Курстық жұмыс: Философия | Киниктер терминінің шығу тегі
Мазмұны
1. Кіріспе бөлімі.
1.1. «Киниктер» терминінің шығу тегі. (1 бет)
1.2. Кинизмнің негізін салушы – Антисфен. (1-4)
2. Негізгі бөлім.
2.1. Кинизмнің «үш пілі»: аскесис, апайдеусия және аутаркейа. (4-7)
2.2. Киниктер және Сократ. (8)
2.3. Киниктер және Платон. (8-9)
2.4. Синопиялық Диогеннің ілімін жалғастырушы – Фивандық Кратет. (9-10)
2.5. Гиппархия мен Метрокл. (11)
2.6. Онесикрит пен Борисфендық Бион. (11-12)
3. Қорытынды бөлім.
3.1. Кинизм іліміндегі «бостандық» пен «бахыт» ұғымдары. (12-13)
«Киниктер» философиялық термині ежелгі грек тілінің «кюникос» - «иттік» деген сөзінен шыққан. Осыдан «иттік философия» және «иттік мектеп» ұғымдары пайда болды. Бұл термин кинизмнің негізін қалаушысы Антисфеннің толыққанды афиндық болмауына (әкесі – афиндық, анасы – фракияндық, толыққұқылы афин азаматы болу үшін әкең де, шешең де афиндықтар болуы тиіс еді) және Афины қаласының сырт жағында Геракл ғибадатханасының жанында орналасқан өзі сияқты әлеуметтік қысым көрген балаларға арналған гимнасияда білім алуына, одан кейін сол гимнасияда ұстаздық етуіне байланысты шыққан еді. Бұл гимнасия Киносарг деп аталды, қазақ тіліне «Қырағы ит» немесе «Ақ ит» деп аударылады. Бұл мектептің оқушыларын олардан сәттірек оқушылар иттер деп мазақтауы да мүмкін.Антисфен болса, бұл кемсітетін лақап атты мақтаныш ретінде қабылдады.
«Киник» терминінің шығу тегінің басқа түсіндірмесі киниктердің философиялық болмысынан бастау алады. Киниктер өз қажеттіліктерін шектегендігі соншалық, олар иттер сияқты тіршілік етті. Эллинизм дәуірінде және кейінірек киниктердің экстравагантты жүріс-тұрысы олардың дүниетанымынан шыққан және философияда ең басты тіршілік етудің формасы болғандығы сонша, оны жай ғана өмір салты ретінде қабылдап, кинизмде философияны көруге бас тартқан адамдарды естен тандыруды жалғастырды. Шынында да, киниктер ауызша жоққа шығарушылықтан гөрі практикалық дәлел күштірек деп ойлады. Яғни, «барлығын да іспен дәлелдеу керек» (Кинизмнің антологиясы. М., 1984. 164 б. Осыдан кейін – Анткин. 164 б).
Антисфен б.з.д. 444 жылы Афины қаласында туып, б.з.д. 368 жылы дүниеден өтті. Ол риторикалық білімін өзінің ең алғашқы ұстазы Горгийден алды. Содан кейін Сократтың шәкірті болды. Ежелгі деректерге қарағанда, Антисфен Сократты тыңдау үшін күн сайын Пиреядан Афиныға баратын (олардың арасы 8км). Ксенофонттың айтуы бойынша, Сократтың тірі кезінде Антисфен әрқашан оның қасында болатын.
Антисфен - өскелең жазушы. Кейін скептик Тимон кинизмнің негізін қалаушысын мазақтап, көптеген шығармалары үшін «мылжың» ( ДЛ. VI, 1) деп атайды. Лаэрттық Диоген Антисфен еңбектерінің үлкен тізімін келтіреді. Бұл тізімде алпыстан астам шығарманың аты бар. Солардың ішінде «Табиғат туралы» еңбегімен қатар филологиялық-риторикалық, гносеологиялық-логикалық және саяси-этикалық тақырыптарына жазылған шығармалар басым. Антисфеннің еңбектері біздің күнімізге дейін жетпеген. Олардың аттары ғана сақталды. Олар – жоғарыда аталған «Табиғат туралы» және де «Ақиқат», «Заң туралы», «Тәрбие туралы», «Еркіндік пен құлдық туралы», «Музыка туралы», «Өмір мен өлім туралы», «Игілік туралы», «Буын туралы», «Үстеу туралы» және т.б.
Антисфен өзінің жалпы және жеке туралы ілімін сократтық ілімінен өрбіткен. Яғни, шынайы білім деп тек ұғымдармен ғана сипатталатын білімді атауға болады. Осы бағытпен келе жатып Антисфен философия тарихында алғашқы болып түсінікке анықтама беруге талпынды. Бұл анықтама бойынша ұғым заттың не екендігін немесе қандай түрде болатындығын ашып көрсетеді ( ДЛ. VI, 1). Аристотельдің айтуы бойынша Антисфен қандай да бір заттың анықтауының мүмкіндігін және жекенің жалпыға жақындауын жоққа шығарды. Сонымен қатар, кинизмнің негізін қалаушысы заттың қандай да бір қасиет пен белгіні анықтау мүмкіндігін де теріске шығарды. Оның ойынша, әрбір пайымдау субъектісі туралы ол деп, оның не екендігін ғана айтуға болады. Мысалы, «Сократ – ол Сократ», бірақ «Сократ – философ» деп пайымдауға болмайды. Антисфен ілімінің бұл жағы туралы Аристотельден белгілі болды. Антисфеннің пайымдауынша, «бір нәрсе туралы бір ғана ой, яғни оның атауын ғана айтуға болады(логос)» (Метаф. V, 29) Осыған орай Аристотель Антисфеннің «өте акңқау» болғандығын айтады.
Антисфеннің «Сократ – ол Сократ» сияқты тавтологиялық пікірлері киниктердің қарама-қарсылық философияның түсінігімен байланысты. Бірақ, біз ненің неден шығатынын білмейміз: қарама-қарсылық ілімі пайымдау ілімінен , әлде керісінше, пайымдау ілімі қарама-қарсылық ілімінен шыққан. Аристотель бойынша біріншісі дұрыс: Антисфеннің пікірінше заттардың тек атаулары мүмкін дегенді айта келе, ол «осыдан ешқандай қарма-қарсылықтың жоқ екендігі байқалады» деп қосады. Алайда, сұрақтың болмысы бойынша екіншісі дұрысырақ келеді: антисфендік қарама-қарсылық туралы ілімі атаудың тавтологиялық пайымдауы туралы ойға сай келеді.
Шын мәнінде, тезистің не екендігін айта келе Аристотель Антисфен ілімінің мәні жинақталған оның қарама-қарсылық тезисін еске алады: «Қайшылық туғызу мүмкін емес» (1 Топик).
Антисфен қайшылықты неден тапты? Барлық нәрселерде. Антисфен заманында ерте гректердің философиялық ойы ойлаудың кейбір заңдарын ашуына аз-ақ қалды, соның ішінде қарама-қарсылық заңын да (анығырақ айтсақ, қарама-қарсылыққа тиым салу заңын). Қарама-қарсылық заңы бойынша қандай да бір зат туралы бір қатынаста алынған бір-біріне қарама-қарсы екі ой бір мезгілде ақиқат бола алмайды. Антисфен бұл заңның қолдану сферасын анықтай алмады. Оның ойынша қайшылықты пайымдау деп «Сократ – ол Сократ» , «Сократ философ емес», «Сократ білімді» және «Сократ білімсіз» сияқты пайымдауларға ғана айта алмаймыз. Алайда, «Сократ – ол Сократ», «Сократ білімді» пайымдаулары өз ішінде бір-біріне қарама-қарсы, себебі олардың әрбірі екі пайымдаудан тұрады: «Сократ – ол Сократ» және «Сократ – философ», «Сократ – ол Сократ» және «Сократ білімді» . Бірақ «Сократ – философ», «Сократ білімді» пайымдаулары бір емес, олар әр түрлі, ендеше бір-біріне қарама-қарсы. Осы жерде Антисфен ілімінің ақаулығы, яғни оның, басқаша айтсақ, софистикасы (егер ол саналы түрде қателессе) байқалады. Ол қайшылықты және әр түрлі пайымдауларды ұйқастырады. Осыдан кейін Аристотель оған әр түрлі пайымдаулардың бір-біріне қайшылықты болмайтындығын түсіндіреді.
Сонымен, Аристотель бойынша, Лаэрттық Диогеннің айтуынша ең бірінші болып ұғымға анықтама берген философ анықтаманың мүмкін болатындығын жоққа шығарды. Аристотель былай дейді: «Антисфеннің жақтастары мен басқа да бұл мәселе бойынша хабары аз адамдардың бір заттың мәніне анықтама беруге бола ма, өйткені анықтама – ол сөзуарлық деген күмәннің негізі бар» (Метаф. VIII, 3). Шынында да, Антисфен субъектке одан ерекшеленетін предикатты қосып жазуға болмайды деген себебімен заттың анықталу мүмкіндігін теріске шығарған философ ретінде философия тарихына кірді.
Антисфеннің қайшылық түсінігінен атау пайымдауынан басқа пайымдаулардың мүмкін болмайтындығымен қатар жалпы объективтіліктің жоққа шығарғаны шығады. Осы терістеуде киниктер сезімдермен тікелей қабылдаудың ғана бар екендігіне де сүйенді. Алайда, сезімдердің көмегімен біз жалпыны емес, тек бірлі-жарым, жекені ғана қабылдаймыз. Осы мәселеде киниктер «жалпы – ол өзара бір-біріне ұқсас жеке заттарға берілген атау» деп айтқан ортағасырлық номиналистерге жол салушылар болды. Бірақ, осындай жалпы атаудың бар екендігі өзара ұқсас заттардың барлығына жалпы бір мәннің болуын білдірмейді. Осындай аналогиялық сипатта киниктер де заттың неге ұқсайтынын ғана айтуға болады, бірақ оны анықтау - өзара ұқсас заттардың жалпы мәніне сілтеу , ал ол мүмкін емес деп үйретеді. Аристотель Антисфен бойынша, анықтама – ол өз ішінде қайшылық бар сөзуарлық дей келе жалғастырады: «Дегенмен, заттың қандай екенін шынында да түсіндіруге болады: мысалы, біз күмістің не екендігін анықтай алмаймыз, бірақ оның қалайыға ұқсайтынын айта аламыз» (Метаф. I, VIII, 3).
Антисфен этикасы Сократтың мысалынан бастау алған: «оның табандылығы мен төзімділігін алып, оның өлмейтіндігіне еліктеп кинизмнің негізін қалады» (ДЛ. VI, 1). Сократқа еріп, Антисфен бақытты рақымшылықта іздеген, ал рақымшылыққа жету үшін күш-жігер мен ниет қана жеткілікті деп пайымдаған. Кейін Аристотель мұнымен де келіспейді: бір ниет аздық етеді, оған қоса рақымшылықты әдет ететін және нақты бір өмірлік ситуацияны шешу үшін жалпы адамгершілік қағидаларды қолдануға үйрететін қоғамдық тәрбие керек. Антисфен рақымшылық барлығына бір, ол ешкім ала алмайтын құрал, рақымшылыққа ұмтылған барлық адамдар – табиғи достар деп үйреткен. Рақымшылық бізге бақытты береді. Бақыт – адам өмірінің мақсаты. Адамның ең үлкен бақыты – «бақытты болып өлу». Осылай Антисфен Солонның адам өлмейінше, оның бақытты ма әлде жоқ өмір сүргенін айтуға болмайды деген ойына ортақтасты. Бақытты болып өлген адам ғана бақытты болады. Себебі көптеген бақытты өмірлер өте жаман аяқталады. Мысалы, Крездің өмірі, ол бақытты ма деген сұраққа Солон жауап беруден бас тартты.
Сөйтіп, Антисфен сократикалық мектептің бірі - киниктер мектебінің негізін қалады. Осы мектептің ерекшелігі неде?
Киниктердің ой және әрекет сипаты ретіндегі кинизм «үш пілде» тұрған. Олардың аттары: аскесис, апайдеусиа және аутаркейа.
Осы «үш пілде» тұрып алғаш киниктер егеменді грек полисінің құлауына дейін классикалық гректің адамгершілік және азаматтық құндылықтардың және олармен байланысты азаматтық және адамгершілік рақымшылықтардың қайта бағалауын жасап, оларды сенімсіздендірді. Осылайша олар болашақты, яғни, Грецияның егеменді полистердің жиынтығы ретінде жойылуын алдын-ала қарастырды. Бұл қайта бағалауды Антисфен бастаған, ал оны жалғастырған Синоплық Диоген.
Аңыз бойынша Синоплық Диоген, Қара теңіздің оңтүстігіндегі Синоп қаласынан шыққан Гикесийдің баласы, өзінің әкесімен жасанды ақша шығарды. Әкесі бұл қылмысы үшін абақтыға түсіп, Диоген Афиныға қашуға мәжбүр болды. Афиныда ол жоғарыда аталған құндылықтардың жалғанын жасай бастады. Аңыздың басқа нұсқасына сәйкес Диоген Дельфадағы Аполлон ғибадатханасында абыз-пифиядан: «Құндылықтардың қайта бағалауын жасау» оракулын алды. Бұл оракулды екі мағынада түсінуге болады: қолданыста жүрген ақшаны қайта жасау (жалған жасау) немесе қалыптасқан салт-дәстүрлерді, қоғамдық тәртіпті, құқықтық нормаларды қайта бағалау.
Аскесис. Көне грек сөзі аскесис «жаттығу, практикалық оқу, практика; өмір салты, кәсіп; ойлау салты, бағыт» деген мағыналарды берген. Ол аскетизмнен, яғни ойдан шығарылған қандай да бір мақсат үшін өзін-өзі қинаудан (мысалы, христиандық аскетизмде Христостың қасіретіне ортақтасу мақсатында жанды құтқару үшін тәнді өлтіру) алыс еді. Киниктер осындай практикаға үлкен мән берді: «Қайырымды болуға қалаған адам денесін гимнастикалық жаттығулармен шынықтыруы қажет, ал жанды – біліммен және тәрбиемен» (Анткин, 116-117). Киниктердің ойлауынша бұл жаттығуларынсыз өмірде ешқандай табысқа жете алмайсын. Олар екі түрлі аскесисті ажыратқан: дене үшін және жан үшін. Алайда олардың аскесисі өте қатаң болғандықтан, ол туралы біздің түсінігіміздегі аскетизм туралы сияқты айтуға болады. Киникалық аскесис – максималды оңайлату, элементарлық қажеттіліктерді максималды шектеу, суыққа, аштыққа, шөлдеуге әдеттену, ойдан шығарылған жасанды мұқтаждықтардан толық бас тарту. Лаэрттық Диогеннің айтуынша «киниктердің көзқарасы бойынша, қарапайымдылықта өмір сүру керек, аз тамақ ішіп, бір плащта жүру керек» (VI, 105). Киникалық плащ – жалаңаш денеге киілген қысқа плащ. Диуана киниктің жүгі котомкадан және асатаяқтан тұрды. Оның бейнесі сақал мен ұзын таралмаған шаштармен толықтырылды. Киниктердің пайымдауынша, ең сау өмір оты болмаған алғаш адамның өмірі еді. Сондықтан олар адамға отты сыйға тартып, олардың бүлінгендігіне бастау болған Прометейді айыптады. Олардың идеалы Геракл болған.
Синоптық Диоген жанын шынықтырып, өзін бастартушылыққа үйрету үшін мүсіндерден садақа сұрады. Денесін шынықтыру үшін қыста сол мүсінді құшақтаған, ал жазда ыстық құмның үстінде аунаған. Ол жалаң аяқ қардың үстінде жүрген, шикі етті жеуге тырысты, бірақ оны қорыта алмады. Диоген заттардан максималды еркіндікке талпынды. Бір баланың уыстан су ішкенін көріп, өз шыныаяғын лақтырып тастады, ал басқа баланың байқаусызда тәрелкесін сындырып, тамағын нанның бөлігінен жегенін көріп өз тәрелкесін де лақтырып тастады. Біраз уақыт Диоген үлкен сазбалшықты құмырада – пифоста түнеді.
Киниктердің ойлауынша, құдайлар адамдарға қажетті нәрселердің бәрін беріп, оларға бақытты және оңай өмірді қамтамасыз етті. Адамдар өз тілектерінде шек білмей, өз-өздерін бақытсыз және уайымшыл еткен.
Киникалық аксеистің екінші жағы өзі ләззаттың қалпына келген ләззатты жақтырмаушылық еді. Киниктер: «ләззатпен ләззатты жақтырмау».
Мүмкіндігінше қарапайым өмірдің өз идеалына киниктер тәрбие арқылы үйретті. Диоген абайсызда құл болып қалғанда ол өз қожайынның, грек Коринфтен Ксениадтың, балаларының тәрбиелеушісі болған. Ол балаларды «өз-өздеріне қамқорлық жасауға, қарапайым тамақты жеп, су ішуге, шашын қысқа кестіртуге, әшекей бұйымдарды, хитонды кимеуге, көшеде сөйлемей жүруге» үйретті.
Киниктер байлықты жек көрді. Құндылықтырды қайта бағалаудың басты мақсаты да кедейлердің өз жоқшылығынан ұялмауына жол ашу еді. Гесиод жарты мыңжылдықтан ерте «Еңбектер мен күндер» поэмасында «ұят кедейлердің үлесі, ал байлардың назары батыл» десе, киниктер бұл мәңгі ситуацияны өзгертуге бел буып, ұят байлардың үлесіне айналуға, ал кедейлердің назары батыл етуге тырысты. Киниктер «байлық керекті нәрселердің қатарына кірмейді» деп үйреткен (Анткин,106). Байлық аморальды – бұл киниктердің негізгі тезисі. Киниктердің түсінігі бойынша, «пайдақор жақсы адам бола алмайды» (Анткин, 113), «бай мемлекетте де, бай үйде де қайырымдылық болмайды» (Анткин, 140). Лаэрттық Диоген Синоптық Диоген туралы былай жазады: «ол қанағатсыздықты барлық қасіреттің анасы деп атаған» (VI, 50). Байлық – қанаушылықтың қайнар көзі. Стобей өз «Антологиясында»: «Диогенді бір адам оның кедейлігі үшін айыптағанда ол айтқан: «Бейшара, мен кедейліктен адамның қанаушы болғандығын ешқашан көрмедім, барлығы тек байлықтан ғана қанаушы болады»» (Анткин, 140-141).
Кедейлік адамды философияға апарады. «Диоген кедейліктің философияға жол салатынын айтады. Философия сөз негізінде сендіргісі келетінін барлығын кедейлік іс жүзінде жасауға мәжбүр етеді» (Анткин, 140), яғни киникалық өмір сүру үшін. Осы жағдайда кедейлердің бәрі – философтар.
Апайдеусиа. Кедейлікке адам үшін ұятты және қорлаушы білімсіздік пен надандық, тәрбиесіздік пен мәдениетсіздік сияқты құбылыстар да тән. Танылған құндылықтарды қайта бағалай келе киниктер осының бәрінен ұялмауға үйреткен. Сауатсыздық – онша үлкен кемшілік емес. Ол тіпті адамның артықшылығы. Сауатсыздықта білім сөреде жатпай, санада өмір сүреді. Бір күні шәкірті Антисфенге өзінің жазуларын жоғалтқанына шағымданды. «Жанда сақтау керек еді», - деді киник.
Осыдан кейін киниктер білімнің көмегімен адамның жақсармайтынын дәлелдеді. Өнертапқыш Паламед жазуды, сандарды ойлап тауып, гректерді дойбы ойнауға үйретті. Алайда, жазуға, оқуға, санауға, дойбы ойнауға үйреніп, адамдар жақсармады – шындықты өтіріктен айыра алмай Паламедты жалған айып бойынша таспен атып өлтірді. Даналықтың ең негізгі қасиеті – ақиқатты өтіріктен айыра білу.
Сондықтан киниктер ғылым мен білімді онша бағаламады. Лаэрттық Диоген былай жазады: «киниктер жалпы білім беруді елемеді» (VI, 103), және «Диоген музыка, геометрия, астрономия және тағы сол сияқты ғылымдарды керексіз және пайдасыз деп санап жақтырмады» (VI, 73).
Алайда Антисфен «ақыл-ойды күшпен күйрете алмайсын, опасыздықпен жеңе алмайсын. Оның қабырғалары жоққа шығара алмайтын пайымдаулардан құрылу қажет» және «ақылды таппасаң, мойныңа жіп ки» (Анткин, 116) деп айтқан. Диоген ұстазының бұл сөздерін қайталауды жақсы көрді. Ол әрқашан «Өмір сүру үшін ақыл немесе жіп керек» (Анткин, 62) деп айтқан.
Антисфен пайымдауынша «білімді және ақылды адамды төзу қиын, себебі надандық - жеңіл және ауыртпалығы жоқ нәрсе, ал ақыл болса табанды, қайсар, оның ауырлығын жеңу қиын» (Анткин, III).
Бірақ киниктердің ақылы теориялық емес практикалық. Ол күнделікті ақыл-оймен, өмірлік даналықпен байланысқан. Өйткені киниктер логика мен физиканы жақтырмай, философиядан жалғыз этиканы мойындады. Философияның міндеті – қалай өмір сүру керектігіне үйрету. Антисфен үшін философия - өз-өзімен әңгімелесе алу (VI, 6), «өзімен-өзің жалғыз қалу» (Анткин, 55). Синоптық Диоген үшін философия - «тағдырдың қандай да болмасын соқпағына дайын болу» (VI, 63). Философия өмір үшін қажет. «Маған философия керек емес!» деген адамға Диоген: «Жақсы өмір сүру үшін қам жемесең, онда сен не үшін өмір сүріп жатырсың?» деп жауап берді.
Жақсы өмір сүру байлықта өмір сүру деген емес. Жоғарыда көргеніміздей, философияға апарар жол кедейлік арқылы өтеді. Диогенді бір адам оның қуғындалғаны үшін айыптады. Сонда Диоген былай жауап берді: «Бейшара! Сол қуғынның арқасында мен философ болдым» (VI, 49).
Киниктер адамдары онша сыйламады. «Ол барлық адамдарға жақтырмаушылықпен қарады» деп жазған Лаэрттық Диоген Синоптық Диоген туралы. Бұл жақтырмаушылық жай адамдармен қатар философтарға да қатысты болды. Диоген Демосфенді жек көрді. Ол оны «афиндық демагог» деп атады. Ол адамдардың бір-бірін орға теуіп лақтырғанына (палестрадағы денені шынықтыруға арналған жаттығу) таң қалды. Бірақ ешкім жақсы және қайырымды болудан жарысқа түспейді. Грамматиктер өз кемшіліктерін көрмей, Одиссейдің кемшіліктерін іздейді. Музыканттар аспаптарының пернелерін сазына келтіріп, өз мінезін үйлестіре алмайды. Математиктер Ай мен Күнді бақылап, Жерде не болып жатқанын көрмейді. Риториктер әділдік туралы барынша айтып, өздері оған ермейді. Адамдардың көбі құдайлардан днсаулық тілеп құрбандық шалады, ал өздері болса тойларда қарындары жарылғанша жейді. Мегарцтердің қойлары теріден тігілген жабумен жүрген, ал балалары жалаңаш жүрген. Сондықтан Диоген былай деген: «Мегарцтің баласы болғанынан гөрі оның қойы болған артық». Киниктер осындай адамдарды шын мәнінде қабылдамағаны анық. Олимпиялық ойындардан қайтып келе жатқан Диогеннен адам көп болды ме деп сұрағанда ол былай жауап берді: «Халық көп болды, бірақ адам аз». Жақсы адамдарды қайда көрді деген сұрағына ол: «Жақсы адамдарды ешқайда көрмедім, ал жақсы балаларды – Лакедемонда». Осы себептен ол күндіз шаммен жүріп, «Адамды іздеп жүрмін» деп айтқан. Дегенмен, Диоген адамдардың барлығын ақымақ деп санамады. Осыған дәлел оның мына сөздері бола алады: «мен билеушілерді, философтарды, дәрігерлерді көргенде маған адам тірі жандардың ішіндегі ең саналысы болып көрінеді, ал түс жорушылармен, балгерлермен немесе оларға сенетін адамдармен және де өзінің байлығы мен атағымен мақтанатындармен кездескенде, маған адамнан ең ақымақ ешкім жоқ деп көрінеді.»
Адамдарды жақтырмаса да киниктер олардан жасқынбады. Олардың әдеп нормаларын бұзғаны үшін, кинизм тарихқа цинизм, яғни адам мәдениеті мен адамгершілік ережелеріне нигилистикалық қатынасы ретінде кірді. Алайда осыған қарамастан киниктердің ойлауынша «ең ақырғы мақсат – адал өмір», «ізгілік әсем, ал зұлымдық көріксіз» және «жақсылық жасауды үйретуге болады». Синоптық Диоген ізгілікті адамдарды құдайларға теңеген. Ал ізгілікті адамдар деп байлықты, атақты, ләззатты, өмірді жақтырмай, оған қарама-қарсы - кедейлікті, еңбекті және өлімді қадірлеген адамдарды атаған. Антисфеннің пайымдауынша еңбек - ол игілік.
Аутаркея. Аутаркея, автаркия – тәуелсіздік, өзіндік жеткіліктілік, өзіндік қанағаттанушылық, аз болса да өзінікінен азсынбау және одан шығатын бостандық – киникалық аскесис пен апайдеусияның мақсаты. Олар құралдар, ал автаркия – мақсат.
Киниктің өзін-өзі жәбірлеуі мазохизммен байланысты емес. Ол өзін барлық нәрселерде шектейді. Соның ішінде оның қолы жетпейтін білім және байлық. Ол оған керек емес нәрселерді қаламайды. Осындай мүмкіндік туса да, киник оны қабылдамайды. Осылай Антисфен қатал билеушінің алдында мойынсұнатын Аристиппке: «шынайы философ туған жерінде қалып, бар нәрсеге қанағат етуі тиіс» деп жазған. Данагөй мемлекеттен де, өмірден де алшақ тұруы тиіс «данагөй мемлекеттің заңдарымен емес, ізгіліктің заңдарымен өмір сүруі тиіс» (Анткин, 56).
Киникалық автаркия отбасыдан бас тартуды керек етті. Алайда, бұл мәселеде киниктер бірнеше көзқарасты ұстанды. Кедей тексіз Антисфеннің айтуынша, данагөй балалы-шағалы болу үшін үйленуі тиіс. Ал Синоптық Диоген:«әйелдер бәріне ортақ болуы тиіс, қатысынша балалар да» деп айтқан. Некені жоққа шығарып, сол Синоптық Диоген қай жаста үйлену керек деген сұраққа: «Жастарға әлі ерте, ал кәрілерге кеш» деп жауап берді.
Киникалық автаркия киниктің отбасыдан ғана емес, мемлекеттен де тәуелсіздігін білдірген. Дегенмен, киниктердің мемлекет туралы терең ойлары кездеседі. Антисфеннің «мемлекеттер жақсы адамдарды жаман адамдардан айыра алмағанда күйрейді» деген болжамы өте дәл болды.
Алайда киниктер мемлекеттен алыс еді. Бұл таңқаларлық жағдай емес. Себебі олардың көбі көшпенді-метектер болды, Афиныда тұрғаны үшін олар арнайы салық төледі. Киниктер қай жерде болсын тұра береді, бұл олар үшін маңызды емес. Бір адам жат жерде өлетіні туралы Диогенге шағымданғанда ол былай деді: «Қайғырма, ақымақ. Аидқа апарар жол әр жерде бірдей» (Анткин, 141).
Синоптық Диоген, шамасы, адамзат тарихындағы ең алғашқы космополит болған. Бұл сөзді ойлап тапқан да ол шығар. Синоптық Диоген «жалғыз шынайы мемлекет деп бүкіл әлемді таныған». Қай жерденсің деген сұрағына ол «Мен әлем азаматымын» деп жауап берді. Киниктер абсолютті индивидуалисттер болмады. Олардың автаркиясы достықты жоққа шығармады. Антисфеннің айтуынша «ізгілікке ұмтылғандардың барлығы бір-біріне жолдас», «үзеңгілес адамдардың ағалық жақындығы барлық қабырғалардан да қатты».
Мемлекетке, полиске селқос қараған киниктер барлық адамдарды қоғамдық өмірге қатысу құқығынан құр қалдыратын тиранияны жек көрді. Антисфеннің пайымдауынша «ақылсызға қару, ал жексұрынға билік беру өте қауіпті». Баскесер тиранға қарағанда жақсы, себебі «баскесерлер қылмыскерлерді өлтіреді, ал тирандар - жазықсыз адамдарды».
Бірақ киниктер демократияны да онша қолдамаған. Мемлекеттік лауазымды адамдардың сайлауына мысқылдап, Антисфен «афиняндарға «аттарды есектер ретінде есептеу» туралы қаулыны қабылдауға кеңес берді». Осынының еш мағынасы жоқ деп айтқанда ол былай жауап берді: «Ал сендер болса, сайлау арқылы надан адамды қолбасшы етесіңдер».
Антисфен соғысқа қарсы болды. «Біреу соғыстың кедейлерді жоятындығы туралы айтқанда, Антисфен оған: «Жоқ, қателесесің. Соғыс оларды көптеп тудырады»» деп жауап қайтарған. Диоген маскүнемдікке қарсы шыққан. «Бір тойда Диогенге көп шарап құйып жібергенде, ол оны төгіп тастады. Бұл қылығы үшін оған ұрыса бастағанда ол былай жауап берді: «Егер мен оны ішсем, ол ғана өлмейді, онымен бірге мен де өлемін»».
Автаркия, бостандық пен құлиеленушілікті бір-бірімен қалай үйлестіруге болады деген сұрақ туады. Әрине, құлдар арасында бұл киникалық идеал тарала алмады. Бірақ киниктер құлиеленушіліктің апологеттері болмаған. Бұл негізінен кедей адамдар құлдарға жақын болды. Олардың кейбіреулері өздері бұрынғыда құлдар болған. Кинизмнің негізін қалаушысы Антисфен фракиянканың жек көрінішті баласы болған. Диоген еркін адамнан құлға айналды. Теңіз пираттары оны тұтқынға алып, Криттегі құлдар базарынан грекке сатты. Диоген бостандықта жүргенде өзінің қашқан құлдарын басқа құлиеленушілер сияқты іздемеген. «Егер Манет (құлдың аты) Диогенсіз өмір сүре алса, ал Диоген жоқ - өте күлкінішті» - деп айтқан.
Алайда киниктер құлдықты өте кең мағынада түсінген. Олар құлдықты әлеуметтік құбылыс ретінде көптеген еркін адамдардың да өздерінің құмарлық пен ескішілдіктердің құлдары болған моральды құлдықпен байланыстырған. Диогеннің айтуынша, өз қожайынының қызметшісі болғандай, ақымақ адамдар да өз нәпсілерінің құлдары болады. Шындығында, данагөй ешқашан құл болмайды. Себебі құлға қорқыныш тән, ал данагөй - батыл.
Киникалық автаркия дінге де қатысты болған. Киниктер құдайларды жоққа шығармаған, бірақ олардың ойлауынша құдайлардың бар екендігін ғана білу жеткілікті, ал өз егемендігін жоғалтпау үшін олардан ештеңе сұрамау керек. Олар дәстүрлі политеистикалық дінді жөнсіз деп санаған. Жалпы алғанда, киниктер құдайлардың бар болуын өзінше түсінген. Антисфен монотеист болған. Филодем «О благочестии» шығармасында Антисфеннің «Физикасынан» оның сөздерін былай берген: «Адамдардың пікірінше көптеген құдайлар бар, алайда шындығында біреу-ақ». «Антисфен өзінің «Физик» шығармасында халықтық құдайлар көп, ал табиғи біреу деп пайымдап, құдайлардың табиғатын теріске шығарады» деп жазды өзінің Цицерон «О природе богов» еңбегінде. Одан кейінгі авторлар, христиандық теологтар Александрлық Климент пен Лактанцийдің айтуынша, Антисфен құдайды суреттерде тани алмайсын, көзбен көре алмайсын, ол ештеңеге ұқсамайды деп пайымдаған. Образы жоқ, жалғыз киниктердің құдайы барлық жерде.
Кинизмнің негізін салған Афиндық және Киносаргтық Антисфен Сократтың қадірлеушісінің және шәкірттерінің бірі болған. Христиандық теолог Августин Аврелий «О граде Божьем» еңбегінде бір ұстаздың бір-біріне соншалық ұқсамайтын шәкірттерінің болуына таң қалады: біреулер ең үлкен игілік ләззат деп таныса (бұл киренаиктер және олардың негізін қалаушы Аристипп), ал басқалары ең үлкен игілік деп ізгілікті таниды (бұл киниктер). Сократ өзінен жиырма жаскіші болған Антисфенді өте жақсы көрді, дегенмен, мақтаншылығын, мансаптанған бойсұнуын және кедейлігін келеке еткен. Кедей Сократ өз кедейлігінен ешқашан адамсынбады. Ол оны шарасыз және тиісті нәрсе ретінде қабылдады. Сондықтан Сократ қандай да бір көзбояушылықты жек көрді, соның ішінде ол келеке еткен Антисфеннің менмендігі де: «Антисфен плащының тесігін көрсеткісі келгенде, Сократ оны көріп, былай деді: «Бұл плащ арқылы мен сенің мансаптығынды көріп тұрмын».
Өз жағынан афиндық әйелдің баласы болмаған Антисфен Сократтан қайран қалды. Киниктер үшін Сократ идеал және Гераклдан кейінгі шыдамдылықтың, табандылықтың, физикалық және психикалық төзімділіктің, ақкөңілділіктің, кішіпейілділіктің, қарапайымдылықтың екінші үлгісі болған.
Алайда Сократ киниктерден өз тесіктерін әдейі көрсетпеуімен ғана емес, басқа да жағынан өзгешеленді. Ол асоциалды болмаған. Оның жаман отағасы болуы да принциптен емес. Оған жаман әйел кездесті, ал оның балалары әкесіне емес, шешесіне тартқан. Сократ мемлекетті де жоққа шығармаған. Ол жан қиярлықпен өз әскери және азаматтық борышын сөзбен емес, іспен өтеді. Ол табиғатты зерттеумен айналыспады, себебі оның ойынша табиғаттан гөрі өзін-өзі тану маңыздырақ. Сократ сыртқы игіліктен ішкіні жоғары қойса да, жалпы қабылданған заңдар мен нормалардан қол үзбеген. Әділетсіз сотталған Сократ осы күні кешке өлетінін білсе де абақтыдан қашудан бастартты. Себебі оның ойлауынша, соттың шешімін, ол әділетсіз болса да мойындау керек. Сократ космополит болмаған.
Антисфен Сократтың білім туралы ілімін пайымдаулар ілімі ретінде қабылдап, пайымдауға анықтама берген: «Пайымдау заттың не болғандығын немесе не екендігін білдіреді» (Анткин, 106).
Егер киниктер Сократқа оң көзбен қараса, Платонға - теріс. Платон да оларды жеккөрді. Сократ Антисфенді сияқты, Платон да Диогеннің мансаптығын келеке еткен. «Бір күні Диоген жаңбырдың астында жалаңаш тұрды. Қасынан өткен адамдар оны аяды. Осыны көрген Платон оларға: «Егер оған жаныңыз ашыса, ары қарай кетіңіз» деп, оның мансаптығы туралы айтқан». Платон Диогенді «ит» және «есінен адасқан Сократ» деп атады. Синоптық Диоген болса, «Платон шешендікпен емес, бос сөзбен ерекшеленеді» деп айтқан.
Жекені жалпыға амастыру мүмкіндігін және түрлік пайымдауды теріске шығарып, киниктер сенсуалистер (білімнің жалғыз қайнар көзі – тәжірибе) мен номиналистер (тек қана жалпы атау, сөз бар) болған. «Жалпы пайымдаулар мен идеялар – ойдан шығарылған нәрселер» деп айтқан Антисфен.
Киниктердің Платонның идеялар, яғни пайымдауларды объективтеу туралы ілімін қабылдай алмайтындығы белгілі. Синоптық Диоген бұл ілімді ызамен келеке етті. «Платон идеялар туралы пайымдап, «үстелдік» және «шыныаяқтыққа» атаулар ойлап тапқанда, Диоген былай деді: «Платон, мен үстел мен шыныаяқты көріп тұрмын, ал «үстелдік» және «шыныаяқтықты» жоқ». Платон: «Ол түсінікті: үстел мен шыныаяқты көру үшін сенің көзің бар, ал «үстелдік» және «шыныаяқтықты» көру үшін сенің ақылың жоқ» (VI,53). Осылай рационалист күнделікті өмірді қабылдаудан көтеріле алмаған сенсуалистке жауап берді.
Симпликий өзінің «Аристотельдің «Категорияларына» түсініктер» шығармасында «Антисфеннің пайымдауынша, атты ол көріп тұр, бірақ жылқылықты жоқ» дегенге қарамастан ешкім сапа категориясын жоя алмайды. Осы мәселе бойынша Симпликий Антисфен туралы «біріншіні ол көзбен қабылдайды, ал екіншісін тек ақылмен, бірінші - екіншінің себебі, ал екінші - біріншінің салдары; бірінші – ол күрделі дене, екіншісі – денесіз және қарапайым» деп айтқан (Анткин, 126).
Антисфен Парменидті жоққа шығарды, ал Диоген – Зенонды, олар қозғалыстың әлемде жоқ екендігін айтқан. Бірақ, элеаттар сезімдік әлемде қозғалысты теріске шығармады, бұл ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизинтгтік операциялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Лизингтік операциялар есебі
Іздеп көріңіз: