Курстық жұмыс: Құқық | Заң актлерін кодификациялау
Мазмұны
Кіріспе.Негізігі бөлім.
I-тарау. Кодификациялау ұғымы және түрлері
ІІ-тарау.Кодификациялық актлердің негізгі белгілері
ІІІ-тару. Заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І ТАРАУ. Кодификациялау ұғымы және түрлері
Кодификация — бұл қалыпты актілердің мазмұны өзгертіліп, бытыраңкыларды логикалық үйлесімді біртұтас актіге біріктірген жүйелеу формасы. Демек, жиынтық сипаттағы қалыпты-құқықтық акт кодификацияланған деп есептеледі. Ол белгілі бір тақырып бойынша қолданылып жүрген және өз мәнін жоғалтпаған қалыпты нұсқауларды біріктіреді. Кодификациялау процесі кезінде ескірген құқықтық материалдар алынып тасталынады, қалыптардың қарама-қайшылығы, олқылықтары жойылады, жаңадан мінез-құлық ережесі туындайды. Ондағы қалыпты тұжырымдар ішкі біркелкілігімен, тұтастығымен және үйлесімімен сипатталып, әдетте, едәуір көлемді болып келеді (мысалға, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық, т.б. кодекстерін қараңыз).
Кодификациялық актілердің құрылымы күрделі. Оның баптары мол болып, бөліктерге тарауларға бөлінеді. Олардың кейбіреулерінде кіріспе бөлімі бар. Кіріспе әр түрлі тәсілдермен мазмұндалады. Бір жағдайда кіріспеде осы заң актісінің мақсаттары, міндеттері, себептері қысқаша түрде баяндалады. Енді бір жағдайларда кіріспеде кеңейтілген саяси сипаттама, үшінші бір ретте қалыптары мен қағидаларын мәлімдеу түрінде беріледі. Ал, кейбір кодекстерде кіріспе мүлдем болмайды. Кіріспе өзінің мазмұны жағынан қалыпты сипатта болмайды. Сондықтан кодификация — құқықшығармашылықтың оңтайлы тәсілі, жүйелеудің ең қиын түрі.
Сөйтіп, кодификациялық акт — бұл мемлекеттік буынның ең беделді әрі жоғары заң күші бар шешімі. Сондықтан коди¬фикация ең алдымен заң актісін шығарумен аяқталады. Алайда бірқатар жағдайда үкіметтік актінің, сондай-ақ ведомстволар актілерінің де кодификация сипаты бола береді. Кодифи-кациялық актінің ең үлгі нысаны Кодекс болып табылады.
Кодекстер бір сипаты коғамдық қатынастардың белгілі бір саласын егжей-тегжейлі реттеуге мүмкіндік беретін ірі жиын¬тық акт болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы¬ның Азаматтық кодекстің түрлі шарттық міндеттемелерге жа¬татын көптеген қалыбы тиісті қатынастарды түгелдей реттейді және осы қалыптарды нақтылай түсетін қосымша актілерді қажетсінбейді.
Кодекстер жасау — бір мәселе бойынша қолданылып жүрген актілердің көптігін жою мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі.
Кодификациялық актілер жарғы, қағида, ереже нысанында да қабылданулары мүмкін.
Жарғы – мемлекеттік қызметтің ,әлдебір саласын (мысалы, темір жол көлігінің, ішкі су көлігінің, т.б. нүсқасын) реттеуші қалыпты-қүқықтық акт. Белгілі бір органдардың, ұйымдардың және мекемелердің қызметін, олардың құқықтары мен міндеттерін, басқа органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және азаматтармен өзара қарым-қатынасының негіздерін ретке келтіреді.
Қағида деп, әдетте, белгілі бір құқық субъектісінің (мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің) мәртебесін не қызметін ұйымдастыру мәселелерінің шоғырын айтарлықтай егжей-тегжейлі реттейтін қалыпты-құқықтық акт болып танылады.
Ереже — қызметтің әлдебір түрін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын қалыпты-құқықтық акт (мысалы, Әділет министрлігі туралы Ереже).
Кодификациялауды, әдетте, жүйелеу және ең бастысы — заң актілерін жетілдірумен байланыстырады. Сондықтан оның нәтижелері тек өзіне тән ерекше қасиеттермен сипатталатын негізгі әрі мейлінше заң күші бар сұрыпталған акт түрінде керінеді. Бұдан шығатын қорытынды, кодификацияланған актіде ай¬тарлықтай ұзақ уақыт кезеңіне (белгілі бір болашаққа) арналған тұрақты қалыптар болуы тиіс. Сұрыпталған акт әрекетінің тиімділігі көп ретте сол қоғамдық қатынастар дамуының ағымын, оның қозгалысын заң шығарушы қаншалыкты дәл ескертетініне байланысты болады.
Сұрыптаушы акт салыстырмалы алғанда дербес қалыпты нұсқауларды біркелкі түзілген жүйеге келтіре отырып, әдетте, қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеуді жаңартады. Оның бойында жаңалық сипаты міндетті түрде болады,өйткені сұрыптау кезінде қоғамдық қатынастарды құқыктық реттеудің белгілі бір аясына жаңа бөлшектер енгізіледі, заңдардағы бос кеңістіктің, ақаулардың орны толтырылады. Сұрыптаушы акт жекелей алғанда ірілендірілген (топтастырылған) актіден осылай ерекшеленеді.
ІІ ТАРАУ.Кодификациялық актлердің негізгі белгілері
Кодификациялық актінің басты белгілеріне тоқаталалық. Ол мыналар:
1) әдетте, кодификациялық актіде заңдар институттарын, салаларын қалыпты негіздерін айқындап, қоғамдық өмірдің ең басты мөселелерін реттейтін қалыптары қамтылады;
2) ондай акт қоғамдық қатынастардың ауқымды және кең сфераларын (мүліктік, еңбек, неке жөне отбасы қатынастарын, қылмыскерлермен күресу, т.б.) реттейді;
3) зандарды жетілдіру түйіні бола отырып, ол — бір-бірімен қабысқан тұжырымдардың ықшамдалған жиынтық актісін білдіреді; ол жиі айтарлықтай тұрақты коғамдық қатынастар¬дың бірыңғай кағидаттары негізінде реттелген, өмір төжірибесінде пісіп-жетілдірілген тұтас қүқықтық құжат;
4) кодификациялық актілердің өте тұрақтылық, өзгеріске ұшырамайтын, ұзақ кезеңдерге есептелінген құқық қалыптарының берік құрылымын қамтамасыз етеді. Кодификациялық актінің тиімділігі заңгерлердің қоғамдық қатынастардың даму объективтік тенденциясын, оның реттегіш динамикасын есепке алуларынан байқалынады;
5) кодификацияның мәні, әдетте, зандар жүйесінің салаларға, институттарға бөлінуіне қарай анықталынады. Кодифика¬ция құқықтық қалыптық актілердің жүйесін, олардын заңдық бірлігін және үйлесімділігін нығайтады. Сөйтіп, кодификация¬лық акті баска қалыпты актілерден жоғары тұрады және олардың жүйесін басқарады;
6) ол сонымен катар, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге белгілі бір, кейде айтарлықтай елеулі өзгерісер және тек, ерекше ережелер де енгізеді, қолданылып жүрген заңдардың сапалы өңделген қорытындысына айналады;
7) кодификациялық акті өзінің көлемі жағынан өте маңызды, күрделі құрылымдардан тұрады, оның ішкі құрылымы белгілі бір жүйеге сай келеді.
Әдетте, заң әдебиеттерінде және практикада кодификация¬ның бірнеше түрін ажыратады. Оның біріншісі — жалпылама кодификация — заңдардың барлық салалары бойынша коди¬фикациялык актілердің блоктарын қабылдау, сөйтіп, ішкі жүйелілігі жағынан ірілендірілген актінің «кодекстердің кодексі» деп аталатын біріктіріліп, ықшамдалған түрін туғызу. Келесі түрі — салалық кодификация —зандардың белгілі бір салаларын (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік кодекстер жөне т.б.) қамтиды. Ақыры, арнайы (мамандандырылған) кодифи¬кация – белгілі бір құқықтық институттарды реттейтін актілерді шығару (салықтық, орман, кеден кодекстері және с.с.) және кешендік кодификация — кешенді қүқық салаларын не әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіру, әрине, біртектес қатынастарды реттейтін ірі сфераларды қамтиды.
Инкорпорация — қалыпты актілердің белгілі бір жүйе бойынша заң шығарушының баспа бетінде жариялаған мәліметтері. Заңдарды ретке келтіру төжірибесінде олардың түрлері көп өрі түрлі сыныптық негіздерге бөлінеді. Зандарды инкорпорациялау материалдардың орналасу реті; қалыпты матери-алдарды іріктеу мен өндеудің күрделілік дәрежесі бойынша түрлі нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қалыпты материалдарды қамту көлемі жөнінен инкорпо¬рация жалпылама және жекеленген болып бөлінеді.
Жалпылама инкорпорация деп мәні мен зандық күші бо¬йынша біртекті қалыпты – құқықтық актілерді ретке келтіруді ай
ІІІ ТАРАУ.Заң актлерін жүйелеудің ерекшеліктері
Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу – ықшамдау, ретке келтіру, оны бірыңғай ішкі үйлесімді жүйеге түсіру дегенді білдіреді. Бұл орайда жүйелеу кезінде қолданылып жүрген калыптарды ретке келтіру (күші жойылған жекелеген баптарды, тармақтарды, тармақшаларды, абзацтарды мәтіннен алып тастау және керісінше, оған кейінгі барлық өзгерісті, толықтыруды, осындай өзгерістер немесе толықтырулар енгізген актілер деректерін көрсете отырып енгізу; актіден қалыптық нұсқаулар жоқ бөліктерді алып тастау, мәтінінде мұндай бөліктердің болмау себептері туралы белгілер жасау; қалыпты актіге қол қойған адамдар туралы мөліметтерді алып тастау, қолданылып жүрген актілерді зандардың салалары бойынша болу ғана емес, заңдарды жаңарту (түрлі қодекстер, ережелер, жарғылар жөне т.б. жасау). Заңдарды жүйелеуді реттестіру, яғни заңдарды белгілі бір ретке келтіруге, қалыпты актілердің мазмұнын өзгертпей жиынтықтар мен жинақтар шығаруға және қолданылып жүрген құқық қалыбын белгілі бір мәселе бо¬йынша тиісінше қайта қараумен байланысты калыпты материалды тәртіптеуге, яғни кодификацияға бөлу заң әдебиетінде кеңінен мәлім әрі сырт кейпінде де қолданылып жүрген қалып¬ты реттеуді жинақтастырушы, сондай-ақ белгілі бір өзгеріс¬терді, яғни өзгерістер енгізілген қағидатты сипаттағы жаңа қалыпты актілерді басып шығаруды біллдіреді.
Заң актілерін жүйелеу құқықтық реттеуді одан әрі дамыту және жетілдіру, қоғамдық өмірдің қозғалысын, өзекті қажеттіліктерін оңтайлы да тиімді бейнелеу үшін керек. Қалыпты құқыктық актілерді іздеудің оңайлылығына, олармен халықтың қалың бұқарасының, қоғамдық белсенділердің таныс болуына қол жеткізуде, жұртшылықтың құқықтық санасын өрістетуде, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын пайдалануын және заңдық міндеттерін тиісінше орындауын, мемлекеттік аппараттың қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуде, сондай-ақ қалыпты құқықтық актілерді есепке алу үшін жүйелеудің маңызы зор. Сөйтіп, қалыпты құқықтық актілерді жүйелеу .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Құқықтың түсінігі | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
» Курстық жұмыс: Адам құқығы | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясы
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуы
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
» Курстық жұмыс: Құқықтың түсінігі | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
» Курстық жұмыс: Адам құқығы | Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясы
» Курстық жұмыс: Еңбек құқығы | Еңбекті қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуы
» Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық құқық қатынастары
Іздеп көріңіз: