Курстық жұмыс: Экономика | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Курстық жұмыс: Экономика | ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны


КІРІСПЕ 2
. I. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1. Инвестициялық жобаның мазмұны және экономикалық мәні 3
1.2. Инвестициялық жобаларды талдау нысандары 5
II. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ 8
2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау әдістері 8
2.2 Қазақстанның инвестицыялық жобалардын тиімділігін талдау 12
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 25
3.1. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері 25
3.2. Инвестициялық жобаларды бағалаудың мәселелері және оларды шешу жолдары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 37


I ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1Инвестициялық жобаның мазмұны және экономикалық мәні

«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына , денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени объектілеріне жұмсалады.
Инвестиция көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табысының жинақтаған бөлігі саналады.
Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. ( бірінші қосымшаны қараңыз)
Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар акцияларды сатып алуға бағытталған.
Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін — өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
—табиғи активтерге инвестициялар;
—ақша активтеріне инвестициялар;
—материалдық емес активтерге инвестициялар.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
—Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттар өндірісін тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсат — өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталық-тандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капитал-дық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салым-дар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірі Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді. Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық
салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға басты назар аударады

1.2. Инвестициялық жобаларды талдау нысандары

Инвестициялық жобаларды талдау бірнеше түрлері бар. Оларға жататындар : техникалық талдау,қаржылық талдау,экономикалық талдау,институционалдық талдау, тәуекелді талдаубар .
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
• жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес
келетін технологияларды анықтау;
• жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа,
энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
• жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды
мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді.Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жекетехнологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесікритерийлерді басшылыққа алу керек:
1) технология өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;
2)технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарғабағытталмауы керек.
Егер өзтехнологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология менқондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
• шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын - бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
• технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңақондырғыны сатып алу;
• «Turn-key» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
• «Product-іn-hand» - «turn-key» + кәсіпорынның қажеттідайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
• өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
• шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологиялардыкешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдіңнегізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Инвестициялық жобаның бұл бөлімінің көлемді жәнееңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселені түпкілікті қарасты-руға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзарабайланысты мәселелер кешенін қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасықарапайым тізбекке негізделген:
1. Кәсіпорын қызметінің соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жылішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау.
2. Инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау.
3. Негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау.
4. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысындағыпайда мен ақшаағымдарын болжамдау.
5. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы
Кәсіпорынның бұдан бұрынғы қызметі мен ағымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсіпорынның пайдалылығы мен оның басқару тиімділігін, несие қабілеттілігін, өтемпаздығын көрсететін негізгі қаржылық коэффициенттерінің интерпретациясы мен есептеулеріне келтіріледі. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлімде кәсіпорынның өткен жылдардағы негізгі қаржылық есебін беру және негізгі көрсеткіштерді салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жобабатыстық стратегиялық инвесторды тарту үшін дайындалса, онда қаржылық есепті беруін инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтіру керек.
Шығынсыздықты талдау негізгі өнімдерді шығару менөткізудің өзіндік құн құрылымын талдау бойынша жүйелікжұмыстарды және барлық шығындарының айнымалылар(өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне орай өзгереді) ментұрақтыға (өндіріс көлемі өзгеруіне байланысты өзгермейтін)бөлінуін қамтиды. Шығынсыздықты талдаудың негізгі мақсаты -шығынсыздық нүктесін анықтау, яғни пайданың нольдік мәнінесәйкес келетін тауар көлемін сату. Шығынсыздықты талдаудыңмаңыздылығы нақты немесе жоспарланған пайданы инвестициялық жоба процесінде шығынсыздық нүктесі мен кәсіпорынныңпайданы алып келетін іскерлігісенімінің кейінгі бағасымесалыстыруына негізделген
Жобаның қаржы бөлімінің неғұрлым жауапкершілігі молбөлігі оныңинвестициялық бөлігі болып табылады, ол мыналарды қамтиды:
• жоба бойынша кәсіпорынның инвестициялық қажеттіліктерін анықтау;
• инвестициялық қажеттіліктердің қайнар көздерінбелгілеу (және ары қарайғыізденіс);
• инвестициялық жобаны іске асыру үшін тартылғанкапиталдың құнын бағалау;
• жобаның іске асуы есебінен түсетін пайда мен ақшаағымдарын болжау;
• жоба көрсеткіштерінің тиімділігінің бағасы;
Жобаның іске асу мерзімінде оның өтелімділігін бағалау мәселесі әдістемелік тұрғыдан өте қиын. Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының көлемі, «ақшаныңқұны уақыт өтуіне қарай» деген қағиданы есепке ала отырып,сомалық инвестиция шамасын жабуы керек. Бұл принцип бойынша: «Доллардың қазіргі құны бір жылдан кейінгі алынған доллардың құнынан үлкен», яғни бір жыл кейін алынған әрбір жаңа ақша ағымы бір жыл ерте алынған оған көлемі тең ақша ағымынан төмен мәнге ие. Ақша ағымының уақыттық мәнділігін өлшейтін сипаттамасы ретінде инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған ақша ағымын инвестициялаудан түскен түсімнің нормасы көрінеді.[4]
Сонымен, инвестициядан туындайтын жалпы ақшалай ағым жоғарыда көрсетілген қаржылық феноменді есепке алаотырып, оның (инвестицияның) шамасын жабатын болса, жобақаржылық критерийлер тұрғысынанқабылданады.
Жобаның өтелімділігін бағалау кезіндегі инфляцияныесепке алу мәселесі қарама-қайшылықты болып келеді. Әрине,уақытта өріс алған ақша ағымдарын ақшаның сатып алушылыққабілетінің өзгеруіне байланысты қайта санау керек. Соныменқатар инвестициялық жобаның тиімділігі туралы соңғықорытынды инфляциялық әсерді ескерусіз жасалуы мүмкін.Бұл ақша ағымы базасындаинвестициялық жоба тиімділігінің негізгі көрсеткішіанықталады.
Қаржылық талдаудың негізгі сұрағы: жоба кәсіпорыниелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма?Бұлсұраққа жауап беру үшін ақша ағымдарын талдауарқылы жауап беруге болады.Экономикалық талдау жобаныңмемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалынқарастырайық.
Сдеген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйымсатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияғамемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысынмемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
• нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төменбағамен сатады
Мұндағы міндет – мемлекеттің осындай жобаны іскеасырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқаларменсалыстыра отырып анықтау:
• компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарлардыеркін бағамен сатып алу;
• ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштерібойынша) шетелден сатып алу.
Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасынемес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
Экономикалық талдаудың қажеттігі неде? Егер нарықтолығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдаужүргізудің керегі жоқ, себебі компанияның иелеріне не пайдалыболса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады.
Экономикалық талдау әдетте мемлекеттің тапсырысы бойынша жасалатын және ұлттық мағыналы міндетті шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларға жүргізіледі. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз бастамасы бойынша әзірлеп, инвесторды өз бетімен тартса, онда бұл істің нәтижесінде жобаға қатысушыларының жалпы ұтысы негізделеді, ең алдымен жобаға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшін. Және де, осы тұлғалардың санына мемлекет кірмесе, онда жобаның экономикалық талдауын жасамауға болады.
Институционалдық талдау инвестициялық жобаның ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алынуы мен сәттілікпен орындалу мүмкіндігін бағалайды.Инвестициялық жобаның осы бөлімі сандық та, қаржылық таемес болып табылады. Оның негізгі мақсаты – инвестициялықжобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторларының жиынтығын бағалау.
II. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ

2.1. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау

Инфестицыялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін бірнеше тәсілдер қолданылылады.Олар ішіне:1) Инвестицыялық өтімділігін бағалау,2)Табыстың қарапайым нормасын есептеу,3)Дисконтталған критерийлерді табу ,4)Ағымдағы таза құнды табу,5)Табыстылық индексі,табыстың ішкі нормасын табу, 6)Пайда / шығын қатынасы,7)Жобаларды салыстыру,8)NPV жəне IRR əдістерін салыстырут.б жатады.
Инвестициялық жобаны бағалау арқылы біз жобаны қаржыландыру керекпа немесе керек емес біле аламыс
Инвестицияның өтелімділік мерзімі дегеніміз таза түсімніңбастапқы салымдардың орнын толтыруын күтетін кезең (мұндатаза түсім шығындарды шегеріп тастағандағы ақшалай түсімді
білдіреді). Осылайша, кəсіпорынның оперативтік қызметінен түскен түсімдері инвестицияларға жұмсалған шығындарды жабатын уақыт кезеңі есептеледі. Бұл əдіспен есептеу өте оңай,с ондықтан оны инвестициялау тəуекелін бағалаудың жəне тиімділігін есептеудің қарапайым əдісі ретінде қолданады. Егер ақша түсімі бірқалыпты болмаса, онда əрбір жоспарлауинтервалы үшін бастапқы шығындардың жалпы көлемінен амортизациялық шығарымдар мен таза табыс қалдық терісболғанша шегеріліп отырады.[5]
Бұл əдістің басымдылығы – есептеу қарапайым, сондықтан ол кейде инвестицияның тəуекелін бағалаудың қарапайым əдісіретінде қолданылады. Сонымен қатар бұл əдісті тұрақты сұранысы жоқ өнімдерді шығару жобасын бағалау үшін де пайдалануға болады жəне ол ақша айналымы аз шағын фирмалардың инвестицияларын бағалауға, сонымен бірге ресурстардың тапшылығы жағдайында жобаларды едəуір тез бағалауға жарамды.
Бірақ инвестицияның өтелімділік мерзімін таңдау көрсеткіші бірьқатар кемшіліктерге ие:
• өтелімділіктің нормативті мерзімін тандау субъективтіболуы мүмкін;
• əдіс жобаның өтелімділік мерзімінен тыс уақыттағы табыстылығын есепге алмайды, сондықтан өтелімділік кезеңібірдей, бірақ өмір сүру мерзімі əр түрлі жобалардың варианттарын салыстыру үшін қолданыла алмайды;
• əдіс кумулятивті табыстар сомасы бірдей, бірақ жылдарбойынша бөлінуі əр түрлі жобалар арасында айырмашылықжасамайды. Осы критерий тұрғысынан алсақ, 50 млн, 70 млн,30 млн теңге жылдық табысы бар бірінші жоба мен 30млн, 50млн жəне 70 млн жылдық табысы бар екінші жоба тең. Ал,дұрысына келсек, бірінші жоба тиімдірек, себебі алғашқы екіжылда табыстың үлкен сомасымен қамтамасыз етіледі; бұл қосымша құралдар айналымға жіберілуі мүмкін, ол өз кезегінде жаңа табыстар алып келеді. Бұл əдіс жаңа өнімдер шығаруға бағытталған жобаларды бағалау үшін жарамасыз.
• бұл əдіс бойынша есептеу дəлдігі көп жағдайда жобаныңөмір сүру мерзімінжоспарлау интервалына бөлу жиілігіменанықталады;
• көрсеткіштің «статистикалығы», басқаша айтқанда,ақшаның уақытша құнын есепке алудың мүмкін еместігі.
Бұл əдіс бойынша есептелетін шама рентабельділіккоэффициентіне (ROI) ұқсас жəне бір жоспарлау интервалыаралығында инвестициялық шығындардың қандай бөлігі табыстүрінде қайтарылғанын көрсетеді. Табыс нормасының есептікшамасын табыстылықтың минималды жəне орташа деңгейіменсалыстыру негізінде инвестор берілген инвестициялық жобаныəрі қарай талдаудың мақсаттылығы туралы қорытынды жасайды.
Табыстың қарапайым нормасы əдісінің артықшылықтары:
• есептеудің қарапайымдылығы;
• жобаның табыстылығын бағалау.
Əдістің кемшіліктері:
• келешекте түсетін түсімдердің құндылығы есепкеалынбайды;
• салыстыру ставкасы ретінде алынған таза табыстыңкөлеміне барынша тəуелді;
• табыстың есептік нормасы кезең бойы орташа болады.
Ақшаның уақытша құнын есептеу техникасына негізделгенкритерийлерді дисконттау критерийідеп атайды. Еске түсірерболсақ, критерийлерді есептеуде пайыздық қойылымдар түсінігіқолданылады, оның көлеміне инфляция, тəуекел жəне ақшаныпайдаланудың альтернативті мүмкіншілігі əсер етеді жəне онымынадай теңдікпен көрсетуге болады:

мұндағы:
IR – инфляция қарқыны;
MRR – минималды нақты табыс нормасы;
RI – нақты капитал салымына түсетін табысты алу
тұрақсыздығымен жəне нарықтық жағдаймен байланыстыинвестициялық тəуекелдің дəрежесін есепке алатын коэффициент.Нақты инвестициялық есепті жүргізу кезінде пайыз қойылымы экзогендік шама болып табылады, яғни сырттан беріледіжəне, мысалы, несиелік пайызға (капиталдың альтернативтіқұралына) тең болып алынады. Басқа сөзбен айтқанда, .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]