Курстық жұмыс: Химия | Дәрілік өсімдіктер

Курстық жұмыс: Химия | Дәрілік өсімдіктер

1. 1. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Бүкілодақтық дәрілік және хош иісті өсімдіктер институты (ВИЛАР), Бүкілодақтық химия-фармацевтика ғылыми-зерттеу институты (ВНИХФИ), РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінің аптека ғылыми-зерттеу институты (ЦАНИИ) сияқты көптеген ғылыми-зерттеу институттары жемісті жұмыстар жүргізуде. Москва, Киев, Харьков, Томск, Шымкент және басқа да көптеген ірі қалаларда арнаулы фармацевтика институттары құрылды.
Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық мекемелерде де зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді тауып, зерттеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық қоғамының дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.
Совет ғалымдары соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай көптеген өсімдіктерді жан-жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттері қапысыз анықталған 324 өсімдіктің 107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана академик А. П. Ореховтың өзі әр түрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалоидтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ақ, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар тындырылды. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б. П. Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик-фитонцидтердің емдік қасиеттері анықталды. Сонымен қатар еліміз құрамында алкалоидтары бар улы өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді.
Медицинаның әр түрлі саласында мамандардың дәрілік өсімдіктерді лабораторияда зерттеуге көптеген жылдар және күштер кетеді. Мысалы, тек қана калонхоены зерттеу үшін 8 жыл және тағы тек оны Ресейдің Денсаулық Министрінің фармкомитеті оның құндылығын қатайту және сол өсімдіктің негізінде шырындарды және майларды медициналық практикада қолдануға рұқсат беру үшін 7 жыл кеткен.
Иә, ғасырлар бойы көк өсімдік адам баласына қызмет етіп келеді. Ішсе тамағы, кисе киімі, ауырса дәрісі, малына жем – шөбі, тағысын тағылары. Қазіргі қала халқы адам баласының табиғатпен тығыз байланыста екенін ұмытуда. Сонда да табиғат ана өзінің бар екенін, онсыз адам баласының өмір сүруі мүмкін емес екенін еске салып отырады.
Сондықтан да қала халқы демалыс күндерін қала сыртында таза ауа, көгалды жерлерге барып демалуды әдетке айналдыруда. Терезе алдында емдік қасиеті бар өсімдік өсіруді де қолға ала бастадық.
Виктор Васильевич Тельятев еңбексүйгіштігінің және ыстық жүрегінің жігерлігінің арқасында Шығыс Сібірде жабайы өсетін өсімдіктер туралы көптеген мәліметтер белгілі. Ал, басқа кеңдіктен келген кірме өсімдіктер туралы белгілі мағлұматтар аз. Тек, осы уақытта алтын мұртқа, ғылыми атауы хош иісті каллизия (хош иісті ректантера) деген өсімдікке қызығушылық талпына өсуде.
Сондықтан мен осы дипломдық жұмысымда алтын мұрт жайлы мағлұмат беремін. Бұл өсімдік жайлы көптеген кітаптар мен мақалалар жазылды, дегенмен адам баласына ашылмаған қырлары көп өсімдіктің бірі болып отыр.
Ресейде алтын мұртты зерттеушілердің бірі Владимир Николаевич Огарков болды. Ол 20 жылдан астам осы өсімдіктің емдік қасиетін зерттеумен айналысып келді. Ғалымның айтуынша Алтын мұрт құрамындағы биологиялық активті зат ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады, терідегі зақымданған тканьдердің тез жазылып сауығуына әсер етеді, иммунді системаның қарсы тұру қасиетін арттырады.
Қазіргі кезде алтын мұртты тиянақты зерттеуді Санкт – Петербургтегі А. И. Герцен атындағы мемлекеттік университеттің биология кафедрасы қолға алды.

1. 2. Дәрілік өсімдіктер – оларды қолдану ерекшеліктері

Дәрілік өсімдіктермен емдеу – өте ертеден келе жатқан тәсіл. Көп өсімдіктер адамдардың досы және жақын көршісі болып табылады. Ғұмырымызда олар бізді сүйсіндіріп келеді: шөлдесек – сусын, қарын ашса – тамақ, ауырсақ – дәрі, ең аяғы қорегіміз ауаны оттегімен байытып отырады. Күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт қойып, айналаңа яғни табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау керек.
Өсімдік әлеміне жай ғана шөп деп жеңіл – желпі қарауға болмайды. Және дәрілік мақсатқа да арнаулы маман дәрігерлермен ( фитотерапевпен ) ақылдасып барып қолдану лазым. Оларды дұрыс қолданбау ағзаны улау болып табылады.
Дәрілік өсімдіктерді қолданғанда төмендегі шараларды есте ұстау керек:
1. Арнаулы маман – дәрігермен ақылдасу.
2. Дәрілік шөптерді жинағанда жинау тәсілін білу керек ( яғни жинау мерзімі, ауа – райы, тазалау, кептіру және сақтау секілді т. б. ).
3. Белгіленген мөлшерде ғана қолдану, дайындау тәсілін білу.
4. Қайнатпалар мен тұнбаларды қолданғанда емдік курс аралығын қатаң сақтау.
5. Бір дәрілік өсімдікке байланып қалмау. Сондықтан оларды ауыстырып қолдану.
6. Қолданбас бұрын дәріңіздің қандай ауруға ем, ал қайсысына зиянды екенін оқып танысу.
Бір ғана фитотерапиялық әдіспен емделу нәтиже бермеген уақытта дәріханалық дәрілерді қоса пайдаланып ауру уытын кетіруге болады.
Алтын мұртпен емделген кезде сақтық шаралары сақталмаған кезде оның зиянды жағы анықталған.
Иркутскідегі медицина институтында тәжірибе нәтижесінде көп қолданылған алтын мұрт адамның дауыс ырғағын бұзған және қайтып емдеуге көнбеген.

Сақ болыңыз – биоактивті зат!

Алтын мұрттың дәрілік қасиеті әлі толық зерттеліп болған жоқ. Алтын мұрттың ағзадағы әсері өте күшті, сондықтан оны қолданғанда дәрігерлік бақылауда болған дұрыс.
Әр түрлі методикалық нұсқаулар мен кітап авторлары, ұлы ғалым Парацельстің мына сөзін қайталаудан жалықпайтыны сондықтан: « Дәріні емдеу үшін де, улау үшін де пайдалануға болады, тек оны мөлшері ғана анықтайды » - деген сөзі.
Алтын мұрттың сабағын дәрілік мақсатқа қолданғанда қауіпсіздік шарасын толық қарастырған жөн. Мысалы 50 – 100 г майдаланған сабағының буындарын 0, 5 л суға араластырған тұнбасын бірінші рет пайдаланғанда адам денсаулығының түзелгені білінеді. Яғни, қан айналамы жақсарып, адамның көңіл – күйі көтеріліп, өн бойыңа жылылық сіңіріп тұрады. Бірақ бір апта өткен соң оның кері әсерін байқайсыз. Яғни нормадан артық пайдаланған дәрі басты ауыртады, тамақ бездері ісініп кетеді, соның әсерінен дауыс ырғағы бұзылады, ағза әлсіреп көңіл – күй төмен құлдырайды. Денеге артық құйылған биоактивті заттарды сыртқа шығаруға терінің шамасы жетпей, тері аурулары қозады. Қарынның кіндік айналасы қышып, әрі қарай сулы экземаға ауысады.
Денеге артық жиналған биоактивті заттарды шығару үшін соларды сорып сыртқа алып шығатын препараттар – энтеросгель, сульфодерм және нормагасттарды пайдалану керек.
Сондықтан сабақтан жасалынған дәрілерді сыртқы ауруларға жараға жағуға ғана қолдану керек. Мысалға, алтын мұрттың 5 – 6 сабағын 0, 5 л – 70 % спиртке тұндырып, оны остеохондроз, буын ауруларына қарсы теріге жағу керек.
Алтын мұрт жапырақтарын сыртқы жараларға жапсырып қолданғанда аллергиялық реакция бермес үшін оны сұйылтып, қолданған жөн. 1 : 3 немесе 1 : 5 қатынаста ыстық сумен мұртшалардың шырыны араласқан қоспасы.
Алтын мұртты емдік мақсатқа қолданып жүргенде төмендегі ережені сақтаған жөн:
1. Спиртті ішімдіктен бас тарту.
2. Темекі шекпеу.
3. Бей – берекет басқа медициналық дәрілерді араластырмау.
4. Көкөніс және жеміс шырындарын көп мөлшерде ішпеу.
5. Ұзақ уақыт ашығып жүруге болмайды.
Алтын мұртпен емделіп жүргенде мына тағамдарды пайдаланған дұрыс:
1. Теңіз өнімдері;
2. Ірімшік – құрт ( сыр );
3. Жаңғақтар;
4. Өсірілген дәндер;
5. Көкөністі шикілей пайдалану – сәбіз, қызылша шырынын ішу, әр түрлі ботқалар жеу.
Тағам дайындағанда өсімдік майын пайдаланған жөн.
Осы айтылған нұсқауларды қатаң сақтағанда алтын мұртпен емдеу нәтижелі болады.

ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Таныс болыңыздар - көп қырлы дәрілік өсімдік
« Алтын мұрт »
( Өсу, шығу, таралу орындары )

Бұл өсімдік соңғы уақытта халық арасында көпшілікке белгілі болып пайдалана бастады. Кейде оны « венерин түгі » немесе үй жүгерісі және т.б. деп түрліше атайды. Ғылыми жағынан бұл өсімдік хош иісті ректантера немесе хош иісті спиронема деп аталады. Халықтық қауесеттер оған көптеген әр түрлі шипалы қасиеттерін бұрын жазылғанға қосып жазды. Бұл көп жылдық шөптесін өсімдіктің Отаны - Мексика, Гватемала ормандары және Юкатан түбегі , Американың оңтүстік штаттары, Қытай және Индия. Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық, субтропикалық облыстарында, Антиль аралдарында және Азияның оңтүстік шығыстарында көп таралған көп жылдық, сирек бір жаздық өсімдіктер.
Каллизия 38 туысқа 500 түр кіретін коммелиндер (Commelinaceae L.) тұқымдасына жатады. Оңтүстік Америкада және Африкада ең үлкен әр түрліліктері зерттелуде. Каллизия туысының коммелиндер тұқымдасынан 12 түрі бар.
Сонымен хош иісті каллизия (Callisia fraqrans.). Бұл атауды өсімдікке 1942 жылы R.E. Woodson берген. Туыстың атауы грек тілінен аударғанда Kallos – әдемі және Lis – лилия деген сөздерден шыққан. 1840 жылы өсімдік ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Дәрілік өсімдіктер жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Химия курстық жұмыстар, Дәрілік өсімдіктер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]