Курстық жұмыс: Экономика | Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері

Курстық жұмыс: Экономика | Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері

Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім:
2 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.
2.1 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.
2.2 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.
2.3 Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708
Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді (1 диаграмма).
1 диаграмма
Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).
2 кесте
Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті
2000/2001 8109 3043,3
2001/2002 8171 3019,5
2002/2003 8164 3095,6
2003/2004 8260 3026,2
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің инмтитутционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және ортааа кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.
4 кесте
Оқу жылы КМ (КЛ) саны Оқитындардың контингенті Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны
2000/2001 306 88,3 75,4
2001/2002 312 88,1 72,1
2002/2003 312 89,6 82,3
2003/2004 307 98,7 91,3
Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).
5 кесте
Оқу жылы Жоғарғы оқу орындар саны Оқитындардың контингенті Мемлекеттік тапсырыс
2000/2001 181 440715 21970
2001/2002 182 514738 25265
2002/2003 173 590982 25465
2003/2004 180 655661 26465
2000 жылы қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.
Педагок кадырларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлайға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
2 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.
Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.
Атам қазақ «ел болам десең, бесігінді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үніліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шыңдыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығынның отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.
Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсеңділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махабаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кеңелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға құлышын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.
Өкінішке орай, кейбір шеңеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанның қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сөңбейтін жағдайлар туады.
Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп, ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласың тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттері мен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытың үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысынның дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықты осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасың қарастыруға болады.
Қалалық әкімшілік жаныңдағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жаңында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытың, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.
Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сыртадамдардың білмегенің қалайсың, себебі көптеген үй тоңау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.
Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсың, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еңіп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.
1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін, шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш қайнаса сорпасы қосылмайиын жеке тұлғаларға, іскерлерге жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Мектеп деңгейіндегі ұйымдардың саны және тәрбиелеу мен оқыту
» Курстық жұмыс: Социология | Білім беру әлеуметтануы әлеуметтанудың бір саласы
» Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясаты
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика
» Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШІЛІК

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]