Курстық жұмыс: Зоология | Безгек паразиті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу

Курстық жұмыс: Зоология | Безгек паразиті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу

Мазмұны
I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Кіріспе
Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.
Келесі тақырыпта маллюскалар тобының өкілдері — бауыраяқтылар мен екі жармалылар, Ғылым және білім беру министрлігі басқармасы бауыраяқтылармен таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалы келтіреді Қазақстан жеріңдегі кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланады. Малюскалардың бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға басқа және басқа ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушыларды өмір сүру мен құрлымымен танысуы мен тек танымдық ғана емес сонымен қатар тәжірбиелік маңызы зор. Оқушылар маллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып олармен күресу жолдарын біледі.
Екі жармалы тобымен танысуы барысында, Қазақстан Республикасында аумағындағы қолдар мен ағысы жай өзендерінде кездесетін тәрізділер мысалға алынды. Осы маллюскаларды оқу кезінде, шығу тегі бір екендігі және орналасу өзгешелігің анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқтылар тобында оның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын ұсынады.
Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян тәрізділерді оқу кезінде, Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде кездесетін өзен шаяны мысалға алынады, Оның ішкі және сыртқы құрылысы талқыланады. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян тәрізділерге де түсініктеме беріледі.
Зоологиялық курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопқа тоқталып өткен жөн.
Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәрізділерге тоқталғанда өрмекші ала бүйір мысалға алынуды ұсынады. Дегенмен өрмекші ала бүйір Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін түрлері; шаян, қарақұрт және бүйір. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территориясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян тәріздестердің ұлы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте көмек безгек ауруының алдын - алу, болдырмауы іс-шаралары жүргізілгеңдіктен айтып кеткен жөн. Республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты жағдайында, дизинтерия амебсы сияқты, іш ауруын қоздырушылардың адам организімінде енуіне жол бермеу үшін, жеке және қоғамдық гигиена талаптарын орындау өте маңызды. Оқушыларға міндетті түрде. Қайнатылмаған әсіресе жабық шағын суаттардан алынған суды пайдалану
Мақсаты: Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында өлкетану материалдарына оқудың көп жалпы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптасады.
Сонымен қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көз қарастары қайта қалыптасып, туған елдің табиғатын сүю, қорғау және мәпелеу, патриоттық сезімдері жетіле түсу.
Міндеттері:
1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылардың жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының диалектикалық - материалдық дүние танымын қалыптастыру.
2. Өлкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз байланысты, оқушының алдын-ала кәсіптік бағдарын анықтаудағы оның Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі.
Зоология сабақтарында өлкетану материалдарын кеңінен қолданып.
Қазақстан мектептеріндегі жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі реформаның негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу.
3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымын негізі бойынша қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын бастапқы оқуын кезінде де, сәйкес жүйеліліктің негізгі ережелері мен қатар оқушылардың бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндегі өсімдіктер әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.
Жаңашылдығы: Қарапайымдылар түрін оқуда, талшық аяқтылар тобына жататын кәдімгі амеба, одан кейін қыл аяқтылар мысалға келтіріледі.
Инфузоия туфилкасының оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі споровиктерге, безгек паразиті безгек қоздырушы және позема тұт ағашы жібек құртының ауыруын қоздырушы, түсініктеме беріледі.

Қауіпті екендігін ескерту керек, көп торшалы жануарлар бөлімінде оқушылар ішек қуыстылар тобымен танылады. Тұщы суда кездесетін полип су жылан гидра республикамыздағы үлкен және шағын су қоймаларында кездеседі. Ары қарай құрттар мынадай кезекпен оқытылады:
1. Жалпақ құрттар түрі кірпікті құрттар тобы, сорғыштар тобы, таспа құрттар тобы.
2. Дөңгелек құрттар (круглие) тобы.
3. Иірмелі құрттар (кольчатие) аз қылшықтылар және көп қылшықтылар тобы.
Көрсете білу өте маңызды. Бұл типтерге кенелер тобы да жатады. Республикамыздың аумағында қайталама сүзек ауруын қоздырушы кене және қотыр кенесі кездеседі. Бұл кенелер адамдар мен жануарларда кездесуі мүмкін.
Орта Азия жануарлар дүниесінде көп кездесетін, өсімдіктер шырынымен көрсететін өрмекшелі кене арам шөптерден ауыл шаруашылық өсімдіктеріне өтіп, оларды зақымдайды.
Кенелер Қазақстан аумағында көп кездесетіндіктен және паразиттік түрде өмір сүретіндіктен зоология курсында оқытылуы тиіс.
Бағдарлама шыбын-шіркейлер тобымен танысуды ұсынады. Біздің көз қарасымыз бойынша. Республиканың барлық аумағында кездесетін наурыз наурыз қоңызын мысалға алған дұрыс.
Наурыз қоңызын оқу кезінде оқушыларға оның ортасын көрсетіп, ауыл шаруашылық және сәндік өсімдіктерінің жауы ретінде таныстыру мүмкіндігі көп. Сонымен қатар наурыз қоңызын мысалға алу арқылы оның дамуын, көбеюін қадағалап, метамрафоза құбылысын байқауға болады.
Қазақстан Республикасы аймағында кездесетіндік қанаттылар отрядының өкілдері оазиетік прусин немесе Итальяның шегіртке бұрынан бері мақтаның зиянкесі болып табылады.
Тік қанаттылар мен танысу барысында, олардың толық емес метаморфозасы арқылы дамуын көрсетіп, олардың ауыл шаруашылығына тигізетін зияндығын көрсету қажет. Бұл сәтте ауыл шаруашылық химиясы жетістіктер мен авиациясы қолданысына тоқталып өткен дұрыс.
Біздің Республикамыздың табиғат аясында кездесетін өсімдіктер биті /тля/, тен қанаттылар отрядына жатады.
Жеміс ағаштарында /алма, алмұрт/ алма битін сүйектілерде /шабдалыда/-шабдалы биті, ал мақтада мақта биті болады. Бұл аталғандар соратын шақпа ауыз аппараты, яғни тұмсығы арқылы өсімдік шырынымен көректеніп, жылдам көбейеді, өсімдіктерге зиян келтіреді. Биттер қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанатты биттер жақын орналасқан басқа өсімдіктерге ауысады. Бит биологиясын білудің ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіруші биттермен күрес жүргізуде маңызы зор болмақ.
Қазақстан аумағында кездесетін қос қанаттыларды оқу кезінде өлкетану материалдары кеңінен қолданылады. Жарғанаттылар өкілі балды аралар мен құмырсқалар республикамыздың барлық аудандарында кездесетіндіктен, оларды танып, білу оқушылар қызығушылығын арттырады.
Омыртқалыларды оқу, балықтар тобын\ класын\ талқылаудан басталады.
ТМД елдері орта белдеуі мектептерінде бірнеше рет өзен ала бұғасымен танысады. Бұл мысал арқылы балық организімінің морфологаясы анатомиасы және басқа физиологиялық жүйелері шартты рефлексі оқытылады, өзен алабұғасы Қазақстан Республикасында кездеспейтіндіктен, оқушыларға балықтың бұл түрі таныс емес.
Республика өзендері мен көлдеріңде, су қоймларында әртүрлі балықтар кездеседі әсіресе сазан мен тұқыға бай.
Бұл балықтарды еліміздің мектептеріндегі оқушылар жақсы білетіндіктен, балықтар тобын оқуды сазаннан бастау қажет.
Сонымен қатар жергілікті мысалды қолдануда, қоршаған ортаға байлансты көрнекті құрал ретінде әр түрлі балықтарды көрсетуге болады. Бұл балықтар көл, су қоймалары, канал балықтары /сазан, тұқы/ жылдам ағысты тау өзендері балықтары /маринка/ және су бетіндегі балықтар /Түркістан қаласы және т.б./
Жергілікті кәсіпшілік түрлері мен танысуда, теңіз ағыны су және тұщы сулардғы балықтарға түсінік беріледі. Балықтарды қорғау саласын талқылау барысында Респуликамызда құрылған тоған шаруашылықтары мен Қиыр Шығыстың бағалы балық түрлері бай су қоймалары жайлы айтылады.
Бұл су қоймаларында кәсіпшілік маңызы бар толстолобик ақ амур жыланбас және т.б түрлері кездеседі.
Толстолобик және ақ амур тек қана тамақ ретінде қолдануға ғана қолданылмайды, сонымен қатар олар жасанды су қоймаларындағы су өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді.
Гамбузия балығы, безгек ауыруына қарсы күресте маңызды роль атқарады, Гамбузия безгек масасы личинкасымен қоректенетіндіктен, оны совет ғалымдары Қазақстан аумғында әкелген. Қысқа мерзім ішінде безгек ауруы ТМД елдерінде жойылған.
Қос мекенділер тобын оқуда, біздің елімізіде көп кездесетін көл құрбақасы мен бақа мысал ретінде ыңғайлы объекті Қазақастан Республикасысында қос мекенділердің осы түрлері ғана кездеседі.
Жылы, құрғақ климат бауырымен жорғалаушылар үшін ыңғайлы сондықтан Қазақстан далалары мен шөлейтті жерлері тау етектері ТМД елдері орта белдеуіне қарағанда бұлар өте көп кездеседі.
Ғылым және Білім беру министірлігі ұсынған бағдарламасында, берілмеген. Сандықтан бұл тақырыптағы ширақ кесірткенің орнына дала ағамасын мысалғы алған дұрыс.
Сонымен қатар үлен кесіртке - варан, аяқсыз сарықарын сияқты қызықты түрлерінде де жалпы тоқталып өту қажет.
Улы жыландарды оқығанда эфа, дала су жыланын, улы емес жыландардан су жыланын, қара шұбар жыланы мысалға ала ұсынылады. Оқушыларға Қазақстан ғалым герпотологтарының улы жыландардан жүйелі түрде у алып тұру және улы жылан түрлерін жасанды инкубациялық жолмен көбейту мақсатындағы жұмыстары жайлы айтылды.
Құстардың сыртқы құрлысымен танысу кезінде Қазақстан Елді - мекендерінде кішкене кептер мысал ретінде алынады. Бұл құстар Ақпан айының соңы мен Наурыз айының басынан бастап ұя салып, жұмыртқа басып, шығарып балапандарын, қоректендіреді. Бұл құбылыстарды әр оқушының бақылауына мүмкіндіктері бар.
Кішкене кептер көп жағдайларда үлкен тұрғын үй балкондарында ұя салады және арнайы жасалған жәшікшелер олар үшін өте ынғайлы болмақ. Бұл құс отырғышы құстармен таныстыруда тамаша. Мысалы және балапан басып шығарушы бөдене, тау құры /кекілік/ және фазан сияқты құстармен салыстырылып түсіндіріледі.
Бөдене және құрт кәсіпшілік маңызы бар құстар және құстар оқушыларға жақсы таныс.
Жыл құстарын өткен кезде, кесірткеге қарсы күресте маңызы бар ұзақ, қарлығаш, үйрек т.б. құстарға түсінік беріледі.
Оқушыларға бау-бақшалармен мақталықтарға тигізетін пайдасы бар құстар және оларды қорғау жайлы айту өте маңызды.
Сонмен қатар осындай маңызды проблеманы шешу үшін оқушылар не істеу қажет екендігіне де көңіл бөлінеді.
Оқушыларға соңғы жылдары Үнді елінен келген майна - ұзақты мысалға алуға болады және дибергенция құбылысын түсіндіреді.
Үй құстарымен танысу, барысында оларды ыстық климат жағдайында ұстау ерекшелігі және еліміздегі құс шаруашылығы туралы айтылады Сүтқоректілер төбе өкілдерінің құрылымымен, физиологиялық функциялары мен танысу, барысында ТМД елдері орта белдеуінің жануарлар әлемі мүлде өзгеше болғандықтан жергілікті мысалдарға көңіл бөлінеді.
Насекомқоректі жануарлар отрядының салпаң құлақ түрі кірпі, европалық түріне қарағанда кішкене болып келеді және ол құрғақ, ыстық климатқа тез бейімделіп ауылшаруашылық зиянкестер личинкаларымен, маллюскалармен, ұсақ кеміргіштермен, кейде тіпті жыландармен қоректенеді.
Қос қанаттылар отрядын оқуда жарғанат және жирен вечерница мысал ретінде алынады. Жарғанаттар зиян насекомдарды көп мөлшерде жойып, пайда келтіреді.
Кеміргіштер отряды шөл, шөлейт және оазистерге бейімделген әр түрлі өкілдерге бай.
Табиғат жағдайына байланысты мынандай әр түрлі кеміргіштер болады, қосаяқ, құмтышқан, сарышұнақ, жайра т. б. Бұл кеміргіштер ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіреді, кей түрлері /тышқан, сарышүнақ, атжалман/ инфекциялық ауру таратады.
Коян тәріздестер отрядының біздің республикамызда кездесетін құм қоян сәндік өсімдіктер плантациясына едәуір зиян келтіреді.
Құм коян ыстық климатқа бейімделген, жүні сұрғылт, артқы аяқтары ұзын, сақ құлақ болып келеді.
Жыртқыштар отрядының өкілдерін де қоршаған ортаға бейімделген ерекшеліктері бар.
Мысық тұқымдастарына тоқталу кезінде, биік тауларды мекендейтін күшті де ширақ тау барысына, шөлейтті жерлерде кездесетін; құм паранасына түсінік беріледі.
Жергілікті жануарлар әлемінен өкілдер төбет тұқымдастары шөл қасқыры, шие бөрі және терісі орташа бағалы қағанға түлкісі жайлы айтылады.
Тау етектерінде, алша жемісі, жанғақ ормандарында кездесетін ақтырнақ, аю тұқымдасы Сібір, аюына қарағанда кішкене болып келеді.
Жабайы аша тұлқтылар өкілі. Қызыл кітапқа енген жейран және әдемі де шапшаң жабайы елік жайлы оқушыларға айтып өту маңызды. Сонымен бірге бұранда мүйізді және орта ариялық арқарлар жайлы мәлімдеу оқушылар қызығушылығын арттырады.
Жергілікті қаракөл, қазақы қойларымен ірі қара мал тұқымына көңіл бөлу қажет.
Тақ тұяқтылар отрядына жататын, үй жануарлары есек пен ат шөл жерлерге, және оның аз мөлшердегі өсімдіктеріне бейімделгендіктен еліміздің шаруашылығында көп пайдаланады.
Біздің Республикамызда, ұзақ уақыт бойы сусыз, қорексіз түйелер көлік - арба транспорты ретінде қолданылады.
Оның арқасындағы еркеш, шөлейт жердегі өмірге бейімделген, май қоры болып табылады.
Сүт қоректілер маңызды мен пайдалы жануарларды қорғау тақырыбын өту кезінде, оқытушы Сырдария өзені атырауларын мекендейтін андатра жайлы айтып өтуі қажет.
Қазіргі кезде аңдатра кәсіпшілігі елімізге көп мөлшерде бағалы елтірі беруде.
Қазақстан елінде аң өсірушілік дамыған және өзінің қорықтары бар.
Қара бұрыл, түлкі мен қара күзен өсіретін аң өсіру шаруашылықтары құрылған.
Жер бетінде жануарлардың таралуы және жануарлар әлемін қорғау тақырыбын өту барысында, оқушылар жер бетіндегі жануарлардың көп алуан түрлерімен, әсіресе ТМД елдері жануарлар әлемімен танысады.
Алдын - ала Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар жайлы жиналған мәліметтерді, басқа аумақ жанулар түрлерімен, өмір сүру ортасымен салыстырып, түсіндіруде қолданылады.
Зоология курсын оқу нәтижелі болу үшін, әр түрлі көрнекті құралдар қолдану қажет.
Қоректі құрал ретінде ұсақ түрі жануарлар, тұлыптар, сұйық препараттар мен микропрепараттар, қабыршақтар коллекциясы сияқты табиғи объектілерді және үлгі-муляждар, қабырға суреттері сызбалар мен таблицалар сияқты жасанды түрлер қолданылады.
Табиғи объектлер жеткілікті мөлшерде болған жағдайда, оқушының өзіндік жұмысын орындауы үшін оларды тарату матералдар ретінде қолданылады.
Қазақстан мектептерінде, Ғылым және Білім беру Министрлігі ұсынған өлкетану материалдары енген көрнекті құралдармен қатар жергілігікті өлкетану материалдары кеңінен қолданылады.
Ендігі ретте биология оқытушысына, өлкетану материалдары мен көрнекті құралдарды қолдану мүмкіндігін көрсететін, бағдарламадағы тақырыптардың әр сабақтарына әдістемелік өңдеулер беріледі.
Зоология -жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоология ғылымының мазмұнымен таныстыру және оның шығуы мен дамуы адамның қажеттігіне байланысты екендігін көрсету. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып көрсету.
Методтар: Баяндау, әңгіме
Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі балықтар мен басқа жануарлар. Суретпен бейнеленген құралдар. Құрттар, маллюскалар насекомдар балықтар, бауырымен жорғалаушыларды, сүт қоректілерді бейнелейтін таблицалар.
Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты оқушылардан: қандай биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер. Ботаника ғылымы нені зерттейді — деп сыныпқа сұрақ қоюдан бастайды.
Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетіндерін айтады. Мұғалім тақтаға зоология деген сөзді жазады да, оның қазақ тіліндегі мәнін /жануарлар жайындағы ғылым/ түсіндіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайындағы әнгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлар дүниесінен өздеріне белгілі өкілдерді атауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер өкілдерін атайды. Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша құртты, моллюсканы, балықты, құсты және басқа да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі. Мұғалім тек денесін түк басқан, терт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, ұлу да, насекомдар да, балықтар да, құстар да т. б. жануарлар деп аталатындығын түсіндіреді. Бұдан кейін мұғалім оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің арасында қандай ұқсастықтарды болатындығын және не себепті олардың барлығын жануарларға жатқызатынын жаңа ғана оқып өткен өсімдік организмдерінен бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.
Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен жануарлардың тірі организмдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек. Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін таба білу қажет.
Оқушылар өсімдіктерге де, жануарларға да ортақ белгіледі атайды да, оларды мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы деп жазады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Биология | Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
» Курстық жұмыс: Биология | Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
» Курстық жұмыс: Биология | Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
» Курстық жұмыс: Ветеринария | Түркістан аумағындағы ірі қара малдардағы нематодтармен күресу жолдары
» Курстық жұмыс: Биология | Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар зоология жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]