Курстық жұмыс: Экономика | ИНВЕСТИЦИЯ ҰҒЫМЫ ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ
1. ИНВЕСТИЦИЯ ҰҒЫМЫ, ИНВЕСТИЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға акысы), инвестицияланған капиталдың есімі немесе алынатын басқа да олжалар {мысалға, коммерциялык мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, каржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жьлжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестициянық бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б, жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Акшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе үлғайту максатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификаииялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған кұқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы кағаздар бойынша құқык беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың занды еместігіне жауап береді.
- орделік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген кұкыктар кағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы кағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштык жөне инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасьн графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекетгік (Үкіметпен Ұлттык Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе каржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет каражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айнальм шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатыл алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының багалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуьн көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Кысқа мерзімді бағалы қағаздардын әрекет ету мерзімі- бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады
1.1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялык бағалы қағаздар болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты жөне құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарьлмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларьн бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорьн қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитьн біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі акша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен процентгер алу есебінен емес,бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да баска қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағьпталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетге, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде афессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструментгеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады
Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын иивестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмеңдеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланыстымерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын ала уақыты белгіленген кезеңнін шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінін есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді.
2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің .......

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық инвестициялар есебі
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық инвестиция есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі
» Курстық жұмыс: Экономика | Инвестицияларды алу және бағалау

Іздеп көріңіз: