Курстық жұмыс: Құқық | Заңды тұлғалардың негізгі түрлері
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................2
Негізгі бөлім:
2.1 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері.....................3
2.2 Заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік
тіркеу.....................................................................8
2.3 Заңды тұлғалардың құқық субъектілігі...........10
Қорытынды.......................................................................12
Әдебиеттер тізімі
2.1 Заңды тұлғалардың негізгі түрлері
Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төменгідегідей түрлерге бөледі:
1) Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер ді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10 – шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен және 1995 жылы 2 – мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар жарлығымен реттеледі. Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған:
1.Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.
2.Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының құнышегінде тәуекел етеді.
3.Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерініңжарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселеген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
4.Сенім серіктестігі – серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік.
Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы - өкілдер жиналысы. Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке дара билік етеді.
Акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Акционерлік қоғам директорлар кеңесінің шешімі бойынша заң құжаттарында көзделген тәртіппен өз филиалдары мен өкілдерін құруға құқылы. Ал заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы ықтимал.
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның екі үлгісі бар, ол ашық және жабық түрде кездеседі.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгіленген өзге адамдар тобы арасында орналастырған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам деп аталады.Мұнда акционерлерінің саны 100–ден аспауы тиіс. Жабық акционерлік қоғам жарғысында өзінің әрекетімен немесе әрекетсіздігімен қоғамның мүдделерін едәуір бұзушы акционерді сот тәртібімен акционер қатарынан шығару мүмкіндігікөзделуі мүмкін.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады.Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында акциялар бағаланатын активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам деп табылады.
2) Өндірістік кооператив. Азаматтарының бірлескен кәсіпкерлік қызметүшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп аталады.
Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15-қазанда қабылданған «Өндірістік кооператив туралы» заңымен айқындалады. Кооператив мүшелері екі адамнан кем болмауы тиіс.
Кооперативтің меншік құқығына жататын мүлік, егер кооператив жарғысында өзгеше қаралмаса, оның мүшелерінің жарналарының мөлшеріне сәйкес бөлінеді.
Кооператив мүшесі өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта кооперативтен шыға алады, бірақ бұл орайда оған төленетін жарна мен басқа да төлемдер кооперативтің қаржы жылы аяқталып, оның бухгалтерлік балансы бекітілгеннен кейін беріледі. Кооперативке мүшелік сондай-ақ коперативтен шығаруға байланысты да тоқтатылады. 100-баптың 4-тармағына сәйкес өндірістік кооперативтің мүшесі қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагері кооператив мүшелігіне қабылдануы мүмкін. Олар одан бас тартқан жағдайда кооператив мұрагерлерге мүшесінің мүліктегі үлесін жарнасына қарай төлейді, сондай-ақ қайтыс болған адамның үлесіне тиесілі кооперативтің таза пайдасының бір бөлігін және кооператив қызметіне қосқан еңбек қатысы үшін сыйақы төлейді.
3) Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 102-104-баптарында, ал нақты нормалары «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заңда қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарға:
1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2. Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттік меншік түрлеріне байланысты:
1. республикадағы меншіктегі кәсіпорын;
2. коммуналдық меншіктегі кәсіпорын
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы заң мемлекеттің кәсіпкерлік қызметін шектейді, бұл орайдажаңадан құрылған және қызмет істейтін мемлекеттік кәсіпорындар белгілі бір қызмет жүйесімен айналысуы тиіс.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі қорға қатысты мүлікке өз бетімен билік етуіне құқығы жоқ. Объектісі аталған мүлік болып табылатын мәмілені жасау үшін уәкілетті органның келісімі керек, ал жалпы мүліктік кешендегі кәсіпорынның билігі бойынша мәміле Үкіметтің шешімімен және жергілікті әкімнің шешімімен жасалады.
Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорындар үшін оларға бекітілген мүлікті иелік ету жағдайы одан да қатаң келеді. Занның 38-бабының тұжырымдамасына сәйкес, қазыналық кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметінен түскен қаржыға алынған және өзіне бекітілген мүлікті уәкілетті органмен келісе отырып, бөтенге беру немесе басқалай билік етуіне қақысы бар.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өзінің міндеттемесі бойынша оған жататын мүліктің бәріне жауап береді. Мемлекет мұндай кәсіпорындардың міндеттемесіне жауап бермейді.
Мемлекеттік кәсіпорындарды тарату мен қайта құру оның құрылтайшысымен жүзеге асырылады(АК-тің 102-бабы). Бірақ «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарды тарату мен қайта құру жөніндегі шешімді республикалық кәсіпорындарға қатысты Үкімет, ал коммуналдық кәсіпорынға қатысты - әкімдер шешім қабылдайды. Заңның 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды қазыналық кәсіпорынға айналдыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған баптың 2-тармағындағы қаралған жағдайда, ондай қайта құру міндетті болады. Сонымен қатар соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша пайда түсіре алмаған жағдайда ғана шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын қазыналық кәсіпорынға айналады.
4) Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады(Ак-тің 34-бабының 3-тармағы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-шы бабы).
Мекеме-құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым(«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 8-бабы). Мекеме екі түрге бөлінеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, астана, облыстар, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек ғана мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп аталады. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі. Сондай-ақ онда жасалатын азаматтық құқықтың мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметібелгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.
2. Жеке меншік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым. Мекеме мүліктің меншік иесі бола алмайды, мекемеде ақшалай қаражат жеткіліксіз болған жағдайда олардың міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауап береді.
Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым. Қоғамдық бірлестіктерге саяси партиялар, кәсіптік одақтар, ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар т.б жатады. Қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесін айқындау қажеттілігі Азаматтық кодексте мүліктік қатынастарда олардың қатысуымен және олардың құрылуы мен қызметіне қатысты қатынастарды азаматтық-құқықтық шекте реттеумен байланыста болады, әрі ол аталған жүйеде шектеулі болуы керек.
Діни бірлестік – рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі. Республикалардан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер Әділет органдарында тіркелуі тиіс. Басқару орталықтарының жарғылары егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының негізінде алынуы мүмкін.
Қор - азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың шешімімен тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы – қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесі құрылады, ол қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайды. Қордың некеде тұруымен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуы тиіс.
Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың – бір отбасы мүшелерінің өзінің жеке қаражаттар есебінен құрған қоры жеке қор болады. Жеке қордың мүлкі тұлғадан немесе жеке тұлғалардан – бір отбасы мүшелерінен бір жолғы және тұрақты түсетін түсімдер есебінен, өсиет бойынша түскен мүліктен, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 35-бабында көзделген және жеке қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа көздерден құрылады.
Бір заңды тұлғаның немесе бірнеше заңды тұлғалардан – коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құжаттары есебінен құрған қоры кооперативтік қор болады. Кооперативтік қордың мүлкі бір немесе бірнеше заңды тұлғалардан - коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардан бір жолға және тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңның 35-бабында көзделген және кооперативтік қор қызметінің мақсаттарына сай келетін басқа да көздерден құрылады.
Тұтыну кооперативі – мүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Тұтыну кооперативтің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті.
Азаматтық кодекстің 34-бабының 4-тармағына сәйкес заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады. Егер заңды тұлға пайда түсіру үшін бірлестік құратын болса, онда мұндай бірлестік коммерциялық ұйым деп аталады және ондай бірлестік шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам ретінде құрыла алады. Егер мұндай бірлестікке заңды тұлға мәртебесі берілмесе, онда ол консорциум деп аталады.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам - өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға. Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбір құрылтайшының немесе оның уәкілетті өкілінің қол қою арқылы жасалады.
2.2 Заңды тұлғаларды құру және мемлекеттік тіркеу
Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырылады. Коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі бекіткен ереже және меншік иесінің заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін – құрылтайшы бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін – жарғы болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда: 1)егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2)егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуы тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілікпен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттілігінміндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда: 1) егер құрылтайшысының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты; 2)егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызды болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуы тиіс.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік реттеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: