Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу
Мазмұны
КІРІСПЕ Б.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 4
Картоптың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы 6
Картоп дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері 8
Қазақстандағы картоптың тұқым шаруашылығы 12
Картоптың негізгі вирус аурулары 15
Картоп тұқымын жеделдетіп көбейту 19
Ұштық ұлпаны өсіруге арналған қоректік ұлпа 24
Өсімдікті топырақсыз ортада өсіру 25
Картоптың in vitro өсімдіктерін жылыжайда өсіру 26
ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 27
Ауа райы және топырақ жағдайлары 27
Жылыжай субстраты 28
Зерттеу нысаны 30
Зерттеу әдістері 35
Ұштық ұлпаны өсіруге арналған қоректік орта 36
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 39
In vitro жағдайында микротүйнектер алу 39
Микротүйнектерді тыныштық күйінен ояту және вегетация кезіндегі фенологиялық бақылаулар 50
Биотехнология әдісі негізінде in vitro жағдайында алынған микротүйнектерден өсірілген бастапқы материалдың экономикалық тиімділігі 56
Еңбек қорғау 58
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61......
1 Әдебиетке шолу
1.1 Картоптың шығу тарихы, халық шаруашылығындағы маңызы
Шығу тарихы.Картоптың шыққан тегі - Оңтүстік Америка, оның ішінде климаты жұмсақ, қоңыр салқын, ылғалды топырағы калийге бай келетін Чилидің теңіз жағалауы болып келеді. Мұнда картоп түйнегінің өсу кезеңінде жауын шашын мол (300 миллиметрден астам), ауаның ылғалдылығы біршама жоғары (75% астам) болады, тәуліктік орта температурасы онша жоғары емес, 10-15 градустан аспайды және сонымен қатар күн ұзақтығы да 12-15 сағатты құрайды [1].
Картоп біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған деген деректер де келтіріледі [2].
Картоп өсімдігін алғашқыда үндістер ашқан болатын. Біздің дәуірімізден 12-14 мың жылдар бұрын Анды тауында жоғары дамыған үнді цивилизациясы өмір сүрген, олар көптеген өсімдіктердің мәдени сортарымен қатар картопты да шығарған. Бұл туралы бізге діни жоралардан және ежелгі керамикалық ыдыстардағы суреттерден белгілі.
Картоптың дақыл ретінде ашылуы, өткен ғасырдың 20-жылдарындағы орыс оқымыстыларының ғылыми жұмыстарымен байланысты. Жер шарының өсімдік ресурстарын зерттей отырып, академик Н.И. Вавилов Латын Америкасында картоптың орасан зор «селекциялық қоймасы» болуы мүмкін деген өзінің болжамын айтты. 1925 жылы Вавиловтың бастамасымен Латын Америкасында экспедиция жіберілді [3].
Европа елдері картоп туралы алғаш рет 1538 жылы тарихшы, кошдастадор және дін қызметшісі Сьеса де Лионе Педроның «Хроника Перу» атты кітабы арқылы танысқан, бұл кітапты Испанияға оралғаннан кейін 1953 жылы Севиль қаласында баспадан басып шығарған. Кітапта картопты Кито (Эквадор), Папоян және Пасто (Колумбия) жерлерінен кездестіргенін жариялаған. Ол бірінші болып картоп дақылына сипаттама береді және одан тағам дайындау, оның өнімін дұрыс сақтау тәсілін көрсетеді. Ол жазбаларында: «маисаны (жүгері тәрізді өсімдік) есептемегенде, үндістердің негізгі азығы болып саналатын, жергілікті азық-түліктің тағы екі түрі бар. Оның біреуін Папас (картоп түйнегі) деп атайды, пішіні трюфелге ұқсайды, піскеннен кейін қайнатылған каштан секілді жұмсақ, қабығыда, сүйегі де жоқ, бірақ жер астында дамиды. Бұл жеміс туп-тура біздің егістік мак секілді шөптен өседі» деп жазған [3, 4].
Халық шаруашылығындағы маңызы.Картоп – ауыл шаруашылығында кеңінен тараған дақылдардың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдар ішінде күріш пен бидайдан кейінгі орында тұр [5].
Халық аузында картоп жайында «Нан-астық атасы, картоп-анасы», «Картоп нанға қосымша» немесе «Картоп-нанға үнем» деген сөздер жиі кездеседі. Маңыздылығы жағынан картоп ас атасы наннан кейінгі екінші орында тұрғандықтан, оған деген қажеттілік күннен - күнге артуда.
Картоп құрамындағы сапалы белоктың, әртүрлі витаминдердің және тағы басқа заттардың адам денсаулығына өте қажетті қоректік қасиеті бар. Картоптың түйнегі, ең алдымен тағамға кеңінен әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек орта есепен 840 калорияға дейін жетіп, адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады[2-6].
Картоп түйнегінде 22-25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-24% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл, негізгі құрғақ зат үлесі қант, ақуыз, майларға тиесілі болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары бағаланады. Ақуызының тағамдық құндылығы бидай, қарақұмық дақылдарымен тең келіп, қара бидай, күріш дақылдарының ақуызынан асып түседі. Құндылығы жөнінен 3 кг картоп 1 кг бидай дәніне тепе-тең келеді. Өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында синтезделмейтін амин қышкылдары -ванилин, лизин, триптофан, лейцин және басқалары бар.
Картоптың биологиялық құндылығы 84-85 % [2].
Қалыпты жағдайда картоп дақылын тағамға қолданғанда (300 гр тәулігіне) ересек адамның ағзасының қалыпты қызметіне өте кажетті көптеген бағалы дәрумендердің қажеттілігін - аскорбин кышқылына (С дәрумені) 50%-ға, В1(аневрин) дәруменіне 10-15%, РР дәруменіне (ниацин) 15%, В2 (рибофлавин) дәруменіне 5% және 1-2% А (каротин) дәрумендердің тобымен толықтырады.Картоп түйнегі, сонымен қатар минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі - темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод және де тағы басқаларының) маңызды көзі болып табылады [2, 7].
Картоп дақылынан мысалы, құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 литр спирт, 55 килограмм сұйық көмірқышқылын, 39 килограмм сивуш майын немесе 170 килограмм крахмал (біздің елімізде крахмал өндірісінің негізгі шикізат көзі болып табылады),100 килограмм картоп ұнын, 80 килограмм глюкоза, 65 килограмм гидрол өндіруге тағы да басқа заттар қағаз, тағам, тігін және басқа өнеркәсіп салаларына қолдануға болады.
Картоп басқа дақылдарға қарағанда агрономиялық тұрғыдан өте тиімді дақыл. Біріншіден, ауыспалы егіс жүйесіндегі көптеген дақылдарды картоптан кейін орналастырған қолайлы, картоп еккен жер арамшөптерден таза болады және қолданған тыңайтқыштарға, берілген суға қайырымы мол дақыл.
Картопты Қазақстанның барлық облыстарында отырғызуға болады. Өскен ортасына өте көп талғам қоймайды, сондықтан кейбір қуаңшылық жылдары немесе тағы да басқа табиғат қолайсыздықтарына байланысты халықты азық-түлікпен қамтамсыз етуде маңызы зор [5, 8].
Картоптың мал азығы ретінде де маңызы зор. Орташа өнім алған күннің өзінде де әр гектарға шаққандағы картоптан түсетін азықтық заттар дәнді дақылдар немесе мал азықтық шөптесін өсімдіктерден түсетін заттардан әлдеқайда көп және сіңімділігі жоғары болып келеді. Картоп өнімінің 83-97 %-ға дейіні пайдаға асады [5].
Картоп – тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикі зат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан республикасында кеңінен тараған дақылдардың бірі.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін мал азықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ-жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда)пайдаланылады. 100 килограмм картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 килограмм қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыр жемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектары орта есеппен 150 центнер түйнек пен 80 центнер сабан алынады, және осы өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге тең [2].
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсірілетін дақылдардың бірі. Жалпы егіс аумағы дүние жүзі бойынша шамамен 23 миллион гектарды алып жатыр. Картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды, негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан және басқалары. Еліміздегі егіс көлемі 170-185 мың гектар жерді алып жатыр. Қазіргі таңда дақылдың өнімділігі гектарына 16-17 тоннаны құрайды. Жалпы өнім – 2,5 миллион тонна [9].
Мемлекетіміздің ауа райымен топырақ жағдайын картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоп өнімі тұқымның сапасына байланысты енендігіне көз жеткізген болар едік [2, 10].
1.2 Картоп дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері
Ботаникалық сипаттамасы.Картоп – негізінде табиғи тегі бойынша сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде, ауылшаруашылығында біржылдық мәдени дақыл ретінде өсіріледі. Ол алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum Tuberosum.
Сабағы 4-8 бұтақшалардан құралып, сортына, топырақ құнарлығына, ауамен топырақтың ылғалдылығына, аэрация және жарық жағдайына, бастапқы отырғызу түйнектерінің көлеміне байланысты өсімдік биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді.
Оны түйнегімен және сирек жағдайда тұқымымен көбейтеді. Сонымен қатар вегетативті түрде түйнек, көзше, бүршіктерімен, қалемшелерімен көбейтуге болады [10].
Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен (қысқарған жер асты өркенінің өзгергерген түрі) көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде картопта кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады [7].
Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптастырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында, кей жағдайларда 1,5-2 мерт тереңдікке де бойлай алады. Тамыр жүйесінің мықтылығы сортына, топырақ, жер асты суы, отырғызу жағдайымен қоректік элементтеріне байланысты болады. Тамыры неғұрлым топыраққа терең бойлаған сайын солғұрлым жоғарғы қабатындағы құрғақшылыққа төзімді келеді.
Картоптың жер асты сабағының ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан. Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті ол - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныштық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қарағанда ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін дұрыс қолдағанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады [1-11].
Биологиялық ерекшеліктері. Жылуға талабы.Картоптың жалпы шыққан тегі Оңтүстік Американың таулы аудандары болғандықтан, жаз айларының қоңыр-жай болғандығын қалайтын өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-5°С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады.Топырақтың картоп жатқан жеріндегі жылулығы 7-80 болса 30-35 күнде, 11-120 болса 20-23 күнде, 18-250 болса 12-14 күнде жер бетіне өркендеп шығады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура + 16-18° деп есептеледі. Ал жылулық 3-50-тан төмен және 310-тан жоғары болса, түйнетердің өркен жаюы тоқталады. Картоп 10-тан төмен үсікке шалдығады [2- 7].
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың қалыпты өсуі үшін қолайлы жылулық +17 - 22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1-1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып, өледі. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26-29°-та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды, гүлі мен бүршігі түсіп қалады. Сондықтан Оңтүстік облыстарда көптеген картоп сорттары ұрық салмайды. 20 суықта және 300 жылылықта картоп дақылы түбіне түйнек байламайды [5].
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейінөзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады [1-5].
Ылғалға қатынасы. Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Картоп түйнегінің жалпы 70-80 %-ы, ал сабағының құрамы 80-85 % судан тұратын болғандықтан картоптың өуі барысында судың маңызы зор. Ғылыми тәжірибелердің негізіне сүйенсек, картоп дақылынан бір тонна өнім алу үшін 100 тонна су керек. Жер бетіне картоп көктеп шыққанша суды қажет етпейді, себебі түйнегінің бойындағы ылғалы өзіне жеткілікті. Суды ең көп қажет ететін шағы, ол картоп дақылының бүршік атып, гүл жайған кезі. Осы уақытта өсімдік клеткасындағы нәрлі су құрамы 10 %-дан асып кетсе, картоп сабағы солып, төменгі қабаттағы топырақтар сарғая бастайды. Керісінше нәрлі су мөлшері 6 %-дан төмендеп кетсе судың артықшылығынан топырақтағы ауа жетпей өсімдік әлсірей бастайды. Сондықтан, картоп дақылы бүршік жарғаннан гүлі түсіп болғанға дейінгі мерзімде топырақ ылғалдылығын, оның толық су сиымдылығын 60-80 % мөлшерінде ұстап отырған жөн болады [5].
Ауа. Картоптың дұрыс өніп-өсуі үшін түйіршіктер арасына ауа жақсы енетін борпылдақ топырақ қажет. Картоп дақылы үшін механикалық құрамы жағынан алғанда құмайт және жеңіл саз балшықты қышқылдау реакциялы, құнары тәуір топырақта жақсы өнім береді. Ауыр саз балшықты, тұтасып қалатын топырақтың картоп өсіруде жарамдылығы шамалы. Мұндай алқаптарды минералды заттарды көп беріп тыңайтқанда ғана картоп өсіруге қолайлы болады. Ауаның температурасы 24-250С жеткенде картоп отырғызу жұмыстары басталады. Әдетте картоп отырғызудың оңтайлы мерзімі сәуірдің екінші онкүндігі болып табылады [1].
Жарық. Картоп – жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетпеген жағдайда картоп сабағы сидиып, биік өседі. Жапырағы сарғайып, өнімі төмендейді. Жарық картоптың көмір суын түзуге тікелей қатысы бар. Сондықтан көмір суы жетіспеген картоптың түйнегі жетілмейді.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне негізінен күн жарығының ұзақ болуы қолайлы келеді. Ал түйнегінің өсіп жетілуіне керісінше күннің қысқа мерзімі дұрыс. Жалпы картоп дақылының өсуіне қолайлы жағдай оның қатарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бағыттап отырғызғанда туады. Осы бағытта отырғызылған картоп күн сәулесін ортақ пайдаланады да күннің ыстық кезінде мөлшерден тыс қызудан сақтайды.
Негізінен нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең қолайлы деп есептелінеді. Осындай жапырақ бетінің ауданы фотосинтез процесінің жүруіне оң әсерін тигізеді. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады [6].
Картоп түйнегі мен көгені топырақ астында, қараңғыда өсіп жетіледі. Жарықта ұзақ уақыт қалған түйнек жасыл түске енеді. Яғни жасыл пигменттер пайда болады. жарық әсерінен хлорофил және улы заттар (соланин) түзіледі. Оның мөлшері 100 грамда 2-10 миллиграмның орнына 30-40 миллиграммға дейін көтеріліп кетуі мүмкін. Мұндай түйнетерді тағам ретінде пайдалануға болмайды.
Тұқымдық картоп күзде, қоймаға салар алдында бірнеше күн күнге қақталып, кептіріліп салынады. Бұл жағдай картопты сақтау барысындағы түрлі ауруларға төзімділігін арттырып, сақтау мерзімін ұзартады және сақтау кезіндегі ысырап азаяды. Аталған шараның барлығының картоп дақылының өнімділігін арттыруда маңызы зор [8].
Қоректік заттар. Картопқа пайдаланылатын негізгі органикалық тыңайтқыш – шала шіріген немесе шіріген көң. Сонымен қатар, құс саңғырығы, күл, жасыл тыңайтқыштар да жатады. Бұл тыңайтқыш түрлері қоректік заттардың көзі ғана емес, сонымен қатар физикалық, химиялық оң әсерін тигізеді, әрі топырақтың микроорганизмдерінің қызметін жақсартады. Суармалы жерлерде гектарына 15-20тонна өнім алу үшін әсер етуші заттары бойынша 60-85 т/га көң енгізу қажет деп өз еңбектерінде бірқатар ғалымдар атап өткен болатын [6].
Органикалық тыңайтқыштар құрамында өсімдікке керекті барлық қоректі заттар орта есеппен бір тонна шіріген көң құрамында 5 килограмм азот, 2,5 килограмм фосфор, 6 килограмм калий, және 3,5 килограмм кальций бар [2].
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының деректері бойынша 40 тонна көң төгілген алқаптың әр гектарынан көң төгілмеген жерге қарағанда 3-5 тонна картоп өнімі артығымен алынған [12].
Ал минералдық тыңайтқыштары ретінде картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және тағы басқа заттар жатады.
Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттардың өзіндік орны бар. Солардың біреуінің болсын жетімсіздігі байқалса, өсімдіктің қалыпты өсуіне кедергісін тигізеді.
1.3 Қазақстандағы картоптың тұқым шаруашылығы
Халық арасында екінші нан ретінде танылып кеткен картоп дақылы – ауылшаруашылығы дақылдарының арасында кеңінен тараған және үлкен қолданысқа ие дақылдардың бірі. Агрономиялық тұрғыдан қарағанда көптеген басқа дақылдарға қарағанда ауылшаруашылығына тиімді дақыл. Алайда өзімізге белгілі картоптың жыл сайынғы репродукциясы артқан сайын өзінің бастапқы құндылығын жоғалтатыны. Сол себепті картоп дақылының тұқым шаруашылығын реттеуде бірқатар шаралар атқарылуда.
Картоп тұқымшаруашылығының негізгі жүйесі ретінде сорт жаңарту және сорт ауыстыру болып есептеледі. Картоптың өнімділігіне зиян келтіретін вирусты аурулардың таралуы картоптың тұқымшаруашылығын қайта құруға әкелді. Көптеген мемлекеттерде тұқымшаруашылығында вируссыз материал өндірісі саласы бойынша өзіндік бөлім болып анықталған. Бірінші тұқымшаруашылығының ерекшеліктерінің бірі – вируссыз бастапқы материалды дақыл ұлпаларын сауықтырудың белсенді тәсілдерін қолдану [13].
Вирустан таза картоп тұқымы дақылдың өнімділігін 30-40 %-ға арттырады.
Өзінің өсіріліп отырған ортасына көп талғам қоймайтын, әрқилы ауа-райы мен топырақ ерекшеліктеріне қарай, республиканың барлық аймақтарында өсіруге болатын дақыл. Республика бойынша егістік көлемі 160-185 мың гектар көлемінде. Есеп беретін мекемелердің мәліметтері бойынша, соңғы жылдарда картоп өнімі әр гектарға шаққанда 14-15 тонна шамасында ғана. Оның басты себебі, дақылдың әртүрлі аурулармен зақымдануына байланысты олардың сапасының төмендеуі болып табылады [14, 15].
Тұқымдық материалдың сапасының стандартқа сай келмеуі соңғы жылдардағы әртүрлі аурулардың картоп алқаптарында кең таралуы. БҰҰ ауыл шаруашылық мәселелері мен азық түлік жөніндегі Ұйымның мәліметтеріне сәйкес картоптың ауруларға ұшырауынан жыл сайын әлемдік өнім шығыны 90 млн тоннаға дейін жетеді.
Картоптың тұқым шаруашылығын дамытуда ғылыми деректер мен шаруашылық тәжірибелеріне сүйеніп еңбек етудің маңызы зор [16].
Қазақстандағы картоп өнімінің төменгі дәрежеден көтеріліуінің басты себептерінің бірі оның тұқымының вирус және басқада ауру түрлеріне шалдығып, сапасының төмендеуінде.
Картоп өнімін көтерудің негізгі жолы тұқым шаруашылығын қалыпты жолға қою. Қазақстанның оңтүстік- шығыс өңірінде картоп өніміне көп зиян келтіретін аурулардың ішінде ерекше орын алатын вирус аурулары. Бұл аурулардан картоп өнімі жылына 25-35% - ға төмендеп кететіні мәлім.
Қазіргі кезеңде ТМД елдерінде және алыс шетелдерде бастапқы тұқым өндіру шаруашылығын жүргізудің жаңа тиімді жүйелерін жасау мақсатында сауықтырылған материялды қолдану негізінде зерттеулер жүргізілуде, бұл зерттеулер элита өсіру мерзімін қысқартуға, олардың сапасын жақсартуға және элита өндіру шығынын азайтуға мүмкіндік береді [14].
Осы орайда, картоптың отандық жаңа сорттарын шығару мен оларды өндіріске енгізуде жұмыстар жүргізіп отырған еліміздегі Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының еңбектерін айрықша айтуға болады.
Картоп өндірісінің жалпы көлемінде тұқымдық материал ретінде өнімділіктің маңызды бөлігі кетеді. Тұқымдық материалға қажеттілік жылына 640-750 мың тоннаны құрайды. Бұл сұранысты қанағаттандыру бүгінгі күні біршама қиындықтар туғызуда. Картоптың тұқымшаруашылығы жоғарғы репродукциялы (супер-супер элита, суперэлита және элита) өнім ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Биология | Бидай тозаңқабынан гаплоидтық өсімдіктер алу
» Курстық жұмыс: Өндіріс | Мақта дақылының халық шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
» Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылы
» Курстық жұмыс: Ветеринария | Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
» Курстық жұмыс: Биология | Бидай тозаңқабынан гаплоидтық өсімдіктер алу
» Курстық жұмыс: Өндіріс | Мақта дақылының халық шаруашылығы
» Курстық жұмыс: Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.
» Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылы
» Курстық жұмыс: Ветеринария | Мал шаруашылығы эмбриондар трансплантациясындағы донорлар, эмбриондар мен реципиенттер арасындағы әсерлесу
Іздеп көріңіз: