Курстық жұмыс: Экономика | ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Курстық жұмыс: Экономика | ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ................................................................................5
1.1 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалануы........................................5
1.2 Дайын өнімнің қоймадағы есебі....................................................................10

ІІ ТАУАРЛАРДЫ ӨТКІЗУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛ ОРДЕР 1
ДАЙЫНДАУ..........................................................................................................13
2.1 Кепілдік міндеттемелері және тауарды жөндеуге кепілдеме беру.............13
2.2 Тауарларды тегін беру кезінде болатын операциялардың есебі.................16

ІІІ ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ ВЕДОМОСТЬЫ ЖӘНЕ
ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
«1С БУХГАЛТЕРИЯ» ЖҮЙЕСІНЕ ТІРКЕУ......................................................18
3.1 Журнал ордер №1 дайындау..........................................................................18
3.2 Дайын өнімді сату операцияларын «1С бухгалтерия» жүйесіне тіркеу.......................................................................................................................21

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29

ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................30


І БӨЛІМ. ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

1.1 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалануы

Тауар – материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1330 «Алынған тауарлар» шоты қолданылады. Бұлар мүліктік активті шоттар. 1330 шоты негізінен сауда, қоғамдық тамақтану, жабдықтау – сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.
Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеліп, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің бірыңғай тауарларына қатысты үйлестірілуі керек.
Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін төлемдерін; транспорттық-дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген сомаларын және басқа да осы тәріздес түзетулерін, әкелінген шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.
Сату бағасы — бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушысына сатылатын бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:
- сатып алынған құны - бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы-транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың жабдықтаушылардан сатып алынған құны;
- акциз - бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкоголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына, жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға т.б.; акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік деңгейде тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды, ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;
- қосылған құн салығы - келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрлеріне белгіленеді: 0% (нольдік пайызы бойынша) — экспортталған тауарларға (заңда қаралғандардан басқасы), 16% — барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС -босатылғандардан басқасы),
- сауда үстемесі - бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының, шығынын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.
Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей қалған жағдайда, сол тауарды өтеуіне тура келеді.
Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлықтай қиындық туғызбайды, өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен рәсімделеді (шоттармен, тауарлы-транспорттық накладноймен т.б. құжаттармен). Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады. Бұның басты себебі: сатып алынған тауардың сомасына тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады. Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:



Сатылған Жұмыс күнінің Сатып алынған Жұмыс соңына
тауардың құнына басына сатып бағасы бойынша сатып алынған
сатып алынған алынған бағасы түскен тауарлардың бағасы бойынша
бағасы бойынша бойынша тауардың құны қалған тауардың
қалдығы қалдығы


Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеудің көмегімен анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда, қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.
Көптеген белшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл анықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен жүзеге асыруына болады. Штрихтық кодтар, әдетте, он үш саннан (цифрдан) тұрады, оның алғашқы екеуі өнімді-дайындаушы (немесе өнімді-сатушы) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі — өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі — тауарға сипаттама береді (атауы, мөлшері т.б.) және ең соңғы біреуі — бақылаушы болып саналады.
Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі, саны және сатып алынған бағасы туралы ақпарат көшірме (сканирующей) қондырғысының арқасында компьютердің жадында сақталады. Одан әрі қарай тауарды сату кезінде компьютер қандай тауардың қандай санда (мөлшерде) сатылғаны туралы мәліметті тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құнын анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжатталмаса немесе компьютерде тіркелмесе, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.
Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды (қалам, қаламсап т.б.), онда олардың сатып алу бағасын жоғарыда көрсетілген формула бойынша анықтайды.
Есептік құнын таңдау — алынған құны бойынша немесе сату құны бойынша мәселенің шаруашылық жүргізуші субъекті үшін де маңызы зор. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:
- арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі;
- орташа өлшемдік құн әдісі;
- ФИФО әдісі — запастарды алғашқы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі;
- ЛИФО әдісі — запастарды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі.
Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда «Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі» деген тарауда толығымен қарастырылған болатын.
Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 1330 «Алынған тауарлар» шотында жүргізіледі, оған мынадай субшоттары ашылады:
1331 субшоты – «Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар», онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі сияқты санына және құнына қарай, сатып алу бағалары бойынша жүргізіледі.
1332 субшоты – «Бөлшек саудада сату үшін алынған, сатып алынған тауарлар», онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың, бөлім меңгерушілерінің т.б.) жауапкершіліктерінде тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу сату бағалары бойынша (сатып алу бағасы, ҚҚС және сауданың үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргізіледі.
1333 субшоты – «Тауардың үстеме бағасы». Бұл субшотта сату үшін берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып) белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның нәтижесінде сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауардың үстеме баға қызылмен жазылып, олардың құнын кемітеді; үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгіленген үлгі бойынша есептен шығарады.
1334 субшоты – «Тауар бағасына қосылған құн салығы». Бұл субшотта сатуға берілген тауар бағасына енгізілген ҚҚС сомасын көрсетеді. Тауар бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтіп ол тауардың сатылу құнын құрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар тұтынушыларға және басқа сатып алушыларға сатылады.
Тауарлар сатылғаннан кейін тауар бағасы ҚҚС сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған сомаларды алып тастағаннан кейін қалғаны бюджетке аударылады.
Сөйтіп, 1333 және 1334 субшоттары тек тауардың сатылу құнын қалыптастыруға арналған, яғни көмекші қызмет атқарады және олардың дербес арналымы жоқ. Бірақ көмекші қызметсіз бөлшек сауда кәсіпорындары сатылған тауардың түсіміне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан да сатушы да, сатып алушы да тауардың сатылататын бағасын білуге мүдделі.
Сонымен қоса, көмекші субшоттар жүйесін қолдану синтетикалық есептің дұрыс жүруіне өз септігін тигізеді, яғни халыққа сатылған тауардың мөлшерін, арналымын, үстеменің есептеу тәртібін, нарық бағасын анықтауға көмектеседі.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес, бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерзіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсіпорындарында тауардың сатылған кезеңі болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады, өйткені онсыз тауар босатылмайды.
Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, магазиннің бас кассасына ақшаның келіп түскен кезеңнен бастап 1010 шоттың дебетінде, 4410 шоттардың кредитінде көрініс табады.
Тауарды есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде жасалады, онда тауардың сатылған құнының бірыңғай қағидасына сай етіп көрсетіледі.
Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар бағасындағы сатылған ҚҚС сәйкес және сатылған сауда үстемесіне ай соңында бөлшек сауда кәсіпорындарында есебі шығарылады.
Алдымен, белгіленген нысан бойынша, сатылған сауда үстемесін есептейді, ал ол өз кезегінде келесі процедурадан тұрады:
1. Бухгалтерлік жазбалардың негізінде сауда үстемесі тауардың сатылу (сату) бағасына қосылатын болғандықтан, тауардың барлық партиясына 1330 шотының 2 субшоты дебеттеліп, 1330 шотының 3 субшоты кредиттеледі, бұл арада 1330 шотының 3 субшотында сатылған тауар бойынша айдан айға тек сатылған тауардың сатып алынған құнын алу үшін, ол қызылмен жазылып отырады, нәтижесінде 1330 шоты бойынша кредиттік қалдықтың пайда болуы мүмкін.
2. Тауардың ай ішіндегі айналымы мен ай басындағы тауардың құнына сауда үстемесінің қалдығын қосып, сауда үстемесінің «болжамды сальдосы» деп аталатын жағдайын аламыз (бұл жағдайда 1330 шотының 3 субшотының дебеті бойынша операцияларын шегереміз).
3. Ай барысында сатылған тауардың жалпы құнынан (сатылған өнімнен түскен жалпы түсімнен) ай соңында қалған тауар құнының қалдығын (1330 шоттың 2 субшоты бойынша, сальдосын) алып тастап шығарамыз. Бұл есептеу касса мен тауар туралы есеп берудің негізінде жасалады.
4. «Болжамдық сальдосын» (1333 шоты бойынша алынған соманы) жалпы сатылған өнімнің құнына және сатылмай қалған тауар құнының қалдығына бөлу арқылы тауардың орташа пайыздық үстемесін табамыз.
5. Тауар қалдығына қатынасты сатылмаған сауда үстемесінің сомасын: ай соңында қалған тауардың сомасын орташа пайыздық сауда үстемесіне көбейту жолымен анықтаймыз.
6. «Болжамдық сальдодан» 1333 шоты бойынша тауар қалдығына жататын сауда үстемесінің сатылмаған сомасын алып, сатылған тауардың сауда үстемесінің сомасын анықтаймыз, бұл өз кезегінде қызыл жазумен жазылатын жазу болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған есептеулердің мәні: ай басындағы сауда үстемесінің сомасын және ай барысында алынған сомасын сатылған тауар мен ай соңында қалған тауарға пара-пар (пропорционалды) етіп аламыз, бұл кезде әрбір тауардың үстемесін есептеудің қажеттілігі туындамайды.
Тауар бағасындағы қосылған құн салығы тіркелген пайыздық мөлшерлемесі (16%) бойынша салық салынады. Тауар бағасының сомасынан қосылған құн салығы мен оның үстемесі шегеріліп, қалған сома өндіріс (кәсіпорын) шығысына жатқызылады, ал оның сатылған құнындағы табыс сомасына, әрекет етіп тұрған заңға сәйкес, қосылған құн салығы есептелінеді.
Бөлшек сауда кәсіпорындарындағы тауарды сату бойынша құрылымдық жазудың сызбасын (схемасын) мынадай етіп беруге болады:

Бөлшек сауда кәсіпорынның
қоймасынан алынған тауарлар = сатып алынған құны
+ тауар бағасындағы үстеме
+ тауар бағасындағы ҚҚС

Сату үшін бөлшек саудасының
кәсіпорнына берілген, сатып = сатылатын құны
алынған тауарлар

Шығысы ← сатып алынған құны (сатылатын құны – тауар бағасындағы үстеме – тауар бағасындағы ҚҚС)

Табысы

Сатылатын құны

Сату бойынша айналысына салынған ҚҚС

1.2 Дайын өнімді өткізуден түскен табыс

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды және ол №5 БЕС-на сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Табыс сондай-ақ тауарлы-материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан (проценттерден), роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Негізгі қызметтен түскен табыстың есебі. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:
6010 – «Дайын өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010-шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
6010-шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген.
Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 5410 «Жиытық табыс (зиян)» шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 5320-шоты дебеттеледі де, 5410-шоты кредиттеледі.
6010 – «Алынған тауарларды сатудан түскен табыс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызметпен және экспорттық-импорттық операцияларымен айналысатын кез келген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар олардың жарғысында алдын ала ескерілген болса ғана, бұл аталған шотты қолдана алады.
6010-шоты бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы жоғарыда келтірілген Шотты құрылыс-монтаждау, геологиялық барлау, жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан түскен табысты көрсету үшін пайдаланады. Аталған шотты, кәсіпорындар келтірілген жұмыстардың түрлерін орындауы қарастырылған болса ғана пайдалана алады. Шоттарының корреспонденциясы 6010-шот бойынша жасалған шоттардың .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, ДАЙЫН ӨНІМ МЕН ТАУАРЛАРДЫ САТУ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]