Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

Курстық жұмыс: Экономика | Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
1. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді қатал, аяусыз түрде іріктеу тән. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді, оның жоғары жылжымалы-лығына, қозғалысына, ширақтығына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады. Нарықта жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным заңы әрекет етеді, ол еңбекке төленетін ақының шамасын белгілейді. Бұл жерде жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Өзінің жұмыс күшін, яғни еңбек ету қабілетін ұсынушы жұмыскерлер сатушылар болып табылады. Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлер жұмыс күшінің сатып алушылары болады. Бір сөзбен айтқанда, еңбек нарығын мойындау жұмыс күшінін әлеуметтік экономикалық табиғаттың және оның өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу тәсілін түбегейлі өзгертеді. Қазірде, біздің қоғамымызда жұмыс күшінің тауар табиғаты жөніндегі ғылыми дау негізінен аяқталды деуге болады. Еңбек нарығының әрекет ету жағдайында жұмыс күші тауарға айналады, ал оны өндіріс құрал-жабдықтарымен қосу нарықтық тәсілмен - сату-сатып алу арқылы жүзеге асады.
1. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ
1.1. Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметтері.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек нарығы бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері – еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныстың механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ. Нарықтық экономикаға көшу осындый нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы-бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы қалыптасып отырған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорында нашар дамыған, осыдан байқалатын елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.
Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайжың өте маңызды көзі. Экономикалық бағыттан еңбек дегеніміз өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлеуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеді ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуі жатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыра ынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды. Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмымспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.
Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген, жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялао бойынша бөлінеді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік жағдайы көбінесе мемлекеттің арласуымен анықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.
Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында жоғарғы біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамшылдықты ынталандырады.
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сату-сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осынын арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінін сапасына деген талап күшейеді.
Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиологиялық, әлеуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың басқа барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы-еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.
Бәсекелік еңбек нарығының классикалық үлгісінің негізін мынадай принциптер құрайды:фирмалардың ынталарын бейнелейтін және еңбекке сұраныс жасайтын жұмыс берушілердің көп болуы; жұмысшы күшіне иелік ететін және оның ұсынысын жасайтын жұмыскерлердің көп болуы. Еңбек нарығындағы субъектердің тәртібі рационалды болады, олардың мүдделеріне жетуді және пайда табуды көздегендігімен белгіленеді. Олар үшін еңбек нарығында еркін әрекет жасауына елеулі кедергілер болмайды. Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
Икемді нарық механизмі баға арқылы жүзеге асырылатын еңбек нарығы, жетілген бәсекелік нарығы болып сипатталады. Осындай нарықта жекелеген жұмыс берушілер, жекелеген жұмыскерлер жалпы нарықтық ситуацияға әсер ете алмайды: жалақының тепе-теңдік ставкалары жекелеген фирмалардың немесе жұмыскерлер топтарының әрекеттеріне тәуелді болмайды, олар жалпы конъюнктурамен, яғни нарықтық процестің барлық мүшелерінің жалпы өзара әсерлерімен белгіленеді.
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері.Филипс қисығы.
Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыру, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін.
Шетелдік мамандар жұмыссыздықтын, себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай саналуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, циклдық және т.б. Осыларга толық тоқталайық.
1. Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға бо¬лады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.
3. Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.
4. Құрылымдық жұмыссыздык өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, маман- дығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байла¬нысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
5. Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машина-өзгертуді немесе баска мамандықты игеруді қажет етеді.
6. Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауыеае туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. АҚШ Конгресінің, экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеуінің мәліметі бойынша қазір шет елдерде жұмыссыздықтын 70-ке жуық нысандары және олардың болуының ерекше себептері бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі. Біріншісіне -жиынтық сұранымнын жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішіндс ен алдымен циклдік жұмыссыздықты жатқызады. Екіншісіне - жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз бола¬тын - жумыссыздыкты (фрикциондық, құрылымдық, технологиялык және басқа нысандары) жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы қеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айынын езінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап турды. Осындан кәсіпорындардан 2 мыңнан астам жұмыскер еңбсктен босатылды, 25 мың адам еріксіз демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздықтың зардабын бәсендететін факторлардың бірі ғылыми-техникалық прогресс ҒТП, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды көбейтеді Жалпы, ғылыми-техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінен, өндірістік емес салалардын дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлгаюы, тұрғындардың артүрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішше қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымен сипатталады. Мысалы, 80-шы жылдары жұмыс-пен қамтуды көбейтуде өндірістік емес саланың үлесі АҚШ пен Жапонияда 80-90%, ал Батыс Европада 100% құрады.
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономи-калық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз бо¬лу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой-беделін жоғалту деп те есептеледі.
Шетелдердегі бағалау бойынша, жұмысты жоғалту, өзінің қасірет - жағынан жақын туыс адамның өлімі немесе түрмеге түсуден ғана кейін тұрады екен. Кәсіпорынның жұмысының түпкі нәтижесінен тәуелсіз, жаппай жұмыспен қамту жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін арттыруға деген жеке мүдделіліктеріне кері әсер етті, олардың өндірісті басқарудан шеттелуіне әкеліп соқтырды. Осының бәрі енбек тәртібінің шұғыл құлдырауына үлкен экономикалық шығындарға жол берді. Бұдан тиімді түрдегі жұмыспен қамту жолы еңбек нарығында жатканы айқын бола түседі.
Кез – келген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 жж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлыттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға артса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффиценті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.
Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінін көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек - 30, Германияда - 28, Австрияда - 22, Францияда -15 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш, қазіргі таңда Қазақстанда, орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрады. Инфляция жұмыспен камтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филлипс оның ықпалын көрсететін "сұраныс инфляциясы" деген үлгісін ұсынды:
Cурет-1.Филипстің қисығы
Ол 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақ деректерін пайдалана отырып, ал жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артык көбейтуі баға мен жалакының өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А.Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Лепси жасды. Р.Самуэльсон және Р.Солоу, Филлипстің кисық сызығына өзгерістер енгізін, жалақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын, сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. И1 төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша-несие шаралары қолданылады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшерінің деңгейіне дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуіне дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б шаралар жүргізеді. Нәтижесіңде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.
Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлинстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда колдануға келеді. Өйткені, ұзак мерзімді жоспарда жұмыссыздықтың жоғары болуына карамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіңдегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздыктың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді "жалған күту" дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляциясының өсуі, жұмыссыздықты азайтуы мүмкін Бірақ бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының осущін байкап, еңбек ұсынысының шын бағасын біледі Өиткені инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды біріе-бірте азайтса үміттің үзілгені онда ешкімде жалақынын өсуіне карамастан еңбегін ұсынбайды. Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен толтыру тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің жалған күтуін сезіп номиналды ставканы жоғарылату, жалақыны сатып алу кабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана, инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді.
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) ділегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Еңбек нарығы және оның теориялық мәні курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]