Курстық жұмыс: Экономика | Аудит субъектілері және құқықтық негіздері

Курстық жұмыс: Экономика | Аудит субъектілері және құқықтық негіздері

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Аудиттің мәні, мазмұны және аудит субъектілерінің құқығы......................4
1.1 Аудит ұғымы, мәні мен мазмұны.....................................................................4
1.2 Аудит субъектісі және оның ролі....................................................................8
1.3 Аудит субъектісінің құқығы және оның міндеттері....................................13
ІІ Шаруашылық жүргізуші аудит субъектілерінің құқығын реттеу ..............16
2.1 Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы...................................16
2.2 Аудит субъектісінің жауапкершілігі.............................................................19
2.3 Аудит субъектісін құқықтық реттеу..............................................................22
ІІІ Аудит субъектілерінің жұмысының орындалуы..........................................24
3.1 Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары .......................24
3.2 Аудиторлардың кәсіби этикасы.....................................................................26
3.3 Аудит жұмысы мен құқығы және кәсіпорынның қаржылық ақпаратын реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды............................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................33


1.1 Аудит ұғымы, мәні мен мазмұны

«Аудит» термині осыдан екі мың жыл бұрын «аudio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның ішінде аудит те бар.
Мұндағы мақсат - қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған.
Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған. Хаммурапи заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.) көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға - мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет аудиторларын қамтыды. Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж.) арнайы бюрода тексеріп және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлы алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король Эдуард II, үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
XII ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында (архив) аудиторлық қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы: Ұлыбританияда екі типті аудит жүргізілген:
1) аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде – билеп - төстеуші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған:
2) ірі поместьесінің қаржылық басқарушының төлем шотын «аудиторлық декларацияға» орай «дебет және кредит» бойынша егжей - тегжейін тексеру, яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша есеп берген.
Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда - саттықтың кеңеюімен сипатталатын ХVІ - ХVII ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды. Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты және растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. XVII ғасырдың аяғында Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және XX ғасырға дейін АҚШ - тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей - тегжейлі зерттеуді ұйғарды.
Роберт X. Монтгомери американдық аудитінің сол кезеңін «есепшоттық аудит» деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық «тестілік аудитке» өзгеріп, ауысады (трансформацияланды).
Сонымен қатар аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсенділігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.
XX ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдасу (глобализация) тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет, Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (ИНТОСАИ - 1953 ж.), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы, БҰҰ-да 1979 жылы құрылған Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айырықша. Осы жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.
1.2 Аудит суюъектісі және оның ролі

Аудит жұмысының құқығы аудит заңына және басқа мемлекеттік ормативтік құқықтарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол арқылы біздің елімізде аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы шықты.
Халықшаруашылық экономикасында шаруашылық субхектісі деп әр түрлі меншіктегі ұйымдастыру тұрғысынан дербес құқылы өндіріс, сауда, коммерция, бизнес бірлестіктерін немесе басқадай мекемелерді айтады. Оған банктер, ассоциациялар, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, биржа бірлестіктері тағы басқа көптеген кәсіпкершілік жасаушы құрылымдар жатады. Соның ішінде аудитор фирмалары немесе жеке аудитор жұмысы да жатады.
Аудитор заңы алты тарау, жиырма төрт баптан тұрады.
Бірінші тарауында – аудитке түсінік берілген, оның мазмұны мен мағынасына, аудитор көмекшісіне, аудитор фирмасына, аудит жұмысына түсініктеме берілген. Аудит жұмысын кәсіпкершілік, ол тапсырушылардың талабына сай тексеру жүргізіп және басқадай қызмет көрсетеді деп анықтама берген.
Екінші тарауында – аудит дайындау, оларды аттестациядан өткізу тәртібі анықталған. Мысалы, аудит заңының сегізінші бабында: «Аудиторларды аттестациядан өткізу» деп атап көрсетілген, аудитор боламын деген талапкерлер аттестациядан өту үшін оның жоғарғы немесе орта арнайы білімі болуы керек, өз мамандығы (бухгалтер, тексеруші) бойынша тиянақты жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Осы көрсетілген талаптарға сай келетін талапкерлер емтихан тапсыруы керек. Қазір Қазақстан Республикасында арнайы аудитор дайындауға құқық оқу орындары 2 – 4 ай мерзімінде оқытып дайындайды. Бұл жұмысты ұйымдастыру, бақылау жүргізу міндетін Республикалық Қаржы Министрлігінің жанынан ашылған «Біліктілік Комиссиясы» атқарады. Оқу бітірген аудиторға талапкер «Біліктілік Комиссиясының» басшылығымен жүргізілген комиссияға емтихан тапсырғаннан кейін аудитор куәлігін «Лицензия» алады, ол бес жыл мерзімге беріледі. Қалыптасқан Тәртіп бойынша аудиторға талапкер «Біліктілік Комиссиясында» арнайы тіркеуге алынады, сол тіркеу номерімен берілген аудитор куәлігін және атына жасалған «мөр» болады.
Экономикасы жоғары дамыған шет елдерде аудитор дайындау арнайы оқу орындарында екі немесе төрт жыл арнайы оқытып дайындайды. Олардың мамандығы бухгалтер болуы қажет, өз мамандығымен төрт жылдан кем емес жұмыс стажы болуы керек. Олар оқуға түсу үшін және бітіргеннен кейін өз мамандықтарынан және шет тілінен емтихан тапсыруға тиісті.
Аудитор палатасының негізгі атқаратын қызметі — ол Қазақстан Республикасының көлемінде аудиттің әдістемелік құжаттарын дайындап, даму жолын қарастыру. Сол мақсатпен ол аудит стандарттарын дайындау, әдістемелік ереже - нұсқаулар шығару, аудит мамандарын дайындау, аудитор фирмалары мен аудиторларды есепке алу және олардың, жұмысына бақылау жүргізеді, өз кезегінде аудитор палатасын тапсырушыларды есепке алумен, олардың арасындағы кездесетін келіспеушілік жұмыстарын, аудиттің сапалылығын, аудитор қорытындыларының нәтижесін есепке алумен айналысады.
Аудиторлық қызмет туралы заңда аудит субъектісі — ол аудиторлар және аудит фирмалары деп керсетілген.
Аудитор — ол, маман, біліктілік комиссиясының шеішімі бойынша аудиторлық қызмет жасауға арнайы куәлік алған жеке адам, куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
Аудиторлар - аудит субъектісі ретінде өзінің аудиторлық, қызметін жеке немесе аудитор фирмаларында атқарады. Олар мемлекет құрылымына тәуелсіз, тек қана тапсырушылармен жұмыс істейді. Сол себептен олар жеке фирмаларда жұмыс жүргізуге немесе кәсіпорындарда қызметте тұрып қызмет жасауға құқылы. Сол сияқты ғылыми қызметкерлер және мұғалімдер де аудит қызметін атқара алады. Ал кәсіпорындарда қызмет атқарғанда тек қана ішкі аудит тұрғысынан ғана жұмыс атқаруына болады. Шаруашылық субъектілерде қызмет жасаушылар немесе соларға сыбайлас қоғамдық жеке кәсіпкерлік мекемелер қызметкерлері аудит қызметін атқаруға құқысы жоқ.
Аудитор фирмасы - шаруашылық субъектілеріне аудит қызметін көрсететін мекеме. "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы" заңының үшінші бабында; "мемлекет заңы мен нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес келісім-шарт бойынша белгіленген төлем үшін аудиторлық тексеру, сараптау, аудиторлық түсініктеме беру, бухгалтерлік есебіне, табыстылық көрсеткіштеріне, салық есептеу-төлеу, құқылық аспектісіне, банк операциясына, әлеуметтік қамсыздандыру, экология мәселесін қарастыру, маркетинг жұмысына, қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап, келешекте қаржылық деңгейіне болжау жасау, өндіріс барысының ұйымдастырылуына талдау жасап, оның тиімді даму жолдарын анықтап, шаруашылық субъектілерінің нарықты қатынас экономикасының қарсаңында олардың потенциалдық мүмкіншіліктерін анықтап, аудиторлық қызмет көрсету" - делінген.
Аудит фирмасы әр түрлі меншіктегі қорлар незізінде құрыла береді. Оның негізгі мақсаты кәсіпкерлер арасында шаруашылықты басқаруға қажет дұрыс, мүлтіксіз, сенімді мәліметтермен қамтамасыз ету. Олар өзара қарым-қатынасын сенімді жүргізу үшін аудитор олардың шаруашылық барысының заңдылығын, мемлекет табынан шығарылған нормативтік ереже-нұсқаларды мүлтіксіз орындайтындығын, қаржы операцияларының тиянақты, сенімді түрде жүргізілетіндігіне өз тарапынан аудит принциптеріне негізделген жазбаша түрінде өзінің қорытындысын беруі қажет. Ол аудитор қорытындысын кәсіпкерлер үшін кепілдік мәлімет болады.
Аудит фирмасы осы анықталған негізгі мақсатын орындау үшін әр түрлі кәсіпорындармен келісім - шарт жасап және нақты төлем арқылы олардың қаржылық-шаруашылық жұмысына аудиторлық тексеру жүргізеді.
Осы орайда аудит фирмасының тағы басқадай да мақсаттары анықталады. Оған жататындар:
- кәсіпорын шаруашылығы мен оның мүлкінің қалпына, нақты
материалдың түріне сараптау жасау;
- шаруашылық субъектілерінің жұмысының даму жолына дәйекті
ұсыныс, түсініктемелер беру;
- кәсіпорын шаруашылығының даму жолдарына бағдарлама
жасап, келешігіне баға беру;
- кәсіпорындарға ғылыми-зерттеу жүргізу арқылы
бухгалтерлік есеп және экономнналық талдау әдістемесінің мәліметін құжаттау, оны жинау және жүйелі түрде тапсыру, жалпы ғылыми-әдістемелік кемөк көрсету;
- бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың аудиттің
автоматтандырылған жүйесін дайындап, іске қосу;
- бухгалтерлерді, басқарушылар тобын, экономисттерді арнайы
оқыту мекемелері арқылы оқытып, семинарлар өткізу, мамандық-біліктілігін текмеруді ұйымдастыру;
- еліміздегі аудит жұмысының алдыңғы қатардағы жетістіктерін,
әдістемелік жазылымдарды нормативтік құжаттарды, тапсырушылардың жазбаша өнімдерін арнайы басылымға шығару.
Аудитор фирмасы шаруашылық субъектісі ретінде ол өз жұмысын шаруашылық есеп түрінде жүргізіледі. Аудит жұмысының барысы, көлемі, қызмет көрсету жұмысы, жалпы орындалатын аудит жауапкершілігі келісім - шарт жасау арқылы анықталады. Аудит фирмасы өзінің қорын, аққшалай қаржысын, мүлкін өз еркіне қарай еркіне қарай тәуелсіз жұмсайды, пайдаланады. Өзінің балансы болады. Дербес шаруашылық субъектіретінде өз жұмысының қажетіне қарай жұмысшылар алады, қажет жағдайда келісім-шарт жасап уақытша мамандар жалдайды.
Мемлекетіміздегі заң талабына сәйкес аудит өзінің қалауынша әр түрлі ассоциацияларға, күрделі қосылуға құқығы бар. Өзінің қалауынша негізгі және айналым қорларын, әр түрлі арнайы қорларды, қарастыруға құқылы. Аудит фирмасы өз шаруашылығына байланысты материалдың қаржылық жағдайдағы барлық құбылысқа тікелей жауапкершілікте болады. Аудит фирмасының бастығы директор болады, ол өз бұйрығымен жұмыскерлер алады, жұмыстан босадады, фирма жұмысына байланысты барлық заңдылықты сақтай басқару жұмысын атқарады. Жұмыс фирманың құрылымымен байланысты болмаса аудитор фирмалары аудиторлар өндіріс базасымен немесе коммерциямен айналыспайды.
Аудитор фирмасы аудиторларды тексеруге келісім-шарт жасап аудит жүргізуге келіскен жағдайда аудит жүргізуге құқысы жоқ жағдайлар:
- аудитор сол шаруашылық субъектісіне құрылтайшы немесе басқару қызметіне қатысты болса, туысқандық қатысы және бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға немесе есеп ақпаратын жасауға қатысты болса;
- шаруашылық субъектісінің меншігіне үлестес болса немесе беруден қатысы болса;
шаруашылық субъектісінің булгалтерлік есебін жүргізсе, ақпаратын және қаржылық ақпаратын жасауға қатысқан болса.
Бұл жағдайлар анықталған кезде келісім-шартты бұзу қажет. Осы жұмыстар туралы тапсырушылар материалдық, қаржылық, шығын болған жағдайда, оны аудитор фирмасы немесе аудиторлар түгелдей төлеуге міндетті.
Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқысы Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына сәйкес аудиттің шаруашылық субъектісі ретінде келесі түрде құқысы анықталған:
- бухгалтерлік есеп кітабын және құжаттарды тексеруге;
- нақты ақша қаржысын, құнды қағазын, материал – мүлкін тексеруге;
- шаруашылық субъектілерінің барлық қызметкерлерінен аудит жүргізу барысында қажет болған материалдарды талап етуге, түсініктемелер алуға құқылы;
- аудит барысында қажет болған жағдайда үшінші жақтан (адамнан) мәлімет, түсініктеме алуға құқылы;
- аудит барысында қажет болса әр түрлі мамандарды жалдауға құқылы;
- шаруашылық субъектілерінің банк есепшоттарындағы операцияларды тексеру үшін банк мекемелерінен анықтама талап етуге құқылы.
Аудит заңында тікелей көрсетілмесе де олардың:
- өз бетінше аудит жүргізу әдісін, түрін анықтауға құқысы бар;
- аудит жұмысы барысында шаруашылық субъектісі тексеруге қажет құжаттарды бермей қойған жағдайда аудит жұмысын жүргізуден бас тартуға құқылы.
Шаруашылық субъектілері ретіндегі аудиторлардың міндеттері:
- Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңына, аудит туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жоғары сатыдағы біліктілік пен тиянақтылықты өте жоғары сатыдағы жауапкершілікпен аудиттік тексеру жүргізуге;
- тексеру барысында анықталған кемшіліктер туралы, Қазақстан Республикасының заңын бұзушылық туралы мәліметтерді, шаруашылық субъектісінің кәсіпкершілігіне қауіп төнген жағдай болса аудитор тапсырушыға жедел түрде хабарлауға міндетті;
- тапсырушылардан, үшінші жақтан "тексеру барысында жасалған есептеу, анықтама жасауға арналған тағы басқа құжаттардың мұқият сақталуын қамтамасыз ету;
- тексеру барысында анықталған шаруашылық субъектілерінің кәсіпкершілігі туралы мәліметтердің коммерциялық.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Аудит субъектілері және құқықтық негіздері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Аудит субъектілері және құқықтық негіздері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]