мәнінің күштілігіне, прагматикалық ерекшеліктеріне байланысты болса керек. Себебі олар түсіп қалса да, олардың нақтылы-жақтық мәні өзгермейді. Мысалы:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім.
Адамның бір қызығы - бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім, - деп келетін өлең жолдарында "мен" есімдігі жасырын келгенімен, өлең жолдарының соңындағы бірінші жақ тұлғалы етістік арқылы "мен" есімдігінің мәні беріліп тұр. Сол арқылы тұтас сөйлем, сөйленімдер белгілілік мәнінде, нақтылы-жақтық мәнде қолданылған.
Есімдіктер белгілілік және белгісіздік мәнін білдіруде өзіндік ерекшелігі мол, әлеуеті күшті лексикалық құралдар қатарына жатады.
Есімдіктер мағыналық ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге жіктелгенмен, белгілілік және белгісіздік мәнді білдіруде әрқайсысының өзіндік орны бар. Мәселен, есімдіктердің бір тобы белгілілік мәнді білдіру үшін жұмсалса, енді бір тобы белгісіздік мәнді білдіру үшін қолданылады.
Түркі тіл білімінде есімдіктер туралы алғаш пікір А.Казембектің грамматикасында, "Алтай тілі грамматикасында" да зерттеушілер белгілілік/белгісіздік категориясын табыс септігі мен ілік септіктерінің ашық не жасырын келуімен байланыстырады. Мысалы, А.Казембек: "Винительный падеж заменяется именительным в том случае, если предмет действия не определен и не стоит непосредственно перед глаголом" [1, 81-82]. Зерттеушінің бұл ойын кейін "Алтай тілі грамматикасында" сабақтастық табады: "Винительный падеж употребляется с приставкой, когда им обозначается предмет определенный, а без приставки - когда предмет неопределенный" [2, 142]. Алайда авторлар белгілілік/белгісіздік категориясының көрсеткіштері алмаса беретінін, бірінің орнына бірі қолданылуы мүмкін екенін де айтады. Бұл пікірді П.М.Мелиоранский де қолдайды, ғалым септік жалғауларының ашық не жасырын келуін сөйлеушінің көзқарасымен байланыстырады: "Употребление оформленного винительного падежа весьма часто зависит от личного взгляда говорящего и пишущего" [3]. Н.Ф.Катанов табыс септігінің түсірілмей, ашық келуін сөзге логикалық екпіннің түсуімен де байланыстырады: "Винительный падеж оформленный, т.е. с полным окончанием, употребляется вообще тогда, когда речь идет о предмете определенно явно, и мысленно, когда говорящий, желая обратить на него внимание слушающего, ставит на нем в речи ударение" [4, 83-84].
Н.К.Дмитриев белгілілік/белгісіздікті категория ретінде танып, оның ерекшелігі туралы былай дейді: "Если обозначаемое именем явление было предметом нашего опыта и, таким образом, известно нам, такое имя считается грамматическим определенным и в функции прямого дополнения употребляется с показателем винительного падежа. Если предмет нам сообщается впервые и мы о нем до этого ничего не знали, то предмет считается грамматически неопределенным и в функции прямого дополнения не получает показателя винительного падежа" [5, 3].
Табыс септігінің белгілілік/белгісіздік мәнін білдірудегі қызметі туралы Э.В.Севортян былай дейді: "Во-первых, прямое дополнение считается грамматически определенным (для говорящего и слушающего) после того, как оно впервые названо в речи. Следовательно, вовсе не обязательно, чтобы прямое дополнение было предметом нашего опыта и познано конкретно, вещественно...; во-вторых, грамматическая определенность прямого дополнения представляет собой особый случай, его обособления от сказуемого" [6, 89-90].
Дж.Киекбаев белгілілік/белгісіздік категориясын етістікпен байланыстыра келіп, былай дейді: "Что касается вопроса о том, что определенность имени связана с опытом говорящего, то этот момент целесообразно перенести в сферу глагола, так как употребление определенного или неопределенного (или очевидного и неочевидного) времени глагола во многих урало-алтайских языках именно связано с опытом говорящего" [7, 80].
1.1. Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері – тұлғалық жағынан алып қарағанда түгелдей туынды сөздер.
Мысалы, мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) жікткеу есімдіктерінің ме, -се-, о- және –н дыбысынан құралатындығына жоғарыда айтқандай қазір ешбір ғалым шек келтірмейді. Бұл сөздердің құранды сөздер екені, әсіресе, Алтай тілінің күрделі тармақтары монғол тіліндегі би, си есімдіктерімен салыстыра қарағанда анық байқалады.
Ғалымдар арасында монғол және манжұр-тұңғыс тілдеріндегі бі, чі, би, си есімдіктерін түрік тілдеріндегі мен, сен есімдіктеріне қарағанда кейін пайда болған формалар деп қарау дағдысы бар. Г.И.Рамстедт те осы пікірде болып, -н дыбысы өте ерте кездегі тарихи дәуірде түсіп қалған болу керек дегенді айтқан. Г.Д.Санжеев те мақұл көреді. –н дыбысыныңтек монғол тілдері емес, сонымен қатар түрік тілдерінде де тұрақсыз боп келетіні жайлы Н.К.Дмитриев: «Согласный н в тюркских языках также принадлежит к числу неустойчивых и часто выпадает-особенно в исходе слова, создавая этим аналогию с монгольским языками», -деп жазған болатын. Сөйтіп бирлен, билен, илен шылауының бирле>биле>иле сияқты н дыбысынсыз да варианттары бар екенін, башқыр тіліндегі табан шылауы татар тілінде таба боп қолданылатынын және қарачай-балқар тілінде –ман (-мін) жіктік жалғауының «мен чабакьцыма» сияқты болып түсіріліп қолданылатынын ескерткен.
2. Жіктеу есімдіктерінің көпше түрі біз, сіз, сөздері де бі-, сі- және –з морфемасынан құралады. Бұл – з морфемасы жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі гипотезалық пікірлер бар.
Біріншіден, біз, сіз есімдіктері би-си (>биз) және си-си ((>сиз) сияқты бөлшектерден тұрады деген пікір. Бұл пікірді алғаш реет Бётлингк айтады да, оған В.В.Радлов пікірлес болады. Осы гипотезаны С.Е.Маловтан да кездестіреміз. Мысалы, С.Е.Малов былай деп жазады: «Можно и по-другому объяснить этимологию местоимения biz и siz:
bi + si = biz «я – ты - мы»
si + si = siz «ты – ты - вы».
Екіншіден, біз, сіз есімдіктеріндегі – з морфемасы жұптық мағыналы (двойственное число) білдіретін көрсеткіш болған деген пікір. Бұл пікірді қолдаушы ғалымдардың бірі В.Котвич түрік тілдеріндегі miz // biz және siz сөздерін бір кездерде жұптық мағынада қолданылған сөздер деп, көрсете келе, морфологиялық бірыңғай типті сөздер деп, köz, omuz, (йық), ikiz сөздерімен салыстырған болатын.
Бұл – з морфемасын А.Н. Кононов та жұптық мағынаны білдіруші көрсеткіш деп таниды. Мысалы, 1948 жылғы «Өзбек тілі грамматикасында»: «Как показатель двойственного числа – з сохраняется в ряде слов, выражающих преимущественно парные части тела: куз - «глаза», оғи - «рот», (вероятно, из икки - з) «близницы», «двойня и т.п.», - деп жазды, ал кейінгі кездегі грамматикаларында –з морфемасын жұптық-көпше мағынаны білдіруші (двойственно-множественный) формант деп көрсетіп жүр. Осы пікірді А.М.Щербактың еңбектерінен де кездестіреміз.
Үшіншіден, Мункачи, Г.И.Рамстедт, В.Банг, Л.Лигети сияқты бір топ ғалымдар біз, сіз есімдіктерінің –з морфемасын көптік мағынаны білдіруші ерекше бір көрсеткіш деген пікірді айтқан. Бұл пікірді қолдаушы Н.К.Дмитриев 1940 жылғы грамматикасында: «...биз и сиз разлагаются на би-з и си-з и представляют собою особое множественное число с архаичным показателем –з ...» – деп жазды. Ал 1948 жылғы грамматикасында – з аффиксы жайлы: «...он является архаичным показателем множественности», - дегенді айтты.
Ең алдымен, - з басында жеке бір дербес мағыналы сөз болған да, кейіннен фонетикалық өзгерістерге түсу негізінде тек түбір морфемаларға қосылып қолданылғанда ғана белгілі бір мағына үстемелей алатын тұлғаға айналған. Осы себепті алда келтірілген -з морфемасының толық түрі –сі болған деген пікірді орынды айтылған пікір деп ойлаймыз. Өйткені –з морфемасының фонетикалық өзгеріске түсу негізінде сі сөзінен пайда болуы біз, сіз сөздерінің қазіргі түрік тілдерінде қандай формаларда қолданылуында сенімді тірек боларлықтай өзіндік ерекшеліктер қалдырғаны байқалады. Мысалы, бұл сөздер қазақ, қырғыз, ноғай, қарачай-балқар, караим, гагауз, түрікмен тілдерінде біз, сіз; азербайжан, түрік, құмық, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде биз, сиз; татар тілінде без, сез; башқыр тілінде без, һез; тува, хакасс, алтай тілдерінде піс, слер; шор тілінде пис, силер және ойрат тілінде бис, слер болып қолданылады.
Бұған қарағанда, қазақ тіліндегі – з морфемасы алғаш бис, піс, пис дегендегідей –с түріне, онан соң без, һез дегендегідей –з түріне, ең соңында біз,сіз дегендегідей –з түріне түсіп, -сі>-с>-з>-з жүйесімен келіп қалыптасқан деп айтуға болады.
Оның үстіне, -з морфемасының басқы прототипі сі болды дегенге сі сөзінің негізгі түбірге үстемелейтін мағынасы да дәл келетін тәрізді. Мысалы, бі немесе сі сөздерінен осы күйінде ешқандай көптік мағынаны аңғаруға болмас еді. Ал, бұл сөздерге сі сөзін біріктіріп айтатын болсақ, бі-сі және сі-сі болып, І жақтық бір ғана кісі емес, ІІ жақтық тағы бір кісінің қосылғаны аңғарылар еді. Сол сияқты, ІІ жақ сі ұғымына тағы да бір сі үстемеленгені көрінер еді. Олай болса, бұл бі мен сі сөздерінің екінші сі сөзімен бірігуі арқылы алғашқы жекелік ұғымның орнына екі кісіні көрсету, екі адамды білдіру мәні пайда болған болар еді. Міне, осы жүйемен келгенде, ғалымдардың – з аффиксі жұптық-көпше мағынаны (двойственно-множественное) білдіреді деген пікірлері әбден-ақ орынды сияқты.
Сіз есімдігі қазіргі қазақ тілінде көптік мағынада қолданылмайды, тек өзінен үлкен немесе құрмет еткен адамдарға ізет есебінде қолданылатын жеке ұғымдағы сөз түрінде саналады. Бірақ бұған қарамай, сіз есімдігі ерте заманда көптік мағынада қолданылғаның көреміз. Мысалы, ҮІІ-ҮІІІ ғасырлардан қалған ескерткіштерде сіз сөзі көптік мағынада қоданылған. Сол сияқты түрік тілдерінің ескі қолжазбаларының бірі Махмут Қашқарийдің сөздігінде сіз сөзі көптік мағыналы сөз түрінде көрсетіледі. Бұған қосымша, сіз сөзі тіпті қазірдің өзінде де көптеген түрік тілдерінде: башқыр-һез, өзбекте сиз, азербайжанда сиз, қарачай-балқарда siz, түрікменде сіз болып көптік мағынада қолданылады.
1.2. Сілтеу есімдіктері
Қазақ тіліндегі сілтеу есімдіктері де – түгелдей туынды түбір сөздер. Олар негізінде байырғы сілтеу мәнді бі//бä//мі//мä, і//ә//о//у және ош//уш тұлғалары мен –н дыбысының әр қилы формаларда бірігуі арқылы жасалынған сөздер. Бұл тұлғалардың алғы бі//бä//мі//мä түрі қазақ тілі және басқа да түрік туыстас тілдердегі міне (мі-н-е), мине (ми-н-е), мона (мо-н-а), муна (му-н-а), бына (бы-н-а) сілтеу есімдіктерінің мі-, ми-, ме-, ма- және ма-, мо-, му-, бы- сияқты түпкі түбірлерімен тектес екендігі қазіргі таңда ғалымдар арасында талас тудырмайтын мәселенің біріне айналған. Сол сияқты і//ә//о//у тұлғаларының да қазақ тілі және өзге де түрік туыстас тілдердегі әні (ә-н-і), әнә (ә-н-ә), ане (а-н-е), ана (а-н-а) сөздерінің ә//а сияқты түпкі түбірлерімен тектес екендігі күмән тудырмайтын мәселелердің бірі. Бұл тұлғалар манжұр-тұңғыс тілдерінде і//а түрлерінде кездесетіні белгілі.
Ош//уш тұлғасы жайында пікірлер жұйесі әлі де бір ізге келе қойған жоқ. Ол жөніндегі пікірлер екі бағытта айтылады. Біріншіден, Г.И.Рамстедт пен Ф.Г.Исхаков ош//уш морфемасын ол//ул сөздерімен тектес деп қарайды. Біздің ойымызша, бұл уш//Ош пен ул//ол сілтеу есімдіктерін ұштастыру әлі де болса ойлана түсуді, олардың аралық қатынастарды білдіру мағыналарының «жақын», «алыс» болып бір бірінен алшақ және қарама-қарсы жататындай негізгі белгілеріне көз жібере зерттей түсуді қажет ететін сияқты.
Екінші пікір ош//уш тұлғасын «өз» сөзімен қатар қойып қараумен байланысты. Бұл пікір А.Н.Кононовтың «Қазіргі өзбек әдеби тілі грамматикасында» кездеседі. Автор онда: Элемент ұш, уш, по-видимому, следует сопоставить со словом уз «сам», «свой», - дегенді айтады.
Егер сілтеу есімдіктерінің құрамдық, бөліктерін талдай көрсетсек мынадай болып келмек.
1. Бұл сілтеу есімдігі байырғы сілтеу мәнді бі// бä тұлғасы мен ул сілтеу есімдіктерінен құралады. Бұл сөзінің мұндай құрамдық ізін ескі ескерткіштерде кездесіп отыратын бу ол сияқты қолдану дағдысынан өте айқын көруге болады.
2. Ол сілтеу есімдігі о (і//ә) және –л ( оны//аны>ана деген ізбен ықшамдала кеп қалыптасқан дегенді айтады. Ал, М.рясянен оны шақыру септігінің қосымшасы (окончание звательного падежа) деп таныса, В.Банг а Иран тілдерінен ауысқан болу керек дегенді айтады.
Қазақ тілінің тұрғысынан алып қарағанда, бұл келтірілген пікірлердің көбіне қосылуға болмайтын сияқты. Мысалы, қазақ тілінде міне сілтеу есімдігінің соңындағы тұлға (-е) мына (мын-а), мынау (мын-а-у), әне (ән-е), ана (ан-а), анау (ан-а-у), сонна (сон-а), сонау (сон-а-у), түнеу (түн-е-у) сияқты сілтеу есімдіктерінің соңында немесе ортасында және қане (қан-е) сұрау есімдігінің соңында да кездесіп отырады. Міне, осының өзі-ақ ол тұлғаны одағай не үндеу элементі немесе шақыру септігінің қосымшасы деп айтудың мүмкін емес екенін аңғарта алады. В.М.Насилов тапа, апа, gana сөздерін талдағанда, ондағы тұлғалар жүйесін та-па, а-па, ga-na сияқты етіп бөлшектейді. Бізше, бұл сөздер тап-а, ап-а, gan-a болып бөлшектелуі керек еді.
Міне, әне есімдіктері – тек таза сілтеу мәнде ғана қолданылып, өзгеріске де түспейтін, есімдіктердің көне түріне жататын сөздер. Сол себепті оның құрамындағы сілтеу есімдігі –е де қазіргі кезде қолданылатын сілтеу есімдіктерінің ерте кездерде қолдану дағдысының көне бір түрінің көрінісіне жатады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, міне (міні) сілтеу есімдігі мін (< бул) және –е (-і) тұлғаларынан құралған сөз болып шығады: міне//міні < мін-е//-і.
4. Мына есімдігі міне сөзі сияқты мын және –а (-е//-і) сілтеу есімдіктерінен құралған. Мына түрік туыстас тілдерде, айталық, караим, құмдық, алтай тілдерінде бына; ноғай, қарақалпақ, хакас, шор, қырғыз тілдерінде мына, өзбек, ұйғыр тілдерінде манна боп келеді.
Мына сілтеу есімдігінің құрамындағы мын және –а тұлғалары жайында алда міне сөзін талдауда толық айтылды. Мына сөзі түгелдей міне есімдігінің фонетикалық қана айырмашылығы бар бір варианты болып есептеледі.
5. Мынау есімдігі мына (< мын-а) және –у ( манав > мана//мына: (ол-ның > оны//аны) анағы > анав > ана//Ане.
В.Котвич анау, мынау сөздеріндегі –у мына, ана сөздерінің ул//ол есімдігімен бірігуінен пайда болған деген болатын. Бұл пікір А.Н.Кононовтың грамматикасында да кездеседі. Ал, В.М.Насилов керісінше ұйғыр тіліндегі анаву, манаву, танаву сілтеу есімдігінен пайда болған деп көрсетті. Ф.Д.Ашнин бұл қарама-қарсы айтылған екі ойдан ерекше, өзіншебір пікір ұсынды, яғни мынау сөзі манна//мына «вот» - бу «этот» манаву// манав// манау «вот этот» ал анау сөзі ана «вон» - у/л/о/л «тот» анау//ана//анаву «вон тот» жолымен қалыптасқан деді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі
» Курстық жұмыс: Әдебиет | Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздерін зерттеу
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі болымсыз мағынаның зерттелуі
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Етістіктің болымсыз мағынасының эмоционалды-экспрессивтік мәнінің қазақ тілінде берілу жүйесін анықтау
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Есімдіктердің мағыналары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак тілі жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]