Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныптарда табиғат лирикасын оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі
Мазмұны
КІРІСПЕ1. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАКЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Педагогика тарихында оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамыту
жайлы ой-пікірлер
1.2 Қазіргі бастауыш мектептегі оқу пәндерінің оқушылардың эстетикалық
сезімдерін дамытудағы ролі
2. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Бастауыш сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға қойылатын
талаптар
2.2 Табиғат лирикасына жазылған шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі оқушының жеке басын дамытуға, оны ізгілікке баулып, шығармашылық ойын жинақтай білуіне, оларды халықтың көркем өнер мәдениетіне тарта отырып, эстетикалық тәрбие беруге баса назыр аударылып отыр.
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсінуге, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбиені жүргізу арқылы іске асырылады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарындамынадай нұсқау бар: «Аса маңызды міндет – оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту, әсемдік сезімін дамыту, кінаратсыз көркемдік талғам, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын дұрыс түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру қажет.Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері пайдаланылсын».
Бастауыш мектепте болашақ азаматтың эстетикалық мәдениетінің негіздері қаланады. Олай болса, халқымыздың өнерін, өнермен келген сұлулығын, талғам – талабы, әсемдік мұраларын оқушылардың бойына алғашқы күннен бастап сіңіру – бастауыш мектептің абыройлы міндеті.Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде мектептің атқаратын ролі зор.
Оқу мен тәрбие күрделі бір істің екі жағы. Осы қай жағын ақсатып алсақ та баланы жан-жақты жетілдіру ісін дұрыс жолға қоя алмаймыз. Ал тәрбиенің қай саласын алсақ та ол эстетикалық тәрбие беру ісімен іштей қабысып жатады. Демек, адамгершілікке, инабаттылыққа, елін сүюге, ерлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы эстетикалық тәрбие болып саналады.
Бүгінгі күнге дейін эстетикалық тәрбие беруді көптеген адамдар зерттеп келгенімен, бастауыш сынып оқушыларына қазіргі уақыт талабына сай дұрыс берілмей келеді. Сондықтан да мен осы тақырыпты өзімнің дипломдық жұмысымның тақырыбы етіп алып отырмын.
Енді осы тақырыптағы еңбектерге тоқталайық. З.Әбілованың «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» атты еңбегінде балалардың талғамын қалыптастыруда мәдени мұраның ролі туралы, қазақ мектептеріндегі эстетикалық тәрбиенің қазіргі кездегі жағдайы жайлы, эстетикалық тәрбиені тек сабақ арқылы ғана толық іске асыруға болады деген мақсат көздеп қана қоймай, сол мектеп үйі, оның іші – сыртының жабдықталуы, оқу - тәрбие жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, педагогтар коллективінің ынтымақты болуы, балалар коллективінің тәртібі, сыпайылығы, көрегенділігі, оқу үлгерімі, кішіпейілділігі арқылы да берілетіндігіне көңіл бөлген.
Сонымен бірге, сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие берудің кейбір формалары мен әдістеріне кеңінен тоқталып өткен.
М.Х.Балтабаевтың «Қазақ халық музыкасы және студент жастар» атты еңбегінде қазақ халқының музыкалық творчествосының идеялық – тәрбиелік маңызын талдау негізінде студенттерге эстетикалық тәрбие берудің неғұрлым тиімді формалары, әдістері мен құралдары ашып көрсетіледі. Сондай-ақ көркемөнерпаздар үйірмелерінің қоғамдық жетекшілерін даярлаудың педагогикалық проблемалары жөнінде де материалдар берілген.
Б.Т.Омаргазинова «Өнер тәрбиелейді»,Алматы, 1988 жыл. Мұнда жеке адамды жан-жақты дамытудағы өнердің ролі мен маңызы сөз болып, үйелмен (семья), мектеп және еңбек ұжымдары жағдайында ұлттық өнердің пайдалануынан мысал алынып, жастар мен тәрбие жұмысындағы өнердің түрлері мен әр түрлі құралдарын пайдаланудағы тиімді әдіс- тәсілдері көрсетіледі.
С.А.Ұзақбаева «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі» деген еңбегіндегі балалар мен жастарға музыкалық – эстетикалық тәрбие беру қарапайым әдістерімен, тәсіл-құралдармен сәби шақтан әр отбасында жүзеге асырылып отырғаны жайында, балаларды ән-күйге, ауызекі халық шығармашылығының қазыналарына тартып, музыкалық-эстетикалық талғам мен нанымды қалыптастыру жайында, өнер негіздерін игеру - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қажетті элементі, халықтың ән айтуға, музыкалық аспапта ойнауға, шешендікке, суырып салма ақындыққа үйренуге ұмтылысы жөнінде әңгіме еткен.
Ал, оның «Өміршең өнер өрісі» атты еңбегінде қазақ мектептеріндегі музыкалық, эстетикалық тәрбие беру ісінің даму жолдары баяндалып, Қазақстан мектептерінде оқушыларға музыка арқылы тәрбие беруді жаңарту.
Музыкалық – эстетикалық тәрбие беру жүйесінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы жөнінде кеңінен сөз болады.
Жоғарыда аталған еңбектерді оқи отырып, менің осы жұмысты орындау барысында алдыма қойған мақсатым – бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабақтарында табиғат лирикасын оқыту арқылы эстетикалық тәрбие берудің теориялық негіздерін талдай отырып, әдістемелік жолын көрсету.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
- Теориялық еңбектерге сүйене отырып, бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбие берудің мәні мен мазмұнын анықтау.
- «Ана тілі» оқулықтарында лирикалық шығармалардың берілуі мен оқытылу жайын сипаттау.
- Ана тілі сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің тиімді әдіс – тәсілдерін озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне байланысты пайдалана отырып анықтау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектептегі оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабағында эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен танысу, талдау, озат іс-тәжірибелерді оқып-үйрену, бақылау, әңгіме, сұрақ-жауап әдістері.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
1.1 Педагогика тарихында оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамыту жайлы ой-пікірлер
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды «көркемдік тәрбиелеу» деген ұғыммен пара – пар алып жүрміз.
Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз - өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз.Ал эстетикалық тәрбие дегеніміз- Ильиннің айтуынша - өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі, әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз.Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық тәрбиемен пара – пар емес, оның өте маңызды, бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.(Ильина Т.А. Педагогика. Алматы, Мектеп, 1977-134 бет).
Осы орайда белгілі педагог Р.Қоянбаев «Педагогика» атты еңбегінде: Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлаеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады,- деп, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдарын қарастырған.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласы үшін әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізгі болады.
Қазақ ағартушылары эстетикалық тәрбиеге арнайы тоқталмаса да, ерекше мән бергенін олардың зерттеу жұмыстары мен шағармаларынан аңғаруға болады.
Ш.Уалихановтың эстетикалық көзқарасы қоғамның саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды. Өзінің зерттеу жұмыстарында ол қазақ халқы мен Орта Азия халықтарының тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне баса көңіл бөледі. Сөйтіп, өз халқының ауызекі әдебиеті, әсемдік танымы, көзқарасы арқылы эстетикалық талғамын ашуға ұмтылады.
Шоқан халықтың ежелгі архитектуралық құрылыстарын эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. Қазақ моласы мен оның төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен бейнелеу салты байқалады - деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары болғанын көрсетеді. Өз халқы мен бірге Қырғызстан және Шығыс Түркістанның ежелгі архитектуралық құрылыстарына (Алашахан, Ботағай, Айша бибі т.б.) тас мүсіндеріне (Қозы-Көрпеш – Баян сұлу кешеніндегі,Түймекенттегі т.б.) ғылыми тұрғыда талдау жасайды.Сөйтіп қазақ халқының эстетикалық мақсатты көздеген өзіндік сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды.Осы көне заманның көз болып келген мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.(Уалиханов Ш. Таңдамалы (2 бас.), А.1985.348 бет)
Сол секілді, қазақтың біртуар ағартушысы Ы.Алтынсарин халықтың көркем шығарма туындаларын өте жоғары бағалап, өнердегі және өмірдегі барлық әдемі нәрселердің құндылығын түсінуге тек қана білім берудің арқасында жетуімізге болады деп есептейді. Ы.Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбектерінде, тек білімдікке ғана емес, мәдениеттілікке үндейді. Қазақ қыздарына арналған тұңғыш әйелдер қол өнері мектебінің ұйымдастырылуы да Ы.Алтынсариннің еңбегі т.б. Оның педагогикалық еңбектері эстетикалық көзқараспен тығыз байланысты. Ол: Мектеп қазақ халқының арасында жаңаша мәдениетті өмір сүрудің жаңа әдет - ғұрып, тәртіп, тазалық, қолөнер мен өнердің үлгісі болуы қажет, - деп атап көрсетті. ( Сыдықов Ә. Ы. Алтынсариннің педагогикалық шығармалары мен ағартушылық қызметі.- Алтынсарин: Мектеп, 1969 – 40 бет).
Ы. Алтынсарин өзінің барлық педагогикалық теориясын жас- жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәрбиесін негізгі алу қажет деген пікірді ұстанды. Ол қазақтың қолөнерін де өте жоғары бағалаған және сол өнерге жастайынан баулу мақсатымен бірнеше қолөнер мектептерін ашты. Егер Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу (машинамын тігу) жұмыстарын жақсы қолға қойылса. Красноуфимскідегі реально училищесі мен ауыл шаруашылық мектебінде тері илеу, қыш- құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздары үшін алғашқы мектепте, қарапайым халықтың тұрмысына керекті,... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқау тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материялдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр киімдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ.-Алматы, 1988. 287- бет, Джумагулов К., Алтынсарин Ы. Ташкент, 1975.141 бет.) Яғни, Ыбырай халықтың қолөнеріндегі әдемілікті, өзі ғана түсініп, қызықаумен шектелген жоқ.
Ыбырай сол кездің өзінде – ақ, сол өнерге балаларды да ынталандыруға атсалысты. Онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдеттерді тезірек меңгеріп, құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық талғаммен қабылдап, өмір қажетіне шығара білуге шақыруды қазіргі заман талабымен ұштасып жатыр.
Осы айтылғандар Ыбырайдың әдет-ғұрып, салт-дәстүрді тәрбие саласының өзекті мәселесі деп қарағандығының дәлелі.
Балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін ұлы Абай да жоғары бағалады. Эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өлеңдері мен қара сөздерінен Абай да халық мұрасының тәрбиелік мәнін жақсы түсініп, оны жинауға атсалысты. «Ел ішінен қолөнер бұйымдарын жинастырып Семей музейіне тапсырады, маңайындағы ақын – жыршаларға халық арасынан кең тараған жырларды қайта жырлауды, оларды хатқа түсіруді жүктейді».(Қазақ фольклористикасының тарихы.Алматы.1988ж. 69 бет).
Абай өзінің педагогикалық идеялары мен көркемдік тәрбиелеу ой тұжырымдарын өрбіте келіп, 27-ші қара сөзінде былай деп атап айтады: Сократ пен Аристотельдің пікірлері: «әуелі көзді көрсін» деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік...(1,122).Осы Абай қырық үшінші қара сөзінде ары қарай толықтырады. «Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалыппен, ұнамсызы-ұнамсыз қалыппен, әрнесін өз суретімен көзге түседі...Жан қуатымен адам хасия қылған өнерлері де күнде тексерсең күнде асады. Көп заманнан тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығын және өзінің ол мезгілдерден бір басқа адам боп кеткендігіңді білмей қаласың». (Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы.-Алматы.Жазушы,1.2:Аудармалар мен қара сөздер.122-161 бет),-деп Абай мұнда адамның көркемдік шығармашылығының негізінде эстетикалық сезімді жатқызады.
Абай өзінің шығармашылығында эстетикалық түсініктерге, әсемдік, сұлулық, талғам және т.б. эстетикалық категорияларға арнайы талдау жасамағанымен оның өлеңдерінде осы түсініктерді қамтитын мазмұнды шумақтар аз емес.
Балаларға эстетикаға әсерленуі туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады.Мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие ьеруде мұғалімдердің алдына қойылатын күрделі міндетті, ол-оқушылардың көрген-білген заттарнының, көркем нәрселерінің сырын дұрыс аша отырып, сезімдерін оятумен бірге ойлау, қиялдау сияқты қасиетінің дамуына да жол ашу. Яғни адамның дүниені эстетикалық мақсатымен де тығыз байланысты.
Осы орайда аса көрнекті совет педагогы А.С.Макаренко: «... балаларымыз- еліміздің келешегі, баланы дұрыс тәрбиелеу біздің қуанышымыз, ал нашар тәрбиелеу-біздің көз жасымыз және ар алдындағы айыбымыз»,- дген. Сондықтан да тәрбие жұмысы бүкіл пелагогикалық ұжымның қызметі болып саналады. А.С.Макаренко өзінің тәрбиеленушілерінен кербездік, сынқойлық, тазалықты ғана емес, әдемілікті, жүріс-тұрыс, сөйлеу әсемдігін талап ете білді.Сондықтан да олар өте ақ жарқын, сыпайы болып өсті.
Балалардың әдемілікке деген сезімін қай жерде болмасын мектепте, үйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек. Мектепті, кластарды, арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн.
Бұл тұрғыда А.С.Макаренко кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар гүлдердің көптігін, жалтыраған паркетті айналарды, асханадағы аппақ жапқыштарды, бөлменің мінсіз тазалығын таңдана әңгімелейді.
Педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту проблемаларымен шұғылданған В.А.Сухомленский табиғаттың мектеп оқушыларын қалыптастыруда алатын ролін өз практикасында ерекше қолданған. Ол «Балаға жүрек жылуы» атты кітабының «Табиғат кітабының үш жүз беті» деп аталатын бөлімінде балалардың эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғаттың мүмкіншіліктерінде өз тәжірибесінде ерекше орын берді. В.А.Сухомленский сабақты балалармен көбінесе табиғат аясында өткізетін. Табиғатты әсемдікке тәрбиелеудің құралы ретінде пайдаланып, қоршаған дүниенің қасиеті мен сұлулығын таныта білді. Ол туралы «Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, оған бейнеленген образдар оның жүрегімен зердесінде мәңгі сақталып қалатын болсын. Әсемдік-адамгершіліктің, ізгі сезімдердің, шын жүректі қарым-қатынастың жаны мен тәні»,-деп жазды.
Педагогика ғылымының практикасы мен теориясына баға жетпес үлес қосқан ғалым – ағартушы тәлімгер – ұстаз, балалардың эстетикалық өмірлеріне белсенді араласқан педагог Н.К.Крупская: «Көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі проблемалар туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі қажет. Көркемдікке тәрбиелегенде баланың өлең, ырғақ, музыка, би арқылы өз пікірін жеткізуіне, оның табиғи түрде ілгері дамуына кедергі жасамау керек»-деп, эстетикалық тәрбиенің міндетін анықтайды. Ол 1931 жылы декабрьде «Правдада» жариялаған мақаласын «Мектепте бейнелеу өнеріне көңіл бөлінсін» деп атады.
Мұнда «Өнер орасан зор ұйымдастырушылық роль атқарады»,- деп атап көрсетеді.
Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруда көркем өнердің ролі орасан зор. Көркем өнер дүниені образдық түрде бейнелеудің және өзгертудің формасы ретінде өте күрделі, жан-жақты құбылыс. Онда мектеп оқушыларына тікелей әсер ететін, бір-бірімен байланысты тәрбиенің идеологиялық, адамгершілік, эстетикалық жақтары бірлікте келеді.
Әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінді. Ол рухани жағынан жетілуімізге ықпал етеді, жеке басты және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кейде өмірден өз орныңды табуға көмектеседі.
Педагогикада эстетикалық тәрбиені өнер әдістері арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, «Көркем тәрбие» деп аталады. Ол тікелей өнер шағармаларына көңіл аудара отырып, баланың әдемілікті түсініп қабылдауын талап етеді.
Эстетикалық тәрбие баланың жас кездеріне байланысты әр түрлі дамиды. Оның өзі баланың белгілі нәрсеге әсерленуімен байланысты. Кіші мектеп жасында баланың алғаш мектепке баруы, одан алған әсері, оның көркемдік әрекеттерін дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда Бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім өнер шығармаларымен танысу тіпті өнермен айналысу оны тез жалықтырады. Көркем творчествоның нәтижесінен гөрі сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады. Ал эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады.
Еңбек процесі үстінде адамның өзі шыңдалып – шықты, оның әсемдік сезімі, сұлулық заңдарымен туындылар жасау қабілеті қалыптасты. Ақыл-ой, білім, тәжірибе, қажыр-қайрат барлығы еңбек сұлу бола алады.Оқушылар тұтас тұлғаға, жан-жақты жарасым тапқан жанға айналады. Еңбек процесі үстіндегі эстетикалық сезімнің ең басты ерекшелігі сол, онда жасөспірімдер еңбекті дайын нәтиже ретінде тамашаламай сұлулықты ендіру процесіне белсене араласады. Сол сұлулықтың негізін қалап жасайды. Сондықтан оның эстетикалық сезімдері-қуанышы, мақтанышы, кеуде кернеп, шектен тыс тасып төгіліп жатады. Өмір тек еңбек қызық болғанымен, арасында демалуға бос уақыты болуы қажет. Ол үйде, мектепте, достарыңның арасында, үлкен ұжымда немесе сан алуан қарым-қатынас ортасында. Бұл тұрмыс эстетикасы.
Эстетикалық тәрбиеде шәкірттердің күнделікті тұрмысына әдемілікті ендіруде ерекше көңіл бөлу керек. Себебі әдемілік гармониялық (үйлесімділікті), симметриялықты, сәйкестілікті, жүйелілікті талап етеді. Тазалық пен жинақылық жас жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесіне өте керекті жағдай. Таза үй, таза бөлме, самал ауа , мектеп құралдарының жинақтылығы, шәкірттермен мұғалімдердің ұқыпты киінуі эстетикалық сезімге әсер етеді. Тұрған жерін, жұмыс, демалыс орнын әдемі ұстау творчестволық шабыт тудырады, мәдени мінез – құлықты тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының өзге адамдармен және өзі өмір сүріп отырған қоғам жөніндегі қарекет - қылығын мінез - құлық деп атаймыз. Әрине, мінез -құлықты дербес ғылым этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетика да қарастырады.
Егер этиканың негізгі ұғымы - жақсылық болса, ал эстетиканыкі-сұлулық. Ізгілік,жақсылық жасау – қоғамға пайда келтіру деген сөз. Егер еңбектен пайда мен сұлулықтың тұтастығын іздесек, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ әрекетінен, оның бет-бейнесінен жақсылық пен сұлулықтың, яғни этикалық және эстетикалық қасиеттердің сай келуін қалыптастыруға тырысамыз. Олардың мінез-құлқы неғұрлым қалтқысыз қалыптасса,ол эстетикалық ләззат әкеледі. М.Горький: «Эстетика – бұл болашақтың этикасы»-деп бекер айтпаған.Жасөспірімдер үлкендермен, дос-жолдастарымен қарым-қатынаста сыпайы, әдепті, байыпты болулары абзал. Осы қасиеттердің бәрі мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің негізгі көзі болып табылады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір мен өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастырвға көмектеседі....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептерде білім беру мазмұны
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептерде білім беру мазмұны
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: