Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту

Мазмұны
1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2 1 Абай оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.
2.2. Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары.
2.3. Абай - лирик ақын.
2.4. Абай шығармаларының зерттеу жолы.
3. Қорытынды....

Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.

1.1 Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек, саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұны мен бірге көркемдік ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып табылады.
1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;
2. Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
3. Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айрықша роль атқаратынын ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-сыныптарда оқытылу жүйесі мен атқаратын қызметін анықтау.
4. Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс-жүзінде қолдануға үйрету.
1.2. Диплом жұмысының алға қойылған міндеті.
- Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;
- Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;
- Балалардың ана тілі пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын оқыту арқылы терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;
- Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға қол жеткізу;
- Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау дайындау.
1.3. Практикалық колданылымы:
Еңбектің нәтижелері: мектеп мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
1.4. Диплом жұмысының материалдары:
Диплом жұмысын жазуда бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарының мәтіндері мен ғылыми әдістемелік әдебиеттерден, бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелерінен пайдаланды.
1.5. Диплом жұмысының зерттеу әдістері.
-Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі талдау және жинақтау әдісі;
-Бақылау әдісі және сипаттау әдісі;
- Дәстүрлі талдау және жинақтау әдістерінен пайдаланылды.
1.6. Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Абай және оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.
«... Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..»
Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Өзінің әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай бәрі де тобықты руының билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай жастайынан сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері - әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан естігені ертегі аңыздар болатын.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келген Абай, соңғы 40 жылдық әкесінің өмірін көрген ол Құнанбай туралы бар шындықты айтты, әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасайды. Абайдың суреттеуінше Құнанбай-ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі кедей жігіттердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған. Құнанбайдың қоғамдық қызметтегі игілікті қызметінің бірі-оның оқу ағарту ісіне ерекше мән берген. Ол діни оқуды мықтап жақтағанмен, орысша оқудың заман ағымына қажет екенін ұғынып, өз аулының қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып,
1845 жылы шекара басқармасына орысша-қазақша сөйлей алатын мұғалім жіберуді сұрап өтініш жазған. Құнанбай «Ескітам» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан деген ноғайды мұғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп өз балаларын, ауылдастарының балаларын оқыта бастайды. Абай да алғаш сауатын осы мектептен ашады.
Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-Жаппардың, кейін Ахмет Ғизаның медресесінде оқып білім алады. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі Приходская школада үш айдай орысша оқиды. Бос уақытын ізденумен, кітап оқумен өткізген зерек Абай осылайша орысшаны да тез игеріп кетеді. Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға арналады.
Абай замандастарының айтуына қарағанда, өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Бұл кездегі шығармаларының көпшілігі бізге жеткен жоқ, кейбіреулерінің аты ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу нашар дамығандықтан Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, өміртарихын баяндайтын жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қарсылығы аз болмады. Осының әсерінен Абай өзінің көпеген өлеңдерін жас достарының атынан таратқан.
Болашағынан көп үміт күткен Құнанбай Абайды ел билеу ісіне ерте баули бастайды. Алғашқы кезде әке жұмсауымен елдегі даулы мәселелерге Абайдың қасына ірілеу кісіні ертіп, «барып кел», «біліп кел» деген тапсырмалар береді. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, ел ішіндегі жағдайларды, әкесінің кейбір жағымсыз істерін байқап отырады. Ру таластарының қым-қуат дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің қаталдығымен әділетсіздігімен келісе алмай және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей әділ үкім шығарып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесінен біржолата ажырасады. Ол өз тағдырын өзі белгілеп алатын болды. Абай ең алдымен орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары кедей руларынан шыққан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген, мәдениетті өскен Абай орыстың классик әдебиеті мен Шығыс халық творчествосын оқи бастады. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады. 1880-1886 жылдарға дейінгі көптеген өлеңдері Көкбай атынан таратылған. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Отыз жасқа келгенде Абай феодал, рулық ортадан біржола түңілді.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодал-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкереледі және халықты өнер-білімге шақырды.
Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлермен танысады. Солардың бірі- Е.П. Михаэлиспен таныстығы үлкен достыққа айналады. Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетті. Орыс халқының рухани мәдениеті мен білімінен нәр алған Абайдың ой-өрісі мейлінше кеңейді.1886жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абай тек қана ақын емес, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол өзінің «Евгений Онегиннен» жасаған үзінді аудармаларына да әуендер шығарған. 1889 жылдар арасында –Пушкин есімі оның кейіпкерлері-Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл қазақ даласына кең таралды.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған алыс жерлерден ақындар, музыканттар, жыршылар келді. Ауылдағы жас талантты ақындар Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия, Шәкәрім тағы басқалар Абай төңірегіне топталған.
Абай маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшырыған озат ойлы адамдары да келеді.
Сібірдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жатқан кавказдықтар ауылына айлап жатып қонақ болады.Абайдың ауылы Шығыстың прогресшіл ойдағы алдыңғы қатарлы адамдары көптеп келетін орталыққа айналады. Олар Абайдың, оның айналасындағы өнерлі жастардың шығармаларын жаттап ел арасына таратып жүреді.
Абайды царизм үшін қауіпті адам ретінде далалық өлкенің генерал-губернаторына дейін жетеді.
Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтік тәртіптің әшкерлеушісі болған ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі қудалауда болды.
Ру басшыларының бірі-Абайдың қас жауы Оразбай, оның айналасындағылар қосылып, қолдарынан келген қастандықтарын Абайға жасайды. Ақынның жаулары Абайға деген халықтың сүйіспеншілігінен қаймықты. Олардың қолынан келгендері жер ауып келген достарынан айырып, тығыз байланысты үзумен ғана шектеледі.
Абайдың ақындық шығармалары дала жастарының арасына кеңінен жайылды.
Көптеген жиын-тойларға, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өлеңдерін айтады. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін, поэмаларының қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Ондағы көзделген мақсат жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз елдің сағын сындырмасын, Абай атасының өсиет өлеңдерін есте ұстап, әдепті, көрікті келін болсын деген тілектен туған. Мысалы: Әсия, Уасила, Рахила сияқты қыздардың сондай қолжазба жинақтары бүгінге дейін сақталған.
Абайдың үміт еткен оқыған баласы Әбдірахманның өлімі Абайға үлкен соққы болады.Осы баласына арналған көптеген жоқтау өлеңдер жазған.
Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ тағдыр оны тағы да қатты соққылайды. Абайдың екінші баласы, талантты ақын – Мағауия қайтыс болады. Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы – қасіретінен бой жаза алмайды. Досы Ерболдың, замандасы Базаралының қазасын естігеннен кейін Абай көп үнсіздіктен соң:
- Құп-қу болып, жапа-жалғыз қалыппын!
Бақсының моласындай жапа-жалғыз қалыппын!
Кімім қалды, нем қалды!?- деп өзімен-өзі сыбырлый сөйлеп кетеді. ( М. Әуезов Абай жолы романы 2 том 596 бет)
-... Жапан түз, елсіз, жолсыз сор далада жалғыз түп ағаш өсті. Айлар, жылдар, не замандар жасапты. Әрбір көктем күніне үмітін артып, шат қуаты жапырағын жарып гүлін ашыпты.
Талай жылдар өтіпті әр жылының гүлдері мен дәндері ұшып, тарап кетіп жатыпты. Сан жапырақ сарғая солып, жоқ болыпты. Бір заманда сол айдаладағы жалғыз ағашқа жай түсіпті де жайрапты. Бұл бұтақтан, гүл жапырақтан, дән нәрден айырылыпты, ажырапты... Қуарып жалғыз қалған қу ағаш көк аспанға тіл қатыпты. Не жазып ем, не сұмдық, не залымдық етіп ем?І
Біттім міне, тек, көк аспан куәм едің, сенен ғана сұраймын. Сорымның да куәсі, көктеген гүл атқан шағымның да куәсі сен едің, кең көк аспан!... Сен ғана айтшы... Мен өлейін, бірақ сол жылдардан сенің желдерін қуып жеткен гүлдерім, дәндерімнен үміт ұрпақ қалар ма?...
... Жас жапырақ көкке созып, гүл жемісін жер жүзіне берер ме?!... сол гүлдердің бір тобынан мәуелі бақ өсер ме! Саясында жас өмір, жаңа дәурен мекендер ме?-деп өзімен-өзі шын бір ұлы шабыт, ақын шабытымен шарықтап бір барды да, сонан соң үні өшті. ( М. Әуезов Абай жолы 2 том 597 б)
Ақынның соңғы үні, арманы осындай еді.
Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жасқа шыққанда, өзінің туған даласында ақын қайтыс болады.
Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген қыстағының жанына қойылады.
Оның үні мен өрісі бар, үміті бар жас буын жамандықтан жиренгенін, жақсы күнді көксегенін таратып айтып еді.
Сол үшін Абай бүгін өлген жоқ.
«Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!»-деген өзіңсің Абай аға!
«Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің! Еліңнің әр жанының кеудесінде сенің атың бірге кетеді, бірге жасайды... Ана жұртың сені өлді демейді!...» (Абай қабірі басында сүйікті жары Әйгерім айтқан жоқтау өлеңнен үзінді.)
Абай творчествосының зерттелуі жайлы атап айтатын болсақ, Абай өлеңдері мен поэмалар, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен екі том болып басылды.
1918 жылы ақпан-қазан айлары аралығын Семейде Жүсіпбек Аймауытов редакторы болған «Ғылыми-әдеби және шаруашылық» журналының 1 санына Абайдың «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңін эпиграф етіп алып, Абай жайлы көлемді мақала жарық көрген.
1939 жылы М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті трагедиясы, сахнаға 1940 жылы 30қазанда қазақ академиялық драма театры сахнасына қойылды. (Реж-А.Тоқпанов суретшілері- Э.Чарномский. Қ.Қожықов.)
Пьесада күрескер Абай жан-жақты көрсетілген. Абай ақынның туғанына 95жыл толуына орай Қазақ мемлекет баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген өмірбаяндық жинағы.
Құрастырғандар Е.Ысмайлов пен Қ. Бекхожин Абай әндерінің әуені бойынша 1941жылы А.Жұбанов жазған сюита ақынның шығармашылық күрескерлік қызметін музыка тілімен баяндайтын бес бөлімді лирик-драмалық шығарма.
1945жылы орыс тілінде жарық көрген Абай жайлы ғылыми зерттеу еңбек. (Авторы М.С. Сильченко.) Еңбек он алты мақаладан тұрады. Онда автор Абайдың балалық, жастық шағын, өскен ортасын, ақынның надандыққа, әділетсіздікке, зорлық-зомбылыққа күрес жолына тоқталған. Аудармалық шығармаларына, қарасөздаріне талдау жасалған.
М.Әуезов-жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазССРҒА-ның академигі, ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың лауреаты. Абайдың бүкіл өмір жолын жиырма жылдай зерттеп атақты «Абай» және «Абай жолы» романын жазып, әлем оқырмандарына қазақ халқы жайлы толық, жан-жақты түсінік берген.
«Абай жолы» -М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-қазақтың тұңғыш эпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947 жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Эпопеяның Абай атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз елу тоғызыншы) берілді.
1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген абай деректі фильмі жарық көрді. Мектеп баспасы 1976 жылы авторы Қ. Оразалин Абай ауылына саяхат очерктер жинағы баспадан шықты.
1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың «Таңдамалы өлеңдер» жинағы, Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан Алматыға Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі кітабы.
1956 жылы Абайдың қара сөздарі (авторы Х. Сүйіншәлиев.)
1986 жылы Пекиндегі Ұлттар баспасынан Абай қарасөздері жарық көрді.
Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. («Мектеп» баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев.) Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта пайдалану жолына тоқталған.
Абай- сатирик ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан шықты.
Ұлы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу орындарында арнаулы пән «Абайтану арнайы курсы» «Абайтану» сабағы өтіледі. «Абайтану бағдарламасы» ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің бірізге түсіп жүйеленген жоспары.
1995 жылы «Абай энциклапедиясы» (бас редакторы Р.Н. Нұрғалиев басшылығымен ) «Атамұра» баспасынан жарық көрді.
Энциклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904 ж.ж.)өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы, бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, эстетикалық, поэтикалық қоғамдық-саяси пікірлері сөз болады.
Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда қазіргі ұғым түсініктер деңгейіне көтеріле, бұрын-соңды айтылғанды жинақтай айту қажет екені мәлім. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың шығармашылық өнеріне, ақындық тұлғасына, жекелеген өлең, дастандарына қатысты әр кезде айтылған сын пікірлерге де назар салуға болады.
Абайтанудың арғы бастау бүлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын ауызға аламыз. А Байтұрсы-
нов 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылған « Абай-қазақтың бас ақыны » атты мақаласында:
« Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,-деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік \Р. Мұсаұлы Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. «Абай журналы» 1993ж. 9-13беттер.\ -Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын қарастырылып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда) және «Ескендір мен Масғұт» поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын оған кірген Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі екілі ғана екенін жене ақын өзі қолмен жазған жазбалары сақталмай...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту
» Курстық жұмыс: Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары

Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]