Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек даулары
Мазмұны
1. Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері2. Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі
3. Еңбек дауларын соттарда қарау
4. Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарау
5. Ұжымдық даулар, оларды қарау тәртібі
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтіку әріптестік (трипартизм) жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, міндеттері мен тәртібін айқындап, талаптардың кең құқылы және өзара жауапкершілікті қағидаттары негізінде ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу үшін Бас, салалық және аймақтық келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған Заңы белгілейді. Сондай-ақ бұл Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-ші тармағында бекітілген ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, Заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалатынын толығымен айқындайды. Себебі, аталған Заңның 3-бабында ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу әлеуметтік әріптестік міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Заңның күші меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық жұмыс берушілерге, барлық кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне, атқарушы билік органдарына қолданылады.
Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі.
Еңбек қатынастарын, құқық нормаларын реттеу процесінде олардың субъектілері арасында келіспеушіліктер туындайтыны белгілі. Еңбек даулары жекелеген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы ғана емес, сонымен бірге еңбек қатынастарының басқа да талаптары арасындаы, мысалы, еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы қайшылықтарды (жанжалдарды) да қамтиды.
Еңбек туралы заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктерді еңбек даулары дейді.
Еңбек даулары еңбек туралы заңмен немесе басқа да нормативтік құқықтық актілермен, ережелермен, нұсқаулармен реттелмеген жаңа еңбек жағдайларын өзгерту кезінде пайда болуы мүмкін.
Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі және даудың сипаты мен нысаны бойынша жіктеуге болады. Құқық қатынастарының түрі бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары және еңбек ұжымы мен жұмыс арасында туындаған ұжымдық еңбек даулары болып екіге бөлінеді. Ал даудың сипаты мен нысаны бойынша:
– жұмысқа қабылдаудан бас тартуға байланысты даулар;
– заңдарда немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде реттелмеген жаңа еңбек жағдайларын орнықтыру туралы даулар;
– еңбек заңдары нормаларын, ұжымдық және жеке еңбек шарттарын, келісімдерін қолдану туралы даулар деп жіктеледі.
Еңбек даулары жіктемесі олардың ведомоствалық бағыныштылығын анықтау үшін, бұл дауды қараудың белгілі бір тәртібі мен оны шешуге өкілетті органды анықтау үшін қажет.
Белгілі бір дауды қарау қандай юрисдикциялық органның құзіретіне жатқызылғанын анықтау үшін ең алдымен осы дау туындап отырған қатынастың түрін, содан осы даудың субъектісі мен оның нысанын анықтау қажет.
Даулардың көпшiлiгi еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, шағым берушi тарап көбiне қызметкер болып табылады.
“Қазақстан Республикасының еңбек туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Осы Заңның 98-бабына сәйкес еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша келісім комиссиялары қарауы мүмкін.
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиясында қарау тәртібі
Келісім комиссиясын ұйымдастыру. Келісім комиссияларының еңбек дауларын қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 15 ақпандаы №37 бұйрығымен бекітілген “Келісім комиссиясының еңбек дауларын қарау тәртібі туралы” нұсқаулықта анықталған. Осы нұсқаулыққа сәйкес келісім комиссиясы (бұдан әрі-комиссия) жұмыс берушінің өкілдері мен қызметкерлер өкілдерінің тең мүшелерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлер өкілдері келісім комиссиясына ұйымның басшысын тағайындайды. Жұмыс беруші өкілдерінің саны жалпы жиналыста (конференцияда) белгіленген қызметкерлер өкілдерінің санына сай келуге тиіс. Комиссияның сандық құрамы мен оның өкілеттік мерзімін тараптардың өкілдері белгілейді. Комиссия мүшелері алғашқы ұйымдастыру мәжілісінде өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Комиссия төрағасы мен хатшысы егер олар үшін комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе сайланған деп саналады. Комиссия төрағасы болып кез келген тараптың өкілі сайлануы мүмкін. Келісім комиссияның ұйымдық-техникалық жағынан (жабдықталған үй-жарақтар, оргтехника, қажетті әдебиеттер беру, іс жүргізу, қызметкерлердің өтініштерін есепке алу мен сақтауды ұйымдастыру, шешімдердің көшірмелерін дайындап беру және т.б.) жұмыс беруші қамтамасыз етеді.
Комиссияның еңбек даулары бойынша құзіреті. Комиссия еңбек үрдісі кезінде қызметкер мен жұмыс беруші арасында туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табылады.
Комиссия:
1) басқа жұмысқа ауысу және басқа жұмысқа ауысу кезінде еңбекақы төлеу;
2) жеке еңбек шарттарының талаптарына өзгерістер енгізу;
3) жұмыс уақытының режімі, еңбек тәртібі;
4) демалыстың ұзақтығы, соның ішінде жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы;
5) тәртіптік шаралар қолдану туралы;
6) еңбекке ақы төлеу және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі еңбек дауларын;
7) еңбек туралы заңдар, жеке және ұжымдық шарттарды қолдану мәселелері жөніндегі басқа да дауларды қарауы мүмкін.
Еңбек дауларын қарау тәртібі. Еңбек туралы заңдарда өзгеше көзделмегендіктен қызметкер еңбек дауларын қарау үшін Комиссияға азаматтық заңдарда белгіленген мерзімдерде өтініш жасауға құқылы.
Комиссияға келіп түскен қызметкерлердің өтініш комиссия хатшысы міндетті түрде тіркеуі тиіс. Өтінішті алудан бас тартуға жол берілмейді.
Комиссияның отырысы, әдетте, жұмыстан тыс уақытта өткізіледі, ал егер белгілі бір дәлелді себептермен еңбек дауларын жұмыстан тыс уақытта қарау мүмкін болмаса, сол ұйымда жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, қызметкерлеріне, куәгерге, сарапшыға және басқа қатысушыларға ұжымдық шарт негізінде, ал ол жасалмаған болса жұмыс берушінің шешімімен жалақысы сақтала отырып уақыт беріледі. Еңбек дауы өтініш берген қызметкерлердің қатысуымен қаралады, ал дауды сырттай қарауға сол қызметкерлердің жазбаша өтініші болған күнде ғана жол беріледі. Қызметкер Комиссия отырысында келмеген жағдайда дауды қарау кейінге қалдырылады, ал қызметкер себепсіз екінші рет келмей қалған жағдайда Комиссия бұл өтінішті қараудан алып тастау туралы шешім шығарады. Комиссияның бұл шешімі қызметкерді тағы да өтініш жасау құқығынан айырылады.
Комиссия істің мән-жайын анықта үшін отырысқа куәгерлерді, мамандарды шақыруға құқылы. Комиссия отырысы өкілетті деп саналуы үшін оған комиссия мүшелерінің кемінде жартысы, қызметкер өкілдері мен жұмыс беруші өкілдері тепе-тең пайызбен қатысуы тиіс.
Комиссияның жеке еңбек даулары жөніндегі шешімдерді қабылдау тәртібі. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабына сәйкес келісім комиссиясы еңбек дауын өтініш түскен күннен бастап үш күн ішінде қарауға міндетті. Комиссияның әрбір отырысында еңбек дауларын қараудың барысы жазылатын белгіленген нысандағы хаттама жүргізілуі тиіс. Жеке еңбек дауын қарау нәтижелері бойынша комиссия шешім шығарады. Шешімге төраға мен хатшы қол қояды. Шешімнің көшірмесі үш күн ішінде қызметкер мен жұмыс берушіге тапсырылады. Комиссия шешіміне айырықша талап қойылады, ол тиянақты қолданыстағы заңдарға сәйкес үзілді-кесілді болуы және оның мүшелерінің басым көпшілік дауысымен қабылдануы тиіс. Жекелеген комиссия мүшелері көпшілік пікірімен келіспеген жағдайда олар өз пікірлерін білдіріп, ол хаттамаға тіркеледі. Шешім әкімшілікке үндеу ретінде рәсімделуге тиіс (мәселен, “жұмыс берушіден өтініуге”, “директор ұсыныс беруге” және т.б.). Онда қызметкердің талабы қанағаттандырылғаны немесе одан бас тартылғандығы, егер ішінара қанағаттандырылса, нақты қай бөлігіне қатысты қанағаттандырылғаны, және бас тартылса қандай себептермен бас тартылғаны көрсетіледі. Ақшалай талаптар мәселелері бойынша шешімде қызметкерге тиесілі нақты сома көрсетілуге тиіс.
Комиссия шешімінің күші тараптар үшін міндетті, ол қосымша дәлелдемелерді талап етпейді. Шешім дәлелді болуға, еңбек туралы қолданып жүрген заңдар мен жеке еңбек және ұжымдық шарттарға, ішкі еңбек тәртібі ережелеріне және нұсқауларға негізделуі тиіс. Егер Комиссияның шешімдерін орындау барасында тараптар арасындағы дауды түсіндіруде келіспеушіліктер туындаса, онда ол алғашқысын түсіндіретін қосымша шешім шығаруға құқылы.
Өтініш иесінің талаптарын қанағаттандырған келісім комиссиясының шешімін келесі жақ үш күн мерзімде орындайды.
Комиссияның еңбек даулары жөніндегі шешімімен келіспеген жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші сотқа шағымдануға құқылы.
Еңбек дауларын сотта қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары белгілейді. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңының 101-бабына сәйкес қызметкерлер еңбек құқығы қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша сотқа шағымданғанда мемлекеттік кіріске түсетін (істі қараумен байланысты мемлекеттік баж және шағымдар) сот шығындарын төлеуден босатылады.
Еңбек дауларын соттарда қарау
Қызметкер жұмыс берушімен арадағы еңбек дауларын шешу мақсатында аудандық (қалалық) соттарға шағымдануға құқылы.
Келісім комиссиясының еңбек дауы жөніндегі шешімін қайта қарау өкілеттілік қолданыстағы заңдармен соттарға берілмеген.
Тікелей соттарда келісім комиссиясында қаралмаған еңбек даулары және шаруа қожалықтарында жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін адамдардың өтініші, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген залалын олардан өндіріп алу туралы жұмыс берушінің арызы қаралады.
Соттар сонымен қатар шетел кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары, азаматтығы жоқ азаматтар, шетел азаматтарының еңбек қатынастарынан туындайтын даулары жөніндегі талаптарын қарайды.
Еңбек дауын шешу туралы өтінішті қызметкер тікелей аудандық (қалалық) сотқа бере алады. Талап жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотта қойылады. Мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптар да талап қоюшы өзінің тұрылықты жері бойынша немесе зиянкелтірілген жер бойынша қоя алады. Жалақыны, зейнетақы және жәрдемақыны өндіріп алутуралы талаптар, сондай-ақ заңсыз соттаудан, қылмыстық жауапқа заңсыз тартудан, бұл тартпау шараларын заңсыз қолданудан не әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудан азаматқа келтірілген зиянды өтеуге байланысты еңбек, зейнетақы және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы талап қоюшының тұратын ері бойынша қойылуы мүмкін (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 31, 32 баптары).
Заң бойынша қызметкер сотқа арызбен өзінің еңбек құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде жүгінуге құқылы (АІЖК-нің 280-бабы).
Жалпы ереже бойынша азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Асыраушысынан айырылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін. Сондай-ақ жұмысқа қайта алу туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер де бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі (АІЖК-тің 174-бабы).
Қызметкерлерге жалақы, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа алып беру туралы, жұмысқа қайта орналастыру туралы, мертігуден немесе денсаулықты өзгедей зақымданудан, сондай-ақ асыраушысынан айырылуынан келген зиянды, бірақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы шешімдер дереу орындауға тиіс (АІЖК-тің 237-бабы).
Шешімнің орындалғаны туралы сотқа және азаматқа сотшешімі алынған күннен бастап бір ай мерзімінен кешіктірілмей хабарлануға тиіс. Сот шешімінің орындалмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдар заңда көзделген жауаптылықта болады.
Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қарау
Еңбек дауларын ерекше тәртіппен қараудың өзгешелігі мынада: мемлекеттік билік пен атқарушы органдардың сайланатын, тағайындалатын лауазымдарды қызметкерлердің, судьялардың, прокуратура органдары қызметкерлерінің, тергеушілердің арыздары бойынша еңбек даулары бағыну тәртібімен жоғары тұрған органдарда қаралады. Ерекше тәртіппен мынандай еңбек даулары:
– жұмыстан шығару, жұмысқа ауыстыру себептерінің жазылуын өзгерту, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза шараларын қолдану мәселелері бойынша;
– тәртіптік туралы жарғы бойынша тәртіптік жауапқа тартылатын қызметкерлердің жаза беру мәселелері бойынша;
– бос жүріп қалған уақытқа ақы төлеу мәселері бойынша қаралуы мүмкін.
Бағыныс ретіне қарай жоғары тұрған органдар арыздарды келіп түскен күннен бастап егер қажетті тексерулер қажет болмаса 15 күн мерзімі ішінде, ал күрделі дауларды бір ай мерзімі ішінде қарап, тиісті шешім қабылдаулары тиіс.
Ұжымдық даулар, оларды қарау тәртібі
Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі мен әдістерін, сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіз болып 1995 жылы шілденің 8-інде қабылданған “Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер” туралы Қазақстан Республикасының Заңы табылады.
Еңбеккерлердің жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында: (“Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады делінген”.
Ұжымдық еңбек даулары – ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттармен келісімдер жасауға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар жұмыс беруші (жұмыс берушілер бірлестігі) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкілдері) арасындағы келіспеушіліктер.
Еңбек ұжымының ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту және еңбекке ақы төлеу, бір жағынан, қызметкерлер ұжымымен, екінші жаынан жұмыс беруші арасында ұжымдық шарттармен басқа да келісімдерді жасау, өзгерту және орындау мәселелері бойынша еңбек ұжымының талаптары жалпы жиналыста (конференцияда) осы ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының көпшілік дауысымен жасалып бекітіледі.
Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі.
Еңбек ұжымының мүддесін ол уәкілеттік берген өкілдер немесе орган білдіреді (кәсіподақ комитеті, еңбек ұжымының кеңесі).
Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей қарап, даудың мәні бойынша келісімге қол жеткізуге әрекет жасауға, ал аталған мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан әрі қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып, өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізуге міндетті.
Екі және одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен немесе бірлескен талаптары жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) тиісті органдарына жіберіледі, олар алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өз шешімі туралы еңбек ұжымдарының біріккен өкілді органына хабарлауға міндетті.
Жұмыс беруші қабылдамаған немесе ол ішінара қанағаттандырылған талаптар әуелі бітістіру комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмеген жағдайда – еңбек төрелігінде қаралады.
Бітістіру комиссиясы – ұжымдық еңбек дауын талаптарды бітістіру жолымен реттеу үшін жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы келісім бойынша құрылатын орган.
Бітістіру комиссиясы күнтізбелік үш күн мерзім ішінде құрылады.
Бітістіру комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын өзі құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзімде қарайды...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек келісім шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы - Жеке еңбек шарты
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіподақтық түсінік
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттары
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек келісім шарты
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбек құқығы - Жеке еңбек шарты
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіподақтық түсінік
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Жеке еңбек шарты еңбек құқығының негізгі институттары
Іздеп көріңіз: