Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс типтері

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік баланс типтері

Мазмұны
Кіріспе................................................................................................................3
I – бөлім. Бухгалтерлік баланс. Оның құрылымы мен мазмұны.......................5
1.1. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері......................5
1.2. Бухгалтерлік баланс түрлері.............................................................................15
II – бөлім. Бухгалтерлік баланс типтері. Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп.......................................21
2.1. Бухгалтерлік баланс типтері...........................................................................21
2.2.Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп........................................................................................................................23
Қорытынды.....................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................34
Қосымшалар.....................................................................................................35

Кіріспе.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі – жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-Елбасшымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.» деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің курсттық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді яғни бухгалтерлік теңдіктің дұрыс орындалуына барынша үлесімді қосып, сол тақырыпты кең көлемде ашып бергім келіп тұр.
Бұл тақырыпты мақсаты:
• бухгатерлік баланстың тепе-теңдік принциптің, мұның қалыптасуы мен құрылымын және жекелеген баланс элементтеріне түсінік беру;
• активтер, пассивтер ұғымына түсінік беріп, баланс көрсеткіштерінің типтік өзгерістерге түсетіндігін дәлелдеу;
• бухгалтерлік балансты құрайтын жекелеген элементтерге терминологиялық тұрғыда түсінік беріп, бұлардың экономикалық маңызын ашу.
Баланс – бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын тәсілдегі элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екіншісі – «Меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады. Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы , қолданылуы, ал екінші бөлімінде – «Меншікті капитал және міндеттемелер» (МКМ), яғни қаражаттың пайда болуы көздерімен мақсатты белгіеуі көрсетіледі.
Актив МКМ
1.Ұзақ мерзімді активтер
1. Материалдық емес активтер
2. Негізгі құралдар
3. Ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек
4. Инвестициялар
2.Ағымдағы активтер
1. Тауарлық-материалық қорлар (материалдар, дайын өнім, тауарар)
2. Ақшалай қаражаттар (касса, есепшот, валютаық шот)
3. Дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу)
4. Қаржылық инвестициялар
5. Келешек кезең шығындары
1.Меншікті капитал
1. Жарғы капитал
2. Резервтік капитал
3. Қосымша төленген капитал
4. Қосымша төленбеген капитал
5. Төленбеген табыс (жабылмаған шыығын)
2.Ұзақ мерзімдік міндеттемелер
1. Ұзақ мерзімді қарыздар
2. Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
3. Салықтар
3.Ағымдық міндеттемелер
1. Қысқа мерзімдік қарыздар
2. Бюджетпен есептесулер
3. Алынған аванстар
4. Жалақы бойынша есептесулер
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер
МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады.
Салытыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көреткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер МКМ (пассивтерінде ) тең болуы тиіс. Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар – жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсібір сәтіне ғана (заңнамаға сәйкес – есепті жылдың 31-желтоқсанында) анықтауға болады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын мынандай теңдеуді пайдаланып, есептеп шығаруға болады:
Активтер =міндеттемелер+меншікті капитал.
Бухгалтерлік есептің халықаралық жүйесінде бұл теңдеу баланстық теңдеу деп аталады. Оның екі бөлігіде өзара тең болуы тиіс.
1-бөлім. Бухгалтерлік баланс. Оның құрылымы мен мазмұны.
1.1. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері.
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің теориялық негізін қалайтын әдіснамалардан түрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық қүрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қатынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық төория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалык ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.
Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және қүрамдас сабақтастықтан түрады:
1. Екі жақтылық
2.Бухгалтерлік есеп счеттары
3.Бухгалтерлік баланс
Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (түрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылык операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп - әрбір үйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.
Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл
Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол «статмография»
үғымын енгізген. Грек тілінде «статмо» - баланс, «графия» - жазып
талдау деген үғым береді.
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.
Бухгалтерлік баланс - үйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті түрғысынан капитал әрқашан да нактылык мақсатта, қүндык маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың пассивіндегі көздер міндеттемелер түрінде мақсаттық сипатта болып, қүқықтық қатынастарды қүрайды. Пассивтік көздер қүқықтық қатынастардың пайда болуы мен себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды.
Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы үйымның мүліктерін таратып алу емес, ақшаны ақшага айналдырып табыс алу болып табылады. Мүндаймақсаттар мен себептер негізінде ұйымдар мүмкіндігін (активтерін) екі түрге: құқықтық мүліктерге (таза активтер) және мүліктік міндеттемелерге бөліп қараған жөн. Бүдан таза активтер және шартты активтер үғымы туындайды.
Үйымдарды ең әуелгі бастапқы кезеңде үйымдастыру үшін активті қаражаттар қалыптастырудың көздері қарастырылады. Белгілі көлемде қаржы көздері табылмаған жағдайда, үйымдардағы бухгалтерлік баланс инвестицияланған капиталдың шеңберлі айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай бағалап отыруды мақсат түтады.
Инвестицияланған капитал кәсіпкерлік әрекеттің негізін қүрап, осы кәсіпкерліктің (үйымның) қүрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады.
Егер, біздер екі жақтылық дүниені пәлсафалық категория түрінде қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есепке тән қор көздерін - «базис», ал активті қаражаттарды - «қондырма» деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» үғымын базистік түрақтылық, ал «графия» үғымын қозғалыстағы қондырма деп қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есеп дүниесіндегі екі жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді.
Активтерді қозғалыстағы қондырма категориясына тән деп қараған жағдайда капитал айналысының мақсаты есепті жылы алынған қаржылық қорытындының өсу қарқынымен өлшенеді. Қаржылық қорытындының өсу қарқыны жылдан-жылға көбейген жағдайда капиталды қайта инвестициялау, мүның көлемін арттырып отыру мүмкіндігі туындайды. Осы айтылғандарға байланысты капиталдың шеңберлі айналысы есебін жүргізіп, жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың әдіснамалық функциялары (қасиеті) өте зор. Сонымен қатар бухгалтерлік баланстағы жинақталған көрсеткіштер мен ақпараттар негізінде қаржылық қорытынды есеп жасап, капитал қозғалысын бағалау мен талдауға болады.
Бухгалтерлік балансты экономикалық, қаржылық, қүқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мүның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын үйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мүның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жүмыстарының әдіснамасы деп қараған да жөн.
Ал енді, екіжақтылық принцип жөніндегі ұғымды кең көлемде ашып өтсек.
Нарықтық қатынастар мен жеке меншіктік жағдайына кез келген заңды және жеке тұлғалар өзінің бизнесін ашып, белгілі бір мақсаттағы кәсіптік құрылымдар құруына құқылы. Бизнес пен кәсіпкерліктің түпкі мақсаты – халықтың (отандық, шетелдік) сұранысы мен тұтынысына жауап берерлік, базарлы сауда жүйесінде бәсекеге түсерлік сапалы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, жұмыстар орындап, табыс табу болып табылады.
Айталық Асан атты азамат өзінің жылдар бойы жинаған 950,0 мың теңге ақшасын жаңадан ашқан «Асан жҮ» компаниясына салып, бұл компанияны тиісті орындарда заңды түре тіркеуден өткізді. Яғни санның сандығынағы (қалтасындағы) 950,0 мың теңге банктегі Асан ашқан, заңды тұлға болып танылған «Асан жҮ» компаниясының есеп шотына құйылды. Ең бірінші операция басталды деп есептелік. Біздер бұл операцияның негізінде меншікті капиталдың қалыптаса бастагандығын, мұның негізінде Асан, осы кұрылган «Асан жК» компаниясынан акция (кұжат) алатындыгьн және Асанның акционер екендігін түсіндік. «Асан жУ» компаниясыньң банктегі есеп шотына кұйылған 950,0 мың теңге ақша қаражаты - «актив» болып танылады да, берілген акцияның негізіндегі меншікті капитал 950,0 мың теңге міндеттемелер «пассив» болып танылады.
Ендігі жерде «Асан жУ» компаниясы 950,0 мың теңгенің активт1к каражатына ие болып, бұл каражаттың кезі меншікті капитал екендігіне сендік. Осы екі үрдіс әрқашанда тепе-теңдікте болуы керек Нақты ақша - 950,0 мың теңге – меншікті капиталга ягни 950,0 мың теңгеге теңестірілді.Сонымен «Асан жУ» компаниясының қызметіндегі 6ipiнiui операцияға сай eкi жақтылық принцип пайда болып, операцияның маңызы бухгалтерлік есептің eкi счетына жазылды. Ең 6ipiншi операцияның экономикалық маңызына карай «Асан жУ» компаниясы Асанга 950,0 мың теңге карыз болды. Есеп жүргізу ережесіне карай Асанның жеке меншігінде болган ақшаны инвестицияланған капитал деп атаймыз. Немесе активті каражат Асаннан «Асан жУ» компаниясына өтті. «Асан жУ». компаниясы Асанның салған 950,0 мың теңгесін табыс тауып, пайда түсірудің негізінде кайтарып беру міндеттемесін қабылдады. Нолден бастап жаңадан кұрылган «Асан жК» компаниясына Асанның салған ақшасы - меншік иесінің осы компанияга билік жүргізушінің, ягни осы компанияны қаржыландырушының ақшасы болып табылады. Бұл каражаттың дұрыс жене тиімді жұмсалуы, қайда, калай жұмсалуы бакылау мен тексеру үрдісінде болуы кажет. Мұндай жұмыстарды «Асан жУ» компаниясына тағайындалған бухгалтер орындауға тиісті.
Ендігі жерде жоғарыда келтірілген операциялар маңызын түсінсек, онда меншік иесінің, ягни Асанның қаржыландырган сомасын неге инвестицияланған (келтірілген) капитал немесе қабылданған міндеттеме деп айтқанымызға жауап 6epin көрелік.
Біріншіден, меншік иeci өзінің салған (бастапқыда құйған) ақшасын қайтарып алғысы келеді.
Екіншіден, бизнес жүргізудің, оны басқарудың тәртібін акционерлер белгілейді. Акционерлер осы компанияга билік жүрпзіп, тапсырмалар береді, салған ақшасын қайтарып алуды мақсат тұтады.
Сонымен, «Асан ж К» компаниясы 950,0 мың теңгенің активін ала отырып, Асанньң алдында 950,0 мың теңгеге міндеттеме қабылдап, бұл міндеттемені Асанның инвестициялаған капиталы деп атайды. Яғни 950,0 мьң теңге Асан жағынан қарағанда -инвестиция, ал «Асан ж К» компаниясы тұрысынан қарағанда –міндеттеме екендігін түсіндік. Егер ақша тұрғысынан қарағанда Асанның ақшасы акцияға айырбасталып, ақшаның айырбасқа түсетін қасиеті орындалды. Ақшаның иeci ақшаны ез қалауы бойынша санаға сиярлық жолдармен ұтымды жұмсауы керек. Еңбекпен табылған ақша сенімді жерде сақталып, алдағы уақытта өз иесінің мұқтажын өтейді.
Айтылғандарға сүйене отырып, біздер:
Активтер қарапайым екіжақтылық теңеудің сол жағында (сол жаққа), ал меншікті капитал оң жағында (оң жаққа) орналасатындығын түсіндік. Бұл теңдік бухгалтерлік есепке тән болғандықтан, мұның өзін екіжақтылық принциптің бастапқы кезеңдегі қалыптасуы деп атаймыз. Бұдан біздер, активтердің жалпы сомасы әрқашанда меншікті капитал сомасымен тепе-теңдікте болатындығын 6ІЛДІК. Яғни активтер мен меншікті капитал өрісіндегі қозғалыстардың барлық сомасы тепе-теңдік жағдайда сақталуы керек. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мыңдаган жылдардан 6epi қалыптасқан ережесіне сай активтер мен меншікті капитал сомасының тепе-теңдік - баланс деп аталады. Сондықтан бухгалтерлік баланстың сол жағында керсетілетін 950,0 мың теңге активті ресурстар ретінде танылып, бұл соманың кездері меншікті капитал - 950,0 мың теңгеге тең болатындығын тағы да есте сақтау керек. Баланстық тепе-теңдік әрқашанда сақталып, активтер баланстың сол жағында, ал пассивтер баланстың оң жағында орналасатындығын 6iз екіжақтылық принцип деп атаймыз.
Бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан eкi жақтылық қағидаға сай, кез келген шаруашылық операциялары балансқа жазылатындығын ешқашанда естен шығармау керек.
Шаруашылық операциялары (факттер) деп - ақшаның, тауарлардың, көрсетілген қызметтердің құны жағынан эквиваленттік айырбасқа түсуін айтады. Орындалған операциялар негізінде «ненің қайдан келіп», «қайдан кеткендігін» білеміз. ¥йымдардың экономикалық қызметінде күнделікті орындалған операциялар немесе шаруашылық әрекетке түскен фактілер бухгалтерлік есеп счеттары арқылы тіркеледі. Демек, кез келген шаруашылық операцияларының мазмұны екіжакты жазуды талап етеді.
Сонымен, жоғарыда аты аталған «Асан жК» компаниясы шаруашылық операцияларын жүргізе бастады деп есептелік. Алайда, «Асан жК» компаниясы осы компанияны ары қарай ұлгайту жөніндегі бизнес-жоспарын жасай келіп, бастапқы 950,0 мың теңге каражаттың жеткіліксіз екендігін түсінді. Ендігі жерде, «Асан жК» компаниясы бұл компанияның үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті қаржыландыру кездерін іздей бастайды. Қосымша каржы кезін банктерден несие алу арқылы толтыруға болатындығын Асан (компанияның қожайыны) біледі. Заңды мүмкіндікті пайдалана отырып, Асан өзінің «Асан жК» компаниясына қосымша, 900,0 мың теңге банктен несие алды. Кез келген банк өзінің берген несиесінің үстіне пайыздық үстеме қойып беретіндігі бегілі. «Асан жК» компаниясының шаруашылық жүргізу өрісінде банктен несие алуға байланысты екінші операция орындалды. Банктен алынган 900,0 мың теңге несие бухгалтерлік есептің тиісті счеттарына eкіжактылық принциппен жазылады. Мұның негізінде «Асан жК» компаниясының ақша қаражаты 900,0 мың теңгеге өciп, сонымен 6ipre банк алдындағы міндеттеме сомасы да кебейді. Баланстық мәліметте «Банктер несиесі» деген бап пайда болды. «Банктер несиесі» «Асан жК» компаниясының балансында агымдағы міндеттемелер болып танылады.
Енді «Асан жК» компаниясының күзырында: 950,0 мың теңге капиталга + 900,0 мың теңге міндеттемелер қосылып, «Асан жК» компаниясының активті ақша қаражатының сомасы 1850,0 мың теңгені кұрады. Яғни «Асан жК» компаниясының бухгалтері қанша көлемдегі ақшаның қайдан түскендігін, (кездерін) 'бұл ақшаның қандай жолдармен тиімді жүмсалатындығын (активтерді) білетін болды. Осы мысалдардан көріп тұрғандай, әрбір шаруашылык операцияларының маңызы сомалары баланстык теңдікке түсіп, үйымдар мен т.б. қүрылымдардағы активтер мен бүлардың көздері әрқашан баланстық теңдікке сай келетіндігін білдік. Яғни, Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер теңдеуі әркашанда сақталуы керек.
Нарықтық қатынастар өрісінде, кәсіпкерлікті іске асыруда, бизнестік жүйені тиімді жүргізуде, аралық экономикалық қатынастарды дүрыс бағытқа салу мен шешуде екіжаққа да үтымды жасалған шаруашылық операциялары арқылы бухгалтерлік есеп жүйесі қалыптасады.
Кез келген үйымның қалыпты жағдайда өз қызметін іске асыруы үшін белгілі бір көлемде қаражат керек екендігін айттық. Үйымның өнім өндіріп, қызмет көрсетуі үшін, басқаларға жүмыстар орындап беруі үшін белгілі сыртқы түлғалардан алынған қаражаттарын бухгалтерлік есеп тілінде - активтер деп атадық. Егер активтердің белгілі бір бөлігін меншік иесі өз қалтасынан, өзінің жинаған ақшасынан осы үйымға (компанияға) салса, онда мүндай активтер көзін меншікті капитал деп атадық. Меншік иесі тек бір ғана түлға болып танылып, ақша қаражаты, тек меншік иесінің қалтасынан ғана қалыптасқан жағдайда, мына қарапайым теңдеу туындайды: Активтер = Меншікті капитал.
Егер активтердің белгілі бір бөлігі меншік иесі болып танылмаған (меншік иесіне жатпайтын) сыртқы түлғалардан қалыптасса, онда мүндай қаражат көздерін міндеттемелер деп атадық. Яғни осы үйымның басқалардан уақытша алған қарызы активтер сомасын көбейтіп отыратындығын, мүндай қарыздар түбінде қайтарылатындығын міндеттемелер деп таныдық5 Сонымен катар жоғарыда айтылған баланстык теңдеуден активтер (сол жағы) және меншікті капитал мен міндеттемелер (оң жағы) сомасы бірдей болатындығы бухгалтерлік есептегі екі жақтылық принципке тән екендігін білдік.
Яғни активтер үйымның меншігіндегі қаражаттарды көрсетсе, капитал және міндеттемелер кімнің қанша көлемде осы үйымға салған қаражаттарының көздерін көрсетеді. Теңдеудің екі жағындағы сомалар жинағы бірдей болатындығын екіжақтылық принциппен тағы да дәлелдедік....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Бухгалтерлік баланс типтері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]