Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы
Мазмұны
Кіріспе І. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері.
1.1. Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие бойынша шыққан әдебиеттерге шолу.
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мәні мен міндеттері.
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика негізінде эстетикалық тәрбие беру әдістемесі
2.1. Халық ауыз әдебиеті, ұлттық ойындар – эстетикалық тәрбие беру құралдары.
2.2. Халықтың музыкалық шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнерінің эстетикалық тәрбиедегі көрінісі.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан елінің ел болуы ана тілінен , салт дәстүрінен мәдениетінен, тарихынан өз жастарына тәлім тәрбие беруінен бастау алады
Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін, ұлттық сана сезімін , тіл мен ділін, бауырмалдық қадір қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.
Біздің ұлттық намысты басқа бір ұлт оятпайды, оған өзімізді -өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің «Интеллигент –это человек который несет свет»-деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергендігінде. Сондықтанда адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастырудан процесімен байланысты.
Зиялылық –білімділік, тәрбиелілік, мәдениеттіліктің бірлігі. Ол жастардың эстетикалық мәдениетін қалытастырудан бастау алады .
Эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады. Оқушыларда бастауыш мектепте-ақ эстетикалық тәрбие берудің негізі қаланады. Ал негізгі, орта мектептерде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері кеңейе түседі. Тәрбиенің бұл саласына қойылатын міндеттерге тарих пәні ойдағыдай үлес қосады. Бастауыш мектепте оқыту барысында эстетикалық тәрбие берудің міндеті-оқушыларды тарихи құбылыстардың, әсіресе , өнер туындыларын қабылдап,түсіне білу, оны бағалай білу қабілетін қалыптастыру түрлі қоғамдық құбылыстарға эстетикалық тұрғыдан қарауды үйрету. Тәрбиенің бұл саласын оқытып, үйретуде тарихтағы адамның қызметін ашып көрсетуге, мәдениетке, күнделікті тұрмысқа қатынасын көрсетуге баса назар аударылады. Эстетикалық тәрбие басқа салалар мен, әсіресе, саяси, адамгершілік , еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты. Адамдарда эстетикалық сезім сонау ежелден-ақ қалыптаса бастаған. Ертедегі адамдар тіршілік ету үшін қолайлы мекендер іздегенде, табиғаты бай, әрі көркем де көрікті жерлерді іздеген. Табиғаттың жанға жайлы құбылыстары (күннің жылылығы, ашықтығы, ауа райының қолайлығы) олардың көңілін жадыратып, бойларын қуаныш сезім билеген, ал бұған керісінше, табиғаттың қолайсыз құбылыстары (қатты дауыл, суық аяз, жауын-шашын) оларды ренжіткен. Сол сияқты адамдар атқарған жақсы істер,ерлік пен батырлық, оларды қуанышқа бөлесе, трагедиялық, қайғылы жағдайлар оларды ренжіткен. Бұлардың бәрін ертедегі адамдардың тасқа салған белгілерін, суреттерінен, олардан қалған аңыз-әңгімелерден, ертегілерден, өлең-жырлардан байқауға болады.
Тарих бағдарламаларындағы оқу материалын алдын-ала мұқият қарап талдасақ, эстетикалық тәрбиеге тікелей қатысты материалды дұрыс іріктеп, сабақта тиімді әдіс, тәсілдерді пайдалансақ , шәкірттерімізді сезімталдыққа, жақсыны, әдеміні, көркемді сезе білуге, оны сақтай, құрметтей білуге тәрбиелейміз, оларда эстетикалық тәрбиенің қалыптаса түсуіне лайықты үлес қосамыз.
Қазақстан елінің егеменді ел болуы ана тілінен, салт-дәстүрінен, мәдениетінен , тарихынан өз жастарына тәлім- тәрбие беруінен бастау алады. Мұндай көзқарасты өткенге оралу емес, қайта олардың рухани дүниесін , ұлттық сана- сезімін, тілі мен ділін, бауырмалдық қадір-қасиетін жаңғырту, қалыптастыру идеясын басшылыққа алу деп түсіну қажет.Біздің ұлттық намысты басқа ұлт оятпайды, оған өзімізді-өзіміз тәрбиелеу арқылы жүзеге асыруымыз қажет. Осы орайда аға ұрпақтың, оның ішінде зиялы қауымның қосар үлесі, жауапкершілігі мол болмақ.
Өткен ғасырдың танымал жазушысы Глеб Успенскийдің: «Интеллигент-это человек, который несет свет»- деген пікірі зиялы адам рухының қоғамдағы маңыздылығына айрықша мән бергеніндігінде. Сондықтан да адам факторын жандандыру міндетін белсенді шешу мәселесі тікелей зиялылықты қалыптастыру процесімен байланысты. Ол жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудан бастау алады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде зиялы қауымның қоғамдағы атқаратын қызметіне үлкен мән беріп, былай дейді: «Өзіміздің зиялы қауым туралы әңгімеге айрықша тоқталғым келеді. Қоғамда тарихи-рухани және мәдени байланысты қамтамасыз ететін басқа тап жоқ. Мәдениет ең алдымен жәдігерлік, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші-біздің зиялы қауым ».
Халықтық педагогиканы, оның идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін, тәрбие құралдарын жас ұрпақты жан-жақты, ең алдымен, эстетикалық тәрбиеге пайдалану шарттарын терең зерттемейінше, бұған жету мүмкін емес.
Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт тұрпатында, қарым-қатынастарынд киім-кешегі мен үй-жайларында, өндірген заттарында, тілі мен өнер туындыларында-осының бәрінде эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшкліктері мен принциптері көрінетіні даусыз. [1]
Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие күні бүгінге дейін арнайы педагогикалық зерттеу нысанасы болған емес еді. Оның үстіне мектеп практикасын талдау да эстетикалық тәрбиені халықтық дәстүрлер құралдарымен жүргізудің қажеттігін айғақтай түседі. Осы арада мынадай субъективті фактордың да бар екенін айта кеткен орынды.: көптеген педагогтар мектеп оқушыларын эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлерінің сарқылмас мүмкіндіктерін жете бағалай бермейді. Мұның бәрін тұтас алғанда оқушыларды эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге халықтық педагогика құралдарын пайдалану жөніндегі тоериялық жағынан негізделген ғылыми-теориялық ұсыныстардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Сөйтіп, ұлттық сана-сезім өсуінің объективті процесі мен қазақ халық пеагогикасының мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан білудің арасындағы, мемлекеттілік жағдайында ұлттық мұраға бағдар ұстай тәрбиелеудегі мектеп практикасының қажеттілігі, оқу-тәрбие процесінде қазақтың халықтық педагогикасын пайдалану жөніндегі ғылыми практикалық ұсыныстар мен дидактикалық кешендердің жоқтығы арасындағы қайшылық айқын көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие бере отырып, жаңа қоғам талабына сай жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің тынымдық және тәрбиелік күші арқылы баланың бойында эстетикалық білімді қалыптастыру. Қазақтың халықтық педагогикасы арқылы яғни, ауызша поэтикалық, музыкалық және сәндік – қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке бағдарлауды күшейту. Осы мәселелер біздің өз жұмыс тақырыбымызды « Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің маңызы»-деп атауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты . бастауыш сынып оқушыларына көркемдік білім беру, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің объектісі:
Оқу тәрбие жүйесінде эстетикалық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің болжамы :
Әдемілікті сую, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Жұмыстың жетекші идеясы:
Пән аралық байланыс арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық білім және тәрбие беру. Эстетикалық сана және сезімін қалыптастыру. Көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге, өнер шығармаларын саралап бағалауға үйрету.
Жұмыстың әдістері:
Педагогика психологиялық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасай отыра, мектепте және сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбиенің даму процесінде ана тілі мен ән айту мен музыка, бейнелеу өнері арқылы эстетикалық ықыластықты тәрбиелеудің ең бір күшті әдісі – оқу мәдениетін дамыту, көркем шығармаларды бағалай білуге тәрбиелеу және өнертану білімдері саласынан мағлұмат беру.
Зерттеу кезеңдері .
Бірінші кезеңде ( 2003) ж.педагогикалық , психологиялық әдебиеттер талданып ,оқыту үрдісінде мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда эстетикалық тәрбие беру жағдайы анықталды.
Екінші кезеңде (2004) ж. Эстетикалық тәрбие бойынша алынған білімдер жиынтығы талданып,бастауыш сынып оқу –тәрбие үрдісінде эстетикалықтәрбиелеу бағытында іс-шаралар ,басқа да тәрбие бағыттарымен байланысты түрде жүргізіле басталды, балалардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына жағдай туғызу мәселесі ұйымдастырылды.
1. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері.
1.1 Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие бойынша шыққан әдебиеттерге шолу.
Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің даму барысына аса көңіл бөлді. Халық шығармашылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. [ 1]
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол-заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты, жүйелі талдап зерттеуінде емес, керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханұлы өзінің аз ғұмырында көптеген баға жетпес құнды еңбектер қалдырды.
Оның ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескертпелері мен болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты. Мысалы, поэтикалық өнерінің адамгершілік тәрбиесіне ықпалы туралы пікірін өлең, мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірсек, өнердің эстетикалық тәрбиедегі рөлі жайлы пікірін ән-күй мен архитектуралық құрылыстар суреттемелерінен көреміз. Сондай-ақ табиғаттың да адамгершілік-эстетикалық тәрбиесіне деген пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама тұрғысынан жазған еңбектерінде тұжырымды берілген.
Шоқан Уәлиханов ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін көрсете білді. Ол әсіресе 1856 жылы атақты Жанақ ақыннан естіп, жазып алған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» эпосының поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалады.
Шоқан өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған ауызекі шығармашылығы арқылы халықтың арман-тілегін, тұрмыс-қарекетін, көзқарасын баяндады, ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер т.б.) көңіл аударып, оны халық эстетикалық тәрбиенің құралы, әдіс-тәсілі ретінде пайдаланғанын көрсетті. Олардың қай дәуірде болмасын құндылығы жойылмайтынын, әрқашан халық үшін, жеткіншектер тәрбиесінің игілігі үшін қызмет ететінін өзінің көзқарасы, ой-пікірі, қатынасы арқылы дәлелдеді. [2]
өзінің барлық педагогикалық теориясында жас-жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіпуде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстағандардың бірі-Ыбырай Алтынсарин.
Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, халқына, халық мұрасына: ауызекі шығармашылыққа, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігінің артуына, эстетикалық талғамы мен сезімінің дамуына өскен ортасы (табиғат, отбасы, туыс-достар, өнер адамдары т.б.) әсер етті. Әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл-парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балқожаның ықпалы ерекше болды.
«Қазақ хрестоматиясына» енгізілген ауыз әдебиетінен жинаған материалдардың мазмұны тек қана танымдық, адамгершілік, өнегелік және ақылгөйлік сипатқа ғана емес, ол сондай-ақ жоғары эстетикалық талғамның жан-жақты қалыптасып дамуына, әдемілікті түсіне білуге, нағыз сұлулықты сыртқы жылтырақтардан ажырата білуге тәрбиелейтін ықпалымен де құнды.
Ыбырайдың халықтың ғасырлас бойы жинақтаған тәжірибесін хрестоматияға, басқа да ғылыми шығармаларына еркін енгізуі-халықтың арман-тілегін, рухани байлығын жетік меңгергені, тәрбиені ойдан немесе жаңадан іздемей, халықтың қайнар рухани бұлағынан көре білгендігі деп түсінуге болады. Оның өсиеті балалар мен жеткіншектерді оқу-білімге еңбек етуге, өмірдегі бар жақсылықты, әдемілікіті, сұлулықты дұрыс қабылдауға, оған қуана білуге шақырады.
Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің мен қара сөздерін.е халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің болмысқа деген эстетикалық көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етеді.
Халықтың ауызекіә шығармашылығын Абай өзінің педагогикалық идеяларын таратуда әсіресе, адамгершілік –эстетикалық тәрбиесін жүзеге асыруда қажетті құрал ретінде пайдаланады.
Мәселен, қарасөздерінде мақал-мәтелдерді талдау, ертегі, аңыз сюжеттеріне, салт-дәстүрлерге тоқталу, адамдардың әдеп-инабатын, мәдениеттілігін сипаттау арқылы балалар мен жастарды адамгершілікке баулып, ақыл-кеңес береді.
Жастарға адам баласының сыртқы сұлулығы мен ішкі жан дүниесінің үйлесімділікте болғаны дұрыс екенін ескерте отырып, Абай өзінің «Он сегізінші сөзінде» адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп... таза кимек дұрыс іс», ал «өз дәулетінен артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ- кербездердің ісі» деп түсіндіреді. «Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүрісін қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын атарқтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атнбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «әттең дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?» дейтұғын болмаққа ойланбақ». [7]
Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері, адамадардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай»т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген.
Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл-өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда қоғамның жаңаруы, демократиялануы процесінде, еліміздің егемендік алып, тарих қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда маңызды рөл атқара түсуге тиіс.
Осындай ұрпақ тәрбиелеп шығаруда иатаһбабамыздан қалған дәстүрлі эстетикалық тәрбие беру саласында соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттер көптеп шыға бастады.
Соның бірі С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие» атты еңбегінде халықтық педагогиканың әдіснамалық және функцоиналдық мәні негізделіп, оның педагогика ғылымдарының құрамдас бөлігі ретіндегі ұғымы ашылып беріледі. Ұлттыұ мәдениет негізінде жеке адамды тұтастай эстетикалық жағынан қалыптастыру прорцесі көрсетіледі. Оқу-тәрбие тәжірибесіне қазақтың халықтық предагогикасы идеяларын енгізу жөнінде бағдарламалар, әдістемелік нұсқаулар талдап жасалады.
С. Қалиев «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» атты еңбегінде халықтық педагогикасын ауыз әдебиетіндегі көріністері бойынша қарастыруға талап жасаған. Соның ішінде қазақ халқының өз ұрпақтарын адал да еңбек сүйгіш, өнегелі де өнерлі, парасатты азамат етіп тәрбиелеуде ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін ғасырлар бойы қалай пайдаланып келгені, оны бүгінгі қазақ мектептерінде оқу-тәрбие барысында қолданудың тиімді жолдары сөз болады. Автор: «Халықтың асыл мұрасы – ауыз әдебиеті үлгілерін оқып зерттей отырып, біріншіден, оның көшпелі қазақ елінің ежелгі салт-санасы, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста туғанын білсек, екіншіден, халықтың ой-парасатының адамды тәрбиелеуге арналғанын көреміз, үшіншіден, халықтық педагогикалық көзқарасының ауыз әдебиетімен бірге туып, бірге қайнасып келе жатқан әлденеше ғасырлық көне тарихының барлығын байқаймыз, төртіншіден, ғылымы мен мәдениеті ерте дамыған орыс, батыс елдеріндегідей сан-салаға тармақталған медицина, психология, философия және педагогика ғылымдары төңкеріске дейін жеке ғылым болып өсіп жетілмеген қазақ елінде бұл ғылымдар жөнінде халықтың ой-пікірінің ауыз әдебиетінен тұтасқан түрде көрініс тапқанын көреміз» деген қорытынды жасайды.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныптарда табиғат лирикасын оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныптарда табиғат лирикасын оқыту арқылы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі
Іздеп көріңіз: