Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп және аудит | Еңбек ақыны есептеу аудиті

Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3
- Тарау Еңбек ақыны есептеу аудитінің жалпы ережелері
1.1.Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есепайырысудың аудиты.......................................................................................4-6
1.2. Еңбек ақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері..................7-11
-Тарау Еңбекақының төлемін тексеру аудиты
2.1. Қызметкерлердің еңбек ақы төлемінің аудиты....................................12-19
2.2. Еңбекақыны есептеу бойынша аудитордың беретін тест сұрақ- тары...................................................................................................................20-28
Қорытынды..........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ........................................................................30

Кіріспе
Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарықтық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекетік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизімін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбекке ақы төлеуде республика азаматтарын әлеуметтік қорғаудың құқықтық негіздері ағымдағы заңдармен нақты айқындалады. Мемлекет тарапынан көзделген ең негізгі кепілдік – ол қызметкерлердің заңдарда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем емес еңбегіне ақы алуға құқылы. Бұл кепілдік ұйымдық- құқықтық, меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдара жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.
Еңбекақы – бұл iстеген еңбегi үшiн берiлген төлем, ол еңбек келiсiм-шартында және қызмет нысқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Еңбекақыны төлеу өнiмнiң өзiндiк құнының элементтерiнiң бiрi болып табылады.
Жұмыс берушi еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдарымен жүргiзедi, атап айтқанда сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып “еңбек ақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлейдi, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, “қызметкер туралы” ережелердi белгiлейдi.
- Тарау Еңбекақыны есептеу аудитінің жалпы ережелері
1.1.Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есепайырысудың аудиты
Жұмысшылар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысуды тексеру барысында аудитор келесілерді анықтау керегі аталған ұйымда еңбек ақы төлеудің қандай жүйелері мен формалары ( мерзімді, кесімді, аккордты) қолданылады : ішкі жағдайға байланысты еңбек ақы төлеудің ұжымдық еңбек келісімі бара; тізімдік және орташа тізімдік жұмысшылар құрамы; жұмысқа тіркелген күнінен бастап қабылданған; жұмысшылар мен еңбек ақы төлеу бойынша есепайырысу есебін кім жүргізеді (қызметі, білімі, бухгалтерлік стаж, туысқандық бөлінісі ) қандай нормативтік құжаттарды қолданады аталған участктың бухгалтері, кімге, ол бағынады, оның жұмысының сапасын кім тексереді.
Ары қарай жүрсен еңбек ақы төлеу бойынша қарызымызды тексеру қажет, жиынтық ведомостің мәліметтерімен, бас кітап және бухгалтерлік есеп берудегі. Мұнда тестілеу жүргізіп, ұйымның бухгалтерлік есеп жүйесі және ішкі бақылау жағдайын тиянақты зерттеп оның жағдайын екінші қайтара тексеруге болады.
Кесте 1
Бухгалтерлік есеп жүйесі және ішкі бақылау жағдайын тексеру үшін сұрақтар.
№ Сұрақ мазмұны Жауаптар Сандық параметрлер Ескертулер
Жауап жоқ ия жоқ
А Ішкі бақылау
1 Жұмысшылардың тізімдік құжаты тексерілуде ме х
2 Жұмысшылардың орташа тізімдік санының есебінің дұрыстығы тексерілді ме х
3 Еңбек ақы төлеудің маңызы тексерілуде ме.(бұйрықтар, келісімдер, шоттар, бастапқы құжаттардың туралығы, істелінген жұмыс көлемі) х Жылына бір рет таңдаған уақытында
4 Штаттық кесте бойынша еңбек ақы төлеу және ол тексерілуде ме. х
5 Еңбек ақы ұсталымдары дұрыс тексерілуде ме. х Жылына бір рет
6 Еңбек ақы төлеудің есебін жүргізу үшін разряд, бағалау, тарифтерді пайдалану дұрыстығы тексеріледі ме. х
7 Премия, сыйлық, демалыс, көтерме, есептеулер дұрыс жүргізілуде ме. Соны тексеру. х
Тағы сол сияқты
Б Есеп жүйесі
8 Алғашқы құжаттар дұрыс құрылған ба және шынайы дәл ме. х
9 Жоқ адамдарға табель және т.б. құжаттар толтырған оқиғалар жоқ па. х
10 Бұрынырақ төленген құжаттар бойынша ақшаны қайта есептеу жағдайлары орын алған жоқ па. х
11 Алғашқы құжаттарда және есеп ведомостерінда арифметикалық қате жоқ па. х
12 Еңбек ақы төлеу бойынша есеп жүргізу және ұйымда жобалардың барлығы дұрыс па. х
13 Барлық жағдайларда типтік құжаттар және есеп регистрлері пайдалануда ма. х
14 Еңбек ақыдан ұсталымдар және есептеулер шоттары бойынша операциялар дұрыс көрініс табуда ма. х
15 Бас кітап және баланстағы аналитикалық шоттар бойынша есеп дұрыс па,
Тағы сол сияқты
Жоғарыда келтірілген мысалдағы тестілеуде, ұйымдағы ішкі бақылау жүйесітөмен деңгейде екенін көреміз. Ал бухгалтерлік есеп жүйесі талаптарға сай емес, және бұларда жеделдік және толықтылық , шыншылдығы төмен деңгейде екенін көреміз, есеп айырысу операциялардың шыншылдығы, есепте құжаттандырылған және көрсетілген мәліметтер алып емес.
Осыған байланысты келесілерді тексеру қолайлы. Еңбек ақы төлеу және есептеу бойынша талаптарға нормативті құжаттардың дәлділігін , жауапты қызметкерлерінің қолының қойылуын, орындалған жұмысқа байланысты; құжаттарда келісілген түзетулер жоқтығын тексеру қажет.
1.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері
Аудиторлық қызмет-бұл аудиторлардың(аудиторлық фирмалардың) кәсіпкерлік қызметі, экономикалық субъекттілердің талаптары және басқада қаржылық міндеттемелер,салық декларацияларын, төлем есеп құжаттары, бухгалтерлік (қаржылық)есеп берулерді, тәуелсіз, ведомыстан тыс тексерулерді жүзеге асыру бойынша қызметтер, бұған қоса басқада аудиторлық қызметтерді жүзеге асырушы субект.
-бухгалтерлік есепті жүргізу және орнына келіруді құру;
-бухгалтерлік(қаржылық)есеп беру және табыстар жөнінде декларацияларды құру;
-қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
-экономикалық субектілердің активтері мен пассивтерін бағалау;
-қаржылық, салақтық, банктік және басқада шаруашылық заңдарына байланысты сұрақтарға консултация беру;
-оқыту
-және тағы басқалар.
Аудит-бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібін қадағалауды тексеру негізінде кәсіпорынның қаржылақ есеп беруін тәуелсіз талдау, Қ,Р шаруашылық және қаржылық операциялар заңдарына сәйкес, толық жәненақты кәсіпорынның қызметінің қаржылық есеп беруінің көрініс табуы керек.Экспертиза аудиторлық қорытындығы сәйкес аяқталады.
Аудит мақсаты- нақты мақсатты шешу, заңмен анықталған,аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі, клиент және аудитор арасындағы келісім-шартты міндеттеме.
Еңбек ақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтау,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.
Еңбек ақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбек ақыдан аударымдар кезінде нормативтік- құқықтық актілердің қарастырылуын тексеру.
Аудитордың мақсаттары
1.Еңбек ақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:
-Өндірілген өнім,орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжатардың заңға сәйкестігі және саны.
-Бухгалтерлік баланыстағы және Бас Кітаптағы жазбалары мен шот681 бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметерінің сай келуі.
2. Еңбек ақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор тексеруі керек келесілерді:
-Кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;
-Инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;
-Құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексеру;
-Орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілдіме , жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбек ақы дұрыс жүргізілудеме;
-Кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру;
Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеніне байланысты, есептеу кезінде дұрыс болмауы мүмкін, үшін себебі стажды анықтау қолмен жүргізіледі, жұмысшылардың қызметтік айлығын, жұмысшының стажын анықтауда оның нақтылығын және дұрыстығын тексеруді жүргізуі қажет:
1.Еңбек ақы төлеу ставкасының, қосымша төлем үшін рұқсат, жалдау күні жөнінде ақпарат барма және олар жеке делодабарма соны тексеру;
-Еңбек ақы өсуін қадағалау,жиналыстың протоколдары және кәсіпорын басшысының бұйрығымен рәсімделудеме;
-Еңбек ақыдан аударымдар және ұсталымдарды жүргізуде жеке делода көрсетілген ақпараттарды бухгалтер пайдалануда ма;
2.Бухгалтерлік баланыстағы және бас кітаптағы жазбалардың 681шот бойынша аналитикалық есеп көрсекіштеріне сай екендігін анықтау.
3.Бастапқы құжатардың туралығын олардың дұрыс толтырылуын, жауапты тұлғалардың қолдарының санын тексеру, барлық риквизиттердің дұрыс толтырылуы бойынша, құжаттарда келісілмеген түзетулер және өшірулер орын алған жоқпа екен;
4.Еңбек ақыны есептеу бойынша ведомстардың жазбаларынан алу;
-Есептеулер мен ұсталымдар, құжатпен куәландырылған;
-Жиынтық аударымдар, шегерімдер, таза төлемді санау;
5.Зейнет ақы қорына салықтардың ұсталынуының дұрыстығын тексеру;
6.Еңбек ақы төлеудің уақтылығын және кезеңділігін ексеру;
7.Еңбек ақыға арналған ведомстардың жазбаларының нақтылығын тексеру.
Еңбек ақыдан ұсталымдарды тексеру.
-Кәсіпорын жұмысшыларынан ұсталымдар бюджет бойынша салықпен есеп айрысу, аналитикалық шоттарының мәліметері бойынша еңбек ақыны төлеу ведомстарын салыстыру;
-Жеке тұлғалардың салығы бойынша заңдылықтардың сақталуы;
-Жекелеген жалданған жұмысшылар бойынша ұсталымдарды зерттеу;
-Бюджетке салықтардың аударылуының тұрақтылығы;
Аудитті жүргізу үшін, баланс, бас кітап,жинақ ригистерлері, және алғашқы құжатарды қарауы қажет.
Алғашқы құжаттардан таңдалып тексеруге жататындар:.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Еңбек ақыны есептеу аудиті. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгартерлик есеп жане аудит жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]