Курстық жұмыс: Экономика | Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару

Курстық жұмыс: Экономика | Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-4
І–Тарау. Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу. . . .5-12
І.1. Инвестицияның жалпы түсінігі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12-15
І.2. Қазақстан Республикасында инвестициялық қатынастарды
мемлекеттік басқарудың құқықтырі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15-19
ІІ-Тарау. Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару органдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .20-22
ІІ.1. Инвестицияны тартудың қайнар көздері . . . . . . . . . . . . . . .23-25
ІІ.2. Инвестициялық қызметтің құқықтық аспектілері. . . . . . . .25-29
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік актілер тізімі . . . . .31-32


І Тарау. Қазақстан Республикасындағы
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап бұрынғы жоспарлық экономикадан жаңа нарықтық экономикаға қарай жол бастады. Ал нарықтың бірден-бір қажеттілігі - қаражат. Құлдыраған экономиканы көтеру табиғи ресурстарды рационалды пайдалану жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру үшін республикамызға көптеген қаржы салымдарының қажеттілігі туындады. Мұндай қажеттілік тек қана біздің республикамызда ғана емес бұрынғы совет одағы республикаларында да туындады. Сол себептен шетелден көптеген қаржы салымдары тарту проблемасы пайда болды. Әйтсе де мемлекеттің инвестициялық саясаты анықталмайынша ешқандай инвестор өз қаражатын басқа мемлекеттегі өндіріске салмайтыны мәлім. Осыған орай біздің Қазақстан Республикасы заң және басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау саясатының бір көрінісі болып отыр. Кез келген мемлекет инвестициялардың келуін ғана қадағалап отырып қана қоймай, оның экономикалық секторларына көп мөлшерде түсуіне жағдай жасай отырып, экономикалық басқа саласына түсін шектеп отырады.
Сонымен қатар, мемлекет инвестордың құқықтары мен міндеттерін белгілеп, оның қорғалу кепілдіктерін және ол кепілдіктердің жүзеге асу жолдарын бекітеді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін мемлекет ішінде арнайы инвестициялық қатынастарды реттейтін заңдар қабылданады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты шетелдік инвестициялардың ұлғаюына инвестициялық климаттың жақсаруына жағдай жасау, яғни қолайлы инвестициялық климат. Қолайлы инвестициялық климат дегеніміз – экономикалық және саяси тұрақтылық. Саяси тәуекелдің мүмкіндігінше аздығы Қазақстанның кәсіпкерлерінің сеніміне ие болды. Бірақ, шетелдік инвестициялардың қорғалуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз болмайынша, жоғарыда айтылған құрамдық бөліктердің маңызы да болмайды. Осыған байланысты біздің републикамызда инвестициялық қызметті реттейтін заңдар қабылдау және ол қызметті реттейтін халықаралық нормаларға қосылу қажет болды.
Инвестициялар түсінігін шетелдік инвестор түсінігін беру арқылы заң шығарушы, мұнда белгілі бір экономикалық жеңілдіктер ие болу құқығы бар кірістерді басқа ондай құқыққа ие болмайтын кірістерден оқшаулап отыр. Мұндай оқшаулау қабылдаушы мемлекеттің мүддесін қорғайды. Өйткені, шетелден келетін кез келген қаражатқа мұқтаж емес тек белгілі бір талаптарға сай келетіндеріне мұқтаж.
Инвестициялар - табыс алу мақсатында кәсәпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын мүліктік және сакаткерлік қазыналардың барлық түрі. Оның ішінде жылжитын және жылжымайтын мүлік пен мүліктік құқықтар, импортталған және әңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары. Акциялар мен коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары, облигациялар мен басқа да борыштық міндеттемелер. Ақша салаларын тауарларды қызмет көрсету және инвестициялармен байланысты шарттар бойынша кез-келген өзге орындауды талап ету.
Қазақстан Республикасы аумағында алынған және кері инвестицияланған пайда:
1.Шетелдік инвестициялар;
2.Шетелдік инвестор жасаған инвестициялар;
3.Шетелдік инвестор.
Шетелдік өзгерістер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелде тұрақты тұрғылықты жері бар Қазақстан Республикасының азаматтары. Бұл орайда олар шаруашылық қызметті жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты жерде орналасқан елде тіркелуі тиіс. Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттердің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (компания, фирма, қауымдастық, ұйым): бұл берілген түсініктер шетелдік инвестициялардың түрлерін және шетелдік инвесторға жататын тұлғалардың тізімін толық береді және де заңда шетелдік инвестиция обьектілері ретінде заң құжаттарымен тыйым салынбаған обьектілер айтылған, сонымен қатар бұл заңда Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттың бұл заңнан күші басым екендігі айтылған.
Шетелдік инвестицияларға берілетін кепілдіктер инвестициялық қызметті жүзеге асыруды ұйымдастыру, құқықтық формалары туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы заңда айтылған . Әртүрлі жеңілдіктер мен преференциялар беру арқылы экономикалық басым секторларына инвестицияларды тартумен айналысатын орган болып табылады. Заңда тікелей көрсетілген инвестициялар экономикалық басым секторлары тағы басқа түсініктер ашылып берілген, яғни бұл заң тек экономикалық басым секторларына жасалатын инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды қоса реттейді. Тікелей инвестициярды мемлекеттік қолдау экономикалық басым секторларында жүз еге асырылуы, олардың тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Жеңілдіктер – префенциялар мен грандтар, кепілдіктер мен қолдау тек бекітілген иевесторларға беріледі. Бекітілген инвестор дегеніміз – инвестициялық Агенттікпен шартқа отырған немесе жасасқан инвестор.
Шетелдік инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеудің маңызды бөлігі екі жақты инвестицияларды қолдау мен қорғау туралы келісімдер. Мұндай келісімдердің пайда болу себебі Азия мен шетелдік инвесторлардың арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен қатар, инвесторлар шығатын дамыған мемлекеттер олардың қызметін сақтандыру жүйесін құруға тырысты. 1990 жылдарда екі жақты мемлекет аралық шартардың мақсаты - қабылдаушы мемлекеттің екі мемлекеттің екі жақты мемлекет аралық шарттарда инвестициялар "инвестор", “кірістер” деген түсінік ашылады. Негізінен екі жақты мемлекетаралық шарттар инвестиция келесідей топтарға бөлінеді:
жылжитын және жылжымайтын мүлік түріндегі мүлік. Басқа да ипотекалық және кепіл құқығы сияқты мүліктік құқықтар;
Компанияларға үлестік немесе басқадай формадағы қатысу құқықтары;
Инвестициялармен байланысты экономикалық құндылығы бар қызметтер немесе экономикалық құндылықтар құруға бағытталған ақша - қаражаттары бойынша талап ету құқықтары;
Тауар белгілеріне; өнеркәсіп үлгілеріне өнертабысқа, технологияға, ноу-хоуға деген құқықтары қоса алғанда интеллектуалдық меншікке деген құқық.
Екі жақты келісімдер тек түсініктер мәнін ашып қана қоймай келісімге келетін тараптардың инвесторларға беретін кепілдіктерін ең алдымен қолайлы жағдай режимі дегеніміз - мемлекеттің белгілі бір экономикалық қатынастар саласында қолайлы жағдай қолданудың заңдылық шарттары берілген. Бұл принципке қарағанда ұлттық режим принципі шетелдік азаматтар, өндірістер және тауарлар қабылдаушы мемлекеттің азаматтары мен өндірісі мен бірдей жағдайда қойылатындығы көрсетіледі.
Шетелдік инвестицияларды көпжақты халықаралық реттеу, соның ішінде көпжақты реттеу 1960 жылдары қалыптаса бастауы 2-ші дүниежүзілік соғыста күйреген экономиканы қалпына келтіру бұзылған халықаралық байланыстарды қайта жандандыру мақсатында 1944 жылы халықаралық валюта қоры және халықаралық даму және реконструкция банкі сияқты аса маңызды халықаралық институттар құрылды.
Инвестициялық қатынастарды реттеуде, дәлірек айтқанда инвестициялық қатынастарда туатын дауларды реттеу мәселесінде 18 наурыз 1965 жылы 46 мемлекет қабылдаған “Мемлекет пен шетелдік тұлғалар арасында инвестициялық дауларды шешу” туралы Вашингтон Конвенциясын айтуға болады. Бұл Конвенция бойынша арнайы халықаралық инвестициялық арбритандар сияқты ұрлықтың екі белгісі бойынша ажыратылады:
Оның тек құрылымы ғана емес Арбитраж процедурасы да халықаралық шара негізде анықталған;
Мұнда бекітілген нормалар қатысушы мемлекеттің ішкі қарағанда басым болады. Шетелдік инвестициаларда қорғау механизмі белгіленгендіктен инвестициялық дауларды шешу тәртібін реттейтін нормалар аса маңызды. Ол нормаларды келесідей топтауға болады:
а) ИКСИД-ң инвестициялық дауларды қарау компетенциясын анықтайтын нормалар;
б) келісімге келу процедурасын жүргізуге қатысты ережелер;
в) дауларды Арбитраждау тәртібі мен шешу туралы нормалар;
г) орталық шешімдердің орындау тәртібін белгілейтін нормалар. Орталық келісімге келтіру процедурасын немесе Арбитраждау процесін жүзеге асырмайды, тек сол үшін қажетті жағдай жасалынады. Дауларды тікелей шешу әр нақты іс бойынша құрылатын арбитраждық трибуналымен жүргізіледі.
Конвенцияның 54 бабына сәйкес келісімге қатысуын әр мемлекет Арбитраж шешімін өз территориясында мойындайды және өз соты шығарған шешімі сияқты орындауын міндеттеуі тиіс. Шетелдік инвестициялардың коммерциялық емес тәуекелдерден кепілдігі сақтандыру болып тадылады. 1985 жылы Сеул конвенциясын шетелдік инвестцияларды сақтандыру көпжақты Агенттігін құрды. Бұл Агенттік халықаралық заңды тұлғалардың құқықтарына ие. Агенттік әртүрлі шарттар жасай алады. Қозғалмайтын мүлікті сатып алуға және оған билік етуге құқылы, сотта талапкер және жауапкер бола алады. Агенттіктің міндеті – Конвенция қатысушылары болып табылатын мемлекеттердегі шетелдік инвестициялауды қолдау болып табылады. Ол міндеттік конвенцияға қатысушы болып табылатын мемлекеттің инвестицияларын коммерциялық тәуекелдерден сақтандыру, қайта сақтандыру арқылы жүзеге асырады. Агенттік келесідей негізгі мәселелер бойынша сақтандыру кепілдігін береді, валютаны еркін кедергісіз аудару туғанда қабылдаушы мемлекет тарапынан инвестицияларды экспропроациялау немесе басқа меншік құқығын шектеу әрекеттері болғанда қабылдаушы тарап материалдық зиян келтіріп, шарттың міндеттемесін бұзғанда, нәтижесінде зиян шеккенде коммерциялық емес тәуекел түрлері қабылдаушы тараппен инвестор келісімге келгенде Агенттікпен кеңейтілуі мүмкін. Агенттік тек белгіленген инвестициялар мен белгіленген инвесторларды сақтандырады және бұл түсініктер Конвенция бойынша айқын белгіленген.
17 желтоқсан 1994 жылы қол қойылған “энергетика хартиясында” атты халықаралық шартта инвестициялық қатынастарды, оның ішінде шетелдік инвесторлар мен қабылдаушы мемлекеттер арасындағы қатынасты реттейтін халықаралық құжаттар қатарына жатқызылады. Бұл халықаралық шартта келесідей мәселелер көрсетілген:
- инвестицияларға байланысты терминдер түсінігі;
- инвестицияның өзіне байланысты мәселелері;
- дауды реттеу мәселесі негізінен бұл мәселелердің барлығы да екіжақты келісімдерде көрсетіліп, реттелген. Әйткенмен де мұнда сөз энергетика секторына жасалатын инвестициялар туралы болғандықтан бұл шарттың өзіндік ерекшіліктері бар. Бұл шартта келісуші жақтардың инвестицияларынан басқа үшінші жақтың инвестицияларға қолайлы жағдай беруден бас тарту құқығы бекітілген. Мұндағы үшінші жақ инвесторы дегеніміз - қатысушы жақтардан басқа мемлекеттің инвесторы. Бұл шарт бойынша Қазақстан энергия шығарушы мемлекет болғандықтан қабылдаушы мемлекет ролін атқарады. Яғни, бұл құжатты бекіту арқылы өзінің белгілі бір егеменді құқықтарына шек қояды. Мысалы: энергетика секторындағы заңдарын осы шартқа сәйкестендіруге міндеттенеді. Бұл шарттың Қазақстан Републикасындағы пайдасы жоқтары бар. Мұндайда экспортқа шығару мәселесінің шешілуі, Ресей мен басқа мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу тағы да басқа саяси экономикалық жағдайлар.
Нарықтық экономикадағы инвестициялық қатынастар, меншік иелерінің қатынастары. Ол мемлекеттік және жеке меншік болуы мүмкін. Бұл қатынастар ішкі құқық нормалармен және халықаралық құқықтық нормалармен реттеледі. Қатысушы субьектісі инвестор болады. Екінші тарап қабылдаушы жоқ болады. Сонымен қатар бұл қатынаста суборация принціпіне сәйкес инвестор орнына онымен белгілі шартқа отырған басқа мемлекет немесе халықаралық құрылым келуі мүмкін.
Қатынас тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері болады және олар халықаралық құжаттарда мемлекеттің заңдарында міндетті түрде көрсетіледі. Бұл қатынастар инвестициялық қызмет барысында пайда болады. Заң алдында барлық инвесторлар бірдей және тең құқықтарға ие. Оларды мынадай жағдайда топқа бөліп көрсетуге болады:
а) инвестицияларды жүзеге асыруға қажет заңды немесе жеке тұлғаларды әртүрлі әдіспен келісім негізінде өзіне тартып инвестициялардың бағыттары мен көлемдерін өзі анықтауға құқылы;
б) инвестициаларды мақсатқа сай пайдалануына бақылау жүргізу құқығы;
в) мемлекеттік органдарға, заңды тұлғаларға, азаматтарға инвестиция жемістерімен инвесторлардың өзіне деген құқықтарды заңда белгіленген тәртіп бойынша шарт негізінде беру құқығы;
г) инвестиция обьектілерін және оның жемістерін иеленіп, пайдаланып, билік етуге сауда операцияларын жүргізу мен реинвестициялау құқығы;
Инвестициялық қызмет түрлері субьектілері арасындағы өндірістік шаруашылықтағы басқа қатынастарды реттейтін негізгі құжат - келісім шарт болып табылады. Келісім шартты сипаттама жүргізу арқылы Агенттік инвесторлармен келісе отырып жасайды. Ол Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 қаңтардағы “Инвестициялар” туралы ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
» Курстық жұмыс: Экономика | ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат,шетелдік инвестицияларды тартудағы негізгі проблемалар
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны

Іздеп көріңіз:
курстык Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқаружумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Инвестиция саласындағы мемлекеттік басқару

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]