Курстық жұмыс: Психология | ІС ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мазмұны
І. КіріспеІІ. Негізгі бөлім
1. Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
2. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
3.Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері
4. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Іс-әрекет категориясын талдаудың теориялық бағдарлары
Іс-әрекет категориясының мәні мен жалпы мазмұнын ашатын неғұрлым маңызды теориялық бағдарлар ретінде мына жағдайларды бөліп шығаруға болады.
1) Іс-әрекет категориясы адам болмысын сипаттайтын маңызды категория болып табылады. Бұл категориясыз адамның тұрмысын талдау мүмкін емес.
Іс-әрекет адам болмысын сипаттайды
2) Іс-әрекет ақиқатты қайта құратып белсенділіктің (адам мен қогамга топ) арнайы формасына жатады. Кең мағынада алганда "іс-әрекет" атауы "белсенділік" ұғымына баламалы ("асtіvіtу" — іс-әрекет, "асtіоn" — әрекет).
Іс-әрекет-белсенділіктің көрінуі мен формасы
3) Іс-әрекет категориясы тек қана психологиялық категория болмағандықтан, психологияда дәстүрлі ортақ қабылданган деп саналады. Ол психикалық бейнелеу, тұлга, сапа, қарым-қатынас сияқты категориялармен бірге базалық психологиялық категориялар сапатына кіреді. Б.Ф.Ломов психология ғылымының негізгі категориялары ретінде бейнелеу, іс-әрекет, тұлға және қарым-қатынасты қарастырды.
Іс-әрекет — психологиянын негізгі категориясы
4) Іс-әрекет категориясы психологияның негізгі категорияларымен өзара тығыз байланысты және олармен өзара әрекеттестікте болады. А.Н.Леонтьевтің көзқарастары бойынша, психикалық бейнеленуді түсіну іс-әрекеттің біртұтас жүйесінен тыс болуы мүмкін емес. Өзінің бірқатар зерттеулерінде ол психикалық бейнеленудің сезімдік-тәжірибелік іс-әрекеттің дамуында пайда болатынын, бейне (психикалық бейпелену) қашан да іс-әрекет жүйесінде маңызды орын алатынын және оның шығу тегі мен қызмет етуін іс-әрекеттен тыс түсінуге болмайтынын көрсетті.
Іс-әрекет категориясы мен психикалық бейнелену өзара байланысты
Б.Ф.Ломов зерттеулеріпде іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас категориясының өзара байланысы қадагаланады, сондай-ақ іс-әрекеттегі қарым-қатынастың негізгі қызметтері бөліп шығарылады. Ол қарым-қатынастың іс-әрекетте бірнеше қызмет атқаратынын көрсетті:
• қарым-қатынас іс-әрекеттің ұжымнан жеке-дараға өту жолындағы ауыспалы түрін құрайды;
• қарым-қатынас ұжымдық іс-әрекетке қатысады;
• қарым-қатынастың өзі адам іс-әрекетінің маңызды түрі болып табылады.
Іс-әрекет категориясы мен қарым-қатынас өзара байланысты
Іс-әрекет категориясы мен тұлғаның өзара байланысы бірқатар зерттеулерде ашылады.
А.В.Петровский зерттеулерінде тұлға іс-әрекет пен қарым-қатынаста жүзеге асатын, әлеуметтік қатынастар жүйесінің тұрақты субъектісі ретінде қарастырылады.
Б.Ф.Ломов психология ғылымы үшін базалық дәрежелерді қарастыра отырып: "психикалық құбылыстар іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде пайда болып, қалыптасып, дамиды. Алайда олар іс-әрекетке немесе қарым-қатынасқа да емес, олардың субъектісі — қоғамдық тұлғаға тән. Іс-әрекет пен қарым-қатынас өз бетінше ешқандай психикалық сапаларга ие болмайды да, өз бетінше тіршілік етпейді. Бірақ бұл қасиеттерге тұлга ие болады.
Сонымен, іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі тұлға мәселесімен "тұйықталады"... іс-әрекет пен қарым-қатынасты талдау арқылы (адам өмірлік іс-әрекетінің бәрін) психология тұлғаның психикалық бітімін, оның ішкі рухани әлемін ашады..." деп айрықша атап керсетті.
Іс-әрекет пен тұлга өзара байланысты
А.Н.Леонтьев сананың шығу тегін талдай отырып, оның психологиялық көп өлшемділігін іс-әрекет пен сана дәрежелерінің өзара байланысы арқылы көрсетеді. Оның пайымдауынша, субъектінің сыртқы және ішкі іс-әрекеті ақиқаттылықты психикалық бейнелеумен жанамаланып, реттеледі... Бізге тікелей ашылатын психикалық ақиқаттылық — бұл сананың субъективті әлемі.
Іс-әрекет категориясы мен сана өзара байланысты
5) Іс-әрекет категориясы психологияда екі әдіснамалық қызмет атқарады:
1 — іс-әрекет түсіндіруші қагида, ретінде;
2 — іс-әрекет зерттеу пәні ретінде.
Іс-әрекет бағытының нобайы мен негізі Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев зерттеулерінде салынды.
Психологиядағы іс-әрекет мәселенің түрлі қырларының ашылуы мен оның дербес психологиялық мәселесі ретінде бөлінуі берілген сызбада толық көрсетілген.
Іс-әрекет категориясының әдіснамалық қызметінің психиканың дамуын зерттеудегі негізгі бағыттарымен байланысы
Выготский Л. С.
Іс-әрекет түсіндіруші қағида ретінде Іс-әрекет зерттеу пәні ретінде
Іс-әрекет категориясының функциялары
2. Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясының негізгі идеялары іс-әрекет бағыты дамуының ағымы ретіндегі гылыми мұраларын талдау В.В.Давыдов, Л.С.Радзихов, Н.Ф.Талызина зерттеулерінде неғұрлым толық ұсынылған. Олар Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығында іс-әрекет басты орын алатынын және "...өзінің мәні бойынша бұл психологиялық теорияны іс-әрекет бағыты аясындағы толыққанды бағыт ретінде қарастыруға болатынын көрсетті". Олардың пікірінше, іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготскийдіц теориясының негізгі идеяларына мына жағдайларды жатқызуға болады:
1. Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;
2. Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;
3. Психикалық процестердің (олардың генезисі мен адамзаттың тарихи дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады. Психиканың іс-әрекеттік себептерінің тезисі Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығының негізгі түйіні болып табылады.
4. Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының нақтылануы. Іс-әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен психикалық қызмет (психологиялық құралдар болжамы) құрылымында ұқсастықтардың болуын жорамалдайды, яғни еңбек іс-әрекеті мән психикалық процесстер құрылымында принципті ұқсастықтар бар: "Еңбек
процесі — психологиялық процесстер", "еңбек құралдары — психологиялық құралдар" ұғымымен ұқсас.
5. Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы мен гонозисінле құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто және филогопез барысындағы жанамалау механизмі
ретінде түсіндіріледі. Себептендіру өткізгіштері — адамның тарихи іс-әрекетінің өнімдері, белгілік, коммуникациялық жүйе сияқты психологиялық құралдар болып табылалы.
Іс-әрекетте тарихи дамушы адам психикасының генезисі мен құрылымының лоторминациясы жанама сипатқа ие, белгілер — жанамалау механизмдерінің бірі.
Писхиканың психологиялық құрал = белгілер мен іс-әрекеттік себептендіруінің жанама сипаты
Психологиялық құрал белгілер = арқылы өтеді
(Психологиялық құралдар
еңбек кұралдарымен
ұқсастықта бөліп шығарылады)
Л.С.Выготскийлің бар күш-жігері іс-әрекет категориясы мен психологиялық теорияны түсіндіруші иринципі ретінде бекітуге, яғни іс-әрекеттіің бірінші әдіснамалық қызметін зерттеуге бағытталды.
Іс-әрекет дербес зерттеу пәні ретінде, яғни іс-әрекеттің екінші әдіснамалық қызметі ретінде Л.С.Выготскийдің шығармашылығында қойылғанымен, жетілдірілген жоқ.
Іс-әрекет бағыты дамуы бағдарларындағы
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары
көзқарастарындағы алшақтықтар
Жалпы психология ғылымындағы іс-әрекет бағытының дамуында екі бағдарды бөліп шығаруға болады.
Бірініші бағдар психика дамуының белгілік-рәміздік жүйесімен (Л.С.Выготский), екіншісі — психика дамуының іс-әрекеттік жүйесімен (Л.Н.Леоньтев, А.Р.Лурия т.б.) байланысты. Л.С.Выготский іс-әрекет бағытының негізін қалаушы бола отырып, өз зерттеулерінде іс-әрекеттің бірінші әдіснамалық қызметіне, дәлірек айтқанда, іс-әрекетті жалпы түсіндіруші принцип ретінде ерекше назар аударды. Ол өзінің жоғары психикалық қызметі туралы психологиялық теориясын адамның практикалық іс-әрекеті категориясын индивидуалдық категория ретінде пайдалана отырып жасап шығарады.
Бұл категорияларды "психологияландыру" мен "дараландыру" мәселесін шешуде және оны психологиялық зерттеу пәніне айналдыруда іс-әрекет бағытының негізін салушылардың бірі — Л.С.Выготский мен іс-әрекет мәселесінің басқа да көрнекті зерттеушілерінің, соның ішінде оның ізбасар шәкірттерінің көзқарастары алшақтады.
Л.С.Выготский психикалық қызмет генезисінің негізі болып табылатын психологиялық құрал немесе белгі идеясын дамыта отырып, адамзаттың тарихи дамушы заттық іс-әрекетінің "психологияландыру" құрал ретінде кез келген жоғары психикалық қызмет бастапқыда интерпсихологиялық, тек кейіннен интрапсихологиялық сипатта болады деген тезисті тұжырымдады. Онтогенездегі психикалық қызметтердің мәдени-тарихи (белгілер) жанамалануы арқасында төменгі психикалық қызметтер негізінде пайда болады.
Л.С.Выготский интерпсихикалықтың интрапсихологиялыққа айналу процесін қарастыра отырып, жоғары психикалық қызметтер генезисі мен адамдар қарым-қатынасындағы белгілерді пайдалану арасындағы байланысты негіздеді. Л.С.Выготский еңбектерінде негізінен белгі және белгілер жүйесі идеясы іс-әрекет түсіндіруші принцип ретінде қарастырылды.
Л.С.Выготскийдың шәкірттері А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия және т.б. психологиядағы іс-әрекет бағытын жетілдіре отырып, іс-әрекеттің екінші әдіснамалық, дәлірек айтқанда, іс-әрекет зерттеу пәні ретіндегі қызметіне ерекше назар аударды.
Олар да, Л.С.Выготский секілді, іс-әрекетті түсіндіруші жағынан көрді, алайда белгі және белгілер жүйесін іс-әрекет мәселесі аясында қарастырған жоқ. Іс-әрекетті зерттеу пәні ретінде қарастыруда А.Н.Леонтьев және т.б. жеке-дара іс-әрекет идеясын жасады. Мұнда іс-әрекеттің жеке-дара категория ретіндегі "психологияландыру" мәселесі шешілді.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет психологиясының концептуалды жүйесінде іс-әрекет адам психикасына әлеуметтік және тарихи бағыт тұрғысынан қарастырылады.
Психика дамуының іс-әрекеттік жүйесін жасай отырып, ол іс-әрекетті психикалық өмірдің негізгі процесі ретінде айқындап, оның құрылымы мен жалпы құрамы мәселелерін шешті.
3. Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері
XX ғасырдың басында Л.С.Выготский психологиядағы іс-әрекет бағытының нобанын белгіледі. Бұл кезде психотехниктер (еңбек психологиясының мамандары) еңбек іс-әрекеті түрлерінің профессиографиялық мазмұнын жетілдіріп, адамның еңбекке кәсіби жарамдылығы мәселелерін шешуге талпыныс жасады. Олар еңбекті еңбек іс-әрекеті ретінде қарастырды, бірақ олар бұдан психологияда жаңа пайда бола бастаған іс-әрекеттік бағытпен еш байланысты көрмейді.
XX ғасырдың ортасында С.Л.Рубинштейн психологиядағы субъектілік-іс-әрекеттік бағыт идеялар жүйесін ұсынып, дамытты. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасап шығарды.
Еңбек психологиясының мамандары Н.Д.Левитов, Ю.Б.Котелова, К.К.Платонов және басқалары еңбекті оның психологиялық компоненттері жағынан қарастыра бастады. Еңбектің кәсіби еңбек іс-әрекет ретіндегі индивидуалды тұлғалық және әлеуметтік тұлғалық мәселелері қозғалды. Адамның еңбекке, еңбектің адамға, еңбектегі тұлғаның тұлғаға бейімделу мәселелері қойылды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде Б.Ф.Ломов психологиядағы іс-әрекетті зерттеуде жүйелі әдіснаманы қолдану қажеттігін негіздеді. XX ғасырдың соңы іс-әрекет мәселесіндегі үш ғылыми мектептің маңызды үлесімен белгіленеді.
В.Д.Шадриков іс-әрекетті зерттеудегі жүйелік бағытты дамыта отырып, кәсіби іс-әрекеттің системогенезінің психологиялық теориясын жасайды және индивидуалды іс-әрекет пен қатынастар психологиясы мәселесін жаңаша қойды.
Психологиядағы субъектілі - іс-әрекеттік бағытты дамытушы А. В. Брушлинский іс-әрекет теориясын жасады. Мұнда әрекетке процесс ретінде, оның тұтастығына, субъектінің интегралдығы мен бірлігіне ерекше назар аударылды. Е.А.Климовтың іс-әрекет теориясын жасаудагы маңызды ғылыми үлесі еңбекке адам іс-әрекетінің әлеуметтік маңызды өнімі ретінде, адамға еңбек субъектісі ретінде бағытталды; еңбектің психологиялық белгілерін бөліп шығару және еңбекті жеке адамның кәсіби айқындалуы мәселелеріне байланысты жіктеу болып табылады.
Адамтану жүйесіндегі іс-әрекет бағытын Б.Г.Ананьев жасады. Ол адам іс-әрекетінің түрлерінің иерархиялық жүйесін айқындап, іс-әрекет субъектісі туралы бөлшектенген түсінікті енгізді. Оның ұйымдасуындағы тұлғалық және иидивидтік сипаттар арақатынасты "полярлы" және "молекулярлы" деңгейлерге бөледі. Психологиядағы іс-әрекет бағытына байланысты негізгі мәселелік жайттарды төмендегіше бөлуге болады:
• Іс-әрекет категориясының психологиядағы басқа да категориялармен өзарақатынасы.
• Іс-әрекет түрлерінің табиғаты мен арақатынасы.
• Іс-әрекет және шығармашылық, іс-әрекеттегі шығармашылық, іс-әрекеттің адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ашудағы ішкі байланысы.
• Жеке адамның іс-әрекетінің басталуы.
• Іс-әрекет және мінез-құлық.
• Іс-әрекеттен еңбек түрлерінің пайда болуы мен өсуі.
• Зерттеу мен практикалық тапсырмаларды шешуде іс-әрекет ұғымдарын пайдалану.
• Іс-әрекет бағыты нұсқауларын салыстырмалы талдау.
• Оқу іс-әрекет ретінде.
• Қарым-қатынас іс-әрекет ретінде.
• Жеке-дара және бірлескен іс-әрекет.
• Іс-әрекет және өмірлік іс-әрекет.
• Танымдық процестердің іс-әрекеттік табиғаты.
• Тұлғааралық қарым-қатынастың іс-әрекеттік жанамалануы.
• Іс-әрекеттегі биологиялық пен әлеуметтік арақатынас.
• Ойлау мен оқытуды компьютерлендіру мәселелеріне пайдалану үшін іс-әрекет бағытын жетілдіру.
Іс-әрекет бағытының дербес бағыты ретінде сана мен іс-әрекет бірлігі принципінің нақты эмпирикалық түрі аталады.
4. Іс-әрекет категориясының қазіргі теориялық психологиядағы орны
Іс-әрекет категориясы адамдар өмірінің спецификасын ажыратады, олар әлеуметтік және табиғи болмысты мақсатты түрде қайта өзгертеді. Сондай өзгертудің алғашқы түрі тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттық құрал-саймандардың өндірісі болып келеді, солардың арқасында адамдар заттарды жасайды. Заттық өндіріс (еңбек) әмбебап болады, өйткені соның негізінде кез келген құрал-саймандар мен заттарды жасай алады. Мұндай өндіріс тек өзара байланыстағы және катынастағы адамдар арқылы ғана жүзеге асады. Солардың жиынтығы адамдардың өндірістік немесе қоғамдық қатынастарын құрастырады. Заттық өндірістің және қоғамдық қатынастардың тарихи дамуы барысында рухани өндіріс пайда болды және салыстырмалы дербестікке ие болды. Бірақ осы еңбектің түрінде заттық өндірістің негізгі сапалары: оның әмбебап — қайта құру және қоғамдық сипаты сақталады.
Еңбек процесі оның өнімін күні бұрын көріп білуді мүмкін ететін адамның идеалды (немесе образдарымен) елестерімен тығыз байланысты болады. Нақты заттың өндірісін болжайтын адам іс-әрекетінің сол бір жағын құрал ретінде бекітетін елестер, ішкі бейне, қажеттілік және мақсат сияқты, өзінің сыртқы ерекшелігінде идеалды ұғыммен біріккен бола алады.
Адамның іс-әрекеті саналы, "Сапа" ұғымының мазмұнын ашу үшін адам іс-әрекетінің қоғамдық сипатын және оның идеалды түрінде өмір сүруін ескеруі қажет. К.Маркстің айтуы бойынша, адам өзін қоғамдық, тайпалық жаратылыс түрінде сезінгенде, іс-әрекет тікелей ұжымдық түрінде де, жеке-дара түрінде де бола алады. Бірақ іс-әрекеттің қоғамдық, рулық жалпыға бірдейлігі жеке даралықта, оның үлгілі тіршілігінің арқасында мүмкін болады. "...Егер адам, — деп жазады Маркс, — бір ерекше дара болса және оның ерекшелігі одан нағыз даралықты және нағыз қоғамдық дара жаратылысты жасаса, онда ол қогамның сонымен қатар сол өлшемде ойланарлық және сезілетін тоталдылық, идеалды тотальдық та, субъективті өзі үшін — болмыс ..."'. Даралыққа оның нақты қоғамдық болмысының идеалды, субъективті елестетуі (оның рулық іс-әрекеті және сонымен байланысты қоғамдық қатынастар) оның санасы болып келеді.
Сонымен, марксистік-лениндік философияда іс-әрекет адамдардың қоғамдық болмысының ерекшелігін анықтайтын бастапқы категория болып келеді. Сонымен қатар іс-әрекеттің орындалуы ішіне идеалды мен сананың енгенін болжайды. Соның арқасында іс-әрекетті, идеалды және сананы зерттеу олардың біртұтастығында, бір-бірінен ажырамастығында — іс-әрекеттің маңызын объективті процесс ретінде қоғамдық адамның табиғи және әлеуметтік ақиқатты әмбебап өзгерту жағдайында қарастыру керек.
Іс-әрекетті философиялық түсіну барлық кеңестік психология гылымының негізін қалаған іс-әрекеттің психологиялық теорияларында айқындалған. Қазіргі кезде әр түрлі іс-әрекеттің психологиялық теориялары батыс елдерінде де пайда бола бастады (мысалы, батыс берлиндік психолог К.Хольцкамп).
Сонымен, бірге біздің психологиямызда іс-әрекет категориясына байланысты марксистік-лениндік идеялардың бай қоймасы, сондай-ақ іс-әрекет проблемасына арналған қазіргі заманғы философиялық жұмыстар нәтижелері осы уақытқа дейін жеткіліксіз қолданылады. Бұл адам іс-әрекеті мен санасының тәжірибелік психологиялық зерттеулерінің нығаюына, сонымен қатар лайықты психологиялық теорияның онан әрі дамуына бөгет жасайды. Мұның өзі, біздің пікіріміз бойынша, қазіргі теориялық психологияда іс-әрекет ұғымының рөлі мен орнын дұрыс бағалаудан алыс тұрған кейбір бұл көзқарастардың пайда болуына ықпал етеді.
Іс-әрекет категориясы диалектикалық-материалистік психологияның берік ұғымдарының біреуі ғана болған жоқ, оның басты және негізгі ұғымы, оның жалпылама "жасушасы" болды. Егер бұл бастапқы ұғымды айқындаса, онда іс-әрекеттің, сананың және адам тұлғасының даму психологиялық теориясын кеңінен құруға болады. Бұл ғылыми теорияларды құру монистік талапқа сай болады, сол бойынша жалғыз негізде — жалпыға бірдей бір ұғым негізінде өрістеуі тиіс. Адам болмысының негізі — адамның іс-әрекеті. Оның алғашқы түрі, әрқашан қоғамдық қатынастар жиынтығының ішінде жүзеге асатын, құрал-саймандардың өндірісі болып келеді. Сондықтан ғылымда солардың шектеулерінде алынған және алдымен адамдардың лайықты қоғамдық қатынастармен безендірілген заттық-өндірістік іс-әрекетін қарастыру керек. Адамдардың өмірін зерттеуде алдын ала олардың мазмұнын ашып алмай, бірден өндірістік қатынастарынан бастауға болмайды.
Соңғы кездерде біздің психологиямызда іс-әрекет және қарым-қатынас категорияларының арақатынасы туралы мәселе талқылануда. Б.Ф.Ломов мына жайларды тұжырымдайды: "Қарым-қатынас — ол, маңызды іс-әрекеттен еш кем емес, адам өмірінің сол бір жағы" және одан әрі:
"...бұлардың ешбірі (осы категориялар — ВД.) психология үшін ерекше маңызды, пәннің негізін айқындаушы болып келмейді". Бұл екі жайтпен келісуге болмайды. Біріншілеп, іс-әрекет оның диалектикалық-материалистік түсінуінде адамдардың бүкіл қоғамдық өмірінің негізі болып келеді. Ал қарым-қатынас олардың қоғамдық қатынастарының процестік көрінісі ретінде іс-әрекеттің мазмұнын тек белгілі шектерде безендіреді. Абстрактіні нақтыға шығару принципі бойынша іс-әрекет сол арқылы қарым-қатынас
категориясынан анағұрлым маңызды болып келеді. Екіншіден, осы көзқарас бойынша, іс-әрекет категориясы психологияда ерекше болып келеді, себебі кейбір "жасуша" сияқты оның зерттеу пәнін нақ сол ғана (әрине, іс-әрекетке келгенде психологиялық әдіс-амалды есепке ала отырып) анықтайды.
Сонымен қатар, іс-әрекеттік әдіс-амал (басқаша айтқанда, іс-әрекет принципі) біздің психологиямыздың елеулі түрде тоқтатып тұр деген пікір айтылады. Себебі, ол әрекеттің мақсат пен нәтижесінің сәйкестігін бекітеді және сол уақытта шығармашылық барысында олардың сәйкес келмеуі байқалады. Шығармашылық жүзеге асатын қарым-қатынасты зерттеу кезінде іс-әрекеттік әдіс-амал өзінің сәйкестілігін толық жогалтадымыс.
Іс-әрекет ұғымының адам психологиясының барлық ұғымдарына негіз болатын ұғымға айналуы оның абсолюттенуін білдірмейді. Біріншіден, ол тек басқа психологиялық ұғымдарды шығару кезінде (ең алдымен, идеалды, сана, қарым-қатынас ұғымдары) оны айқындау процесінің барысында теориялық аспап ретінде бола алады. Екіншіден, оның өзін жануарлар әлемінде бар болатын, белгілі алғышарттар негізінде ашу қажет (олар жануарлардың мінез-құлқы және психикасы болып келеді). Және сонымен бірге қайта айту керек болатыны, іс-әрекет ұғымын басқа психологиялық ұгымдармен тең қоюга болмайды, себебі ол солардың арасында бастапқы, бірінші және басты болуы тиісті. Оның негізінде нақты мәліметтерді теориялық жетілдіру барысында басқа ұғымдарды алып шығу керек.
Сондықтан қазіргі психологияда іс-әрекет ұғымының алатын орны туралы мәселе оның нағыз монистік теория болуы немесе эмпиризмдік және нақты материалдарды эклектикалық түрде жүйелендіру болу туралы мәселе болып келеді.
Қазіргі кезде психологияда адам іс-әрекетінің мазмұны және құрылымы туралы көптеген нәрселер белгілі: мысалы, бұл А.Н.Леонтьевке өрістеген теорияны жасауға мүмкіншілік берді. Сөйтіп, ол заттылық принцип психологиялық іс-әрекет теориясының түйіні болып болып келеді деген ережені негіздеді. Сонда зат, сол түсінік бойынша, өзімен-өзі бар болатын және тек субъектіге әсер етуші бір объекті сияқты емес, ол субъектінің әрекеті бағытталған, қайсына оның белгілі қатысы болатын және объектіден сыртқы немесе ішкі әрекетті жүзеге асыруы кезінде оны өзгертудің барысында бөлініп шыгады.
Іс-әрекеттің заттық детерминациясы оның ерекше сапасы арқылы — қайта өзгертілген объективті әлемнің қасиеттері мен қатынастарына сәйкестелуі арқасында мүмкін болады. Ұқсату қызметін орындайтын лайықты объектілердің бейнелерін салатын іздеу-сынау субъектінің әрекеті. Алғашқыда іс-әрекет затпенен детерминацияланады, ал содан соң ол оның образымен өз өнімі сияқты жанамаланады және реттеледі.
А.Н.Леонтьевтің жұмыстарында кеңінен іс-әрекеттің қажеттілік → түрткі → мақсат → мақсатқа жету шарттары (мақсат пен шарттардың бірлігі міндетті құрайды) ұғымдарынан тұратын психологиялық құрылымы көрсетілген. Белгілі шарттарда мақсатқа жетуді (немесе есепті шешуді) әрекеттерді орындау арқылы адам жүзеге асырады (әрекеттің өзі есептің шарттарына лайықты операциялардан тұрады). Тұтас іс:әрекет өзі жүзеге асуы барысында үнемі өзгеріп тұрады, трансформацияланады, сол жағдайда, мысалы әрекәт оның мақсатын өзгерткенде, операция болып қала алады және т.с.с.
Өзінің көп қырлы өмірінде адам бір-бірінен өзіндік пәндік мазмұны менен ерекшеленетін көптеген нақты іс-әрекеттерді орындайды. Басқаша айтқанда, іс-әрекеттің әр түрінің өз қажеттіліктерінің, түрткілерінің, ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Психология | ІС ӘРЕКЕТ ЖАЙЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
» Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясы
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу
» Курстық жұмыс: Психология | Баланың жеке тұлғасы
» Курстық жұмыс: Психология | ІС ӘРЕКЕТ ЖАЙЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ
» Курстық жұмыс: Психология | Тұлға мәселесін теориялық тұрғыдан шолу
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясы
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің сете сақтау процесінің дамуын зерттеу
» Курстық жұмыс: Психология | Баланың жеке тұлғасы
Іздеп көріңіз: