Курстық жұмыс: География | Кеңес одағы жылдарындағы Қазақстанда жалпы мектеп географиясының даму тарихы
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………. 3
1. Қазақстан мектептеріндегі география пәні………………………………. 5
2. Шаруа жастар мектебі……………………………………………………... 12
3. Қазақстанда географиядан мұғалімдер дайындау саласы………………. 18
4. Қазақстан мектептеріндегі оқу методикалық әдістері…………………... 21
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер 24......
1. Қазақстан мектептеріндегі география пәні
Бұл кезде Қазақстан мектептерінде де география жүйелі ғылыми пән ретінде оқытылған жоқ, оның орнына «бала түсінігіне оңтайлы түрлі ұғымдар» деп түсіндірілетін, өмірдегі нақты құбылыстардың әр түрлі комплекстерін үстірт қарастырды. Бұл кезде шыққан оқыту жоспарыКеңес өкіметінің барлық жерінде ұқсас болды. Оны география пәніне арналған сағаттардан-ақ көруге болады. (1-кесте). Жергілікті халық ағарту бөлімдері бірыңғай қазақ мұғалімдеріне арнап жаңа оқулықтар шығару бағытында едәуір жұмыс атқарғанын айта кету керек. Мысалы, бір топ методист-мұғалімдер Сырдария және Семей облыстарының халық ағарту бөлімдерінің тапсыруы бойынша мектептерде пәндерді оқыту сағатының кестесін жасады. (2-кесте). Қазақ мектептерінің бәрі 1919-1920 оқу жылында оқу сағаттарын осы кесте бойынша жүргізді. [1]
1920-1922 жылдардағы азамат соғысы қиыншылықтарына қарамастан, Қазақстанда қазақ мектептерінің саны ұдайы өсіп отырды. Мысалы, жалпы мектептер санын алсақ, 1914-1915 оқу жылында 2011 мектеп бар еді, ал 1920-1921 оқу жылында 2410 мектеп болды, оның көпшілігі ауылдық жердегі қазақ мектептері еді. Осылай қазақ мектептерінің санының көбеюіне байланысты, халық ағарту бөлімдері мұғалімдер дайындау, оқу үйлерін салу тағы басқа көптеген оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуге байланысты мәселелердегі шешу үшін алдына күрделі міндеттер қойды. Мысалы, 1921 жылы Халық ағарту жөніндегі І-ші Бүкіл Қазақстандық конференция бірыңғай қазақ мектебінің мазмұны мен ұйымдастырылуының теориялық негізіне тоқталып, мұғалімдерге арнап құрылымы мен білімдік-тәрбиелік мақсатына сәйкес бағдарлама, методикалық құжаттар мен оқу-педагогикалық әдебиеттер шығару жөніндегі шараларын белгіледі. [2].
География пәні бойынша әр түрлі оқу жоспарының сағат кестесі
№ 1-кесте
Құжат аттары Кластар бойынша сағат саны
Дайын.
класс. I II III IV V VI VII VIII Барлығы
Ерлер гимназиясының оқу жоспары (1902) - 2 2 2 2 2 - - - 10
Халық ағарту министрлігінің жоспары (1914) 2 3 2 2 2 2 1 1 1 16
1915 ж. Орта мектеп реформасынан кейінгі оқу жоспары Гуманитарлық емес бөлім
Гуманитарлық бөлім
2 2
3 2
2 2
2 -
- -
-
13
11
Бастауыш мектептерде пәндерді оқыту сағат саны
№2 кесте
Пәндер Группалардың бір апталық сағат саны Барлығы
І ІІ ІІІ
Ана тілі 6 6 6 18
Арифметика 6 6 6 18
Тарих - 2 2 4
География - 2 2 4
Табиғат тану 1 2 2 5
Орыс тілі - 3 3 6
Сурет салу 3 1 1 5
Жалпы ән 1 1 1 3
Қол өнер ісі 1 2 2 5
Жалпы гигиена 1 1 1 3
Барлығы 19 26 26 71
Қазақстан мектептерінің ең алғашқы оқу бағдарламасын Қазақстанның Оқу-ағарту Комиссариаты тек 1922 жылы дайындады. Сол жылы Қазақстан мектептеріне басқа да пәндер мен қатар географияның да бағдарламасы берілді. Бірақ, бұл жылдары география нақты ғылыми жүйелі тәртіппен оқытылмады, тек үстіртін түрде ғана түсініктемелер беріліп отырды. Сонымен қатар, бұл кезде қала мен село қазақ мектептерінің бағдарламасы әр түрлі мазмұнда болған еді. География курсындағы материалдар мектеп айналасындағы оқушыларға таныс дүниелерден беріліп, «Отан тану» – деп аталды. [4]
1922 жылы Қазақ АССР Оқу ағарту Халық комиссариаты РСФСР бірыңғай еңбек мектебі І-ІІ сатыларының бағдарламасы негізінде қазақ мектептерінде жеті жылдық оқу жоспарын бекітті. Қазақстанның Оқу ағарту Халық Комиссариаты бұл бағдарламаны аулы мектептеріне арнап жеңілдетуге тырысты. Сонымен, Қазақстан территориясында 1920 жылдары төмендегіудей мектептер құрыла бастады:
- ең алғашқы жылдары құрылған мектептер, бірінші бастауыш мектептер деп аталып, онда оқу мерзімі – 4 жыл болды.
- кейіннен жеті жылдық мектептер құрыла бастады (3-кесте). Осы жеті жылдық мектептердің өзі екі сатылы болды:
Бірінші саты – 4 жылдық
Екінші саты – 3 жылдық болып құрылды.
- бұдан кейін 9 жылдық мектептер құрыла бастады. 9 жылдық мектептер 3 сатылы болды.
- сонымен қатар жұмысшы факультеттері ашылды – бұл жалпы білім беретін орта оқу орны болып табылып бұрын толық орта білім алуға мүмкіндігі болмаған жұмысшы – шаруа жастарға орта білім беретін болды. Міне, осы құрылған мектептерде оқу-құрал жабдықтарының жетіспеуіне байыланысты түске дейін жастар оқыса, кешке жұмысшы-шаруа жастар оқитын болды. Ең алғаш құрылған төрт жылдық мектеп үшін бағдарлама құрылып, география пәні жеке пән ретінде оқытылатын болды. 1920-шы жылдары Қазақстанда алғаш рет бір жылдық және екі жылдық мектептер құрыла бастады. Осындай тұңғыш «мектеп-коммуна» сол кездегі Қазақстанның астанасы – Орынбор қаласында алғашқы болып үлгі-тәжірибе мақсатында ашылды, оның өз интернаты болды. Бұл коммуна-мектептердің өздерінің меншігінде шаруашылығы бөлініп берілген жер учаскелері де болды. Олар өздерін біршама өз өнімдерімен қамтамасыз ететін. [3]
Жеті жылдық мектептердің оқу жоспары, 1927 жыл (апталық кестесі)
№ 3 кесте
№ Пәндер 5-ші жыл 6-шы жыл 7-ші жыл Жалпы сағат саны
1 Қоғам тану 4 4 4 408
2 Ана тілі мен әдебиеті 5 5 4 476
3 Математика 4 4 5 442
4 Жаратылыстану 3 4 4 374
5 Химия 1 2 2 170
6 Физика 4 4 4 408
7 География 2 2 2 204
8 Шет тілі 3 3 3 306
9 Еңбек 3 3 3 306
10 Бейнелеу өнері 2 2 2 204
11 Ән-күй 2 11/2 11/2 170
12 Дене шынықтыру 2 170
13 Барлығы 35 36 36 3638
1922 жылы сәуір айының басында Қазақстанның Халық-ағарту Комиссариаты жеті жылдық қазақ мектебінің үлгі-оқу жоспарын бекітті (4 кесте). Бұл оқу жоспарының артықшылығы мынада болды:
а) І-ші группада сабақ өткізілетін уақыт пен оқу пәндері белгіленді;
ә) орыс тілі мен әдебиетіне жеткілікті уақыт берілді;
б) тарих пен сызу оқу жоспарына дербес пән ретінде енгізілді;
в) көркемдік тәрбие саласынфдағы оқу уақыты жеке пәндерге бөлінді;
г) география пәні 3-ші группадан бастап 7-ші группаға дейін аптасына 3 сағаттан берілді.
1922-1923 оқу жылында РСФСР Оқу-ағарту Халық Комиссариаты «жаңа комплексті бағдарламаны» бекітті. Бұл бағдарлама негізінен Қазақстан мектептеріне 1924-1925 оқу жылында ене бастады. Бірақта, сол бағдарлама республика мектептерінде оқуға жарамсыз болып шықты.
Ке йіннен барлық мектеп-комуналар біртіңдеп шаруа жастар мектебіне (ШЖМ) айналды. Бұл мектептерде оқу мерзімі 3 жыл болып белгіленіп, оған бастауыш білімі барлары ғана қабылданды. Осындай мектептер жанынан бір жылдық дайындық бөлімдері ашылды. Шаруа жастар мектебінің оқу бағдарламасы негізінен жеті жылдық мектептердікіне ұқсас болды. Онда жалпы білім берумен қатар өндірістік оқуға да өте көп көңіл бөлінді. Оны біз осы мектептердің апталық оқу жоспарынан да көруге болады. Бұл оқу жоспарында әр жыл сайын география пәніне 2 сағаттан беріліп отырған. [5].
2. Шаруа жастар мектебі
Осы оқу жоспарында ШЖМ тек білім берумен ғана емес, сонымен қатар онда өндірістік оқуға да үлкен көңіл бөлініп, жанынан оқу шеберханалары құрыла бастады. Бір айта кетерлік жай осы мектептерде ауыл шаруашылық үйірмелері жұмыс жасап, оқушылардың табиғатпен және өндіріспен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік берді. Балқаш ауданы Сандық ЖШМ жанынан ұйымдастырылған осындай бір үйірме жоспарынан жоғарыдағы аталған мәселелерге көп көңіл бөлінгенін көруге болады.
Шаруа жастар мектебінің апталық оқу жоспары
№ 4-кесте
№ Пән аттары І-бөлім ІІ-бөлім ІІІ-бөлім
1 Ауыл шаруашылығы 4 сағат 5 сағат 4 сағат
2 Кооперация және коллективизация - - 2
3 Табиғат тану 3 3 3
4 Физика 3 3 3
5 Химия - 2 2
6 Қоғам тану 4 4 5
7 география 2 2 2
8 Ана тілі және әдебиет 4 4 3
9 Математика 5 5 4
10 Бейнелеу өнері 1 1 1
11 Орыс тілі 6 5 5
12 Дене шынықтыру 2 2 -
13 Қол еңбегі және мектеп маңы үйірмесіндегі жұмыс 6 6 6
14 Қоғамдық еңбек 4 4 4
15 Жалпы саны 44 46 46
Сондықтан әр республикадан өз оқу бағдарламасын және өз оқулығын шығару талап етілді. Осы мақсатпен жергілікті жерді оқыту бағдарламасы Қазақстанда да жасалды. Осыған сәйкес алғашқы оқу кітабын республикамызда М.С. Лапатухин мен П.Д. Устименко жазып шығарды.
1933 жылы 12 ақпанда ВКП/б/ Орталық Комитеті «Бастауыш және орта мектеп оқулығы туралы» қаулы қабылдады. Осы қаулыға байланысты барлық республикада тұрақты оқулықтар шығарылатын болды. Әрбір республика өз өлкелерінің бастауыш......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | География оқулықтары және олардың атқаратын қызметі
» Курстық жұмыс: География | «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
» Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Отан соғысы жылындағы мектеп және педагогика
» Курстық жұмыс: География | Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
» Курстық жұмыс: География | География оқулықтары және олардың атқаратын қызметі
» Курстық жұмыс: География | «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары
» Курстық жұмыс: Тарих | Ұлы Отан соғысы жылындағы мектеп және педагогика
Іздеп көріңіз: