Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуы
Мазмұны
Кіріспе ___________________________________________________ 31-тарау. Еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаттамасы
1.1. Еңбек құқығы қатынастарының түсінігі ___________________ 5
1.2. Жұмысқа орналастыру бойынша құқықтық қатынастар______ 12
2- тарау. Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау мен бақылау бойынша құқықтық қатынастар
2.1. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласыңдағы құқықтық қатынастар ___________________________________________________________ 18
2.2. Еңбекші мигранттардың құқықтық қатынастарын, мәртебесін анықтау ____________________________________________________ 27
Қорытынды ________________________________________________ 42
Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер
мен әдебиеттер _____________________________________________ 44
Кіріспе
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатынастарға мемлекет заң нормалары арқылы ықпал жасайды. Мұндай ықпалдың нәтижесінде еңбек қатынастары реттеліп тұрақтанады. Еңбек құқықтарының нормалары еңбекті ұйымдастыру және қолдану барысында қалыптасатын қатынастарды реттеуші, жүйелеуші рөлін атқарады. Бұл нормалар азаматтардың, жұмыс берушілердің және басқа субъектілердің іс – қимылына ықпал етудің сыртқы факторына айналады, бұл тұрғыда еңбек құқығында объективтік сипат болады, яғни нақты адамдарға және ұйымдарға тікелей қатысты болмайды. Еңбек құқықтары нормаларының басты мақсаты – еңбек қатынастарының тараптарына белгілі бір шектеулер мен міндеттеу шеңберінде бостандық бере отырып еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттеу.
Объективтік құқық саласы болып табылатын еңбек құқықтары нормаларының жүйесімен қатар субъективтік құқық ұғымы да бар. Бұл жерде нақты адамның және жұмыс берушінің еңбек құқығы нормаларына сәйкес нені иемденетіндігі жайында (олардың еңбек шартын жасағанда, өзгерткенде және тоқтатқанда пайдаланатын қандай да бір бостандығы, еңбекті қолданудың кейбір жағдайларындағы мүмкіндік, т.б.).
Сонымен, субективтік құқық дегеніміз еңбек құқығы нормаларымен бекітілген, нақты адамға немесе жұмыс берушіге берілген қандай да бір бостандық және мүмкіндік.
Субъективтік міндет түсінігі еңбек құқығының нақты субъектілерінің қалыпты іс әрекетімен байланыста болады. Бұл жағдайда еңбек құқығының нормалары мен субъектілердің іс әрекетін анықтайтын қандай да бір шектеулер мен міндеттеулер белгілейді. Дәлірек айтсақ, әңгіме еңбек құқығының нақты субъектілерінің субъективтік заңдық міндеті жайында.
Субъективтік заңдық құқықтар мен міндеттерді алдын ала қарастыру құқықтық қатынастардың еңбекті ұйымдастыру және қолдану саласында қалыптастыру ерекшеліктерін, еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің тетіктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді. Тек құқықтық қатынастар шеңберінде ғана нақты азаматтар мен басқа субъектілердің еңбек құқықтарының нормаларында қарастырылған субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері арасындағы байланыс бола алады.
Құқықтық қатынастар субъектілердің еңбек құқығының нормаларымен реттелетін, өзара келісілген жеке – еріктік қатынастарын бекітудің қажетті және міндетті формасы болып табылады. Белгілі ғалым құқықтанушы С.С. Алексеев құқықтық қатынастар «адамдар арасындағы ерекше қоғамдық байланысты, құқық және міндет арқылы байланысты білдіреді» дейді. Еңбек құқығы субъектілерінің өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерінің бір – біріне деген заңды талаптарының іске асуы тек құқықтық қатынастар шеңберінде ғана болады. Бұл жағдайда құқықтық қатынас тараптарының құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына мемлекет кепілдік береді, қажетті жағдайда мемлекеттің қолдануына сүйенуге болады.
Субъективтік құқық және заңдық міндеттер нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды және оларды жүзеге асыру үшін еңбек құқығы субъектілері тарапынан нақты әрекеттер болуға тиіс. Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген түрлеріне тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері нақты мазмұнға ие болады. Мысалы, жұмыскердің жеке еңбек шартына сәйкес өзіне жұмыс берілуін талап етуі жұмыс берушінің сондай жұмыс беруге міндеттілігінен туындайды, ол жұмыскердің өзі атқарған қызметі үшін еңбекақы алуға құқығы жұмыс берушінің еңбекақыны келісілген мөлшерде және мерзімде беріп тұру жөніндегі міндетінен туындайды, т.б.
1-тарау. Еңбек қатынастарының жалпы сипаттамасы
1.1. Еңбек құқығы қатынастарының түсінігі
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатынастарға мемлекет заң нормалары арқылы ықпал жасайды. Мұндай ықпалдың нәтижесінде еңбек қатынастары реттеліп тұрақтанады. Еңбек құқықтарының нормалары еңбекті ұйымдастыру және қолдану барысында қалыптасатын қатынастарды реттеуші, жүйелеуші ролін атқарады. Бұл нормаларын азаматтардың, жұмыс берушілердің және басқа субъектілердің іс-қимылына ықпал етудің сыртқы факторына айналады, бұл тұрғыда еңбек құқығында объективтік сипат болады, яғни нақты адамдарға және ұйымдарға тікелей қатысы болмайды. Еңбек құқықтары нормаларының басты мақсаты – еңбек қатынастарының тараптарына белгілі бір шектеулер мен міндеттеу шеңберінде бостандық бере отырып еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттеу.
Объективтік құқық саласы болып табылатын еңбек құқықтары нормаларың жүйесімен қатар субъективтік құқық ұғымы да бар. Бұл жерде әңгіме нақты адамның және жұмыс берушінің еңбек құқығы нормаларына сәйкес нені иемденетіндігі жайында.
Сонымен субъективтік құқық дегеніміз – еңбек құқығы нормаларымен бекітілген, нақты адамға немесе жұмыс берушіге берілген қандай да бір бостандық және мүмкіндік.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінде тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері нақты мазмұнға ие болады.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар, негізінен, регулятивтік болады. Бұл дегеніміз – олар еңбек құқықтары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құқықтық реттеудің осы салаға тән әдістері негізінде белгілеумен байланысты болу.
Еңбектік құқықтық қатынастардың ерекшеліктері еңбек жағдайын шартта белгілеу тәртібімен, еңбектік құқықтық қатынастар туындаған кезден бастап жақтардың теңдігімен және жұмыскердің әрі қарайғы еңбек процесінде жұмыс берушіге бағынышты болатындығы мен еңбекті ұйымдастыруды және қолдануды орталықтан нормалау мен жергілікті реттеу арасындағы үйлесумен байланысты. Қорғаушы құқықтық қатынастар еңбек құқықтары бұзылған және еңбек құқықтары субъектілеріне жүктелген міндеттер орындалмаған және ондай іс-әрекет тараптардың мүдделерін қорғаған жағдайда туындайтын, сондықтан бұзылған құқықты белгіленген тәртіпте қорғау қажеттілігі пайда болады.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық атынастардың мазмұны тұрақты болып қалмайды. Республика экономикалық реформа және нақты қатынастардың қалыптасу жағдайындағы еңбек туралы заңдар тез өзгеруде, сондықтан да құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны да өзгеруде. Мысалы: бұрынғы КСРО-да еңбек ұйымдастыру және қолдану саласындағы көптеген қатынастарда құқықтық реформа болмаған.
Еңбек құқығының пәні - құрылымдық тұрғыдан алғанда біртекті емес. Еңбектік құқықтық қатынастары негізгі болып табылады, олар еңбек құқықтарының нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесінің өзегі болып саналады. Тек осы еңбектік құқық қатынастары ғана жұмыс берушілермен жалданбалы еңбек адамдарының еңбектік құқық қатынастарына тән ерекшеліктерін білдіреді. Сонымен қатар, еңбек қатынастарымен тығыз байланысты басқа да қатынастар бар.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың қазіргі жүйесі бұл қатынастардың бәрінің бірден болуының міндетті екендігін білдіреді. Олардың кейбіреуі уақыт бойынша сәйкес келмейді, басқалары белгілі бір мән-жайлар немесе заң бұзушылық болған жағдайда туындауы мүмкін, мұндай мән-жайлар болмаған жағдайда қатынастар туындамайды. Бұл жерде еңбек құқығы саласындағы барлық құқықтық қатынастардың барлық жұмыскерлерге тиесілі болуы міндетті емес. Мұндай құқықтық қатынастардың кейбіреулерінің алда туындауға толық мүмкіндігі бар, атап айтсақ ол – еңбек дауларын шешу бойынша қатынастар. Бірақ еңбектеніп жүрген уақытының барлық кезінде жұмыскерде еңбек дауын тудыратын қайшы пікір болмауы мүмкін.
Еңбектік құқықтық қатынастарынан туындаған барлық қатынастар, уақыттық критерийлер бойынша мынандай үш топқа бірігеді:
1. Еңбектік қатынастардан бұрын алған;
2. Еңбектік қатынастармен бірге жүретін;
3. Еңбектік қатынастардан туындайтын.
Бұрын болған құқықтық қатынастар, әдетте, еңбектік қатынастардың алдында туындап тоқтайды. Оларға мысалы: жұмыспен қамтылу және жұмысқа орналастыру бойынша, кәсіби даярлық бойынша құқықтық қатынастарды жатқызуға болады.
Бірге жүретін құқықтық қатынастар еңбек қатынастарымен бірге туындап, бірге жүреді. Оларға ұйымдық басқару құқық қатынастары, еңбектің қорғалуын және еңбек заңдарының сақталуын мемлекеттік қадағалау және бақылау бойынша құқықтық қатынастар, әлеуметтік экономикалық қатынастар, еңбек дауларын шешу бойынша қатынастар жатады. Бірге жүретін құқықтық қатынастардың қызметтік ролі сонда, олар еңбек қатынастарының сақталуына дұрыс жағдай тудырады.
Ал, еңбек қатынастарынан туындайтын құқықтық қатынастар сол еңбек қатынастары тоқтаған кезден туындайды, олар жұмыстан шығарылған жағдайда адамды материалдық қамтамасыз етуге, ал заңсыз жұмыстан шығарылған жағдайда адамды жұмысқа қайта орналастыруға бағыттылық алады.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынас дегеніміз - құқықтың осы саласының нормаларымен реттелген, жақтарының субъективтік құқықтарымен тиісті заңдық міндеттері бар еңбек қатынастары. Құқықтық қатынастардың жеке, өзіндік сипаты болады, яғни ол еңбек құқығының субъектісі болып табылатын нақты адамдармен ұйымдар арасындағы қатынастар. Еңбек қатынастарына қатысушылар өзара субъективтік құқықтармен және міндеттермен байланысты, олардың орындалуына мемлекет заңда белгіленген әр-түрлі шаралар және міндеттердің орындалмағаны үшін көзделген жауаптылық арқылы кепілдік береді.
Еңбектік құқық қатынастары ұғымы.
Еңбек құқығы теориясында және заңнамада еңбектік құқық қатынастарына жақтардың белгілі бір еңбек қызметін, әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде жүзеге асыру барысында жұмыскер мен жұмыс беруші арасында туындайтын қатынастар жатады. Еңбек қатынастарының мазмұнына келсек, бір жақ ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып , белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмыс орындауға міндетті, ал екінші жақ жұмыс беруші оған заңнамада, ұжымдық шартта және келісімде көзделген еңбекақыны төлеуді және еңбек жағдайын қамтамасыз етуді міндетіне алады.
Еңбектік құқық қатынастарында өздеріне тән ерекшелітер бар, олар бұл қатынастарды еңбекті қолданумен байланысты басқа құқықтық қатынастардан ажыратуға мүмкіндік береді. Еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз – жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жеке еңбек шарты негізінде еңбекті қолдану жайындағы заңдық қатынастар. Еңбек құқығының нормаларымен реттелген еңбек қатынасы жақтардың субъективтік құқықтары мен тиісті міндеттері түрінде байланысатын заңдық формасын алады. Еңбек жақты сипаттағы байланыс жұмыскер мен жұмыс берушінің еңбектік құқық қатынастарының мазмұнын қарайтын міндеттерін қамтиды.
Еңбектік құқық қатынастары азаматты нақты кәсіпорынның еңбек ұжымының құрамына кіргізуді қажет етеді, сондықтан да ол ұжымның қызметкеріне айналады. Еңбек ұжымына – кіргізу еңбектік құқық қатынастарының атрибутивтік белгісі, ол жұмыскердің еңбек міндетінің сипатына қарамайды.
Азаматты кәсіпорынның еңбек ұжымына кіргізу фактісі еңбектік құқық қатынастарыныі басқа бір өзіндік ерекшеліктерімен, атап айтқанда, жұмыскердің өзінің тапсырған жұмысты өзі орындауымен баланысты.
Бұл дегеніміз – жұмыс берушінің келісімінсіз жұмыскер осы жұмысты орындай алатын басқа адаммен алмастырыла алмайды.
Жұмыскердің өзіне тапсырылған, мамандықтың, кәсіптің немесе лауазымның белгілі бір түріне жататын еңбек міндетін орындауы еңбектік құқық қатынастарының объектісі болып табылады. Еңбек қызметінің, яғни жұмыскердің еңбек міндеттерінің тегін анықтау еңбектік құқық қатынастарынық өзінше нышаны, ол жақтардың уақытша міндеттерін белгілеумен байланысты және еңбектік құқық қатынастарының ары қарайғы тағдырына әсерін тигізеді.
Еңбек құқық қатынастарының жақтарын кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібіне бағындыру – еңбектік құқық қатынастарына тән белгі. Еңбек ұжымы жұмысының ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын еңбек туралы күшіндегі заңдар да, жергілікті реттеуші актілер де анықтайды. ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау, өндірістің объективтік қажеттілігі болып табылады, себебі ол жұмыс уақытын ұтымды пайдаланумен, жұмысты сапалы орындау мен және т.б. байланысты.
Еңбектік құқық қатынастарында қарымталық сипат бар. Еңбек үшін жалақы түрінде сыйақы беру жөніндегі жақтардың құқықтары мен міндеттері еңбектік құқық қатынастарының ажырамас нышаны. Еңбек құқығында жалақы жүйесі жұмыскердің белгілі бір көсеткіштерге сәйкес жұмсалған еңбегі мен ол еңбекке жасалған төлем мөлшері арасындағы қатынасы анықтаудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Сонымен еңбек құқық қатынастарында ұзақ мерзімді, тұрақты сипат бар. Бұл – еңбектік құқық қатынастарында жұмыскердің біржолғы жұмыс тапсырмасын орындамай, тиісті кәсіпке, мамандыққа немесе лауазымға жататын белгілі бір еңбек міндеттің орындауымен байланысты. Еңбектік құқық қатынастарының ұзақ уақыттылық сипаты оның мазмұнына, яғни жақтардың құқықтарымен міндеттеріне байланысты, олардың орындалу мерзімі бұл жерде еш рол атқармайды. Өзінің жұмыс уақытының басынан аяғына дейін өзіне жүктелген еңбек міндетін атқарады, ал үзіліс кезінде еңбектік құқық қатынастары үзілмейді.
Еңбекті қолданумен байланысты азаматтық құқық қатынастарында жұмысты орындаушы кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның тізімдік құрамына кіргізілмейді. Ал жақтардың міндеттемесі жұмыстың орындалу процесіне емес, оның ақтық нәтижесіне қатысты белгіленеді. Тапсырыс беруші екінші жақтан өздері алдын-ала келіскен нақты-жеке жұмыстың орындалуын талап ете алады.
Еңбектік құқықтық қатынастарда жұмыс беруші жұмысты орындаушыдан жеке еңбек шартында көрсетілген еңбек міндеттерін орындауды талап ете алады, тек айрықша жағдайда ғана жұмыскерге ол жұмысқа қабылданғанда көзделген жұмыс тегіне жатпайтын тапсырма жүктеуге жол беріледі.
Экономикалық реформа және нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында еңбек құқығының таралу саласының кеңіп бара жатқандығы байқалады.
Өндірістік кооперативтер мүшелерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5-қазандағы «Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Жарлығы мен және кооперативтің құрылтай құжаттарымен, ал кооперативте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбек қатыныстары – еңбек туралы заңнамамен реттеледі. Кооперативте жұмыс істеген уақыт еңбек өтіміне кіреді. Ал, кооперативте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар жалдамалы қызметкерлердің еңбек ұжымын құрайды.
Корпоративтік ұйымдарда еңбекті ұйымдастырудың және қоданудың ерекшелігі сонда, бұл жерде еңбектік құқық қатынастары мүшелікпен байланысты кешенді қатынастардың табиғи бөлігі болып келеді.
Еңбектік құқық қатынастары құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар жақтардың бірқатар нақты өкілеттіктерінен және оларға сай міндеттерден тұрады. Оларға жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, материалдық жауаптылық т.б. бойынша құқықтық қатынастар жатады.
Мысалы: жалақы бойынша құқықтық қатынас жұмыскердің өзіне жүктелген еңбек міндетін орындағаны үшін жалақы алуға құқығын және, тиісінше жұмыс берушінің ол жалақыны жұмыскерге белгіленген тәртіпте және мерзәмде төлеу міндетін қамтиды.
1. Еңбектік құқық қатынастарының субъектілері. Еңбек құқық қатынастарының субъектілері ретінде, бір – жағынан жұмыскер, екінші жағынан – жұмыс беруші танылады. Жақтар ажырамас заңдық қасиет ретінде еңбектік құқық субъектілікті иемденеді және еңбектік құқық қатынастарының субъектілері бола алады.
2. Еңбектік құқық қатынастарының мазмұны. Еңбек қатынастарының құқықтық реттеу тетігі жақтардың іс жүзіндегі әрекетінің еңбек құқығы нормаларының талаптарына сай келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нормативтік-құқықтық міндеттеулерді еңбектік құқық қатынастары жақтарының субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттеріне аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ал, субъективтік еңбек міндеттерін алатын болсақ, олар еңбектік құқық қатынастарына қатысушы жақ ретіндегі жұмыскердің тиісті іс-.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек келісім шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы - Жеке еңбек шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек келісім шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы - Жеке еңбек шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Азаматтық құқық | Құқық нормаларының құрылымы
Іздеп көріңіз: