Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық

Курстық жұмыс: Тарих | Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
І тарау. І Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай
1.1.Соғысқа қатысушылардың көздеген мақсаттары.......................................5
1.2.Соғыстың сәтсіздіктері.................................................................................9
1.3.Дипломатиялық күрес.................................................................................12
ІІ тарау. Соғысушы державалардың саяси
қарым-қатынастары мен соғыс барысы.
2.1.Соғысушы державалардың ішкі жағдайы.................................................16
2.2.Ресейдегі революция және соғысқа АҚШ-тың кіруі...............................20
2.3.Ішкі қарама-қайшылықтың шиеленісуі.....................................................22
2.4.Төрттік одақтың жеңілуі.............................................................................25
Қорытынды......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................29

Кіріспе
Дүние жүзін қайта бөліске салу жолында «Үштік одақ » пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан туындаған соғыс.ХІХ ғ. аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшін бәсеке күшейе түсті. 1879 ж. Германия австрия-Венгриямен соғыс одағын жасасты,бұған 1882 жылы Италия қосылып, «Үштік одақ» құрылды. Алайда, 1914жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейін өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. «Үштік одаққа» Осман империясы мен Балгария қосылды. Оған қарсы 1907 жылы Англия, Франция мен Ресейдің коалициясы – Антанта құрылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде Сербия, Бельгия, Жапония, Италия, Румынья, Португалия, АҚШ, Грекия Қытай мен Латын Америкасының бірқатар елдері Антанта елдерімен одақтасты. 1914 ж. 15маусымда Сараевода серб ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты өлтірді.Бұл оқиға халықаралық жағдайды шиеленістіріп жіберді. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен кейін Австрия-Венгрия Сербияға 24 сағаттың ішінде орындалуы талап етілген ультиматум тапсырып, қанағатанарлық жауап ала алмаған соң, дипломатиялық қатынасын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары алдындағы міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия Сербияға 15 шілдеде соғыс жариялады. Германияның бейтарап саясат ұстану жөніндегі Франция мен Ресейге қойған ультиматумы халықаралық жағдайды ұшықтырып жіберді. Германия 19 шілдеде Ресейге, 21 шілдеде Францияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары-Австралия,Канада, Жаңа зеландия және Оңтүстік Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың 38 мемлекеттері тартылды. Бірінші дүние жүзілік соғыс ең алдымен аталған державалардың экономикалық мүделерімен, аграрлы елдердің шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін таласы мен және отарлық үстемдікке ұмтылумен сипатталады. Ұлыбритания мен Франция Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса, Германия дүние жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты.
І тарау.Соғыс қарсаңындағы саяси жағдай.
1.1.Соғысқа қатысушылардың көздеген мақсаттары
Еуропалық ұлы державалар мүдделерінің кақтығысы бірінші дүниежүзілік соғысқа себеп болды. Топтардың билеушілері бұл мүдделілікті тұжырымдай келіп, қаржылық олигархияға ұмтылған халықтың қажеттілігін қанағаттандырумен байланыстырды. Парижде 1871 жылы болған арнайы келісім барысында жоғалған территория қайтарылмай және керек десе Рейн шекрасына орналастыру француз халқының қажеттілігін қанағаттандыра алмайды деп сендірді, оның амбициясы құрылықта жетекші роль ойнап тұрған кезде бұл одан әрі күшейді. Лондонда Германияны негізгі бәсекелестіктен алып тастамайынша Ұлыбритания халқының өмірлік қажеттіліктері қанағаттандырылуы мүмкін еместігі дәлелденді. Петербург және Мәскеуде ол қабылданды, германдық бәсекелестік секілді қиылыспайынша, славяндарды Австрия-Венгриядан қорғау және Балканға үстемдігін кеңейтуді, Қаратеңіз бұғазын қосқанда Ресей өркендей алмады. Берлинде неміс халқының қажеттіліктерін қанағаттандыруды Ұлыбритания мен Францияны алумен байланыстырылды. Вена мен Будапеште арнайы насихат халықты Австрия-Венгрия Балкандағы панславяндық ошақгарды және оның басты тірегі Ресейді жаулап алмайынша еркін өмір сүре алмайды деп сендірді.
Бұл мақсаттар әрбір билеуші таптарда неғүрлым шешімді болса, соғұрлым олар халықты көп топтастырады және ішкі орталықтан тепкіш күшті жоюды, социалистік және ұлттық оппозицияны тұншықтыруды ойлады.
Қарсыластардың негізгі ошағы Еуропада болды, дегенмен әрбір ұлы державалардың басқарушы топтары өз қарсыластары есебінен теңіздегі биліктерін үлғайтып отырды және Таяу Шығыс, Қытай, Африка елдеріне ықпал ету мүдделерін кеңейту болды. Соғыс уақытында олар дүниежүзін қайта беліске салу жоспарын жасады.
Ұлы державалардың басқарушы топтары соғыстың әртүрлі мақсаттарын жүргізе отырып, өз еліндегі халыктың назарына шағымданды, бірақ оларды империялық мақсатта олигархия және династия бағындырды. Осы мақсаттарды орындау үшін олар, шиеленістің бейбіт құралдарын аяқтамай, картаға миллиондаған халықгың өмірін және жақсы өмірін қоя отырып соғысты алаяқгық жолмен шешті, тек өзінің өмірін сақгап калуға тырысқан әділетті соғыс Бельгия және Сербия жағынан болды.
Еуропалық әрбір елдердің тұрғындарының көпшілігі мемлекетті жалпы халықтың мүддесін қорғаушы деп білді, өзінің шын қажеттілігін олигархия ұмтылысынан айырмаған, өздерін қанағаттандыру жолында билеуші тап ұсынғаннан басқа өзіндік жолдары болмады. Халықтың бір бөлігі ұлтшылдық және керек десе шовинизммен зақымданды. Әрине, көпшілігі державалар мақсатына соғыссыз қол жетпейді дегенге күдікпен қарады және соғысты қаламады. Бірақ билеуші топтар оларды өз жақгарына бейімдеді, соғыстың түйінін шешу жауапкершілігін қарсыластарына аудара салып және оған қарсы бұлыңғыр белгілерді алға қойды: Германия-милитаризм, Франция-реваншизмді, Ұлыбритания-гегомонизм және зұлымдық, Ресей патшалық кертартпалық, Австрия-Венгрия славяндарды қанау.
Бұған пацефистер де, социалистер де кедергі бола алмады. Олардың соғысқа қарсы ұраны ұлттық көтерілістерді және шовинистік елдердің толқынында көрінбей қалып отырды. Оның көпшілік жетекшілері халық аралық қарулы күштер арасындағы келіспеушіліктің дәлелді біреуін, шын мақсаттар мен басқарушы топтардың амбициясын ажырата алмады. Интернационалды пролетариат ынтымақгастығына қарағанда, ұлттық-мемлекеттік қоғамындағы халықтың санасы көп күшті екендігі көрініп, бұл жетекшілердің көпшілігі жұмысшы партияларының және кәсіподақтардың беделін пайдалана отырып өз елдерінің үкіметін қолдай бастады.
Германдық рейхстагтың социал-демократиялық фракциясы әскери несиелерге дауыс берді және сонымен бірге кесіподақ басшыларымен тұрғындарды біріктіру үшін "Азаматтық әлем" жариялады. Австриялық социал-демократтар басшылары барлығын "патшалықпен күреске" шақырды. Француздық социалистер соғыстағы жалынды қарсыластары Ж.Жорес өлімінен кейін парламентте олар да соғыс несиесіне дауыс берді, Ұлыбританияда тредюниондар "өнеркәсіп өлемін" жариялады, ал социалистердің кейбір жетекшілері халықты "герман империализміне қарсы соғысқа" шақырды.
Ірі жұмысшы ұйымдарының интернационалды ынтымақгастықты саяси-идеялық кайта бағытталуына және II Интернационалдың құрылуына әкелді. Ешкім оны көздемеген жаңа конгерссін шақыра алмады, халықаралық социалистік ұйымда, Пацифистік қозғалыс та құлады.
- Тек елдегі кер тартпа интернационалистердің азғана бөлігі, атап айтқанда большевиктер оның негізгі қатысушылары жағынан импералистік соғыс жариялады, социал-шовинистік ретінде өз елінің үкіметіне қолдау көрсеткен социалистер сотталды және Интернационалдың соғысқа дейінгі резолюциясы рухында еңбекшілерді, капитализмді жою үшін азаматтық соғысқа шақырды. Бірақ көпшілік үндеуін екі жылдан астам уақыт кұтуге тура келді.
Осы уақытта соғыс қыза түсті және оның ауқымы да кеңейді. Тамыздың аяғында Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаттары айқын болды: ол Қиыр Шығыстағы және Тынық мұхитындағы неміс отарларын қамтыды. Күзде Осман империясының басшылары Қара теңізге Ресей жағалауларын атқылаған Германия кемелерін жіберді. Осмаи империясы немістер қысымымен Антантаға қарсы соғысқа тартылды. Ресей Закавказьеде майдан кұруға мәжбүр болды, ал оның бұғаздары арқьлы өтетін одақтастарымен байланысы үзілді. Антанта жағынан Осман империясына қарсы ағылшындар бақылауындағы Египет шықгы.
Антанта және оның одақтастарының бүтіндей адам және материалдық байлықтары, Германия және Австрия-Венгрия байлықтарынан әлдеқайда көп болатын. Қайта қаруланғаннан кейін Антантада 11 миллионға жуық әскери адамдар болды, оның ішінде Ресейде 5,5 миллион, ал Германия және Австрия-Венгрия екеуі бірге тек 6,1 миллион әскерлер болды. Бірақ австрия-германдық блок Антанта құлайды деп есептеді, өз күштерінің тұтастығын және әскери дайындығын пайдаланып, қарсыластарын жекелеп құртуға ұмтьлған және өздерінің бар мүмкіндігін пайдаланып оларды үлкен шығынға ұшыратуға мүмкіндігі болды.
1.2.Соғыстың сәтсіздіктері
Германдық қолбасшылар негізінен генерал Шлиффен құрған жоспарды ұстанды. Германияның негізгі күші шоғырланған Батыс фортта, Франция, Бельгия әскерінен артық салмақта шамамен 10 корпус артық және осында асыққан Англия экспедициялық корпусынан артық орналасты. Бұнда 3/4-ін иемденген Бельгия шекарасының осал қорғанған тұстарымен қозғалған герман әскері оң флангіге бағытталды, ол қарсыластың негізгі күшін қоршап алып, оларды Швейцария шекарасына тықсырып және "күзгі жапырақ түскенге" дейін жоюды көздеді. Франция талқандалғаннан кейін кезек Ресейге келер еді.
Үш аптада Бельгияны басып өтіп, басқыншылар генерал-губернаторлыққа айналып, герман корпусы шекарадағы Франция әскерінің қарсылығын жойып, Францияға басып кірді. Шлиффен жоспарына қарамастан Франция дивизиясын солтүстіктен-батысқа жүріп өтуге оларға күш жетіспеді, дегенмен 4 неміс армиясы Марнудан Мо мен Шолон өзендеріне дейін басып өтті, қыркүйекте Верденге жетті, сөйтіп Парижге қауіп төндірді. Францияға өлімшідей қауіп төніп тұрды. Оның үкіметі Ресей үкіметінен Франция тоқтаусыз көмек сұраған уақытта Ресей әскерін күшейту,жабдықгау, топтастыру әлі бекітілмеген еді, сонда да орыс әскерлері көмекке жіберілді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халық курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]