Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы

Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы

Мазмұны

КIРIСПЕ..................................................................................................

I . БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI
1.1. Дидактикалық ойынның мәнi................................................
1.2. Кiшi мектеп жасындағы оқушыларының дидактикалық
ойын арқылы дамуының педагогикалық, психология-
лық ерекшелiктерi...................................................................

II. ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БIЛIМДЕРIН АРТЫРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДIС ТӘСIЛДЕРI
2.1. Дидактикалық ойындардың үлгiлерi және оны өткiзу............
2.2. Тәжiрибелiк - эксперименттiк жұмыстар.................................

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР..........................................................................
ҰСЫНЫСТАР


І . БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Дидактикалық ойынның мәні

Ойынның пайда болуына байланысты көптеген құпияларды шешу мақсатында зерттеуші ғалымдар бірнеше жүздеген еңбектенуде.
Ойынның пайда болуы ең алдымен бос уақытты өткізу адамдардың демалыс сауығын ұйымдастыру проблемасы ретінде қарастырылды. Жалпы ойын теориясының зерттеле бастауы Шиллердің және Спенсердің ғылыми еңбектерімен тығыз байланысты. Сол сияқты ойын теорияның дамуына Фрейд, Пияже, Дьнои, Штерн, Фрамм тағы басқа да ғалымдар еңбектерін сіңірді. Ресейлік психология және педагогика теориясында ойын тақырыбына қарастырғандар К.Д.Ушинский, П.П.Плонский, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.Н.Леонтьев тағы басқалары.
А.Н.Леонтьев өзінің «Мектепке дейінгі кезеңдегі ойынның психологиялық негіздері» деген еңбегінде рөлдік ойынның пайда болуын қарастырады.
ХІХ ғасырда ойынды нерв системасының компенсаторлық қызметі ретіндегі қарастыру теориясы пайда болды. Яғни ойын, белсенділікті композиция жасайтын құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл теорияның негізін салушы белгілі ағылшын философы Спенсер болды (1820-1903).
Спенсердің тұжырымдауы бойынша оәын артық энергияны шығарудың құралы. Ойын теориясындағы тағы бір бағыт ұлдар ойынының, қыздар ойынының өзіндік ерекшелігіне байланысты олардың ойыны балашақтағы оларды күтіп тұрған өмірлеріне байланыстырылады. Бұл көзқарасты ұсынған О.С.Газман.
Ол былай деді:«ойын үнемі бір мезгілде екі түрлі уақыт өлшемін көрсетеді.Болашақта және қазіргіні.»
Бұл теорияны ұстанушылар ойын болашаққа қызмет етеді және қазіргі кезеңге қызмет етеді.
Ойын теориясына байлансты келесі бір ағым – психоанализ ағымы.
Бұл теорияның авторлары А.Адлер, З.Фрейд ойынның эстетикалық рөлін жоғары қойды және ойын жасырын қажеттіліктердің санасыз көрінісі деп есептеледі.
А.Адлер (1870-1937) ойынның пайда болуын баланың шын өмірінде орындауға мүмкіндігі жоқ нәрсе көрсетуі арқылы өз тілегінің бейнеленіу деп қарастырылады.
Ойын кезінде баланың рухани дамуы теориясын К.Д.Ушинский қарастырады.Бала ойын кезіндегі стихиялы әрекеті деген ұғымға қарсы шыға отырып ол ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалануды ұсынды.Сол сияқты көптеген ғалымдар Пиаже, Левен, Выготский, Эльконин тағы басқалары ойынның пайда болуын баланың рухани түсінігіне тығыз байланысты қарастырды.
Ойынның пайда болуы баланың үлкен адамдарға тікелей еліктеуімен байланыстырып қарастырады.
Ойынның пайда болуын көптеген ғалымдар қоғамдық санамен байланысты қарастырады.Олар ойынның негізгі көзі ретінде мәдениетті алады.
Ойынның қоғамдық мәні туралы теорияны зерттеп дамытқандар: Выготский, Эльконин, Леонтьев тағы басқалары.
Дидактикалық ойындар барлық кластарда қолданылады.Әсіресе кіші жастағы балаларды оқытудың әдістеріне көп көңіл бөліну керек.
Демек, дидактикалық ойын деген аты ғана, ал шынында ол сабақтың, еңбектің жиынтығы.
Дидактикалық ойын түрлерін тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады. Ойын барысында балалар бір-бірін сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп мүліктерін қадірлеуді үйренеді. Аңыз-ертегілер, мысалдар тыңдау арқылы адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, батылдылыққа ден қояды.
Оларды адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шындыққа, кішіпейілділікке тәрбиелейді.
Бастауыш класс оқушыларының ойын әрекетін ұйымдастыруды зерттеудің кезеңі өсіп келеді. Дидактикалық ойын мектеп жасындағы балалар үшін қызықты бола тұра тәрбиелеу құралы. Бірақ ол дұрыс ұйымдастырылып басқарылған жағдайда ғана тәрбие құралы бола алады. Бұл дидактикалық материалдармен және әр түрлі бағытта жүруі мүмкін.Дидактикалық ойынның балаларға беретін негізгі мақсаты; ойынның қандай бағытта өткізілетіндігі, неге бағытталғаны жөнінде болуы шарт.Ойынның мәні мынадай екі бөлімнен тұрады:
1)түсіндіруші, яғни ойын кезінде нені балаларға үйретуіміз керек,қандай тәсілмен балаларға жеткізуіміз керек;
2) тәрбиелеуші, балалардың басқа адамдармен қарым-қатынасын нығайту.
Ойын ережесі екі бағытта болады:
1) қатынас-ережесі;
2) дұрыс пайдалану ережесі.
Ойын балаларға тартымды да, қызықты болу үшін ойынды мұғалім ойын мазмұнындағы тәрбиелік, білімділік құндылығы ойын ережесінің сақталуы, ұйымдастырылуы, ұйымшылдық, белсенділік, ойын құралдарының дұрыс алынуы, балалар арасындағы қарым-қатынас сапаларын қадағалайды.Ал, педагогикалық басшылық болмаған жағдайда кейбір ойындар жарамсыз болуы да мүмкін.
Н.К.Крупская былай деп жазды: «Қатыгездікке, дөрекілікке машықтандыратын балалардың нерв жүйесіне жаман әсер ететін құмарпаздық менмендікке тәрбиелейтін ойындар бар».
Ойын балаларды жан-жақты дамыту құралы есебінде ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін шешіп отырады.Мысалы: дидактикалық ойындар балаларда белгілі бір білімдер қалыртастырады, дене тәрбиесі міндеті – ойын кезінде дене күшін жұмсауына, адамгершілікке, кішіпейілділікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиеленетін болуы керек.
Эстетикалық тәрбие – көрнекі құралдар, таныс әндер, рөлдер болуы.
Оқу мен ойын арасындағы байланыс бала игерген білімдерін, яғни оқу үстінде алған білімдерін ойын арқылы көрсетпесе, бұл керісінше сипатта болуы мүмкін, яғни ойын арқылы білімдерін тереңдетіп отырады.
Ойындарды екі топқа бөліп қарауға болады:
1) ережесіз творчестволық ойындар;
2) ережелі ойындар.
Ережесіз ойындар – бұл көбіне өздері ойлап шығарады, ал ережелі ойндарда үлкен адамдар шығарып, балаларға ұсынады. Дидактикалық ойындар ережелі ойындарға жатады. Ережелерді оқыту міндеті мазмұнына қарай белгілі ойын ережесімен үйретуші, ұйымдастырушы балаларға не істеу, қалай істеу керек екендігін ашса, ұйымдастырушы ережелер ойын тәртібін, жүйелілігін балалар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Ойын нәтижесі қандай жолмен болсын ұтып шығу емес, балалардың білімді қаншалықты игергенділігі ақыл-ойын, тілін дамытудағы өзара қарым-қатынас жасаудағы жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойын баланың ақыл-ойын дамытып, танымдық түсінігін кеңейтеді. Дидактикалық ойынның тәрбиелік, білімділік құндылығы, қоршаған орта туралы түсініктерді молайтады, бекітеді. Мысалы: әр нәрсеге баланың түсінігі молаяды, жаңа білімдер алады. Ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтады. Ақыл-ой қызметтерін қалыптастырады.
Ойын өткізген кезде мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды оқытады. Ойынға балалар қызығатындай жағдай жасау, сол негізде балаларда ақыл-ой белсенділігін арттыру. Мұғалім белгіленген ережені қатал түрде орындауға талап ету. Барлық балалардың ойынға тегіс қатысуы, яғни ұжымдық міндет толықтай шешілуі. Дидактикалық ойын ұйымдастырылуы бала жасына сай бейімделуі қажет. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу, салыстыру, жарыстыру. Бала өміріндегі ойын олардың өзі-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіре түсу құралы. Сондықтан да әрбір ұстаз балаларға арналған дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға аса мән беру керек.
Дидактикалық ойындардың өздерін сипатына қарай үш топқа бөлуге болады:
1) ойыншықтармен ойналатын дидактикалық ойындар;
2) үстел үсті ойндар;
3) сөздік ойындар.
Ойыншықтармен ойналатын ойындар өзіне тән сипат сол ойында заттардың өзі алынады, ал үстел үсті баспа ойындарында заттардың деректі бейнесі мысалы: суретті тағы басқа.Ал сөздік ойындарда затты бала көз алдына елестету арқылы,сөздер арқылы ойналады.
Ойыншықтармен ойналатын ойындар.
Мұндай әр түрлі ойындар балаларға қызықты да тартымды болады. Заттардың сапасымен, пішінімен, қасиеттерімен танысады. Ойын барысында салыстыру, топтастыру міндеттері шешіледі. Балалардың заттар жайындағы білімдерді меңгеруге қарай ойын міндеті де күрделене түседі. Мұндай ойындардың тақырыптары: «Ғажайып бақ», «Танып ал да атын айт», «Не өзгерді» тағы басқа.
Үстел үсті баспа ойыны – мұндай ойындар көрнекілік принципке негізделген. Мұндай ойындарда балаларға сол зат өзі емес, бейнесі суреті беріледі.
Бұл ойынның мазмұны да әр алуан. Бұған балалар үшін қызықты лотолар, доминолар, кубиктер, суреттер жатады. Бұл ойындар балалардың оқыту міндеттерін шешеді, балалардың тілін ғана емес, шығармашылық қабілетін танытады. Сөздік ойындар басқа ойындарға қарағанда күрделі. Күрделілігі ешқандай зат, ойыншық арқылы емес, тек қана сөз арқылы, зат бейнесін елестету негізінде жүргізіледі.
Бұл заттар туралы білімдерін тереңдете отырып, заттарды сипаттау, олардың белгілерін ажырату, топтастыру,қасиетін, сапасын біліп, сөзбен айтуға жаттықтыру.
Сөздік ойындардың ерекшелігі тілді дамытудың негізгі міндеттерінің бірі – дұрыс дыбыстауға үйреті, сөздік қорын анықтау әрі бекіту және айналадағы заттарды дұрыс танып, білуге үйрету. Қойылған сұрақтарына дұрыс әрі тез жауап табуға, өз ойын дәл,әрі анық жеткізуге, ойлау әрекетін қалыптастыруға бағытталады. Мұндай дидактикалық ойындарды сабақтан тыс уақыттарда,сабақпен байланыстыра өткізуге болады.
М.Горький айтқанадй: «Ойын баланы қоршаған әлемді, өзі өмір сүріп отырған ортаны дұрыс түсінуіне және оны өркендетудің жолын ұғындыруға мүмкіндік береді».
Жалпы ойындарға қарағанда дидактикалық ойындардың айырмашылығы үлкен. Дидактикалық ойындардың тағы бір құндылығы – бұл баланың бойында бір-біріне көмектесу, қиын жағдайда бір-бірін құтқаруға және бір-біріне жақсы жағдай жасауды қалыптастырады. Дидактикалық ойын ретінде қолдануға келетін келесі ойын – тапсырма. Бұл ойында балаларға жұмбақты жасырып, шешкізу, санамақтар оқып, жауабын тапқызу тағы басқа. Ойын-тапсырма балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттілігін арттырып, балалар дұрыс шешім қабылдауларына үйретеді. Келесі дидактикалық ойын түрі – жарыс-ойын.
Бұл ойын кезінде әр түрлі қиыншылықтар болады. Мысалы, өз-өзіне сенімсіз балалар немесе жалқау, қызықпайтын балаларды ойынға қатыстыруға қиындық тууы мүмкін. Сондықтан да балаларды толық қатыстыру үшін әр қатарды топтастыру арқылы өткізуге болады. Мұндай ойындардың тақырыбы: «Айға ұшу», «Бәйге», «Өрт сөндіру» тағы басқа болады.
Дидактикалық ойындарды тек таңдау емее, оны жақсы өткізу қажет. Мұғалім ойын материалдарын алдын-ала әзірлеп алу қажет. Ойынды таңдаған кезде оны дұрыс талқыға салып, оның психологиялық ерекшелігін және тәрбиелік мәнін қарастыру керек. Ойын кезінде балалар бір-бірін тыңдап отыру керек. Ойын осылай өткенде ғана дамытушылық, тәрбиелілік мәніне жете алады. Ойынға көркемсөз енгізгенде ғана балаларда жаңаша көзқарас қалыптасып, ойынға деген қызығушылығы арта түседі. Дидактикалық ойынның маңызын ескере отырып, оларға мынадай талаптар қойылады:
1) кез-келген дидактикалық ойын баланың ақыл-ой дамуына пайдалы жаттығуларды және тәрбиесіне пайдалы жаттығуларды беруі қажет.;
2) дидактикалық ойындар міндетті түрде қызықты тапсырмаларға құрылуы керек.Осы тапсырмаларды орындай отырып, ақыл-ой күші шынығады және қиындықтарды жеңуге талпыныс болады;
3) ойындағы дидактизм қалжыңмен, қызықты жағдайлармен толық топтастыру керек;
4) ойынның мақсаты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек;
5) ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгенділігі жөн;
6) ойынға кластағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек;
7) ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар,олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш кластар мұғалімдері жыл бойы программалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық ойындарға қажетті құрал жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алғаны жөн.
Дидактикалық ойынның мәні мынада:
1) дидактикалық ойын баланы қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі. Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Мұғалім баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап дамытады, саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар. Боядың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеін атаңдар. Балалар дидактикалық ойындар арқылы әр затқа байланысты жаңа білімдер меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
Әрбір дидактикалық ойын ойнай білуге баулып, сөздің қорын өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.Ойынның шартын орындау баланың сақ отыруын, өзінің еркін меңгеруін, қабылдаудың, өзінше талдауын , салыстыруын , тиісті қортынды тұжырым жасай білу керек етеді.
Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуін талап етеді. Осының бәрі баланы мектепке, ондағы оқуға әзірлейді.
3) дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады.
Ақыл-ойды шынықтыратын жаттығуларының ерікті жаттықтыратындығын да ұмытуға болмайды. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, өзін-өзі меңгере білуді, тәртіптілікті тілейді. Мұндай ойынның көпшілігі ойынға қатысушылардың көлденең іс -әрекетіне тиым салып басқадай оймен іс-әрекетті тежеуді талап етеді. Ойын ережесін дұрыс орындай білу баланың ерік – мінезін ,адалдылығын, шыншылдығын тәрбиелеуге көмектеседі.
Дидактикалық ойын ана тілін оқытуға, есептеуге, түрлі өсімдіктермен жануарларда әр алуан заттардың қасиетін білуде пайдаланылады. Мұндай ойынның мазмұны кіші мектеп жасындағы балаларға арналған бағдарламаларда белгіленеді. Ол күнделікті сабақтармен бақылаулар арқылы жүзеге асырылады.Ойынды мұғалім педагогикалық процеске енгізе отыра А.С.Макаренко сөзімен айтқанда
“жақсы ойын жаңаға үйретеді” .
Мұндай ойындарға мынадай сапалар тән. Мазмұнындағы тәрбиелік, білімділік құндылығы ойын ережесінің сақталуын , ұйымшылдық белсенділік, ойын құралдарының дұрыс алынуы және балалар арасындығы қарым- қатынас. Ойынды дайын үлгіге айналдырмай балалардың бастамасына жол беруде өте маңызды.Балалардың ойында өздері ұйымдастырып, өздерінің мақсаттарына қол жеткізуі маңызды.Балалар жоспар құрып, оны іске асырудың жолдарын қарастырады. Ойын процесінде балалар қиындықты жеңіп шығудың жолдарын іздейді.
1.2. кіші мектеп жасындағы оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы дамуының педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері.
Көптеген психологтардың және педагогтардың тұжырымдауы бойынша ойын кезінде қиял, қабілет және бейнелі ойлау дамиды.Бұның себебі, бала ойын кезінде қоршаған ортаның құбылыстарын өзінің жеке практикалық іс-әрекетініен тыс қарастырғандықтан, ол бұның барлығын шартты түрде бейнелейді.
Ең алдымен бұндай іс-әрекеттерге ойыншылардың орындарынан әрекеттерді алуға болады. Ойын сонымен қатар баланың басқа да адамдармен қарым-қатынас жасауына әсерін тигізеді. Бала сол қарым-қатынасты бейнелей отырып, оның сол ережелерін және әрекет тәсілдерін меңгереді. Ойын арқылы бала өзінің іс-әрекетін түсінуге тырысады және оны басқа адамдардың әрекеттеріне үйлестіруді үйренеді.
Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде қарастырылады. Оның негізгі бастауы халық педагогикасынан алынады. Бұл ойындар түрлі қимылдармен, әндермен толықтырыла отырып, бейнелі бір мақсаттарын көздейді. Түрлі тақпақтар, ойын-өлеңдер және саусақпен санау ойындарын пайдалана отырып, үлкендер баланың көңілін қоршаған ортаға аударады. Қоршаған орта құбылыстарын, заттарын ойната отырып таныстырады. Дидактикалық ойындарда ойынға қажетті негізгі бөлімдерінің барлығы сақталады: ойынның мақсаты, мазмұны, әрекеттері, ережесі және ойынның нәтижесі. Дидактикалық ойынның маңызды эелементтернің бірі – ереже. Бұл ережелер оқыту мақсаттарына сәйкес және ойынның мазмұнына сәйкес белгіленеді. Сол арқылы балалардың іс-әрекеттері бағытталып, тәртіптері сақталынып отырады. Ережелердің көпшілігімен балалар өз әрекеттерін басқарады және оны басқа да ойнаушылардың әрекеттерімен үйлестіреді. Ойын ережелері үйретушілік, ұйымдастырушылық және тәртіптенушілік қызметін атқарады.
Дидактикалық ойын барысында балалардың алдына түрлі міндеттер қойылады. Сол міндеттерді шешу барысында олардың зейінділігі, ойлау қабілеті, іс-әрекетінің бір ізділігі дамиды. Ойындар сонымен қатар, балалардың ойын міндеттерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі. Бұның өзі ойынның дамытушылық рөлін көрсетеді. Бала үшін ойын қызықты әрекет. Ол ойынға өз еркімен қызыға араласады. Ойын кезінде балалардың барлығы тең болады. Тіпті әлсіз балалардың өздері ойын міндеттерін шешуге мүмкіндіктері болады. Ойын арқылы балалар өздерінің ұялшықтарын жеңе біледі. Дидактикалық ойынға басшылық жасау үшін бұл ойындарды дұрыс таңдаудың да маңызы зор. Ең алдымен ойындардың программалық мазмұны және міндеттері айқындалады. Сонымен қатар ойынды өткізу орны мен уақыты да ескеріледі. Балалардың ойнауына басшылықжасай отырып, мұғалім оларға әсер етудің әр түрлі құралдарын қарастырады.
Мысалы: ойынға тікелей араласа отырып, мұғалім балалардың ойындарын бағыттап отырады және оларға ойын кезінде қолдау жасап отырады. Кей жағдайда мұғалім ойынға тікелей өзі араласпаса да сол ойынның ұйымдастырушысы ретінде балалардың ойын әрекетінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ойынның ұзақтығы ойын әрекетінің ықшам және нақты болуы мұғалімнің дұрыс басшылығына байланысты. Бүгінгі күнде дидактика саласындағы фундаменталды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Адамдар ойынның құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен - өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгергеніше жалғасады және ойын оқытуда алдңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді.Оған балалық кезеңдері ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамдардың ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтармен қозғалыстар жасаудан бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейдегі видеокомпьютерлік ойындарға дейін ауысады.
Адам ойының оқу үрдісіне қалай ендіруге болады? Адам ойын әрекеті негізгі үш түрі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар; әуестену ойындар және дидактикалық оқу-жаттығу ойындары.
Ойын - оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидкатикалық категория бола алады.Сонымен бірге ойын оқытушылар мен студенттердің, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технодогиясы ретінде де қолдануға болады. Балалар ойынында да, үлкендер ойынында да мәнді тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және бақалардың ойынының нәтижесін бақылай,талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтанады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады. Ойын ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Дидактикалық ойындар кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]