Курстық жұмыс: География | Интеграция ұғымы
Мазмұны
Кіріспе
1 Еуропа елдеріне жалпы шолу
1.1 Еуропаның саяси картасы мен құрылымы .................................8
1.2 Табиғат жағдайлары мен ресурстары, қазіргі экологиялық жағдайы ............................................................................................9-10
1.3 Халқы мен еңбек ресурстары, демографиялық проблемалары.................................................................................10-11
1.4 Еуропада қалыптасқан шаруашылықтың түрі .........................11
2 Еуропадағы интеграция
2.1 Интеграциялық үрдістердің жалпы түсінігі ........................12-13
2.2 Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы және оның қоғамдағы маңызы ................................................................................................13
2.3 Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары................................................................................14-17
2.4 Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы ....................17-23
2.5 Қазақстан және Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы .............................................................................................23-25
Қорытынды…………....................................….........................................26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …….......………................................27
Қосымша ................................................................................................28-30
1 Еуропа елдеріне жалпы шолу
1.1 Еуропаның саяси картасы мен құрылымы
Еуропа – Еуразия материгінің батысындағы дүние бөлігі. Оның аралдармен қоса есептегендегі ауданы 10 млн км²-ге жуық. Еуропа менАзияның шекарасы шартты түрде өтеді.
Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, елдер өзара тығыз көпшілік қарым-қатынаста, ал Солтүстік Африка мен Оңтүстік Батыс Азия елдерімен шектесуі арзан шикізат қорын пайдалануға қолайлы жағдай жасайды. Екіншіден, елдердің басым көпшілігі теңіз жағалауында шоғырланған. Үшіншіден, жағалық сызығы өте күшті тілімденген, ол теңіз жолын барынша дамытуға мүмкіндік береді. Жағалық сызығының тілімдену жағынан үлесіне тиеді. Жағалық сызықтың 1 км ұзындығына 245 км² аумақ сәйкес келеді. Әсіресе тілімдену Еуропаның батыс бөлігінде өте жоғары.
Еуропаның саяси құрылымы тарихи кезеңдерде көптеген ірі өзгерістерді бастан өткізді. Қазіргі саяси картасында 40-тан астам ел бар. Олардың басым көпшілігі экономикасы жоғары дәрежеде дамыған жетекші елдер қатарына жатады. Бір ғана аумақтық иелік бар, ол – Ұлыбританияның иелігінде Гибралтар. Шпицберген аралы Норвегияның әкімшілік округі болса, Фарер Дания құрамындағы әкімшілік аумақ болып саналады.
Еуропа елдерінің ¾-і республика, тарихи себептерге байланысты 12 мемлекетте монархиялық құрылым сақталған. Барлық монархиялар (Ватиканнан басқасы) конституциялық монархия, олардың көпшілігінде мемлекет басшысы король (королева); Монако мен Лихтенштейнде князь, Люксембургте герцог болып табылады. Республикалардың басым көпшілігі унитарлы мемлекеттер, ал федерациялық мемлекеттер саны мен құрылымы жиі өзгерістерге ұшырап отырады. Екніші дүниежүзілік соғыстан кейін тек Австрия мен Швейцария ғана өздерінің бұрынғы шекарасы мен мемлекеттік құрылымын сақтап қалды. Кейінірек федерациялық құрылымға Бельгия мен Испания да көшті. Саяси картадағы ең соңғы өзгерістер 1990 жылыдары болды. Чехословакия бейбіт жолмен екі республикаға бөлінсе, Германия біртұтас ел болды. Югославия Федерациясы ыдырап, оның құрамында Сербия мен Черногория Республикалары пайда болды. Бұрынғы кеңестер Одағының құрамында болған еуропалық мемлекеттер егемендік алып, бөлініп шықты. Аталған мемлекеттер ішінде тек Ресей Федерациясы ғана аумақтық тұтастығын сақтап қалды[1].
1.2 Табиғат жағдайлары, ресурстары және қазіргі экологиялық жағдайы
Еуропаның жер қойнауында түрлі пайдалы қазба кездеседі, ұзақ уақыт бойы оларды өндіру барысында қорлары біршама азайған. Рудалы пайдалы қазбалар Балтық қалқаны ауданында, ал жанғыш тақтатастар ежелгі платформаның қалың шөгінділік жолмен де қалыптасқан пайдалы қазбалар кездеседі.
Тас көмірдің ірі куен орындары Донец, Рур, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Уэльс алаптарында шоғырланған.
Қоңыр көмір Эльба мен Висла аралығындағы Орта Еуропа жазығының шөгінді жыныстары мен Мәскеу маңы алабында кездеседі. Мұнай мен табиғи газ кен орындары Солтүстік теңіз бен Каспий теңізі қайраңдары мен Карпат, Пиреней алды шеткі иіндерінде өндіріледі. Орта Еуропа жазығында калий және тас тұзының ірі кен орны орналасқан, 150 мың км² жерді қамтиды, ондағы тұз қоры млрд. тоннадан асады. Польшаның оңтүстігінен дүниежүзіндегі ірі күкірт кен орны (Тарнобжег) табылған. Темір кен орындары ежелгі фундамент таралған аудандарда (КМА, Кривой Рог, Лотарингия, Карукаваре) және Орал тауларында шоғырланған. Түсті металдар (мыс, кобальт, күміс және т.б.) герциндік құрылымдар таралған Орта Еуропаның аласа тауларында, Пиреней түбегі мен Орал тауларында көптеп кездеседі.
Еуропа арктикалық және субтропиктік климаттық белдеулердің аралығында орналасқан. Жерінің негізгі бөлігі қоңыржай белдеуді алып жатқандықтан және ауа массаларының батыс ағысы басым болғандықтан батыста теңіздік сипат алып, шығысқа қарай қоңыржай континентті климатқа ауысады. Ал Оңтүстік Еуропа жағалауларында жерортатеңіздік климат қалыптасады. Еуропаның қиыр солтүстіктегі аралдарынан басқа бөлігіндегі агроклиматтық ресурстар ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар климаты қолайлы жағажайлар мен әсем табиғатты тау баурайлары туристік-рекреациялық мүмкіншіліктер аясын кеңейтеді.
Еуропа жерінде тұщы судың мол қоры жинақталған. Әсіресе, Фенноскандия елдері сумен өте жақсы қамтамасыз етілген, яғни аймақ бойынша 1 адамға шаққанда 25 мың м³, ал Норвегияда 100 мың м³ артық су қорының үлесіне тән. Еуропа жерінде гидроэнергетикалық ресурстар жеткілікті орналасқан. Скандинавияның батысында батысында гидроэнергетикалық қор 202 млрд кВт/сағ, Альпіде 130 млрд кВт/сағ, Балқан түбегінде 56 млрд кВт/сағ, Пиренейде 30 млрд кВт/сағ-қа жетеді.
Соңғы кездері Еуропаның көптеген бөліктерінде табиғи ортадағы өзгерістер жиі байқалуда. Әсіресе жекеленген аумақтарда – топырақ, су, ауа және өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі антропогендік ластану көзге түседі. Ауадағы күкіртті газ бен көмірқышқыл газы, азот тотықтары, судағы өнеркәсіп қалдықтары мен ауыл шаруашылығы қалдықтары, топыраққа есепсіз пайдаланылған тыңайтқыштар мен улы химикаттар оған нақты дәлел. Осындай ластану көздері адам денсаулығына зиянды қышқыл жаңбырлардың жаууына себепші болып отыр. Мысалы, жыл сайын Скандинавияның оңтүстігінде әрбір гектар жерге 10-15 кг, Ұлыбританияда 70 кг-ға дейін, ал Рур алабы маңында 100 кг-нан артық күкірт жинақталады. Қышқыл жаңбырлардың әсерінен Скандинавияның 20 мың көлдің тіршілігі жойылады[2].
1.3 Халқы мен еңбек ресурстары, демографиялық проблемалары
2004 жылғы мәлімет бойынша Еуропада шамамен 730 адам тұрады. Еуропалықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 74 жас. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші 10 адам болса, өлім-жітім көрсеткіші 11 адамға жетіп отыр. Соңғы уақытта халықтың өсуі баяулауда, өйткені табиғи өсу көрсеткіші өте төмен, кейбір елдерде (Германия, Венгрия, Болгария, Чехия, Латвия) бұл көрсеткіш теріс мәнге ие. Сондықтан халық саны кеміп, оның жас құрамы да өзгеріске түсуде. Мысалы, халықтың жалпы санында егде адамдар үлесі 20-23℅-ға дейін артса, керісінше балалардың үлес салмағы азайып, бар болғаны 16-17℅-ға жетіп отыр. Бұл жағдайлар халықтың сыртқы көші-қонының өзгеріске ұшырауына әсер етеді.
Ұлы Еуропалық Одақ географиялық ашылулар заманнан бері эмиграция ошағы болған Еуропа, қазіргі таңда еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ауданына айналды. Мәліметтерге сүйенсек, Еуропадағы еңбек ететін 14 млн-нан астам шетелдік жұмысшыларының басым көпшілігі мейман жұмысшылар (немісше гастарбайтерлер). Олардың саны, әсіресе экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде өте көп.
Еуропа жерінде 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Еуропа халқының басым көпшілігі үнді-еуропалық тіл семьясына жатады. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропада славян тобының халықтары қоныстанған. Оларға орыстар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар, македондықтар, словендер және т.б. жатады.
Солтүстік және Орта Еуропада герман тіл тобына кіретін халықтар (немістер, ағылшындар, голландықтар, шведтер, даниялықтар, норвегтер, исландықтар және т.б.) басым қоныстанған. Қазіргі кезде Британ аралдарын ғана қоныстанған кельт тіл тобына ирландықтар, шотландықтар және уэльстіктер (валлий) жатқызылады. Еуропа мен Оның оңтүстік-батысын роман тіл тобына жататын халықтар (француздар, италиялықтар, испандар, португалдар, каталондар, румындар және т.б.) қоныстанған. Балтық бойындағы латыштар мен литвалықтар осы тіл семьясының балтық тіл тобына жатады. Гректер мен албандар өзіндік тілдік ерекшеліктерімен көзге түседі. Сол сияқты тілдік ерекшелігі нәтижесінде оқшауланған баск, валлон және т.б. халықтар да кездеседі.
Еуропада фин-угор тіл семьясының тобына жататын венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурд, коми-пермяк сияқты халықтар Скандинавиядан Балқан түбегіне дейінгі аралықта және шығысқа қарай кең таралған. Түркі тілдес тобына кіретін халықтар (татар, башқұрт, түрік, қазақ, гагауз және т.б.) Еділ бойы мен Орал маңын және Еуропаның оңтүстік-шығысын қоныстанған. Семит тілдер тобына жататын мальталықтар (арабтар мен италиялықтар араласуынан қалыптасқан) және арабтар (Франция) Жерорта теңізі жағалауында қоныстанған.
Еуропада христиан дінінің кең тараған орталығы болып саналады. Мұнда православие, католик және оның тармақтары болып табылатын протестант шіркеулері мен діни ағымдары да кең қанат жайған. Праваславие Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көпшілігі ислам, кейбіреулері иудаизм және будда діндерін ұстанады[3].
1.4 Еуропада қалыптасқан шаруашылықтың түрі
Еуропада шаруашылықтың қалыптасуы мен таралуы дүниежүзінің басқа аймақтарынан үлкен айырмашылық жасайды. Оның өзіне тән басты екі белгісі бар. Біріншіден, Еуропа жерінде игерілмеген бірде-бір бөлік қалған жоқ. Екіншіден, аумағының шағын болуы мен елдердің көршілік жағдайы, шаруашылығының жоғары деңгейде дамуы Еуропада біртұтас экономикалық кеңістіктің түзілуіне негіз болады. Сондықтан да соңғы жылдары Атлантикадан Оралға дейін созылып жатқан біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы пікірлерде айтылып жүр.
Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне көз жіберсек, тарихи уақыт аралығында шаруашылық орталықтарының да, жетекші елдердің де орындарының ауысып отырғанынан байқауға болады. Біздің заманымыздың бас кезінен бастап Еуропа шаруашылығы теңізге жақын елдерде қарқынды дамыса, ХVIII ғасырдан бастап табиғат ресурстары мен еңбек ресурсы жиі шоғырланған ау
2 Еуропадағы интеграция
2.1 Интеграциялық үрдістердің жалпы түсінігі
Дүниежүзіндегі интеграция – дүниежүзілік шаруашылық пен Еуропалық Одақграфиялық еңбек бөлінісі дүниежүзінің барлық елдерін қамтып болғаннан кейін, соңғы он жылдықтарда енді жан-жағынан гөрі, тереңге қарй өсуде. Олар күрделеніп, жаңа формалар табуда. Халықаралық маманданудың және айырбастың тереңдеуі бірқатар елдердің ұлттық шаруашылығының ерекше етене «кірігіп» кетуіне себепші болады. Сөйтіп, халықаралық гЕуропалық Одақграфиялық еңбек бөлінісінің жаңа, жоғары сатысы – халықаралық экономикалық интеграция пайда болады. Ол жеке елдер тобының олардың мемлекетаралық келісім саясаты негізінде тым терең және тұрақты өзара байланыстарда дамуының заңды процесі болып табылады.
XXғ. екінші жартысында әлемнің түрлі бөліктерінде интеграциялық топтар күрыла бастайды. Бірлестіктер тек жоғары және орташа дамыған индустриалды шаруашылықтары бар аймақтарда ғана емес (Солтүстік американдық еркін сауда ассоциациясы (НАФТА), Азия-Тынық мұхиттық экономикалык корпорация (АТЭС), Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (АСЕАН), Латинамерикандық интеграциялық ассоциация (ЛАИА)), әлемнің ең артта қалған аймақтарында да (Батыс - Африкан елдерінің экономикалық қоғамдастығы, Даму және үйлестірудің Оңтүстік Африкандық конференциясы (ЮАКРК), Шығыс - африкандық экономикалық бірлестік және т.б.) құрылды. Жалпы алғанда аймақтық интеграция туралы 70-тен астам келісімдер түскен.
ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақтық интеграция дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы басым тенденцияға айналды. Ол барған сайын интеграцияланған экономикалық топтардан құралатын болды. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына осындай төрт топ жатады[4].
1-сызба. Интеграцияның
Осы екі топқа мысал келтіретін болсақ, аймақтық интеграцияға XIX ғасырда Еуропа экономикалық-қоғамдастық немесе қазіргі кездегі Еуропалық Одақ мысал бола алады. Сонымен қатар 80-жылдары құрылған Солтүстік Америкадағы еркін сауда аймағын, Латын Америкасын толығымен қамтитын Латын Америка интеграция ассоциациясын және Азия-Тынық мұхит аймағындағы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоцияциясы (АСЕАН) интеграциясын жатқызуға болады. Ал, салалық интеграцияға – ОПЕК-ті жатқызуға болады. Ол дүниежүзіне мұнай экспорттайтын елдер. Оған дүниежүзінің 13 елі кіреді.
2.2 Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы және оның қоғамдағы маңызы
Еуропалық қоғамдастық – 1957 жылы құрылған бұл қоғамдастық бірітіндеп дүниежүзіндегі аса ірі ортақ рынокқа айналды. Қоғамдастықтың заң шығарушы органы – Еуропа парламенті, Оның штаб-пәтері Францияның Страсбург қаласында орналасқан. Бұл парламент тікелей сайлау жолымен Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа кіретін барлық елдерде сайланады. Қоғамдастықтың өз туы, әнұраны, бірыңғай төлқұжаты, бірыңғай ақша бірлігі (экю), соты, банкі бар. Ал 1993 жылдың басында мемлекеттік ішкі шекараларды жоюдың нәтижесінде Қоғамдастық тауарлары, капиталдары мен көрсететін қызметі, технологиясы мен жұмыс күші еркін өте беретін бірыңғай экономикалық кеңістік болып өзгертілді.
Еуропадағы экономикалық интеграциялық идеясы еуропалық нарықты америкалық өнімдердің «жаулап алуынан» қажеттілігінен туындады. 1951 жылы Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембургтің тас көмір, темір кенін өндіретін және металлургия орталықтарына бақылау бірлестікке енетін елдер Еуропалық экономикалық одақ (Ортақ нарық) пен атом энергиясы жөніндегі Еуропалық Одақты (Еуроатом) құру туралы Рим келісімі қол қойылды.
1960 жылдардың соңына қарай аталған үш ұйым бірігуінің жаңа ынтымақтастық тобы – Еуропалық қоғамдастық құрылды. Бұл келісім негізінде одаққа енетін елдер арасында кедендік шектеулер жойылып, үшінші топтағы елдерге қатысты ортақ экономикалық саясат жүргізу және қаржы, тауар, жұмыс күшімен алмасу, ауылшаруашығы саласында ортақ саясатты ұстану мен валюталық және саяси одақ құру мақсаты көзделді. 1973 жылы бұл ұйымға Ұлыбритания, Дания және Ирландия.........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: География | Еуропадағы интеграция
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Шарль де Голльдің Еуропалық саясаты
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
» Курстық жұмыс: География | Еуропадағы интеграция
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Шарль де Голльдің Еуропалық саясаты
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары
Іздеп көріңіз: