Курстық жұмыс: Тарих | Вьетнам Демократиялық республикасының орнауы

Курстық жұмыс: Тарих | Вьетнам Демократиялық республикасының орнауы


Ортағасырлық Отырар

Мөлдір сулы Арыстан сары лайсаң Сырдарияға құяр сағасына қол созым жерде талай ғасырлар бойы ел есінде сақталған өлі қала үйінділері жатыр. Оның атауы – Отырар.
Отырар Қазақстанның орта ғасырлық қалалары ішінде айырықша орын алады.
Өмірлеріне көпестердің, әсіресе соғды көпестерінің отар – иеліктері елеулі оң әсерлерін тигізгенімен, көптеген жағдайда халықаралық керуен саудасына тәуелді болған Жібек жолындағы Испиджаб, Тараз, Хамукет қалаларына қарағанда Отырар даланың малшы – тұрғындары үшін өз қаласы болды және болып қалды да, оның қабырғалары сыртында далалықтардың өздеріне етене жақын әрі түсінікті тілде сөйлейтін туыстары мен дос – жарандары, өз халқы өмір сүрді. Егер әлдеқандай күн туып, алмас қылыштар айқасып, сұр жебелер суылдаса, егер сарайлар мен күркелер алау өртке оранып, күн көзін қара түтін тұмшалар болса, онда далалықтарға да, қалалықтарға да бірдей қатерлі жаулар келгені. Міне, сонда өзінің ұстаханасындағы көрік отын сөндірген ұстамен малын айдалада қалдырғант малшы қамал қабырғасында тізе қосып, қанжарларын ауыздарына кесе тістеп, сатымен жоғары өрмелеген өлермен жаудың бетін бірлесіп қайтарады. Одан тағы бейбітшілік, тағы соғыс... Кангюидің ұзын семсерлері түріктің қайқы қылышына орын береді, қарапайым ағаш соқаларды темір ұшты түрендер алмастырады, ені кең, түбі таяз арналар орнына ені енсіз, бірақ түбі терең, су сыйымдылығы үлкен арналар қазылады. Отырар өсе түсті, міне енді шағын қыстақ орнынан бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала, дүниеге орта ғасырдың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әль – Фарабиді келтірген, осы өлкенің байырғы астанасына айналған тарихи қала бой көтерді.
Қазіргі кезде біз Отырар жөнінде, оның ежелгі және ортағасырлық тарихы мен сәулет - өнері, құрылыстары, қолнері мен мәдениеті жөнінде не білеміз?
Отырар Сырдария орта ағысындағы суармалы құнарлы алқап орталығы болып тадылады. Батысында оған Қызылқұм шөлі келіп тіреледі, шығысында Қаратаудың жөн – жоталарымен жалғасатын біркелкі жазық дала жатыр. Өзен аңғарларында жыңғыл, жиде, тал, тораңғы мен қамыс тығыс өскен ит түмсығы батпайтын тоғайлар жиі кездеседі. Қалың қопаларда бұғы, қабан,қоян, қасқыр, түлкі тәрізді аңдар ұшырасады. Осында күні кешеге дейін жолбарыстар да болған. Құстарыда әр алуан: қырғауыл, қаз, тырна, көкқұтан, түрлі үйректкр бар. өзен суында қаяз, ақмарқа, жайын балықтар жыртылып айырылады.
Отырар алқабы немесе ертеректе аталғанындай Фараб округі Оңтүстік Қазақстан тосқан жолдвң тоғысқан торабында тұрды. Отырар орта ғасыр авторларының барлық дерлік географиялық және тарихи шығармаларында ескерілуі тектен-тек емес. Ол Жетісу қалалары санатысына да, Испиджаб шеңберіндегі қалалар тізіміне де кіргізіледі. Осығанорай бірнеше Отырар болған ба деген күдік те тууы мүмкін. Дегенмен Отырар біреу ғана еді, ал оның осышама «мәшһүрлігін» қаланың географиялық көрінісі әр-алкан алқаптардың тоғысқан жерінде және сантарау керуен жолдарының түйінді қиылысында тұрғандығына байланысты түсіндіруге болады. Арыс пен Сырдария құйылысындағы Отырар – үлкен егішілік ауданы. Қаратау жоталарының шалғайын басып жатқан Отырар – көшпенділердің сенімді тірек қамалдаының бірі, Отырардан Арысты өрлей шыққанжолдар Тараз бен Баласағұнды басып өтіп, одан әрі Шығыс Түркістанға жетеді; Сырдария өрлей жоғары кететін ежелгі жол сорабы Шал, Соғды арқылы жалғасып, Мерв пен Нишапурға жеткізеді; төмен кеткен жол Арал аймағына,одан Оралға шығады; батықа Қызықұм арқылы өтетін жол Хорезмге, одан әрі Қара теңізбен Кафказға апарады. «Орта Азияда, - деп ескертті белгі совет археологы А.Н. Бернштам, - бұдан ең қолайлы және ең қауіпті орынды табу қиын».
Қала үстінен қара құйындай соғып өткен мың жылдық басқыншылар соғысы өзінің істерін істеді – бір кезде гүлденген қала орнында қазір үстін шөп басып кеткен үйінді обалар жатыр. Бұл жернде алғаш рет келген адам қимылсыз қалған көптеген қалалар мен елді мекендер, қамалдар мен қарауыл мұнарларын көріп, қайран қалары сөзсіз. Жүздеген жылдар бойы тамшы су көрмей, ұлтандары аптаптан шыт-шыт жарылып кеткен үлкен арналар сорабы қаңсыған алқап үстін айқыш – ұйқыш шимайлап жатыр. Ежелгі елді мекендердің орнына оба болып көтерілген әрбір төбенің өз атаулары бар: Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе,Пышақшытөбе. Бір заманда олар басқаша аталған еді, бірақ олар атаулар ұмытылған, тек аттары жазба деректерден белгілі екі қала атуларын осы күнгі үйді обалар атуларыменсалыстыруға болады. Зертеушілердің анықтауынша Құйрықтөбе орнында Кедер қаласы болған, ал күйреген ескі Оксус қаласы Весидж қаласына сәйкес келеді. Бір кезде бұлар да басқаша аталған, бірақ жергілікті аңыздар қазіргі атауларды бұрынғы қалалардың Отырармен қарым-қатынаста атқарған өзіндік кәсіптерінің түрлерімен байланыстырады. Мәселен, Алтынтөбе атауы онда зергерлер тұрғандықтан солай аталған. Пышақшытөбе-қару жарақ ұсталарының мекені, Құйрықтөбе (қойдың құйрығы тәрізді жалпақ жота)- қасапшылар жайлаған орын.
Отырар обалары өздеріне көптен көңіл аударып келеді. Жерге көмілген ежелгі патшалар қазынасы, алтын теңгелер мен құнды заттар үйінділері бар-мыс деген қауесеттер қашан да шындыққа келетін тәрізді еді. Оның үстіне бұл жерден әр кезде әртүрлі бұйымдар бірде күміс білезік сынықтары, бірде тасы күңгірт тартқан, түрі таңғаларлықтай сырға, енді бірде көгілдір ақық тастан жасалған моншақтар табылып жүрді.
Қазына табуға көп адамдар талаптанып көрді. Бірақ көптеген жағдайларда кетпендер сыртқа алтын орынына қыш ыдыстар сынықтары мен темір ыдыстардың шіріген қалдықтарын, мал сүйектерімен адамның бас сүйектерін ғана қазып шығарды.
Отырардағы алғашқы қазба жұмыстарын Түркістандығ археология әуесқойлары үйірмесінің мүшелері А.К.Кларе мен А.А. Черкасов 1904 жылы жүргізген. Олар қазылған ұзынша орлардан керамика, кірпіш түрлерін жинады және бірнеше ондаған мыс теңгелер тапты. Қазу жұмыстары сонымен тынған болатын. Одан кейін Отырар көп уақыттар бойы археологиялық экспедициялар жолынан бір бүйір қалды, тек 40-шы жылдың аяқ шенінде ғана профессор А.Н. Бернштам бастаған археологиялық экспедиция бұл жерде біршама алдын-ала зерттеп, байқау жұмыстарын жүргізді. Алынған мәліметтер негізінде ескі қаланың хронологиясы жөнінде ұсыныс жасалып, керамикалар алдын-ала іріктеліп жіктелді. Алайда, тіпті осы барлау жұмыстарының өзі Қазақстанның көптеген ежелгі және ортағасырлық проблемаларын шешуде Отырар келешегі зор үміт күттіретін объекті екенін көрсетті.
1969 жылы Отырар археологиялық экпедициясы ұйымдастырылды. 1970 жылы оның атауы Қазақ ССР Ғылым академиясының кешенді археологиялық экспедициясы деп өзгертіліп, негізгі зерттеу объектісі ретінде ескі Отырар төбе қаласы таңдап алынды.
Ескі қаланың аспаптық топографиялық жоспары көшіріп алынды, оның жоспары және перспективті аэрофотосуреттері түсірілді. Бұл жерде жыл сайын қазба жұмыстары жүргізілуде.
Отырардың топграфиясын зерттеу ескі қаланың көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның көптеген ортағасырлық ескерткіштеріне ұқсас екенін көрсетті. Орталық оба түріндегі бес бұрышты үйінділердің биіктігі 18м.., аумағы 20га. Қабырға жақтары тегіс: оңтүстігі-380м, оңтүстік-батыстағысы-145м, батыстағысы-400м, солтүстік – шығыстағысы-380м, шығыстағысы-350м. Обаны периметрі бойынша қоршаған қабырғалар кей тұстарда қазір де өзінің тіп-тік қалпын 75-80º сақтап тұр. Қабырғаны бойлай көтерілген мұнаралардың тұлғасы сыртқа жұмырлана шығыңқырап, жүргеленіп тұр. Қабырға сыртында екі жағы жантайма, тереңдігі 2-3м.., ені 10-15м., келетін жыра тәрізді ор жатыр. Қалаға үш жағынан кіретін қақпа бар. Екеуі қаланың оңтүстік және солтүстік-шығыс бетіне бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Үшіншісі – батыс беттегі қабырғаның орта тұсында. Орталық көше оңтүстік және солтүстік кіреберістерді жалғастырып, қаланы тең емес екі бөлікке бөлетін тәрізді. Көше ені 5-8 метрлік жыра сияқты. Көптеген пұшпақтар мен тұйық тармақтар содан таралады.
Отырардың топографиясы негізгі кескіндемесі жағынан орта ғасырдың аяқ шенінде (XV-XVIIIғ.) қалыптасқан, сондықтан қамал құрылысы ерекше көзге түспейді, тек аэрофотосуреттерді кескіндеме-сызыққа айналдыру нәтижесінде ғана оның алдын-ала сұлбасын айқындауға қол жетті. Қамал обаның дәл ортасында, үш бұрышты үлгімен салынған үш қабырғасының әрқайсысының ені тиісінше 220, 230 және 220м. Оның сыртынан қоршай түскен күңгірт жолақ шеңберді қазылған ор деп шамалауға болады.
Қамал мен шахристан орналасқан обаға жалғас рабадқа бекітілген территория жатыр. Оның аумағы 150га. Рабатта әр түрлі көлемді төбешіктерге жіктелетін құрылыстардың қалдықтары бар.
Отырар жұртында тұрғындардың пайда болу кезеңі оның Отырар – Фараб атауы жазба деректерде алғаш рет атала бастаған ІХ ғасрырдан көп бұрын, яғни біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы ғасырларға жатады.
Сонымен қатар бұл қаланың тым әріректегі атауын анықтауға мүмкіндік беретін деректер де бар.
Отырар мен осы қоғал алқаптың ескі қалаларынан жиналған теңгелер санаты жоғарыда аталған дәуірлерге жатады. Бірінші үлгіге жататын теңгелердің оң бетінде садақ түріндегі түргеш таңбасы, теріс жағынжа арыстан бейнеленген. Екінші үлгідегі теңгелердің бет жағында Х белгісі таңбаланған. Жетісуда, Шашта және Соғдыда жасалған ортағасырлық теңгелермен салыстырып көргенде бұл жергілікті билеушінің әмірі мен шекілген ең жаңа түрлі теңгелер үлгісі болса керек деген ойға келтіреді. Екінші үлгідегі теңгелер Кангу Тарбанның қангар билеушілері қалауымен жасалған болар деген болжам да бар.
Мұның өзі Отырар иелігінің саяси және экономикалық дербестігінің айшықты айғағы және Отырардың VII ғасыр мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қат-қабат оқиғаларда елеулі роль атқарғандығы жөнінде жазылған деректердің дұрыстығын көрсететін қосымша дәлел.
Отырардың ерте ортағасырлық қабаттарын жан-жақты қазып зерттеу-келешектің ісі. Дегенмен, шамасы кангар иеленушілерінің қала сыртындағы резиденциясы болған ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын зерттеу материалдары бойынша сол кездегі көрнекті архитектура сәулеті жөнінде айтуға болады. Қамалдан айнала галлереялармен және сигмент тәрізді сыртқа шығыңқы мұнаралары бар дуалмен қоршалған тұрғын және шаруашылық жайларынан тұратын сарай кешенінің қалдықтары табылды. Оның қабырғалары күйдірілген ьалшық блоктар қатарын қалақша қам кірпіштермен араластыра қалау әдісімен салынған. Құрылыстар биіктігі 10 метрге жететін стилобатқа жеткізілген. Көлемі 10,5х15 метрлік салтанат залының қабырғалары оюлармен және тақтайлар бетіне ойып түсірілген тәтілермен әшекейленген. Мұндай өрнекті тақтайлардың қамал өртенген кезде күйген, қазба кезінде табылғандары да осындай күйде. Тақтай-тәті беттерінде аймақ иелерінің тіршілік тынысы және құдайлардың бейнелері суреттелген сюджетпен безендірілген.
Бетінде адамдардың бедерлі суретері бейнеленген, көлемі 125-35см, жақсы сақталған тақтай назар аударарлық. Арқаға кіре берісте еркек пен әйел бейнеленген. әйелдің беті жалпақ дөңгелек жүзді, тайпақ мұрынды, да тәж тәрізді әшекей. Еркектің бет-пішіні нашар сақталған. Ол басқа кептелетін жиегі бар қалпақ, желбегей шапан киген. Еркек оң қолымен әйелді құшақтап тұр, қолының қосбасы әйелдің иығында жатыр, алақанын жоғары қарата көтерген сол қолы әйелдің беті деңгейінде. Зерттеушілердің пікірі тақтайда «құда түсу көрінісі» бейнеленген.
Тағы бір тақтайда аңдар бейнесінен жасалған тақта отырған құдайлар енді бірінде садақшылар бейнелері қоршауындағы қамал, қабырғаларда төрт қолды құдай әйел бейнеленген.Жекелеген бейнелі өрнектер бөліктері Педжикент пен Шахристанда жасалған тақтайлардағы өрнектерге өте ұқсас, ал ою-өрнек сюжеттері Педжикент, Барахша, Балықтөбенің ерте ортағасырлық монументі өнерін еске түсіреді. Сөйтіп, бұл Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өзара мәдени байланыстары тығыз болғанын көрсетеді.
ІХ-Х ғасырлардағы деректер Отырарды Испиджаб қалалары құрамында атайды. Испиджабтың алғашында халифатқа, кейін саманидтерге бағынышты болуы нақты бір сипатта болды, өйткені испиджабтықтардың Бұхараға төлеп отырған салығының өзі симболикалық сипатта болатын. Деректерде Фараб –Отырар ең алдымен ұзыны мен көлденеңі бір күндік жолға жуық алқапты алып жатқан округ орталығы болғаны сипатталады.
ІХ-ХІІ ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан қалаларының өміріндегі өрлеу кезеңі болды. Жаңа қалалар пайда болып, ескі қалалар үлкейе түсті. Қала жері рабаттар есебінен, яғни сауда-саттық кәсібі жүргізілетін базалар мен керуен сарайлар есебінен кеңейе түсті. Бұл кезде Отырар 2000 гектар жерді алып жатты. Қазба жұмыстары көрсетіп отырғандай, ХІ-ХІІ ғасырларда қала үйлері көше –блоктарға топтасып, өте тығыз салынған. Үйлердің тұрғын бөліктерінде қабырғаларды бойлай ені 1-1,20 метр, биіктігі 0,4 метр суфалар төселген. Еденге дөңгелек және тікбұрышты, дәлірек айтқанда антороморф тәрізді мұржасыз ойық қыш ошақтар орналасқан. Олар қалыппен және ойын жасалған өрнектерге бай. Қалада канализация жұмыс істеді, санитарлық тазалық тораптары әр үйдің міндетті түрде болуға тиісті қажеттілігіне айналған.
Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстанды исламдандыру ісі жүріп жатты. Жаңа дін ең алдымен қала жұртшылығы арасында таратылды. Қалалар маңайында мұсылман бейіттері жинақталған, мазарлар пайда болады, табыну ансамбльдері қалыптасады. Қалаларда мешіттер салынады. «Көрнекті» мешіт аталған ертерек салынған мешіттердің бірі ескі Құйрықтөбе қаласынан қазып аршылды. Оның жұмыс істеген кезеңі Х ғасыр мен ХІІІ ғасырлардың бас кезіне жатады.мешіттің көлемі 36,5х20,5 метр, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарата созыла салынған. Кіретін есігі солтүстік-шығыс қабырғасының ортасында, қарама-қарсы бетіне михраб орналасқан.
Мешіт қабырғасы күйдірілген және қам кірпіштен араластырып өрілген. Шатыр жабындысы көптеген ағаш тіреулерге тіреледі, ал ағаш тіреулерден ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Шымкент Түркестан Тараз Отырар қалаларының мәдениеті
» Қазақша презентация (слайд): Отырар қаласы
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
курстык Вьетнам Демократиялық республикасының орнауы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, Вьетнам Демократиялық республикасының орнауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]