Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде
Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................21. Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде...................................5
1.1 БҰҰ – ң қызметі мен мәні...............................................................12
1.2 БҰҰ – ң бағдарламалары................................................................24
2. БҰҰ және Қазақстан.............................................................................28
Қорытынды ......................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................36
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. БҰҰ дүние жүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігін біріктіретін, ең ықпалды, әмбебеп халықаралық ұйым. Басты мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
БҰҰ-ның Жарғысында бірінші кезектегі мақсат ретінде халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбіт өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару агрессиялық және елдердің тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттерге тойтарыс беру, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу екендігі жарияланған.
БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары – жер бетінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті жақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақтастығына жәрдемдесу, адам құқылары мен бостандықтарын қорғап, халықаралық құқықты жүйелеу және оның прогрессивті дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық тыныштық және қауіпсіздік, қарусыздандыру және қару жарақты жаппай жоюды қажет ететін аумақтарға ұйымдарды қатыстыру БҰҰ мүшесіндегі мемлекеттер үшін маңызды мәселе.
Ұйым терроризмге қарсы, заңсыз есірткі айналымы және топтасқан қылмыстарға қарсы күрес жүргізетін халықаралық бастаушы күш болып табылады.
Ұйым халықаралық қоғамдастық соқтығысатын өткір мәселелерді шешуде өзгеше орталыққа айналды: БҰҰ адам құқығын қорғау, қоршаған ортаны сақтау, аурулармен күресу және аш – жалаңаштар ауқымын қысқарту, босқындарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді, залалсыздандыру бағдарламасын жүзеге асырады және СПИД – ке қарсы күресте басты рөл атқарады.
БҰҰ бастапқы мәселелерінің бірі дүние жүзіндегі бар әлемді қолдау. Көптеген жылдар бойы Ұйым халықаралық күйзелістерді болдырмау және ұзақ қақтығыстарды реттеуге жәрдем беруде маңызды рөл атқарды. Осыдан он жыл бұрын Назарбаев Н. БҰҰ Ассамблеясында БҰҰ-ң мүше-мемлекеттеріне мәні мен рухы қарапайым ғана мынандай ұсыныс жасады: «Келіңіздер, күшімізді біріктірейік, ерікті ынтымақтастық қадамын жасап көрейік, сөйтіп дағдарыстағы өңірлер мен дамыған елдердің проблемаларын шешу үшін барлық елдердің әскери бюджетіне бір пайыз берейік».
Тақырыптың зерттелу деңгейі. БҰҰ – ның тұрақтануына, дамуына, қызметіне саяси және тарихи ғылымдардың еңбектері арналған. Бұл мәселе бойынша БҰҰ – ның үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Бұған Назарбаев Н., Тоқаев Қ., Арыстанбекова А., Абдулпаттаев С., Колбасов С., Кривчикова Э., Крылов С., Сарсенбаев М., Петровский В., және басқалардың да еңбектерінде көрініс тапқан.
Деректік негізі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшының еңбектері жеке еңбектегі тұжырымдамалар пайдаланды. Сонымен бірге зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың және Сыртқы Істер Министрі Қ. Тоқаевтың еңбектері мен ірі халықаралық форумда сөйлеген сөздері, Қазақстан Республикасы Сыртқы саясатының концепцияларының тұжырымдамалары, әртүрлі елдердегі шыққан статистикалар пайдаланылды.
Методологиялық негіздері. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Кофи Аннанның, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі мен орны және міндеттері туралы айтылған тұжырымдамалар пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курс жұмысының мәлімдерін жоғарғы дәрежелі оқу орындарында Халықаралық қатынастар факультетінде студенттерге дәріс оқыған кезде пайдалануға болады деп есептейміз. Мұнда көрсетілген –ой тұжырымдамаларды саяси партиялармен бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануға болатындығын айтамыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Біріккен Ұлттар Ұйымының және қауіпсіздік кеңесінің халықаралық қауіпсіздікке қамтамасыз етудегі:
-әлемде саяси тұрақтылықты сақтау бағытындағы;
-қабылдаған қарармен оларды іс жүзінде асырудағы;
-практикалық жұмыстарын жан – жақты көрсету болып табылады.
Сонымен қатар бұл халықаралық ұйымның әртүрлі аймақтағы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу жолындағы қызметі, яғни оның бітімгершілік миссиясы жан – жақты талданған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы қызметінің даму сатыларын қадағалау, сараптау сынды міндеттер қойылған.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмысты жазу үшін мен көптеген орыс тіліндегі әдебиеттерді пайдаландым. Өйткені, қазақ тілінде кітаптар мен материалдар аз. Сол себепті, осы тақырыпта ғылыми еңбектер, мақалалар көбейтілсе үлкен жетістік болмақ.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған деректер тізімінен құралған.
1. Біріккен Ұлттар Ұйымы әмбебап ұйым ретінде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы.
«Біз өмірде ешқашан бұдан маңызды шешім қабылдамаймыз» - осындай сөздермен БҰҰ Жарғысын жасау жөніндегі Сан – Франциско конференциясының төрағасы қорытынды мәжілісті жапты. Оның сөзі әділ болды. Соғыстан кейінгі тарихта жарты ғасырдан астам бұрын – 1945 ж. 26 маусымда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы сияқты естілетін, терең мағынасы бар ұжымдық халықаралық құжат болған емес.
БҰҰ Жарғысын жасау бойынша конференция теңіз жағасындағы американдық Сан – Франциско қаласында болып өтті. Онда фашистік Германия мен милитаристік Жапонияға қарсы соғыс жариялаған 50 мемлекет өкілдері жиналып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Декларациясына қол қойды. Кейінірек оларға Польша қосылды. Бұл мемлекеттер – БҰҰ – ның алғашқы мүшелері болды.
850 – ден астам делегат жалпыға бірдей бейбітшілікті сақтауға көмектесуі тиіс халықаралық ұйымының Жарғысы бойынша бар күшін салып жұмыс істеді. Конференцияның әртүрлі комитеттері 400 – ге жуық мәжіліс өткізді және осы мәжілістер барысында пікір алысулар мен шиеленіскен даулар жағдайында Жарғының әрбір тұжырымы, әрбір сөзі тараз басына салынды. Әрине, бірқатар мәселелер бойынша түйінді келіспеушіліктер пайда болды. Алайда бейбітшілікке ұмтылыс, тиімді халықаралық ұйым құруға деген ниет ала ауыздық пен қайшылықтарды жеңе алды.
1945 ж. 26 маусымда конференция делегаттары соңғы рет Сан – Франциякода Опера театрының залында пленарлық мәжіліске жиналды. Конференцияның төрағасы делегаттардың назарына БҰҰ Жарғысының жобасын ұсынды. Осы әлемдік оқиғаның тарихи мәніне орай ол қол көтерумен дауыс берудің дәстүрлі әдісінен бас тартуға шақырды. Жарғының қолдауға салынған кезде дауыс беру әдеттен тыс әдіспен өткені бекер емес. «Иә» деп дауыс беруге ықылас танытқандардың барлығына төраға орындарынан тұруларын ұсынды. Оған жауап ретінде барлық делегаттар орындарынан тұрды. Барлығы да түрегеп тұрды – жай қызмет атқарушылар, баспасөз, радио өкілдері мен 3 мыңға жуық қонақтар.
1945 ж. 24 қазанда бес ұлы державалар – КСРО, АҚШ, Англия, Франция және Қытай бекітуші грамоталардың бекітіліп, сақтауға беріліп және құрылтайшы – мүшелердің басқа көптеген мемлекеттерінің парламенттері мақұлдағаннан кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ құрылды, осы кезден күрделі, кең пішінді әлемдегі оның қиын жолы басталды. 24 қазан тарихқа «БҰҰ күні» деген атпен еніп, жыл сайын атап өтіледі.
БҰҰ – ның құрылуының алдында әмбебап халықаралық қауіпсіздік ұйымын құру туралы шешімі орын алған 1942 ж. 1 қаңтардағы 26 мемлекеттердің Вашингтон конференциясы, 1943 ж. 30 қазандағы КСРО, АҚШ және Англия сыртқы істер министрлерінің жалпыға бірдей қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу декларациясы болды. 1943 ж. 1 желтоқсанда бұл шешім одан жоғары деңгейде: одақтас мемлекеттер – Ұлыбритания, КСРО, АҚШ басшылырының Тегеран конференциясында расталды.
1944 ж. 21 тамызда Думбартон – Окста КСРО, АҚШ өкілдерінің конференциясы шақырылды. Конференция Жарғының жобасын дайындады. Кейінірек жобаны Қытай мақұлдады.
Қырым конференциясында үш мемлекет өкілдері Ұйымының Жарғысын дайындауды аяқтау үшін 1945 ж. сәуірде Сан – Францискода конференция шақыру жөнінде келісті. АҚШ пен Англия Сан – Францискода КСРО – ның Украина мен Белоруссияның БҰҰ – н құрушы – мемлекеттеріне айналысын деген ұсынысын қолдауға міндеттеме алды.
Сөйтіп, БҰҰ – н құру туралы идеялар мен нақтылы шешімдер екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде, гитлерлік Германия мен оның одақтастарының болмай қалмайтын жеңілісі айналысында айқын көрініс бере бастаған жаңа әлемдік тәртіпті орнату жағдайында туды.
Сол кезде адамзат тарихындағы ең қантөгісті және қиратушы екінші дүниежүзілік соғысының барлық қорқынышын басынан кешірген халықтар дүниежүзілік соғыс апатының ешқашан қайталанбауы үшін сенімді кепілдіктер орнатуға батыл тұрды. Адамдардың үміттері мен армандары әркімнің өзінің өмірін өз қалауынша құру құқығын қамтамасыз етуге бағытталды. Әлем халықтар арасындағы қатынастарда жаңа дәуір басталатынын, бұл қатынастар мемлекеттердің бейбіт ынтымақтастығы ұстанымына негізделетінін күтіп, сенім артты.
БҰҰ – ның құрылуы бейбіт сүйгіш күштердің соғысқа қарсы, халықтар арасында достық қатынастарды дамыту үшін күресте маңызды белес болды. Ұйым жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, экономикалық және әлеуметтік өрлеуге жәрдемдесу үшін халықаралық ынтымақтастық органы ретінде ойластырылып, құрылды. Әлбетте, бұл фашистік агрессия алдында әлсіз болып қалған ұлттар Лигасының тәжірибесі емес, ортақ күресте гитлерлік Германияны талқандаған гитлерге қарсы ұлы коалицияның тәжірибесі еді. Ұлттар Лигасының басты кемшілігі оның агрессия актілеріне қарсы, бейбітшіліктің бұзылуына қарсы тиімді және шешімді шаралар қабылдауға мүмкіндігінің болмауында, оған қоса агрессияны тоқтату және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға әрекетті механизмнің болмауынан тұрады.
Әлемнің үміті БҰҰ Жарғысында нақтылы көрініс тапты. Жарғы БҰҰ қызметінің саяси – құқықтық негізі болды. Оны жасауда бейбіт сүйгіш елдерге бейбітшілікті сақтау мен барлық мемлекеттердің, үлкен және кішілердің теңдігін қамтамасыз етудің жаңа принциптік мәселелерінің қойылуына қол жеткізуге сәті түсті. Соның арқасында БҰҰ бейбітшілік және халықтардың өрлеуінің нағыз құралына айналды.
БҰҰ Жарғысы преамбуладан (кіріспеден) және 111 баптан құралған 19 тараудан тұрады. БҰҰ Жарғысы басқа көптеген халықаралық құжаттарға қарағанда, «Біз, Біріккен Ұлттар халықтары, келер ұрпақты соғыс апатынан сақтап қалуға батылдыққа толы боламыз» деген сөзддерімен басталады.
БҰҰ Жарғысының ерекшелігі БҰҰ – ның басты органдарының өздері олардың қызмет саласына қатысы бар, БҰҰ Жарғысының ережелерін түсіндіре алуында және іс – тәжірибе жүзінде түсініктеме беруінен де тұрады. БҰҰ Жарғысы мемлекеттердің міндеттемелері БҰҰ Жарғысы жөніндегі басқа қандай да бір халықаралық келісім бойынша олардың міндеттемелерімен қайшылықты болғанда, артықшылық күшке БҰҰ Жарғысы жөніндегі міндеттемелер ие болатынын көздейді. Сөйтіп БҰҰ Жарғысы прогрессивті дамудың негізі болып табылады. Оның бірінші бабында мынадай мақсаттар қойылған:
1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұру...
2. Ұлттар арасында тең құқылық және халықтардың өзін - өзі билеу
принципі негізінде достық қатынастарды дамыту...
3. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру...
4. Осы ортақ мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың іс - әрекеттерін келістіру үшін орталық болу.
2 бапта былай делінген: «1 бапта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін, ұйым және оның мүшелері келесі Принциптерге сәйкес әрекет жасайды:
1. Ұйым оның барлық Мүшелерінің егеменді теңдігі принципіне негізделеді;
2. БҰҰ – ның барлық Мүшелері осы Жарғы бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді адал орындайды...
3. БҰҰ – ның барлық мүшелері өздерінің халықаралық дауларын бейбіт әдістерімен, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке және әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей шешеді;
4. БҰҰ – ның барлық Мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында күшпен қоқан – лоққы жасаудан немесе оны кез келген....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ әмбебап ұйым
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен ұлттар ұйымы және Қазақстан.
» Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы
» Реферат: Экономика | БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ әмбебап ұйым
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен ұлттар ұйымы және Қазақстан.
» Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
» Курстық жұмыс: Саясаттану | Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)-ның басқа саяси ұйымдармен байланысы
» Реферат: Экономика | БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Іздеп көріңіз: