Курстық жұмыс: Тарих | Исатай мен Махамбет бастаған ұлт азаттық көтерілістің себептері мен мақсаттары
Мазмұны
Кіріспе.
1. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен
мақсаттары.
2. Исатай мен Қарауыл қожа Бабажановтың алғашқы қақтығысы.
3. Тастөбе маңындағы ұрыс
4. Жаманқала маңындағы арпалыс.
5. Ақбұлақ жеріндегі соңғы айқас.
6. Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері мен мақсаттары.
ХIХ ғасырдың 30-жылдарында Ордада шиеленіскен сұлтандар мен қарапайым халық арасындағы әлеуметтік және экономикалық қарама-қайшылық жаңа көтерелістің бірден-бір себепшісі болды. Бірақ бұл өзінің сипаты жағынан бұрынғы хандық өкімет үшін өзара жауласқан, сұлтандар басқарған көтерілістен мүлдем өзгеше еді.
1836 жылы басталған көтерілістің басты ұйымдастырушылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы болды. Батырдың екеуі де Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан және екеуіде старшын болған. /1/
ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Бөкей хандығында қазақ халқына экономикалық қысым еселене түсті, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық қалыптың бірқатар маңызды жақтары күрт қиратылды. Астрахань губернаторының үйінде тәрбие алған Жәңгір хан далаға кейбір салт -дәстүрден бастап, жер қатынастарын, салық саясатын және хан сарайын қоса, хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси қурылысты қайта құрудың “аристократиялық - өркениетті “ жоспарларын ойластырып отырды. Ол өзіндік салт-дәстүрі бар жартылай көшпелі қазақ қоғамының негізінде хан билігі мен патша тағының саясатына бірдей дәрежеде құлақ асатын , өзінше бір “сауатты“ аймақтық хандық құруды ойластырды./2/ Алайда көшпелі және жартылай көшпелі қауымдар ханның бұл жаңалықтарын қабылдауға әзір емес еді.Патша әкімшілігінің жергілікті ұйымдарына және негізінен алғанда, патша өкіметінде қызмет атқаратын ірі және орташа жергілікті шонжарлар бөлігіне біржақты сүйене отырып , хан билігі зор табандылықпен жүргізген саясат хандық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, ауылдық- қауымдық жерлерді шонжарлардың жаппай тартып алуына әкеліп соқты.
Осының салдары ретінде ол шаруашылық өмірдің мықтап бұзылуын, ауылдық ұжымдардың экономикалық әлеуетінің құлдырауын, жоқшылыққа ұшырап, кедейленген қожалықтар санының едәуір көбеюін, хан билігінің беделі мен ықпалының күрт құлдырауын, сол кездегі тәртіпті өзгертуге ұмтылушылықты туғызды.Осындай жағдайда қазақтың малшы шаруалар бұқарасының көтерілісі болып, ол әсіресе 1836-37 жылдарда хандықты мықтап дүр сілкіндірді. Халық азаттық қозғалысы бастапқыда хандықтың Каспий теңізі жағалауына жапсарлас жатқан оңтүстік аудандарын қамтыды./3/ Бұл қолайлы , бай жайылымдық алаптар еді. Негізінен жерсіз және жері аз көшпелі қауымдар , өмір арнасынан шығып қалып, қанағаттанарлық жалгерлік жағдайында жайылым алуға немесе балық кәсіпшіліктеріне жұмысшы болып жалдануға үміттенген қауым мүшелері сол жерлерге ағылды . Уақыт өте келе , бұл жердегі халықтың тығыз болып , ал қазыналық басқарушылар үстіне хан және салық жинаушылар билігінің тонаушылық сипат алғаны сонша, бұл учаскідегі жердің тарлығы мен алым салықтың хандықтың басқа аудандарына қарағанда ерекше көптігі күрделі шиеленісті туғызды. Аталған иеленушілердің жерлеріне ғана 30- жылдардың орта шенінде орда халқының үштен бірінен астамы, 7 мыңға жуық шаңырақ көшіп барды. Қысқа қарай мұнда көп мал айдап әкелініп , олардың саны 200 мыңдай жылқыға және жарты милионнан астам қойға жетті, бұлардың көбі бай сұлтандармен билердің малы еді.
Шаруалар бұқарасы мен көптеген ауыл старшындарының хан саясаты мен басқаруына наразылығы тез өрістеді . Оның тұтынуына Жәңгірдің 1833 жылы қайын атасы Қарауыл қожа Бабажановты Каспий теңізінің жағалауын өздеріне қоныс еткен ру бөлімшелерінің билеушісі етіп тағайындауы себеп болды./4/ Ханның бұл әрекетін жергілікті жерлерде көпшілік жұрт өздерінің
--1. А. Рязанов. “Исатай Тайманов көтерілісі” А .,1996. 27-28 беттер
2. М. Чапай “Қазақстан тарихы “ А ., 2000 114 бет
3. Қазақстан тарихы III том. А .,” Атамұра” 2002 . 339 бет.
мүдделері мен ауыл қауымдарының еркін мүлдем елемегендік және өздеріне қыр көрсетушілік деп санады .Халық Қарауылқожаны қарапайым көшпелілерді қатыгездікпен қанаушы ретінде, ірі өсімқор- саудагер және күш қолданып басқаруды жақтаушы ретінде білетін. Ол ханның жаңа саясатын ең жақын және жан сала уағыздаушылардың әрі орындаушылардың бірі ретінде де белгілі болатын. Халықтың орныққан көзқарасы бойынша , шыққан тегі қожа болғандықтан, оның қазақ руларын басқаруда құқысыз жағдайының да мәні болды. Хан Бабажановты тағайындау туралы шешім қабылдау қарсаңында да, одан кейін де ханға жолданған топтың өтініштері мен ескертулеріне назар аудармады. Ашынған халық бұқарасы ханға ашық қарсы қозғалыс бастады.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт -азаттық күресі өз дамуында үш кезеңнен өтті . Бірінші кезең 1833-1836 жылдарды қамтиды және қарулы көтеріліске дайындық кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең көтерілісшілердің ханға қарсы аттануымен басталып олардың жеңіліске ұшырауына-1837 жылғы қарашаның орта шеніне дейін созылады. Үшінші кезең көтерілісшілердің Исатай мен Махамбет бастаған шағын тобының Жайықтың сол жағасына өткен кезінен (1837 жылғы желтоқсанның орта шені), күштерді жаңа шайқастар үшін топтастыру және Ақбұлақ өзеніне жақын жерде болған ұрыста біржола жеңіліске ұшырау (1838 жылғы шілденің орта шені ) кезеңімен аяқталады./5/ Оңтүстікте көшіп жүрген беріш руының ауылдары қоғамдық ашу -ыза мен қозғалыстың орталығына айналды, ол ауылдарды старшын Исатай Тайманұлы басқаратын, кейіннен ол көтерілістің басшысына айналды. Оның халық бұқарасын басқарудан зор тәжірибесі бар еді, ерлігі мен және батылдығымен ерекше көзге түсті, әскербасылық қасиеттері болды. Оған әуел бастан-ақ жалынды шешен, дарынды суырып салма ақын Махамбет Өтемісұлы қосылды.Ол сол уақытқа қарай–ақ халық арасында шешендігімен, өр мінезіменжәне терең ойлылығымен ғана емес, сонымен қатар қатардағы көшпелілердің мүдделерін қорғаумен де мәлім болды. Сөйтіп хандықтың оңтүстігіндегі
азаттық қозғалысы қалыптаса бастаған кезде аса көрнекті екі қайраткер-Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тізе қосты.Хандықтың оңтүстігіндегі жағдай хан режиміне және оның сыртында тұрған отаршылдық өкімет орындары үшін тым қауіпті, елеулі сипат алды. Оқиғалардың зиянды өрістеуінің алдын алу үшін Жәңгір хан Исатай мен Махамбетке сый-сияпат көрсетуге тырысады. Оларды хан сарайы мен жанындағы маңызды жиналыстар мен съездерге шақырып, хан ордасына патша шенеуліктері келген кезде солармен таныстырады. Бір кезде Махамбет сарай ақыны, хан балаларының тәрбиешісі болған еді және Жәңгір оны өз нөкерлері құрамында Петербургке император сарйына ертіп бармақшы да болады. 1834 жылы Махамбет старшын болып тағайындалады./6/. Алайда хан билігінің Исатай мен Махамбетті өз жағына тартуға тырысқан Барлық әрекеттері қалағандай нәтиже бермеді, олардың ханға қарсы көңілі барған сайын айқындалып тереңдей түсті. Сол кезде Жәңгір оларды ашықтан-ашық қудалауға және олар жөнінде күш қолдану шараларына көшті. Ол Махамбет Өтемісұлын тұтқынға алғызды. Ол “хан иеліктеріне“ және Жайықтың сол жағасына өтуге үгіт жүргізіп әрекет жасағаны үшін 1829 жылы 15 шілдеде 1830 жылдың қыркүйегіне дейін Калмыков бекінісіндегі түрмеде ұсталды. /7/. Исатай Таймаұлында ұстауға да әзірлік жасалды . Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан рулардың басқарушысы етіп Қарауылқожа Бабажановтың тағайындалуы, бірінші кезекте , Исатай мен Махамбеттің айтқанға көнбей, бетімен кетушілігіне қарсы өш алу , оларды халықтан бөліп тастауға қол жеткізу үшін және оларға үнемі бақылау жасап отыру мақсатында жасалған еді.
4. И . Кенжалиев “Тайманұлы Исатай “А ., 1997 .67-68 беттер
5. Д . Жамбылов. “ Тәуелсіз және саяси сана “ А ., 1997. 54 бет.
6. М.Қ . Қозыбаев “Жауды шаптым ту бойлап “ А., 1994. 121-122 беттер
7.Қазақстан тарихы III том. А ., 2002. 341-342 беттер.
Жаңа басқарушы өз қызметін ханның алдында Исатайды беріш руының басқарушы қызметінен тайдыру туралы және оның өзі мен оған ниеттес ауылдарды құнарсыз жайылымдық учаскілерге көшіру туралы мәселе қоюдан басталды.Сонымен бірге Жәңгір хан Орынбор губернаторлығынан Исатай мен Махамбетті және олардан басқа да кейбір серіктерін бұқараны ресми тәртіп пен патша өкіметінің даладағы саясатына қарсы бүлікшілдікке бастаушылар етіп көрсетіп, оларды ұстау үшін жедел шараларды қолдануды сұрады. 1836 жылғы 17 наурызда сенімді билерге жолдаған хатында хан былай деп жазды: Исатай мен Махамбет “халықты жоғарғы билікке бағынбауға шақырып жүр. Олар старшындар Қарабекен мен Жоланның ауылдарын шапты. Сендерге оларды ұстап алып, Хан ордасына жеткізуге әмір етемін “./8/ . 1833 жылғы жаздың аяғынан бастап оңтүстіктің көптеген ауылдарының өмірі өзгеріп кетті . Ауылдардың дағды бойынша бір-бірінен алыс көшуінің орнына, рулық қауымдардың көші-қоны жақындай түсті ; жол бойында ру бөлімшелерінің асығыс тапсырмалары жаушылар мен хабаршылары жосып жүрді, жиындар мен кеңестер өткізіліп , ауылдардың төңірегінде хан қол шоқпарларының жасалуы мүмкін шабуылдарына қарсы қарауыл бекеттері құрылды. Азаттық қозғалысының осы жергілікті кезеңіне мынандай белгілер тән болды. Біріншіден, халық Каспий өңірі аймағындағы хан билеріне, ру басқарушыларына күрт наразылық білдіріп , олпрдың орындарынан алынуын талап етті. Екіншіден, сонымен бірге жер-жерде ханның және бай-сұлтан топтарының саясатына қасрсы бағытталған қозғалысқа барған сайын жаңадан ауыл қауымдарын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Үшіншіден, әсіресе 1836 жылдың басынан, сұлтандар мен билердің ауылдарына шабуыл жасау, олардың малы мен жерін басып алып, қоныстарын талқандау жиеледі. Исатай мен Махамбет осындай бірнеше жорыққа тікелей басшылық етті./9/ Төртіншіден, хандықтың Каспий өңірі
аймағындағы көптеген ру ішіндегі және рулық қауымдар хан шенеуніктерінің билігін көзге ілмей, Исатайдың басқаруына ауысып кетті. Бесіншіден, азаттық жолындағы және заңға қарсы пиғылдар орданың басқа да бөліктеріне тарап кетті. Азаттық қозғалысы бүкіл хандықты қамтыды. Сөйтіп бірте-бірте екі лагерь: хан лагері мен азаттық қозғалысының лагері құрылды.Көтерілісті дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде азаттық қозғалысының негізгі әлеуметтік базасы еңбекші көшпелі шаруалар болды. Қозғалыстың көптеген белсенді қатысушылары халықтың кедей және ең кедей топтарынан шыққандар еді .
Исатай мен Қарауыл қожа Бабажановтың алғашқы қақтығысы.
Исатай батырдың Жәңгір ханға және жалпы Бөкей ордасындағы қалыптасқан тәртіпке қарсы күресінің басы – Каспий бойы қазақтарының басқарушысы Қарауыл қожа Бабажановпен жеке дара қақтығысынан басталды. Қожа бұл қызметке 1833 жылы тағайындалған болатын/10/ . Арғы тегі қазақ емес , қазақ халқын ешқашан басқарып көрмеген, демек тегі бойынша бұған құқысыда жоқ. Қарауыл қожаның тағайындалуы ата-бабаларында, соның ішінде Исатайдың өзін ашу – ызаға булықтырды. Сөйтіп ол ханның қайын атасына бағынғысы келмеді.Бірақ қажа өз төңірегіне ықпалы жүретін бай адам еді, оның үстіне Жәңгір ханның жақын туыстарының ішіне кіріп алды. Сондықтан онымен күресу аса қиынға соқты. Атаққұмар әрі олжа табуды ғана көздейтін қомағай қожа жалпыға бірдей халықтың бәріне де жеккөрінішті адам болды.Қазақтарды басқара отырып , ол ешқашан халықтың қамын ойлаған жоқ, қайта өз байлығын кеңейткен күнде толықтыра түсуге көбірек қамқорлық істеді.Алым – салық жинау жолымен өзінің жеке табысын молайтуға мүдделі Жәңгір хан қайын атасының ынта ықыласын көтермелеп отырды. Сол арқылы жәбір- жапа шеккендердің қожаны ығыстыру жөніндегі шағымы да, арызы да ешбір мақсатқа жеткен жоқ.
8. Қ . Жұмалиев. “ Егеулі найза “ А ., 1997. 35 бет.
9. Қазақстан тарихы III том. А ., 2002. 343 бет.
10. Қазақстан тарихы III том.А ., 2002. 343 бет
Қарауыл қожа өз дәуірінің білімді адамы болғандықтан Орынбор, Орал,Астрахань қалаларының жоғарғы топтпрымен жеке танысып алды. Ол Орынбор Шекара комиссиясының төағасы Генспен жеке таныс болды . Генс қожаның аузынан бірнеше қазақ аңыздарын , халықтың шығу-тегі жөніндегі тарихи деректерді жазып алды.
Қарауыл қожаның бүкіл әрекеті Исатайдың көз алдында өтті . Батыр оның Адай руына рубасы болып, әрі Каспий қазақтарының басқарушысы қызметіне тағайындалғаныны наразы болды. 1835 жылдың өзінде–ақ Исатай қалай болғанда да Қарауыл қожаны бұл қызметтен ауыстыруының амалын қарастыра бастады.Ол шұғыл түрде шаралар қолдана бастады. Ал, Қарауыл қожа бұны естіп ,бірінші кезекте Исатайды және оның қасына ерген жақын сыбайластарын қолға түсіріп,Орда төңірегінен біржолата аластау қажет деп кеңес берді.Хан 1836 жылдың 17 наурызында қайын атасына Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын ұстап , дереу хан ордасына жеткізуге бұйрық берді./12/.Осы бұйрықты алған Қарауыл қожа өзіне бағынышты Берш, Адай ,Тама руларының ауылынан 522 жігітті жинап, қастарына сол рулардың бірнеше старшындарын қосып алып , батырдың аулына қарай жолға шықты. Қарауыл қожаның өз қолымен жақындап келе жатқанын естіген Исатай өз ауыл аймағын қорғаудың шарасын шұғыл ұйымдастырды да адамдарға садақ секілді жеңіл-желпі қару жарағын үлестіріп , өз жанына 200-дей сенімді деген қолын жинап алды да Қарауыл қожаның жолын тосты.Қарауыл қожаның әскері 4 сәуірде Исатай ауылынан бір көш жердегі Қиялы мола деген жерге жетіпаялдап, Исатай мен келіссөз жүргізу үшін старшын Сағыр Баршығайев пен молда Қабиықты жұмсайды. Солар арқылы “Исатай хан мен императордың тәртібіне бағынатын болсын, ал бала- шағалары мен ауыл-аймағының аман-сау қалуы үшін Қиялы молаға өзі ғана келсін “-деп талап қояды. /13/
Исатай қожаның аитқан талабына қарсы болмайды, бірақ ол Қиялы молаға200-дей жігіттері мен бірге қолына желбіреген ту ұстап келеді. Тұтқындап, хан ордасына әкелу керек делінген бес старшынның бәрі де үстеріне сауыт пен бастарына темір қалапқ киген еді. Өзгелерден ілгері шығып, Қарауыл қожаға арадағы талас – тартысты жекпе-жекпен шешуді ұсынды. Алайда қожаның Исатай мен шайқасуға ешқандай ниеті жоқ еді, оның үстіне өзінің қымбат басын тәуекелге бере алмады. Ал, оны қаумалаған старшындар мен хан жақтаушыларының ішінен де ешбір жан батырдың шақырғанына жауап беру үшін белсеніп алға шыға қоймады. Қарауылды қоршап келген жігіттер де аты аруақты батырмен соғысуға ниет білдірмеді. Осыны қалаған Қарауыл қожа өзді-өзді ақылдаса келе қан төгілуден аулақ болу үшін “бүлікші” старшындармен соғыспай-ақ кері қайталық деп келісті.
Қарауыл қожа өзінше ізгілікпен тасалана білді: шалғайдағы ауылына қайтып оралды да, ханның бұйрығын орындамастан әскерін таратып жіберді. Сөйтіп бұл қақтығыс қантөгіссіз аяқтала тұрса да, халық көкірегін кернеген ашу ызаның қатері барған сайын өршіп, бұрынғыдан да гөрі айқын сипат ала бастады.Исатай батыр да ханмен қарулы қақтығысқа баруды қаламады. Қарауыл қожа қашып кеткеннен кейін де, батыр әлі де болса ханнан бейбіт жолмен әділдік аламыз деп үміттенді Сол мақсатпен Жәңгір ханға мынандай өтініш жолдады: “Жоғарғы мәртебелі мырза, Сізге айтар біздің де ар- намысымыз бар,1838 жылы сіз белгілеген Каспий теңізі жағалауының басқарушысы Қарауыл қожа Бабажановтың бұқараны қанаушылығы бастан асып кетті“/14/Исатай батыр ханға Қарауыл қожа жайлы осылай деп хабар жеткізген еді . Әрине бұл қақтығыс Қарауыл қожаның шегініп кеткендігі арқасында қанды шайқасқа ұласпай, аман қалды.
12. И. Кенжалиев. “Тайманұлы Исатай “А ., 1997.46-47 бет.
13. Бұл да сонда 48 бет
Тастөбе маңындағы ұрыс.
1837 жылдың көктеміне қарай қарулы қарсылысудың жергілікті ауыл мүдделерін қорғау шеңберінен шығып кеткен негізгі ошақтары қалыптасты. Олпрдың ең ірісі тікелей Исатай мен Махамбеттің басшылығымен жиналған көтеріліс тобы болды. Қозғалыс қамтыған аудандарда хан басқаруының толық дерлік берекесі кетті . Көтерілісшілер шонжарлардың үйін өртеп ,мүлкін тартып алды. Ханды жақтайтын пиғылдағы ауылдардың қоныстарынан мал айдап әкетті.
Көтерілісшілердің шабуылын күн сайын күтіп отырған Жәңгір хан Орынбор әкімшілігін бүлікшілерге қарсы батыл әрекеттер қолдануға сендіріп және асықтырып ,шекаралық өкімет орындарын өзіне қосымша әскери отрядтар жіберуді сұрады.
1837 жылы 11 маусымдағы деректер бойынша, старшындар Исатай Тайманұлы мен Жүніс Жантелин Құлбай және Көктөбе алқабында өздерінің қаруланған 500-дей руластарын жинаған, бір айдан сәл асатын уақытта Исатайдың ауылына 1000-ға жуық шаңырақ пен қаруланған 600 қазақ шоғырланған . /15/
1837 жылы көтерілісшілер саны өткен жылмен салыстырғанда 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 адамға дейін жеткен./16/.
1837 жылғы тамыз айының басында Орынбор губернаторы көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын ұстауға үкім берді. Бұл жоспарды жүзеге асырудың сәті түспеген соң , қақпанға түсіруді ұйымдастыруға және Исатайды оның ханға қоятын талаптарын тыңдау үшін Орынборға келуге көндіруге ұйғарым жасайды. Бастапқыда Исатай губернатордың шақыруына келісті де кейіннен оған барудан бас тартып,“қысымға жол бермеуге өзі кірісетінін мәлімдеді “.
Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің ірі күштері бірнеше топқа бөлініп , үнемі орын ауыстырып отырды. Сөйтіп барған сайын хан ордасына жақындай түсті . Олар жол жөнекей хан шенеуніктері мен шонжарларының ауылдары мен иеліктерін қиратып, олардың жерлерін тартып алып отырды. Бірқатар жерлерде ру бөлімшелеріне өз билеушілерін тағайындады. Қозғалыс барысында көтерілісшілер басқа да рулық қауымдарға өз ықпалын күшейтуге, өздеріне жаңа жақтастар тартуға ұмтылып отырды. Бұқараның батыл бел байлағанын және бой көрсету күшін хан алдында көрсете отырып, олар ханды басқару реформасына баруға мәжбүр еткісі келді. 15-20 қазанда көтерілісшілердің лагері хан ордасына 60-70 шақырым жердегі Теректұқым алқабына да жеткен. /17/. Ал, 24 қазанда саны бір деректер бойынша 2500-3000 адам болатын Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер хан ордасына 40 шақырымдай жерде болған. 2-3 күннен кейін олар хан ордасына 4-8 шақырым жерге жетіп қос тіккен . Қоршау екі аптаға созылған.
Сол уақыт ішінде Орынбор губернаторы көтерілісшілерді қоршауға алып, оларды жойып жібіру жөніндегі операцияны жүзеге асырды. Жақсы қаруланған тұрақты бөлімдер мен казак бөлімдері, Кулагин, Горск бекіністерінен,Зеленов форпостынан, Орал мен Астраханнан әкелінген жекелеген әскери бөлімшелер шабуылға шықты. Көтерілісшілерге қарсы бүкіл операцияларды үйлестіру және оларға басшылық ету үшін Роынбордан
подполковник Геке шақырылды/18/. Босқындар мен төлеңгіттер арасында хан жанынан шамамен 600-700 аадам болатын қарулы топ ұйымдастырылды. Көтерілісшілердіңшегінетін жолын байлап атстау үшін Өзен және Париурал шептері бойындағы қарауыл бекеттері күшейтілді.
15. Қазақстан тарихы III том . А ., 2002 . 341 бет
16. Бұл да сонда .
17. Асфендияров С.Д . “Қазақстан тарихы “. А ., 1993 148 бет.
18. М . Чапаи. “Қазақстан тарихы “. А ., 2005 . 189 бет.
15 қараша күні қараша күні таң алдында 2 мың солдат пен хан адамдарынан тұратын Геке отряды мен көтерілісшілер арасында Тастөбе алқабы аудананда қысқа уықатқа созылған бірақ кескілескен шайқас болып , онда көтерілісшілер 100-ге жуық адамдарынан айырылды./19/ Ұсақ топтарға бөлініп, олар әртүрлі бағыттарға бытырап кетті. Исатай мен Маханмбеттің оларды қайта жинауға жасаған әрекеттері табысқа жетпеді . Бұдан кейін жазалау отрядтарының іс-қимылы көтерілісшілердің исатай мен Махамбет бастаған негізгі шағын тобын жоюға бағытталды, бірақ аумағы жағынан жердің шектеулілігін шебер пайдаланған олар жауға шеткі топтарымен ұсақ қақтығыстар жасай отытып, өздерінің ісіне түскен отрядымен ашық қақтығыстан жалтарып кетіп отырды.
Осылайша подполковник Геке басқарған отрядтың бір жақ қанаты жапырылып қалды. Қолайлы сәтті пайдалана білген Геке отрядына зеңбіректі алғаш шығаруды бұйырды да артиллерия оғы батырдың тобын өте жақын жерден ұрып , есеңгіретіп тастады. Исатай тобы жан-жаққа қаша бастады. Оларды казак отряды жеті шақырымдай жерге қуып тастады. Исатай тобынан бұл ұрыста 60-тан астам адам шығын болды.
Бұл соғыста Исатайдың 20 жасар ұлы Жақия қаза табады. Ал орыстар жағынан 3 адам жаралнған болатын./20/ . Исатайдың бұл жеңілісі Бөкей ордасындағы оқиғаның одан арғы бүкіл барысына өзінің айтарлықтай зиянды зардабын тигізді. Бұл ордашылар арасында мықты әсер туғызды да, Исатай енді халықты орыс отрядымен күреске жігерлендіре алмайтындай дәрежеге жетті. Сонымен көтерілісшілер бет-бетіне ыдырап, басы ауған жаққа кетті. Батырдың жанында тек оған деген адал 300-ге тарта адам ғана қалды. Ал бұлар қайткен күнде де Жайықтың арғы бетіне өтіп кетуді ұйғараған топ болатын.
Жаманқала маңындағы арпалыс.
Ханға және бай-сұлтан шонжарларға қарсы тегеурінді күрес жүргізуден үміт үзген Исатай мен Махамбен бостандық жолындағы күрестегі ең табанды
сарбаздарының шағын тобымен бірге Жайықтың арғы бетіне өту мүмкіндігінің жолдарын іздестіру ұйғарды. Жайықтың екі жағына қойылған әскери тосындардың тығыз желісіне қарамастан, олар 1837 жылдың 13 желтоқсанның 14 желтоқсанына қараған аязды да боранды түнінде Жаманқала форпосты түбінен өтіп, Жайықтың арғы жағындағы кең далағаөтуге бел буды.Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысы Жайықтың сол жағасына ауысты.Исатай мен Махамбетбастаған ат төбеліндей көтерілісшілер Жайықтан өткен соң да қаруын тастауды ойлаған жоқ. Исатай мен Махамбет мұнда да патша өкіметінің және жергілікті феодалдарының жазалау отрядтарымен шешуші шайқас үшін күштерді шоғырландыру жөніндегі қызметін өрістетті. Олар 1838 жылдың көктеміне қарай билеуші сұлтан Айшуақов пен оның жасақтарына ғана емес, Жәңгір ханның өзіне де қорқыныш тудыратын көтерілісші ірі отряд құрып алды.Орынбор генерал-губернаторлығы Кіші жүз аумағындағы Исатай Тйманұлының қозғалысын басып жаныштау үшін дала өңіріне жаңа отрядтар жіберген үстіне жіберіп отырды.Геке жаңа отрядты қырға жіберуі жайында ең алдымен оларды орналастыру үшін Жаманқұм часкісіне жеткілікті киіз үй мен оларға қажетті азық – түлікті әзірлеу қажет екенін мәлімдеді. Бұл міндеттерді орындау үшін ол сұлтан Шыңғали Ормановтыт тағайындауды және өз қорғанушыларын қажетті нәрсенің бәрімен уақытылы қамтуға қамқорлық жасау үшін Жәңгір ханға алдын ала хабарлауды ұсынды./21/.Подполковник Геке Кулагин бекінісіне жеткен кезде , Исатай Бөкей Ордасы маңында жоқ еді. Ол өзінің қаосыласына бірнеше сағат бұрын ескерту жасап, Орал линиясы арқылы Кіші ордаға өтіп кеткен болатын. Ал, Геке линиясының күзеті қанағаттанғысыз дәрежеде болды.Исатай өз тобымен арғы бетке өтер тұста Жаманқала ферпосындағы күзетте 40 адам ғана отырды./22/.
20. А. Рязин.”Исатай Тайманұлы” А., 1996. 25 бет.
21. И. Кенжалиев.”Исатай Тайманұлы “А ., 1977. 76-77 беттер
22. Бұл да сонда.
Олар негізінен 9 постыны қамтыды : сонда өткелдерде 8, ал бекіністерде 4 адамнан тұрды. Постылар арасындағы кеңестікті екі-екі казактан атты күзетшілер бақылады . Бір постыдан екіншісіне барған кезде оларды басқа бір пар ауыстырып тұрды. Ішкі линияны басқару үшін қосымша 4 казак жіберілді,олар арасы 5-6 шақырымнан аспайтын форпостылар аралығын қадағалаумен болатын.
Қаншама күзет қойылса да, Исатай шекаралық күзетінің осал екенін пайдаланып, желтоқсанның 13-не қараған түнде , таң алдындағы сағат4 шамасында қасындағы ең жақын деген 38 адаммен Жайықтың арғы бетіне өтіп кетті./23/ . Бұл Жаманқала бекінісіне бір шақырым, Бақсай бекінісіне 11 шақырымдай жер болатын.Исатай тобы Жайықтан өтіп бара жатқан кезде разъезде отырған казак-орыс Вологин мен басқа да күзетшілер байқап қалып, аспанға оқ атады. Осы арада жүк артқан түйенің бірі қолға түседі. Мылтық даусын естіген бойда –ақ бекініс бастығы Жигин көршілес постыға хабар береді де, одан казактардың шағын тобы өткелге келіп үлгереді.Әлгі жигин батырдың қашқан тобын өзен бойына онша қашық жерде қуып жетеді де, бір жігітін аттан аударып түсіреді. Бірақ ол Жигиннің атын найзасымен жарақаттап, өзінің астындағы атын тастай сала қалың ағаштың арасына кіріп жоқ болады. Исатайдың қасына ергендер жаағалаудағы қалың ағаш арасына еніп кетіп, қуғыншыларға таптырмайды. Себебі түн әлі де болса қараңғы болатын, оның үстіне қар қалың қар жауып айналаға борап тұрған еді.Көп кешікпей қар.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Тарих | Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс
» Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
» Курстық жұмыс: Тарих | Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі.
» Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нурмухаммедұлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
» Курстық жұмыс: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс
» Курстық жұмыс: Тарих | Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс
» Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
» Курстық жұмыс: Тарих | Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі.
» Курстық жұмыс: Тарих | Ж. Нурмухаммедұлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
» Курстық жұмыс: Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс
Іздеп көріңіз: