Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы

Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................................5
1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы.................5
1.1.Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі...................................................5
1.2.Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы......................................................6
2. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері..........................7
2.1. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі.............................................14
2.2. Ерлі-зайыптылардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі.............16
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................19
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................20

КІРІСПЕ
Отбасы - әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасу қажет.
Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы.
Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, ерлі-зайыптылардың өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың ұйытқысы [1].
Қазақстан Республикасының Неке және Отбасы туралы заңының 1-бабында неке деген ұғымға мынадай түсінік берілген:
Неке - ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ [2].
Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС) өтеді. ЗАГС арқылы некеге тұру (тіркелу) қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мүлікті бөлісу соның негізінде, сот арқылы шешіледі.
Қалай болғанда да, некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.
Некелік құқықты енгізу, ерлі-зайыптылар арасындағы бұл қатынастың пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік оқиға, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды байытатын тарихи құбылыс [1].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы 26-бапта былай делінген:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыруы оның құны тең бағамен өтелген кезеде жүргізілуі мүмкін [3].
1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемелекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.
Азаматтық хал актілері – адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар [2].
1.1. Ерлі-зайыптардың отбасындағы теңдігі.
1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады.
2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдауға ерікті.
3. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді.
4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастары өзара сыйластық және өз балаларына денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
1.2. Ерлі-зайыптылардың тек таңдау құқығы
1. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортак тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды.
3. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы.
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 115-бабы):
1. Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
2. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Мүлік сонымен қатар бөлінетін және бөлібейтін болуы мүмкін.
Бөлінетін мүлік дегеніміз – бөлу нәтижесінде бөліктері өз мақсатын (міндетін) жоғалтпайтын мүлік.
Бөлінбейтін мүлік дегеніміз - өзінің шаруашылық мақсатын (міндетін) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік.
Құқық объектілері объектілері ретінде бөлінбейтін заттардың ерекшеліктері заңдарда белгіленеді [4].
2. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
31-бап. Ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды режимі ұғымы
1. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады.
2. Ерлі-зайыптылардың шаруа (фермерлік) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224 және 225-баптарымен белгіленеді [2].
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 224-бабында шаруа (фермер) қожалығының меншігі туралы:
1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскісіндегі екпелер, шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауыл шаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады.
3. Шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
Ал Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 225-бабында шаруа (фермер) қожалығының мүлкін бөлу туралы жазылған:
1. Барлық мүшелерінің шығып кетуіне байланысты немесе өзге де негіздер бойынша шаруа (фермер) қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлік осы Кодекстің 218 және 221-бабында көзделген ережелер бойынша бөлінуге тиіс.
2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде бірлескен меншік құқығындағы шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкіне үлестері тең деп танылады [4].
Бірлескен меншіктегі мүлікті иелену, пайдарлану және оған билік ету Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 220-бабында анық көрсетілген:
1. Бірлескен меншікке қатысушылар, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, ортақ мүлікті бірлесіп иеленеді және пайдаланады.
2. Мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен меншіктегі мүлікке билік ету барлық қатысушылардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
3. Егер барлық қп\атысушылардың келісімінен өзгеше туындамайтын болса, бірлескен меншікке қатысушылардың әрқайсысы ортақ мүлікке билік ету жөнінде мәмілелер жасауға құқылы. Бірлескен меншікке қатысушылардың біреуі ортақ мүлікке билік етуге байланысты жасаған мәміле басқа қатысушылардың талап етуімен мәміле жасаған қатысушының қажетті өкілеттігі болмады деген себеппен мәміледегі екінші тарап бұл жөнінде білгені немесе көпе-көрінеу білуге тиіс болғандығы дәлелденген ретте ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Егер осы Кодексте немесе өзге де заң құжаттарында бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-3-тармақтары қолданылады.
Бірлескен меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару туралы 221-бапта жазылған:
Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бөліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлікке құқығындағы үлесі алдын ала анықталан жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару кезінде, егер заңактілерімен немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, олардың үлестері тең деп танылады.
Ортақ мүлікті бөлу және одан үлесті бөліп шығару негіздері мен тәртібі осы Кодекстің 218-бабының ережелерімен белгіленеді, өйткені олКодекспен, басқа да заң құжаттарымен бірлескен меншіктің жекелеген түрлері үшін өзгеше белгіленбеген және бірлескен меншікке қатысушылар қатынастарының мәнінен туындамайды.
32-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі
1. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.
2. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен, кәсіпкерлік қызметтен және санаткерлік қызмет нәтижелерінен тапқан табыстары, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінен және ерлі-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкінен түскен кірістер, олар алған зейнетақылар, жәрдемақылар, сондай-ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертігу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетін жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар) жатады. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелеріне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер және ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар неке жане отбасы заны жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]