Курстық жұмыс: Экономика | Капитал және резервтер
Мазмұны
КІРІСПЕ -------------------------------------------------------------------------------------3
І. Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
1.1 Капитал есебі.....................................................................................................4
1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі.......................12
1.3 Резервтік капиталдың есебі..........................................................................19
ІІ. Тәжірбиелік бөлім
2.1 «Капитал мен резервтер» бөлімінің шоттары...............................................24
2.2 Акционерлік қоғамдардың есеп беруі – халықаралық стандартпен есеп саясатын құру және есеп беру әдістемесі............................................................27
ІІІ. Пәнаралық байланыс
3.1 Бухгалтерік есептің экономика, қаржы ғылымымен байланысы..............31
3.2 Бухгалтерік есептің аудитпен байланысы...................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------36
ҚОСЫМША --------------------------------------------------------------------------37-40......
І. КАПИТАЛ ЖӘНЕ РЕЗЕРВТЕР ЕСЕБІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Капитал есебі
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бір-неше анықтама келтіреді:
1) Капитал — жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты жөне қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
2) Капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
3) Капитал — еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
Жарғылық капиталының есебі
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жәй жөне артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік коопера-тивтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-кслген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.
Кәсіпорындарда жарғылық капиталдың есебі "Жарғылық қор" бөлімінің:
- "Жай акциялар ",
- "Артықшылығы бар акциялар ",
- "Салымдар мен жарналар "
— деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, сондай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың атаулы (номиналдық) құнын өсіргенде жар-ғылык қордың өскен сомасына:
Д-т: "Төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Жай акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салған жағдайда:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Төленбеген капитал" шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Бүл жағдайда еліміздегі бас шоттар кестесіне сөйкес:
- "Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар",
- "Есеп айырысу шотындағы ақшалар",
- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі ақшалар",
- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі ақшалар" — деп аталатын шоттарыныңң тиістілері дебиттелінеді.
Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін "материалдық емес актив", "негізгі құрал", "материалдық құндылықтар" тағы да басқа түрде салатын болса: Д-т: "Материалдық емес активтер"; "Негізгі құралдар";
"Материалдық құндылықтар" және тағы да басқа шоттардың тиістілері, К-т: "Төленбеген капитал" деп аталатын шот түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Сондай-ақ серіктестіктердің (акционерлік қоғамнан басқадай) қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына:
Д-т: "Материаддық емес активтер"; "Негізгі құралдар"; " Материалдық құндылықтар "; "Ақшалар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі. К-т: "Салымдар мен жарналар" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылуға тиіс.
"Қайтарылып алынған капитал" деп аталатын шот акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда кәсіпорын акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты, К-т: "Ақшалар" шоты түріңде екі жақты жазу жазылады. Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта, айналымнан алынған акциянын құнына:
Д-т: "Қарапайым акциялар" немесе "Артықшылығы бар акциялар" шоттарының тиістісі,
К-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Осы айтылғандармен қатар кәсіпорындарда "Қосымша төленген капитал" деп аталатын шотта қоғамның өз акцияларын атаулы (номиналдық) бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал "Қосымша төленбеген капитал" деп аталатын шотта ақшаның құн-сыздануына және тағы да басқа жағдайларға байланысты ұйымның "негізгі құралдарын", инвестицияларын сондай-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нөтижесінде пайда болған капиталдың өсу сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақшалардың келіп түсуіне қарай:
Д-т: "Ақшалар" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның акционерлерден акцияларды олардың атаулы (номиналдық) бағасынан төмен бағамен сатып алуынан пайда болған айырма сомаға:
Д-т: "Қайтарылып алынған капитал" шоты,
К-т: "Қосымша төленген капитал" шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорынның негізгі құраддарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалағаннан алынатын сомаларына:
Д-т: "Негізгі құралдар";
"Материалды құндылықтар"; "Инвестициялар" және тағы да басқа шоттардың тиістісі,
К-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал"; "Басқа да қосымша төленбеген капитал" шоттарының тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сонымен қатар:
- негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі құралдардың тозуы" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың пайдаланылуына қарай олардың қосымша бағаланған сомалары және ессптен шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)" шоты түрінде;
- негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның қүнының азаю сомасына:
Д-т: "Негізгі құралдарды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Негізгі қүралдар" шоты түрінде бухгалтерлік жазулар жазылады.
"Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты бойынша шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебінде:
- қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан –алынған қосымша төленбеген капитал" шоты, К-т: "Қаржылық инвестициялар" шоты түрінде;
- қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасына:
Д-т: "Инвестицияларды қайта бағалағаннан алынған қосымша төленбеген капитал" шоты,
К-т: "Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)" немесе "Құнды қағаздарды сатудан алынатын табыс шоттарының тиістілері түрінде жазулар жазылады. (Қосымша 1)
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) катысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшалардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей теленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылык капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толык деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
- дивидендтер алуын;
- қоғамды басқаруына қатысуын;
- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын. Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы)
акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта — акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар", 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" шоттары енетін 50-ші "Жарғылық капиталы" деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Айрықшалығы бар акциялар" шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші "Төленбеген капитал" шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 1040, 1030, 1010 дебеті бойынша және 51110 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық кұндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шотгар дебеттеліп: 2730, 2410, 1310, 1340 және 5110 шоты кредиттеледі.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бүл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір белімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 "Есептелген пайыз" шотының дебеті бойынша және 6120 "Акция бойынша дивидендтер мен пайыз түріндегі табыс" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген және 5030 шоты кредиттелген — қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5030 шоты дебеттеледі де 1010,2730,2410, 1320,1330 шоттары кредиттеледі.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5010, 5020 шоттары дебеттеледі де, 5210 - "Қайтып алынған капитал" шоты кредиттеледі.
1.2 Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі
Төленбеген капиталдың есебі
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдын, қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.
Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 5110-ші "Төленбеген капитал" шотын пайдаланады. Бұл шотта занды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына косқан үлестері бойынша карыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
5110 "Төленбеген капитал" шоты шоттардың Бас жоспарында, "Меншік капиталы" ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол езінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.
Сондай-ақ, 5110 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б.), демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған (белгіленген тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5110-ші "Төленбеген капитал" шоты дебеттеледі де, 5000-ші "Жарғылық капитал" бөлімшесінің шоттары — 5010-ші "Жай акциялар", 5020-ші "Артықшылықты акциялар" (акционерлік коғамдарда) және 5030-ші "Қосқан үлестер мен жарналар" (серіктестіктердің акционерлік қоғамдардан басқа түрлеріңде) шоттары кредитгеледі. Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 5110 -ші "Төленбеген капитал" шоты кредиттеліп отырады, ал салым шотгары дебеттеледі:
-материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде — 2730 шоттары;
- жерді, негізгі кұралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық қорға жарна ретінде телеу кезінде — 2410 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310, 1320, 1330 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық корға жарна ретінде аударған кезінде — 1010,1010, 1030, 1040 шоттары дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік калдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.
ә) Қайтарылып алынған капиталдың есебі. Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында акциялардың номиналдық құнын (бірақ ең төменгі деңгейден кем болмауы керек), не жалпы акцияның шығарылуы келемін қысқарту жөнінде шешім кабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.
Сонымен қатар, АҚ-ның кредиторлары қоғамның тиесілі міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.
Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына олардың мүдделігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.
Қайтарып алынған капиталдың есебін жүргізу үшін 5210-ші шоты арналған, ол 5010 және 5020 шоттарға қарағанда контрпассивтік шот болып табылады.
5210 шоттың дебеті акционерлердің меншігіндегі акцияларды қайтып сатып алынған құнын көрсетеді. Акцияларды қайтып сатып алған кезде: 5210 шоты дебеттеледі де және 1040,1030,1010, 1060 шоттары кредиттеледі.
Акционерлердің меншігіндегі акцияларды айналыстан шығару үшін, не болмаса оларды қайта тарату үшін акционерлерден қайтып сатып алынады. Қайтып сатып алынған акциялар номиналдық құны бойынша да, номиналдық құннан жоғары немесе төмен құны бойынша да сатып алынуы мүмкін:
1. Сатып алынған акциялардың нақты құны номиналдық (атаулы) құнға тең болған жағдайда: 5210 шоты дебеттеледі де, және 1040, 1030, 1010 шоттары .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚ Қазақстан Халық Банкіде бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
» Курстық жұмыс: Экономика | Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы мен оның есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІДЕ ЕСЕП ТАЛДАУ ЖӘНЕ АУДИТ
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкінің жарғылық капиталының есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | АҚ Қазақстан Халық Банкіде бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
Іздеп көріңіз: