Курстық жұмыс: Дінтану | Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
I. ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ДІНИ-ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.
1.1. Исламға дейінгі арабтардағы құқық жүйесі.
Мәдениетті және отырықшы халықтармен салыстырмалы түрде алғанда өзгеше және бәдәуи ахлақтары мен тіршіліктері болғандығы үшін немесе шынайы бір Аллаһ сенімінен ұзақ болғандықтары үшін, я болмаса білім-өнермен айналыспағандықтары үшін болса керек, Исламнан бұрынғы арабтарға «жахилия дәуірі арабтары» (қараңғылық) делінген. Бұл халық негізгі екі тектен шығады: қахтанилер және аднанилер. Біріншісі Арабстан жарты аралының оңтүстігінде, екіншісі болса солтүстігінде тіршілік етіп, бірнеше тармаққа бөлінген. Исламмен бетпе-бет келген жахилия дәуіріндегі арабтардың әлеуметтік хал-ахуалына көз жүгіртсек, бәдәуилік, рушылдық және көшпенділіктің үстем болғандығын көреміз. Осы сипаттамалар олардың ұлы халық болуларына кедергі болды. Бір руға тән адамдар келесі бір рудың адамдарын төмен санап, өте тар шеңберде бір-біріне сүйенген рулас қауым адамдары әділдікте де, зұлымдықта да бір-бірін қолдап отырған. Бұл соңы бітпес ру аралық ұрыс-керіс пен басқыншылық, барымтаға себеп болды.
Үздіксіз соғыс пен көші-қон күшті, қайратты еркектерге мұқтаж болғандықтан қыз балалар қор саналған. Сонымен қатар, әлеуметтік, экономикалық және жағрафиялық шарттарға байланысты егіншілік, сауда-саттық және өнеркәсіппен айналыспаған.
Бәдәуи арабтарға қарағанда отырықшы арабтар көбінесе оңтүстіктегілер қалаларға қоныстанып, егін, сауда ждәне әртүрлі кәсіптерде біршама алға шыққан.
Жәхилия арабтарының уәдеге беріктік, қонақжайлылық, намысын жоғары ұстау, мәрттік, батылдық, туралық, көршіге жақсы қарау, кешірімділік сияқты жақсы мінездері де бар.
Біз қысқаша атап өтуге тырысқан осы әлеуметтік , экокномикалық және саяси ахуалдар Исламнан бұрынғы арабтардың құқықтық салаларына да әсер етпей қоймайтындығы да даусыз нәрсе.
Жеке адам үшін қоғам, ал қоғам үшін қоғамдық құқық негізі мен заң қажет. Бұл қажеттілік барлық қоғамға ортақ. Алайда құқық әрқашан жазулы түрде жинақталған заңдарға сүйене бермейді. Кейде әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер заңның орнын басады. Жәхилия дәуіріндегі жағдай да осындай болатын.
Арабтардың ортақ бір басқару жүйелері болмағаны сияқты, заң шығару және үкім беру орталықтары да болмаған. Араларында түсініспеушілік туындаған жағдайда ру басына немесе балгерге жүгінетін.
Олдар әдет-ғұрып немесе атадан балаға ауыз екі жеткен қағидалармен үкім шығаратын. Бірақ үкімнің орындалуы үшін белгілі бір норма мен әдіс болмайды. Үкім шығарушының немесе жәбірленушінің беделі үлкен рол ойнайды.
Ислам жахилия әдеті мен құқығын қарастыра отырып, кейбірін белгілі шарттар арқылы қалдырып жалғатырса, кейбірін жоққа шығарып, қолданыстан түсірген.
Құран, хадис, әдебиет және тарих кітаптарының бізге жеткізген мағлұматтарынан пайдалана отырып, жахилия дәуірінің құқық нормаларына былайша шолу жасауға болады.
Отбасына қатысты.
1. Үйленудің түрлері.
Жахилия дәуірінде әртүрлі үйлену түрлерін кездестіруге болады.
а) Исламның кейбір шарттар қосу арқылы жалғстырған үйлену түрі – некелесу. Бұл жерде бір еркек өкілетті біреуден немесе әкесінен қызды айттырады. Белгіленген қалың мал (мәһір) төлеп қызбен үйленеді.
ә) Айырбас түіндегі үйлену: екі адам қыздарын неммесе қарамағындағы әйелдер мен қыздарды айырбастау арқылы үйленетін. Бұл – никахуш шиғар деп аталады. Исламда хадис арқылы тыйым салынған.
б) Аналықпен үйлену: қайтыс болған кісінің басқа әйелінен болған ең үлкен ұлы әкесінің басқа әйелдерін қалың малсыз алуға немесе оны қалың малының құнында басқа біреуге беруге я болмаса өлгенге дейін сол әйелдердің үйленуіне тыйым салып, өз мұрагерлігіндегі дүниесіне қосуға құқылы. Бұл «никахул мақт» делінеді.
Ислам бұл жиіркенішті әдетті де жойған.
в) Екі ағайынды қызбен бірдей үйлену және шексіз некелесу мүмкіндігі. Ислам біріншісіне тыйым салды. Екіншісіне шарт қою арқылы төртеумен шектеді.
2. Үйленудің тыйым салынған түрлері.
Жақын туыспен үйлену тыйым салынған болатын. Соның ішінде асырап алынған бала бел бала сияқты қабылданатын. Ислам мұны теріске шығарды. Одан басқа аналар, қыздар, нағашы әпке, әкесінің қа
3. Мәһір (қалың мал).
Қызға қамқор болған кісі немесе әкесі үйленді\рген қыздың я болмаса әйелдің қалың малын өздері алып, қызға ешнәрсе қалмайтын.
Ислам мұнан қайтарып, қалың малдың әйелге тиісті ақысы екендігін білдірді.
4. Некенің бұзылуы (ажырысу).
Некені бұзатын, ерлі – зайыптыларды ажырастыратын себептер бар:
а) Талақ: Еркек әйелін талақ етіп ажырасады. Мұнда шектеу жоқ. Мәселен он рет талақ етіп ажырасып және әр ретінде қайта үйленуге болатын. Әрі мұны ері әйелінің келісімінсіз істей алатын.
Ислам ажырасуды себептерге байланысты қажеттіліктің туындауын шарт қоса отырып, үш ретпен шектеді.
ә) Хулу: Әйел немесе оны қамқорлығына алатын адам белгілі төлем төлеу арқылы ерінің ажырасу келісімін алатын. Баға екі жақтың саудасы мен келісуіне байланысты.
Ислам бұл жолды принцп ретінде дұрыс деп қабылдаған. Алайда шарт пен шектеуге тәуелді еткен.
б) Ила: Иланың сөздік мағынасы ант беру дегенді білдіреді. Күйеуі әйеліне төсек қатынасында болмауға байланысты ант етеді. Бір екі жыл шамасында жақындаспаса, онымен ажырасқан болады.
Ислам бұл мерзімді төрт айға қысқартты. Мерзім толған кезде күйеуінің «баин» (нақты) немесе «рижғи» (қайта қосылуы мүмкін) талақ арқылы ажырасқан болып саналатынына үкім береді.
в) Зихар: «захр» - арқа, «зихар» болса, арқасына ант ету болып табылады. Әйеліне қарап, «сен менің анамның арқасы сияқтысың» деп айтылады және әйел ажыраған болып саналады.
Ислам зихарды ажырасу деп есептемеген. Бірақ айыбы өтелуі тиіс ант деп қабылдаған. Бір құл азат ету, оған шамасы келмесе екі ай ораза ұстау, оны да істей алмаса, алпыс жарлыны тамақтандырудан тұратын өтемді өтемейінше әйелге жақындауға тыйым салған.
г) Иддет: Ажырасқан әйелдің немесе күйеуі өлген әйелдің құрсағының бос екендігін нақты білу мақсатында қойылған мерзім әйелдің белгілі бір уақыт күтуі және бұл уақыт ішінде үйленбеуі дегенді білдіреді. Жахилия дәуірінде күйеуі өлген әйел бір жыл күтетін еді. Бұл көптеген қиындықтарға әкеп соғатын.
Ислам мұны жойып, бұл мерзімді ақылға қонымды уақытпен белгіледі.
5. Өсиет және мирас.
а) Өсиет: өсиет ету кісінің өліміне байланысты іс - әрекектке жатады. Бұл арқылы белгілі бір дүние біреудің меншігіне өтеді. Жахилия дәуіріндегі арабтар мұрагері болсын, басқасы болсын кез-келген адамға қалағанынша дүние өсиет етуді дұрыс деп қабылдаған.
Ислам мұрагерлердің тысындағы адамдарға мұраның үштен бірін ғана тиесілі етті. Үште бірінен артығы мұрагерлердің ризалығына байланысты. Мұрагерге арнайы өсиеттің қажеті жоқ.
б) Мирас: Қайтыс болған кісінің дүниесінің басқаларға өтуі екі себеп пен жолға байланысты болатын:
1) Қан туыстығы: Қайтыс болған кісінің еркек балаларының үлкендері мұрагер болатын. Әйелдер, қыздар, және қару асына алмайтын жас балалар мұрагер болмайтын еді. Егер ер жеткен ұлы болмаса, бауыры, немере ағалары сияқты басқа еркек туыстарына қалатын.
2) Келісімшарт: бала асырап алу, туысқан болу және мұра қалдыруда келісімшарт жасау арқылы адамдардың бөтен біреуге мұрагер болулары мүмкін еді. Ислам мұрагерлік мәселесінде көптеген өзгерістер әкелді.
Өзара қарым-қатынас құқығы.
Исламнан бұрынғы арабтар кәсіподақ, сауда-саттық сияқты кейбір құқықтық келісімшарт пен қарым-қатынас нормаларын қолданған.
1. Серіктестік келісімшарты:
Хз. Пайғамбар мен сахабалардың өмірдеректерінде Исламнан бұрын серіктестік келісімшартының болғандығын көрсететін сөздер бар. Пайғамбар пайғамбарлықтан бұрын Саиб бин Әбу Саибпен серіктес болған екен. Меккенің алынуында серіктесі келген кезде Расулуллаһ оған былай деп үн қатты: «Менің серіктесім едің. Әрі тамаша серіктес болатынсың. Түсініспеушілік пен шатақ шығармайтын едің».
2. Мудараба немесе Қираз келісімі:
Бір жағынан тауар, екінші жағынан жұмыс пен сауданың арқасында пайда болған серіктестік түрі. Тауар егесі пайданың бір бөлігін алады. Арабтар арасында кең жайылған осы келісімшартты Ислам жандандыра түсіп, қолдау көрсеткен.
3. Сәләм келісімшарты:
Қолма-қол ақша арқылы кейіннен брілетін, дәл сол уақытта болмаған бір затты сатып алу.
Хз. Пайғамбар Мәдинаға келгенде бір-екі жылдай бұл келісімшартты жасағандарын көріп, «салмағы және уақыты белгілі болсын» - дейді. Кішігірім өзгерістер ендірумен бірге жалғасын табуына да жол береді.
4. Қарыз және өсім:
Ақшаға мұқтаж адамдар ақшасы бар адамдардан қарыз алып, белгілі уақыт келгенде өсіммен қайтаратын. Төлейтін уақыты келгенде қайтара алмаса, алашағы бар адам қарыз адамға «Я төле, я болмаса үстіне қос» дейтін. Қарыз адам «Мынанша уақыттан кейін, мынанша артығымен төлейін»,- деп өсім қосу жалғаса беретін.
Ислам өсімқорлықтың барлық түрін жойды.
5. Кепілдік:
Қарыздың өтелуін кепілдікте ұстау мақсатымен алашағы бар адам қарыз адамнан кепілдік алатын. Қарыз өтелмеген жағдайда кепілдегі зат алашағы бар адамдікі болатын.
Ислам кепілдіктің бұл жолмен иеленілуіне тыйым салған.
6. Сауда саттық түрлері:
Көптеген сауда – саттық түрлері бар. Ислам бұлардың бір бөлігіне (өзара ризалыққа сүйенбейтін, шарттары анық болмағандарын) тыйым салды:
а) Мунабаза, Муламаса және Хасат саудасы. Яғни, сатылатын нәрсеге киімін лақтыру, қолмен түрту немесе үстіне ұсақ тас лақтыру арқылы «Алдым, саттым» - деген сөздерді қолданбастан сауда жасалатын еді. Ислам бұларға тыйым салды.
ә) Қулық арқылы бағасын өсіру: алуға ниеті болмаса да тауар бағасы арттырылады. Осылайша сатып алушының көбірек ақша беруі қарастырылады. Бұған да тыйым салынды.
б) Қарыздар адамның сатылуы: Рим құқығында көргеніміз сияқты бұл жерде де қарызын өтей алмаған адамның сатылу әдеті бар еді. Ислам бұған да тыйым салды.
Жаза құқығы.
1. Кек алу (қысас): Арабтар «Өлімді ең жақсы өлім жоқ етеді» - дейтін. Мұнымен қысасты білдіретін. Бірақ олардың түсініктері мен іс-әрекеттері бойынша тек кісі өлтіруші ғана емес, оның барлық жақындары да жауапты саналып, кек қайтару үшін қысасақа олар да кіретін. Қысас жеке бастың кек алуы түрінде іске асырылатын.
Ислам «біреу - біреудің күнәсін арқаламайды» - деген принцип қойып, қысастың үкімге тәуелді болуын және орындалуын тиісті төрешінің билігіне қалдырған.
2. Құн төлеу. Әдейі және қасақана болмаған, қателікпен болған кісі өлімдерінде құн төлеу іске асырылып, кісі өлтірушінің туыстары да құн төлеуге ортақ болатын.
Ислам бұл нәрсені сол күйінде қалдырумен қатар, қасақана кісі өлтіру оқиғасында да өлген кісінің жақыны разы болса, құн төлеуді дұрыс деп қабылдаған.
Сот ісін жүргізу тәсілі.
1) Ант ішкізу (қасама): Өлтірушісі белгісіз қылмыстарда өлген кісінің елді мекенінен елу кісінің «Өлтірмедік және өлтірген адамды көрмедік» деп ант ішулеріне қасама делінеді. Мұны талап ету өлген кісінің жақынының құқығы.
Ислам бұл тәсілді қабыл еткен.
2) Айғақпен дәлелдеу: Арызданушы мәлімдемесін куә арқылы дәлелдеуге тырырсады. Мұны істей алмаса, арызданушыға ант ішуі ұсынылады. Ислам да принцп ретінде бұл тәсілді қолдап, сонымен қатар, сот жүргізуде әділдіктің қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз ететіндей дәрежеге жеткізген.
Басқа құқық негіздерінің ислам құқығына әсері мен ықпалы.
Алдағы тақырыптарда Ислам құқығының негізгі әдебиеттерінің түзілуі және осы әдебиеттерге сүйене отырып, аталмыш құқықтың дүниеге келіп, дамуы тарихи тұрғыдан қарастырылады. Ислам құқығы тарихында зерттеулердің оншалықты дамымаған және мағлұматтардың кемшін болған уақыттарында кейбір орианталистер аз уақыт ішінде пайда болып, өскелең түрде дамыған ислам құқығы үшін бөтен негіз бен уахидан бөлек қайнар көз іздеуге кіріседі. Рим-Византия, Яхуди, Жахилия, Сасани т.б. құқық әдебиеттеріне тоқталып, Ислам құқығының осылардан бірі немесе бірнешеуінен алынған етіп көрсетуге тырысады. Алайда бұл пікірлерін ғылыми дәлелдерге сүйендірмеген.
Бұл пікірге қайшы келетін, ғылыми деректерге, тарихи оқиғаларға және ислам құқығының өзіндік сипаттамасына сүйенген мұсылман және өзге де зерттеушілер ислам құқығының оригинал, уахидан бастау алатын, өз динамикасында жетілген құқық негіздері екендігін алға тартады. Ғасырлар бойы дүниенің едәуір бөлігіне билік жүргізген, адамдар мен қоғамдар арасындағы қарым-қатынасты жүйеге түсірген құқықтың өзге әсерлерден ұзақ болуы да мүмкін емес. Ислам құқығы және жүйесі билік жүргізген аймақтардың кейбір қоғамдық құқықтың қағидаларын және құрылымдарынан қажеттілерін алған. Өйткені бұлар әділет, халық игілігі, қажеттілік сияқты принцптердің шеңберінде ислам құқығына сәйкес болуда. Әрі сол мүмкіндіктерден пайдалану үшін мемлекетті басқарушыларға ислам рұқсат береді. Ислам құқығы да Шығыс пен Батыста бірталай елдің құқығына азды – көпті әсер еткен. Осыларға қоса айта кететін тағы бір шындық – Ислам құқығының біртұтас күйінде уахиға сүйенген, иләһи сәуленің жарығымен жол көрсеткен ислам құқықшыларының еңбектерінен туындап, толыққанды күйге енген құқық болуы.
Мәселенің талас тудыратын тұстарын басқа кітаптардың еншісіне қалдыра отырып, осы жерде бірнеше кісінің сөзіне орын беруді жөн көрдік.
J. Schacht: «... Сонымен қатар исламның меншік, келісім шарт және қарыз құқығының негіздерін Исламнан бұрынғы арабтардың дәстүрлі құқығының бір бөлігі құрайтындығын алға тартуға болмайды. Мұндай болжамның сүйенетін пікірі ислам құқығы тарихына байланысты жаңа зерттеулер нәтижесінде өз құнын жоғалтты» /1/.
«Ислам құқығы басқа бір өзінен бұрынғы құқықтан туындамайды. Ол өзін-өзі пайда қылды».
J.Schacht кітабының басқа жерінде әсер ету мәселесінде кейбір бұлтарыстарға түссе де соңында жоғарыда берілген қорытындыны ашық түрде атап өткен.
Профессор Фуат Көпрүлү: Көпрүлү ислам жалпы құқығындағы бөтен әдебиеттер жайында асыра сілтеуге барған сияқты. Берген мысалдары әрдайым «сарай кешені, әскер, басқару жүйесі, салық, шенеунік атаулары, дәстүрлі сот, кейбір құқықтық рәміздерден» тұратынына қарамасатан «қысқаша құқықтық өмірдің барлық көріністерінде» /2/ деген сияқты сөздер қолданған. Исламдық қоғамдық құқық негіздері үшін қамтушы үкімдер сипатында болған және уақиға сүйенген «қылмыс пен жаза, кеңеске сүйенетін басқарушылық, халифалық ұстанымы, соғыс пен бейбітшілік зекет т.б. сол сияқтыларды көрмегенсіп өтеді. Көпрүлү осы шолуын құқықтың теориясын және практикалық тұсын бөле қарап, теориялық жағында исламның жалпы құқығының бай екендігін тану, іс жүзінде болса салтанаттық кезеңнен бастап бөліну, жолдан таю және өзгелерден пайдалану болғандығын дәлелдеу арқылы жасаған болса, тарихи дәлелдерге жанасқан болар еді. Өкінішке орай аталмыш асыра сілтеушілік оны мына сөздерді айтуға итермелеген. «...орианталист ғалымдардың арқасында білуімізше, ірге тасын Құран мен сүннеттен алумен қатар бұл құқық әртүрлі өзге құқық жүйелерінен әсерленген. Бұл жүйені құрайтын негіздердің ішінде Құран мен сүннеттің үлесі Вон Керемердің әлдеқашан атап өткеніндей жүзден бір пайыз ғана». Көпрүлүнің Құран мен сүннет жайындағы «жаңа араб дәстүрі мен Мұхаммедтің заң шығарушылық тұлғасы» деген болжамын дін мен ғылым тұрғысынан құптау мүмкін емес. Құран Кәрім алғашқы дәуірдегі араб әдет ғұрыпын заңға айналдырмаған. Ол ескірмейтін төңкеріс негіздерін әкелген. Араб және араб емес дүниежүзі адамдарын жеке-жеке және қоғамдық түрде өзгеріске түсірген. «жүзден бір» деп шамалау мәселесіне келсек, бұл жерде де маңызды нәрсе мөлшер емес, әсер және ауқымдылық мәселесі. Құран мен сүннетте болып, кейбіреулердің пікірі бойынша сан жағынан аз көрінген жалпы құқық қағидалары және үкімдері тұтасымен ислам жалпы құқықғына негіз болған. Осы құқық сол қағидалардың шеңберінде пайда болған. Хз. Омардан бастап Османлы сұлтандарының соңғыларына дейінгі аралықта бұл мәселеге байланысты жасалған барлық іс-шаралар және көзқарастардың бір аятқа, хадиске, бүкіл ислам ғұламасының келісіміне және сахабалардың іс-әрекетіне сүйенгендігі, бұл мәселеде тиісті орындарымен кеңесіп, пәтуа алғандығы ұмыт қалмауы керек. Қазірде де ислам әлемінде әлеуметтік жүйені исламға сай құрып жүргізгісі келетін елдерге дәл сол негізде жол көрсетуде, жаңа заман тұсында олардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуде.
Жоғарыда профессор Көпрүлүнің біз талқылаған пікірі кең мағынада Ислам құқығының, соның ішінде Ислам қоғамдық заңдылықтардың тарихтың әртүрлі кезеңдерінде шетелдік әдебиеттерден әсерленуінің қаншалықты деңгейде болғандығына байланысты. Дәл осы жазушының фиқхтың (теориялық ислам құқығы) түпнұсқа болуы жайындағы төмендегі пікірлеріне қосылмау мүмкін емес. «Фиқх – теориялық құрылым ретінде әрі негіздер, әрі салалары тұрғысынан өзіндік болмысы мен рухында дара кәмілдікке қол жеткізген өзіне тән сипаттамасын үнемі сақтап отырған. Ислам әлемінің саяси жетістігі және Ислам мәдениетінің көркеюіне параллель түрде жедел дамыған осы құқықтың жан-жақты кеңейгеніне қарап, оны Грек-Рим құқық жүйесінің көшірмесі немесе жаңғыруы деп санау сол күйі жаңсақ пікір болып табылады.
Рене Давид: Ислам құқық білімі немесе фиқх ... бір жағынан құқықтың тармақтарын, яғни ислам құқығының негізінде орын алған қағида мен категорияларды зерттейді. Ислам құқығы өзінің құрылымы, қамтыған деңгейлері мен ұғымдары жағынан алғанда, осы жерге дейінгі зерттеген құқықтарға (Рим-Герман, Социалистік құқық, Комман Лав) қарағанда әлдеқайда өзіндік сипаттарға ие».
«Ең басты мәселе - Ислам құқығының басқа құқықтар, әсірісе өзі сияқты канондық құқықтың жанында көзге ұрып тұратын оригинал болмысы болып табылады. Мұндай түпкі бастауы болмаған барлық жүйелердің қасында Ислам құқығының уахи ерекшелігі оның басты қасиетіне айналуда».
1.2. Ислам құқығының қалыптасуында Құранның орны
(Шариғат және Фиқһ).
Фиқһ ғылымы туралы түсінік және оның шығуындағы басты себептер. Адамдарды Алланың жолымен жүруге шақырушылар фиқһ саласында өздерінің тиісті деңгейімен ерекшеленеді. Ол үшін құлшылық етудің түрі, адамдармен өзара қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы т.б. мәселелерге қатысты шариғатта бекітілген маңызды қағидаларды терең білгені жөн.
Ал, фиқһ ғылымына келсек, бұл араб тіліндегі “әл-фикһ, толық білу, түсіну” дегенді білдіреді /3/. Терминдік мағынасы болса: “Нақты дәлелдерге сүйене отырып амалдарға қатысты шариғат үкімдерін айқындау” деген ұғымды білдіреді.
Фиқһ мазһабтарының барлығы Құран мен суннаға жүгінеді. Ғибадат, құқық, ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ – түрлі ұлттарды құрайтын Ислам үмбетінің басын қосып, біріктіретін ғылым. Басқаша айтқанда үмбеттің өмірі. Фиқһсыз үмбет өмір сүре алмайды. Уахи мен ижтихадқа сүйенетін фиқһ ғылымы ешқандай ұлтта, ешқандай пайғамбардың әкелген дінінде кездеспейді. Фиқһ Алла мен құлдың арасындағы жеке қарым-қатынасты қалыптастырумен басталады. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты, көзге көрінетін және көрінбейтін нәжістерден тазалануды, сүндетті, жүріс-тұрысты үйретеді. Фиқһ айт, жұма күндерінде әдемі киінуді, хош иіс себуді, желініп-желінбейтін нәрселерді, ішіп-жеудің әдебін үйретеді. Фиқһ қоғамның ахлағы мен тәртібін реттеп, оған қажетті алғышарттарды қалыптастырған. Мұсылмандардың бір жерге жиналып араларындағы міселелерді шешіп, ғылым-білім, мәдениет алмасып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін қажылық, айт, жұма сияқты міндетті ......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Мәдениеттану | МҰСЫЛМАН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ХАЛИФАТТЫҚ КЕЗЕҢ ОРНАУЫ
» Курстық жұмыс: Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Мемлекеттің негізгі ұғымдары мен санаттары. Құқықтың мемлекет
» Курстық жұмыс: Дінтану | АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару құрылымы

Іздеп көріңіз: