Курстық жұмыс: Экономика | Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3
ⅠБөлім Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымының шығу тарихы................................................6
1.2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге дайындық процессі.........................................9
ⅡБөлім Қазақстан ДСҰ-ға кіруге әзір ме?
2.1 Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің жағымсыз жақтары...................................11
2.2 ДСҰ-ға кіру үшін істелінетін шаралар жүйесі...............................................18
Қорытынды.................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................24
ⅠБөлім Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
1.1 Дүниежүзілік сауда ұйымының шығу тарихы
Жоғарыда айтып өткендей, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға дайындалуда. 1996 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы ДСҰ Секретариатына ресми өтінішін жолдаған болатын. 2002 жылдың шілдесінде ведомствоаралық комиссия ДСҰ Секретариатына сыртқы сауда режимі туралы меморандум мен басқадай міндетті құжаттарды жолдады. Осы кезден бастап Қазақстанның ДСҰ-ға кіру туралы ұзақ та, көпжақты келіссөздер жүргізіле бастады. Бұл еліміздің экономикасы үшін зор мәнге ие болатын, күрделі де, маңызды процесс. Осыған байланысты, бізге ДСҰ-ТСБК іс-әрекетінің мақсаты, міндеті, құрылымы мен ерекшелігін қарастыру маңызды болатын сияқты.
ТСБК құрылу себептері мен мақсаттары, жүзеге асыру принциптері. Халықаралық сауданы реттеп, оның еркін дамуы жолындағы кедергілерді жойып отыратын негізгі халықаралық ұйым – Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім. Тарифтер мен сауда бойынша Басты келісім (ТСБК) 1947 жылы халықаралық сауданы реттейтін глобальды ұйым ретінде құрылды. ТСБК құрылуының негізгі мақсаты халықаралық сауданың ашықтығы мен қауіпсіздігін төмендегідей жолдармен қамтамасыз ету болып табылған:
• кедендік және басқадай саудалық шектеулерді жою;
• халықаралық саудадағы дискриминацияны жою;
• нақты табыс, сұранысты, сауда айырбасын жоғарылату.
Осы келісімнің басты мақсаты болып елдер арасындағы сауда қатынсатарын көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету табылады. Халықаралық сауда ұйымын құру талаптарының жоққа шыққанына байланысты, тарифтер және сауда бойынша Басты келісім мүше елдердің сауда және тарифтік саясатын реттейтін көпжақты жалғыз құжат болады. АҚШ тарифтерді төмендету мақсаты американдық трансұлттық корпорациялар мүддесіне қайшы болмағандықтан, ТСБК келісіміне қол қоюға қарсы болған жоқ.
1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап Басты келісім оған қол қойған, негізінен дамыған 22 капиталистік елдер үшін сыртқы саудадағы құқықтары мен міндеттемелерін анықтайтын көпжақты келісім болып күшіне енді.Ол өзіне қатысты елдердің сыртқы сауда саласындағы құқықтары мен міндеттерін айқындайтын көпжақты келісім болды.
ТСБК негізгі ережелер мен принциптер жинағынан, тарифті анықтайтын тізімдер мен қосымшалардан, қосымша шешімдер мен мәжілістерден, жекелеген келісімдерден тұрады. ТСБК-ның негізгі іс-әрекет механизмі көпжақты сауда раундтары түрінде өтіп, ол жерде халықаралық сауданы реттеудің жаңа нормалары мен ескілерінің қайта қаралуы жүзеге асырылады.
ТСБК іс-әрекет негіздеріне төмендегідей принциптер салынған:
* Өзара саудада ең тиімді жағдай жасау мен дискриминациялау. Бұл принцип ТСБК-ге қатысушы елдің кез келген өнімге берген артықшылықтары мен жеңілдіктер басқа да қатысушы елдерге арналған немесе ол елде шығарылатын балама өнімге таралуын талап етеді.
* Ұлттық режим қатысушысы елдердің ішкі салықтар мен алымдар саласындағы ұлттық тауар режимін шет елдік тауарларға да қоюы қажет екенін белгілейді.
* Халықаралық сауданы реттеу мөлшерлік шектеу емес, кедендік тариф арқылы жасалуы тиіс.
* Көпжақты сауда келіссөздері барысында кедендік тарифтердің бірте-бірте төмендеуі, өзара көнулерге бару.
ТСБК өзінің өмір сүру кезеңінде негізінен кедендік тарифтермен айналысқан. Құрылу кезінен бүгінгі күнге дейін ТСБК шеңберінде сегіз тарифтік конференция өткізіліп, онда тарифті төмендету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, 1949 жылы Бреттон-Вуд келісімі бойынша үш халықаралық экономикалық ұйым құру белгіленді. Олар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың әр түрлі жәйттерімен айналысуы керек болды. Алғашқы екеуі Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры түрінде пайда болды. Оларға қосымша, сондай-ақ БҰҰ жанындағы мамандандырылған агенттік түрінде Халықаралық сауда ұйымын (ХСҰ) құру жоспарланды. Алайда, 1946 жылы ХСҰ жарғысын түбегейлі бекіткенге дейін-ақ әлемдік шаруашылықтың жетекші қатысушылары қатарынан 23 ел кеден тарифтерін өзара төмендету және өздеріне тиісті міндеттемелер алу туралы келіссөздер жүргізген жөн деп шешті. Олар ХСҰ жарғысының жобасына енгізілген сауда ережелерін қабылдау туралы уағдаласты және оны тарифтік шегерімдер туралы қабылданған шешімді қорғаудың жедел және уақытша шаралары деп есептеді.
ХСҰ-ның жарғысы 1948 жылы наурызда Гаванада өткен БҰҰ-ның сауда және жұмыспен қамту жөніндегі мәслихатында бекітілді, бірақ өздерінің заңнамаларының сәйкес келмеуі салдарынан бұл құжатты ратификациялау мүмкін болмай шықты. АҚШ Конгресінде жарғы қиян-кескі қарсылыққа ұшырады, дегенмен де Америка үкіметі ХСҰ-ны құрудың бастамашылары қатарында болған еді. 1950 жылы АҚШ үкіметі Гаванада қабылданған жарғыны ратификацияламайтын болады деп жария етті. Осыдан кейін ХСҰ жобасы түбегейлі сәтсіздікке ұшырады.
Таза уақытша уағдаластық ретінде құрылған ТСБК 1948 жылдан 1994 жылға дейін, яғни 1995 жылы мамандандырылған Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) құрылғанша өмір сүрді. Осы кезге таман 128 мемлекет ДСҰ-ның уағдаласушы тараптары болды. Оған барлығы – түрлі нысандардағы 150-ден астам мемлекет қатысты. Ал қазіргі таңда ДСҰ бүкіл әлемдегі сауданың 97 пайызын реттейді және 148 ел оның толық құқықты мүшесі болып табылады.
Бұрынғы КСРО 1990 жылы ТСБК-де байқаушы мәртебесін алды, 30-дан астам елдермен қатар 1996 жылы қаңтар айында ДСҰ-ға қосылу туралы ресми мәлімдеме жасап, бұл мәртебеге қазір Қазақстан да ие болып отыр. Осыдан кейін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Қазақстанның негізгі сауда серіктестері – 38 ел енген. Олар: АҚШ, ЕО елдері, Канада, Жапония, Австралия, Швейцария, Қытай және басқалары. Қазіргі уақытта он елмен жүргізілген екі жақты келіссөздер аяқталды, осынша елмен консультациялар алмасылуда. Қысқасы, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы үдеріс жүріп жатыр.
Сонымен, дүниежүзілік сауда ұйымы – қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін көпжақты халықаралық келісім. ДСҰ-ның Жоғарғы басқарушы органы – Министрлер конференциясы. ДСҰ – бейбіт, қатр өмір сүру принциптерін мейлінше тиянақтайтын беделді халықаралық ұйым.
ДСҰ-ның ТСБК-нен принципалды айырмашылығы бар:
1. Егер ТСБК таңдалған ережелер мен келісімдер жинағы мен Секретариаттан тұрса, ал ДСҰ барлық мүше елдер үшін белгілі бір міндеттемелері бар тұрақты іс-әрекет ететін ұйым болды.
2. ТСБК уақытша сипатта болса, ДСҰ міндеттері тұрақты болып табылады.
3. ТСБК ережелері тек тауарлар саудасына таралса, ДСҰ сонымен қатар қызмет көрсету мен интеллектуалды меншіктің халықаралық айырбасын реттейді.
ДСҰ төмендегідей қызметтерді атқарады:
• көпжақты келісімдерге байланысты әкімшілік жұмыс;
• әлемдік сауда жағдайын бақылау және кеңес беру;
• Халықаралық сауда палатасы үшін форум рөлін атқару;
• сауда таластарын реттеудің механизмін қамтамасыз ету;
• мемлекеттердің сауда саясатына бақылау жасау;
• басқа халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
ДСҰ-ның негізгі ережелеріне сәйкес, халықаралық сауданы реттеудің басты құралы кедендік тариф болып табылады. Соған сәйкес құжаттарда кедендік тарифті реттеуді анықтайтын құқықтық нормалар бар.
Дүниежүзілік сауда ұйымы қазір ТСБК-нің функцияларын атқарып, өз мүшелері арасында сауда мәселелері жөнінде туындайтын таластарды реттеу мен ынтымақтасу үшін институционалды негізді қамтамасыз етеді. ТСБК-нің негізгі принциптері әлі де күшінде, ал Уругвай раундының келісімдерін осы принциптермен байланыстыра қарастыру қажет.
1.2. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге дайындық процессі
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге әзірленіп жатыр. Алайда ДСҰ-ға кіру үшін ұлттық заңнаманы оның талаптарымен сәйкес келтіру керек. Бұл талаптар әр алуан келісімдерде, атап айтқанда, субсидияларға, өтемдік және демпингке қарсы шараларға қатысты заңнамаларда баянды етілген. Қазақстан қазір өзінің заңнамаларын қайта қарастыру қамына кірісті. Әуелі ДСҰ-ға кіру үрдісі нені білдіретінін түсіндіре кетейік. Яғни, кез келген елдің кең ауқымды мүдделерін көдейтін мәселенің өз ережелері бар. Оларды егжей-тегжейлі түсіну үшін негізгі ұғымдарды айқындап алу керек, бүгінгі таңда республикамыз да осыны мұрат етіп отыр.
Демпинг – ағылшынның "dumping" – лақтырып тастау деген сөзінен шыққан. Бұл – сыртқы және ішкі нарықтарда тауарларды әдейі төмендетілген бағалармен сату. Олар орташа бөлшек сауда бағаларынан азырақ, ал кейде тіпті, тауардың өзіндік құнынан да әжептәуір төменірек болады. Демпинг нарыққа кіру, онда орындарды жеңіп алу, бәсекелестерді ығыстыру мақсатында жүргізіледі. Демпингті нарықта берік орнығу жағдайында қол жеткізілгенннен кейін бұрынғы залалдарды болашақта өтеу есебімен мемлекет пен компаниялар жүзеге асырады. Алайда көп жағдайда фирмалар да, мемлекет те демпингке біржолғы шара, қажетті ақша, валюта қаражаттарын тезірек алу әдісі ретінде иек артады. Осыдан демпингтік саясат – тауарларды арзанқолды бағалармен сату келіп шығады.
Әлемдік экономика тәжірибесінде бірқатар елдерде демпингке арнайы заңдар қолдану, баж салықтарын белгілеу арқылы қарсы тұру қабылданған. Демпингке қарсы баж салығы – елдің ішкі нарығын демпингтік бағалар бойынша тауарларды әкелуден қорғауды қамтамасыз ететін кеден салықтарының түрі. Ол арзан сатылатын немесе экспортты субсидиялайтын мемлекеттерден әкелінетін импортталатын тауарлардан алынады. Демпингке қарсы баж салығын пайдалануға сол елдің ұлттық өнеркәсібіне материалдық зиян келтірілген жағдайда рұқсат етіледі. Ал бажды есептеу әдістемесі тарифтер мен сауда туралы бас келісімде (ТСБК-де) бар. ТСБК мен ДСҰ – екеуі бір мәндегі ұғымдар. Егер қысқаша айтар болсақ, оның бірі екіншісінен туындайды
Сонымен, ДСҰ-ға қосылу үшін Қазақстан алдағы уақытта соңғы 50 жыл ішіндегі осы Ұйымға қатысушы елдердегі халықаралық сауда нормаларын қабылдауы керек. ДСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының басты шарттарының бірі олардың ұлттық заңнамалары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвай раунды келісімдерінің пакеті ережелерімен сәйкес келтіру болып табылады. ДСҰ-ға қосылудың қорытынды кезеңінде ізденуші елдің ұлттық заң шығарушы органы жұмыс тобының шеңберінде келісілген және Бас кеңес бекіткен құжаттардың бүкіл пакетін ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттемелер ДСҰ-ның құжаттары мен ұлттық заңнаманың бір бөлігіне айналады, ал кандитат ел ДСҰ мүшесі мәртебесін алады. Уругвай раунды келісімдерінің пакеті елуден астам көпжақты сауда келісімдерін және басқа да құқықтық құжаттарды біріктіреді, олардың негізгілері ДСҰ құру туралы келісім мен оған қоса берілетін көпжақты сауда келісімдері болып табылады. Осы келісімдерінің бір – 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің (демпингке қарсы) 6 бабын қолдану жөніндегі, сондай-ақ Субсидиялар мен өтемдік шаралар жөніндегі келісім. Осымен байланысты әзірленген Үкіметтің заң шығарушылық түзетулері Қазақстанның 1999 жылғы 16 шілдедегі «Субсидиялар мен өтемдік шаралары туралы» және 1999 жылғы 13 шілдедегі «Демпингке қарсы шаралар туралы» заңдары жоғарыда аталған ДСҰ-ның екі құжатымен сәйкес келтіруге жіберілді.
Сонымен, еліміздің экономикасында қалыптасқан жағдайды айтып өткен жөн шығар. Бізде ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі төмен. Ол – елдің экономикасын, халықтың тұрмысын, әлеуметтік жағдайын жақсартатын басты көрсеткіштердің бірі. Еңбек өнімділігін арттыру ғылым жетістіктерін, жаңа технологияны пайдалануды көздейді. Олар өндірісте орнықса, өнімнің өзіндік құны төмендейтіні, өнім сапасы жоғарлайтыны, жалпы өндіріс тиімділігі артатыны белгілі. Бұл ретте аграрлық ғылымды дамыту мен ауылға мамандар даярлау арқылы өз үлестерімізді қоса алатындығымызды атап көрсеткен жөн. Бүгіндері ауыл шаруашылығы ғылымы қанат жайып, экономиканың өркендеуіне тікелей ықпал етіп келеді. Оның жетістіктерін пайдалану экономиканың аграрлық секторының тиімділігін арттыруға жол ашары сөзсіз.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің әр саласын серпінді дамытудың шешуші шарты – оны индустриялық база мен озық технологияға көшіру. Индустириялық технология, мәселен, ауыл шаруышылығы дақылдарын өсіру мен жинауда кешенді механикаландырудың ең жоғары деңгейін білдіреді. Ол өнімділікті едәуір арттыруды, еңбек шығындарын, өндірілетін өнімнің өзіндік құнын азайтуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге барлық жұмысты дәл белгіленген мерзімде орындауды, жеке әр технологиялық операцияда агротехникалық талаптарды мұқият сақтауды көздейді.
Халық шаруашылығының бәсекелестікке қабілетті салаларын дамытуда жоғары білікті мамандарды жеткілікті даярлау керек екені түсінікті. Бұл мәселені шешу мақсатында елдің жоғары оқу орындарында инженер кадрларын даярлау саны арттырылды. Біздің мемлекет дамуының тактикалық қана емес, сонымен бірге стратегиялық міндеттерін шешуде, әсіресе, ДСҰ-ға кіруіне дайындық кезінде бұл мәселе өте маңызды. Сондықтан да Елбасы өз жолдауында «техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс» дегенді баса көрсетіп өткен.
Бүкіл әлем көптен бері өндірілген өнімдерінің сапасы мен бәсекелестік қабілетін көтеруге ұмтылып келе жатыр. Сапа халықаралық бизнестің тіліне айналуда. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерін халықаралық стандарттарға сай үйлестіру мен жүйелендіру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл өте маңызды, өйткені, біздің еліміз халықаралық тауар алмасуында терезесі тең әріптес болуға ұмтылып, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөнінде айқын қадамдар жасауда.
ⅡБөлім Қазақстан ДСҰ-ға кіруге әзір ме?
2.1 Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің жағымсыз жақтары
Қазақстанның алдағы Дүнижүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруінің қандай жағымды салдары болса, сондай жағымсыздық та салдары бар.
Кедендік кедергілерді төмендетуге байланысты бәсекелес шетелдік компаниялар экспорттық әлеуеттерін жоғарылатуға қазіргі кезде жағдай бар. Тауарларды, қызмет көрсетулерді, технологияларды, капиталдарды экспортқа көп шығындар, солар ұтыста болады. Осыған байланысты экспортқа мемлекеттік құқықтың көмегінсіз әрі пайдалы өнеркәсіптік саясаты жоқ болса, ДСҰ-ға кіру қауіпті. Қазіргі кездегі жоғары қосылған құны бар бәсекелес саланы жоғалтып алуымыз және біржолата экономикасы дамыған ірі мемлекеттердің қосалқы шикізатына айналуымыз мүмкін.
Қазақстанда 2015 жылға дейінгі уақытқа қабылданған мемлекеттік жаңартпалы-индустриялық дамыту бағдарламасын енгізген кездегі негізгі талабы ДСҰ-ға кіру үшін экспорттың өсуіне ұлттық бәсекелестік артықшылықтың қатысы, әсіресе шикізаттық сектордағы емес өнімге қатысты сөйлесу үдерісіндегі жайғасымды күшейту болды.
Қазіргі кезде әлемде тауарларды қайта өңдеу көбінесе дамыған Солтүстік мемлекеттерде өте көп байқалады. Кейінгі 10-12 жылда әр түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты барлық Солтүстік дамыған мемлекеттер экономикасының өсуі қарқыны төмендеген: жұмыссыздықтың өсуі, қиын жағдайларда халыққа мемлекеттік көмектің азаюы. Бұл жерде олар бір жақты көрініп тұр, ол дүниежүзілік нарықты кеңейтіп өздерінің тауарларымен басқа жаңа мемлекеттерді және аумақтарды экспансиялау. Сондықтан ДСҰ: нарықта өндірушілер арасында мазмұндалған арнайы теңдік бар, бірақ жаңа мемлекеттердің нарығын шындығында билікті ірі дамыған солтүстік және әлемдік компанияларға бере отырып, қарым-қатынасты ұйымдастыру керек.
Бұл жерде Қазақстан өнеркәсіптерінің өнім шығару құрал-жабдықтарының бірқатар бөлігі ескірген. Техникалық жаңғырту үлкен қаражатты және ұзақ уақытты талап етеді. Жаңартуға кететін кажетті қаржы көздері мемлекеттен тыс жерлерге, жеке кәсіпкерлер оны көтеруге әлсіз жерлерде, инвесторлар тек қазып шығаратын байлығы бар салаларды ғана дамытуға қызығушылық танытады. Біздің жеке өндірушілер әлі әлсіз және заңмен қорғалмаған, сондықтан да дамыған мемлекеттер қазақстандық нарыққа кіріп, өздерінің сапалы тауарларымен біздің тауарды ығыстырып, дамытпауы мүмкін. Мұндай жағдайда өзінің шикізатымен өндіруші өндірістерді дамыту өте қажет. Өндіру отандық басқарусыз ішкі қазақстандық нарықта қазіргі заманға сай экономикасы жаңғыртылмаса, шетел тауарларымен нақты бәсекелесетін жоғары технологиялық өндірістері болмаса сыртқы сауданы еркіне жіберу қиын. Нақтыланған отандық экономиканы дамыту бағдарламасы болмаса ДСҰ-ға кіру – Қазақстан үшін қазіргі болып жатқан экономикалық және саясаттық тәуелділікте асығыстықпен пара-пар.
ДСҰ-ға кірудің ең қолданпаздық және ең үлкен еркін стратегиясы бар. Ең үлкен еркін стратегия бойынша ДСҰ-ға кірген ТМД мемлекеттері: Қырғызстан, Армения, Молдова және Грузия
Экономиканы қиындатпай ДСҰ ең аз жағымсыз жаймен кіру үшін Қазақстанға бірнеше маңызды мәселелерді келісе отырып шешуді талап етеді. ДСҰ басқа халықаралық қаржылық ұйым ретінде дамыған мемлекеттермен бақыланады, негізгісі АҚШ, сондықтан олар бірінші кезекте тұрған тапсырманы өздерінің пайдасы үшін шешеді.
ҚР экономикасының тұрақтылығын және жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) жоғары деңгейде екенін ескере отырып, мемлекеттің экономикасы тұрақтылығына шамалы жыл болғанын, жалпы ішкі өнімнің деңгейін жаңартылмаған шикізаттарды экспортқа шығаруды көбейтумен жетіп жатқанын ұмытпауымыз керек. Керекті көлемді мемлекет экспортқа шығару үшін көмек беретін және болашақтағы экспортты ынталандыратын машина жасаудың, ауыл шаруашылықтың дамыту проблемалары шешілген жоқ.
Республика үшін принципті сауал – бұл ауыл шаруашылығына мемлекеттік көмектің керек екендігі анық, өйткені қазақстандықтардың 43 пайызы ауылды жерлерде тұрады, аграрлық-өнеркәсіптік секторының техникалық жабдықтауы нашар және өндірістік тиімділігі төмен, қазақстан бидайына сұраныс болса да оны жеткізу қиын, өйткені республикаға теңіз порты және әлемдік нарық алыс. 2004 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 0,1% өсті. Өсімдіктер өнімі 2003 жылға қарағанда 2,5% төмендеді. Мал шаруашылығының дамуы да жоғары қорытынды көрсетпеді, оның деңгейі 5% ғана жоғарылады, ірі қараның саны 2000 жылы 1 миллионға жоғарылап, жалпы саны 5 миллион басқа жетті немесе осыдан он бір жыл бұрын болған мал басының жартысына жетті десе болады.
Қазақстан мұнайының сатылуы ДСҰ-ға кіруіне байланысты емес, ол қалай сатылып жатыр, солай қиналмаспен сатыла береді. Есеп бойынша тау-кен өндірісіндегі өндіріс көлемінің 60%-ға өсуі, ол табиғи газды шығарудың өсуіне, шикі мұнай мен табиғи газға байланысты: ал темір рудасының шығарылу көлемі – 6,3%, көмір және лигниттікі – 2,3% ғана. Сондықтан да инвестициялық басымдылық саласы болып мұнай мен табиғи газ шығару ғана қалады. Болып жатқан үрдіске қарасақ, шикізатты экспортқа шығару 25 – 30 жылға дейін сақталынады дегенге және осы айтылған сөзбен келісуге болады. Мұнайдан басқа салаларға жаңа технологиялар келген жоқ деп айтса да болады.
Мемлекеттің жеңілдетілген көмегінсіз шетелдік компанияларға көмек түспейді. Айқын артықшылықтары – бұл мемлекеттің халықаралық ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымы (9 сынып, IV тоқсан)
» Қазақша презентация (слайд): Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
» Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
» Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік шаруашылықтың модельдері мен аумақтық құрылымы (9 сынып, IV тоқсан)
» Қазақша презентация (слайд): Тарих | Екінші дүниежүзілік соғыс
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі
Іздеп көріңіз: