Курстық жұмыс: Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЕСЕБІ

Курстық жұмыс: Қаржы | ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЕСЕБІ

Мазмұны
КІРІСПЕ

I ТАРАУ.
1.1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік.
1.2.Валюталық операция және позиция.
1.3. Хеджерлеу.
1.4. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

II ТАРАУ.
2.1. Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну.
2.2. Валюталық шот операцияларының есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


I ТАРАУ.
1.1. Валюталық операциялар жөнінде түсінік.

Валюталық операциялар түсінігініңмазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.
Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.

Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел валютасы .
Шетел валютасы болып саналады:

банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;
шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржылар.
Ал валюталық құндылықтарға:
1) Шетел валютасы.
2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер
3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;
4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т. б.
Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:

айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;
Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.
ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің «резидент» пен «резидент емес» деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет.
«Резидент» түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:
ҚР территориясында тұратын тұлғалар
( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)
ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды
тұлғалар;
Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар.
ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми предстовительстволар.
ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары
«Резидент емес» тұлғаларға жатады:
ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар
Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.
ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми представительстволары
ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиялдары.
Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:
Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.
Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.
Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.
Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.
Валюталық қатынасты реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма мен басқа мемлекеттік органдарзаңмен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт «Валюталық реттеу туралы» заңы толықтырулар мен өзгертулер есебімен 24 желтоқсанда 1998 жылы шықты. Бұл Қазақстан территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер. Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді:
Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:
Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:
Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.
Қазақстан Республикасының президенті халықаралық міндеттеменің атқарылу мақсатында және болжанбаған жағдай кезінде шектеу бойынша шешім қабылдауға немесе кез келген валюталық Қазақстан опнрациялардың тоқтатылуы құқылы.
Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.
Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.
Валюталықбақылаудың негізгі жолдары мынадай:
Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.
Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.
Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру.
Валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру.
Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:
Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.
Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.
Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.
Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.
Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.
Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.
Басқа да қызметтерді орындайды.
Валюталық бақылаудың болмауы еліміздің валюталық жағдайының құлдырауына әкеліп соғар еді.
Валюталықлегеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық бақылаудан бартерлік операциялар арқылы жолтару кең көлемде орын алады.
Осы себептен қазірні валюталық бақылаудың көптеген кемшіліктерін табу мақсатында қосымша іс-шаралар қолдануқажет, яғни олар валюталық және кедендік заңдарды бұзған үшін жауапкершілікті күшейту қажет, сонымен қатар көптеген басқа да нормативті материялдар шығару қажет.
Жоғарыда айтылғандай, валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты резиденттер мен резидент емес тұлғалар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заң сақтауды қамтамасыз ету болғандықтан, оның негізгі бағыттары:
жүргізілетін валюталық операцияның заңға сәйкестілігін анықтау және оны жүзеге асыру үшін қажетті лицензия мен куәліктер:
шетел валютасындағы төлемдерді және олардың келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін тексеру:
валюталық операция бойынша есеп толықтығын тексеру.
1.2. Валюталық операция және позиция.

Валюталық позиция – бұл банктің валютадағы міндеттерінің және сәйкестілігі. Егер белгілі бір валютада бұлар тең болса, валюталық позиция жабық деп, ал сәйкес болмаған жағдайда – ашық деп саналады.
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетелдік валютаны сатып алуға келісім –шартқа отырады және пайда көре отырып, тез арада оны басқа мәлімдермен жабады.ҰБ жабық валюталық позицияға шек орнатпайды.
Ашық валюталық позиция банктің шығын тәуекелімен байланысты, өйткені валюта бағалы оған тиімсіз бағытқа өзгеруі мүмкін.Сондықтан ҰБ оған шек бекітеді және бөлек арнайы есеп беруді орнатады.
Ашық Ашық валюталық позиция қысқа болуы мүмкін, егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талаптан артық болса,ол ұзақ болады,егер сатып алынған валюта бойынша талап міндеттемеден артық болса.
Тұрақты валюта бойынша ашық валюталық позицияның (ұзақ және қысқа)шегі банктің меншікті капиталынан 30% құрау керек, жұмсақ валюта бойынша ұзақ валюталық позиция -5%,ал валюталық нетто – позиция меншікті кооперативтің 50% құрылуы қажет.
Банктің валюталық операциясының классификациясы жалпы банктің критериялары бойынша (пассивті,активті операциялар ,т.б.), сол сияқты валюталықоперациялсрға қатысты басқа да сипаты бойынша жүзеге асырылады.Валюталық операциялар былай бөлінеді :
 ҚР территорияда атқарылатын
 Валюталық құндардың Қазақстанның шекарасын өтуімен байланысты
 Республикадан тыс банктің атқаратын операциялары.
Валюталық операциялардың түрлері мен оның есебі.Екінші дүние дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың көптеген түрлері кең дамыған.50-шы жылдың соңынан өндік дамыған мемлекеттерде тез жеткізілетін валюталық мәлімелер және жылдам мәлімелер банкы,сонымен қатар соңғысы валюталық қадағалаудың объектісі болып табылады.70-шы жылдан биржа қатарында фьючерлі және опционды валюталық мәлімелер дамиды - спекулятивті мәлімнің жаңа түрі және валюталық тәуекелден хеджиралдау . Нақты валюталық операцияларды көптеген тез жеткізілуімен (спот) валюталық операциялар көп тараған және барлық төленген мәлімнің 90% көлемін құрайды.
Оның мәні мәлімнің құрылған кезіндегі бекіткен бағам бойынша құрған мерзімнің 2-ші күнінде банк –контрагенттігімен валютаны жеткізу міндеттері бойынша валютаны сату-сатып алуында құрылады.
«Свифт» байланыс электронды құрылының және банкаралық электронды аударымдар жүйесінің кезң тараулы, мыс,АҚШ-та ЧИПС, Лонданда ЧАПС және т.б. , біркүндік «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейін» сияқты деңгейдегі орналастыру сияқты операцияларды жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бірақ әдеттегі валюталық базалық операциясы болып «спот»мәмілесі және базалық бағам – телеграфтық аударым бағамы деп аталатын «спот» бағамы болып табылады.Осы бағамдардың базасында валюталық нарықта мәлімнің басқа бағамдары анықталады: жеделдетілген, валютаны жеткізу мерзімі қысқа болатын бір реттік мәлуме үшін бағамдар.
Ұзаққа қалдырылмайтын жеткізумен валюталық операциялар валюталық позицияның ең мобильды элементі болып табылады және онда тәуекел сақталады. «Спот» операциясы көмегімен банктер клиенттердің шетел валютадағы сұраныстарын, капиталдың қозғалысын, соның ішінде «ыстық ақша» , басты валютадан басқа валютаға, спекулятивті және арбитражды операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Шетелдік валютамен жедел мәлімдер (форвардты, фьючерсті)-бұл бекітілген бағам бойынша мәміле құрылғаннан кейін белгілі мерзім арқылы 2 жақ шетелдік валютаның келісілген соманы жеткізу туралы келіскен валюталық мәміле.Бұдан жедел валюталық оперицялардың 2 негізгі ерекшеліктері шығады:
1. Мәміленің құрылу уақыты мен оны орындау мерзімі арасында қашықтық бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәміленің құрылу күнінің соңы ретінде анықталады мерзімді 1-2 апта , 1,2,3,6,12 ай 5жылға дейін немесе мерзімі ішінде
 Кезең
 Кезкелген
2. Операцияның белгілі мерзімінен кейін атқарылатынына қарамастан,валюта бағалы мәмілені құру кезінде бекітіледі.
«Спот» және форвард мәмілелері бойынша валюта бағаның айырмасы жедел мәміле бағаны төмен және және (репорт R) егер жоғары болған жадайда жеңілдік ретінді анықталады (дисконт –Dis және депорт –Д). Сый бұл мәліме бойынша мерзім ішінде бағам нақты операыияларға қарағанда жоғары саналатын білдіреді.Дисконт бұл форвард операциясы бойынша нақтыға қарағанда валюта бағамы төмен екендігін білдіреді . Сонымен жеңілдіктің немесе сый көлемі «спот »бағамына қарағанда тұрақты .Сондықтан банкаралық нарықта жедел мәліменің бағамын белгілеген кезінде тек тікелей белгілеу кезінде «спот » бағамына қсылуы немесе одан шығуына сәйкес болатын дисконт немесе сый анықталады.Бағамның жанама белгіленуі кезінде дисконт қосымды ,ол сый «спот» бағамынан шығады. Жедел мәліме бойынша валюта бағамы дисконт немесе сый тәсілімен емес,санды выражениядабекітілетін «аутрайт» . бағамы деп аталады.Шет валютамен жедел мәліме келесі мақсатта атқарылады:
 Коммерциялық мақсатта валютаны айырбастау ,валюталық келістің алдын ала сатуын немесе валюталық тәуекелді сақтандыруға келешектегі төлем үшін шетелдік валютаны сатып алу
 Валюта бағамының төмендеу мүмкіндігімен байланысты шығындардан шет еліндегі тікелеі сақтандыру ;
 Бағамды айырма есебінен спекулятивті пайда табу.
Валютамен «опцион» (лат optio , optionis – таңдау )-бұл сату-сатып алу мәмілесінде 2 жақтын біріне белгіленген сыйды төлеуге шарт кезіндегі келісілген мерзімнің аяқталуына дейінгі мәмілені құру кезіндегі бектілінген бағам бойынша анықталған валюта көлемін не сату, не сатып алу ,яғни таңдау құқығын беретін келісім . Опцият міндеттеріндегі мәмілелер банкке үлкен тәуекел береді, сондықтан ол клиентке неғұрлым тиімсіз бағамды орнатады.Опцион бойынша комиссия көлемі жедел мәміле бойынша опционды келісімнің соңы күннің валюта бағамы есебімен анықталады. Опционды мәмілелер кмиссия көлемінен асатын бағамдық тұраңсыздық кезінде тиімді. Негізінен валюталық опцион валюталық опцион тәуекелді сақтандыру үшін қолданады.Опциондарды тек банкаралық қорықта емес , сонымен қатар биржаларға да соғады: фондық және тауарлық .
70-шы жылдардан батыс мемлекеттерде тұрақсыз валюталық бағама өтуімен байланысты валюталық фьючерс кең дамыды.Бұл –мәмілені құрған кезіндегі алдын ала бекітілген бағам бойынша анықталған күні (келешекте) анықталған валютаның стандартты көлемін сатуға немесе сатып алуға міндеттемені білдіретін келісім. Стандартты келісімдерде дарлық шоттар регламенттемді : сапа, мерзім, кепіл, деп/рі төлем тәсілі.Фьючерсті сату клирингтік ұйым арқасында жүзеге асырылады, ол өз кезегінде
сатып алушы үшін сатушы және сатушы үшін сатып алушы болып табылады.
Нақты және жедел операцияларды құрайтын валюталық мәлім түрі «своп» мәмілесі . «Своп» (swap англ. – айырбас ) – бұл анықталған мүдімге біруақтылы контмәмілермен ұзаққа созылмайтын жеткізулер шартында 2 валюталық сату мен сатып алуын құрайтын валюталық операциялар . «Своп» операциялары бойынша контмәмілелерде сый есебімен немесе валюталық бағамның қозғалысымен байланысты дисконтпен жөндейтін «спот» бағамымен жүзеге асырылады .
6. Бұл кезде клиент маржада үнемдейді – нақты мәміле бойынша сатып алушы мен сатушының бағам арасындағы айырмашылығы . «своп» операиялары
1.3. Хеджерлеу.
Хеджерлеу - шығындардан сақтану немесе қорғану - шетелдік валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысу уақытында болуға тиісті немесе талап етілетін валюталық есеп беруде соманы белгілеу мақсатында жүзеге асатын мәмілелер.
Хеджерлеудің үш түрі бар: болашақтағы тапсырысқа хедж; жүкқұжат бойынша хедж; алыпсатарлық хедж.
Хеджерлеу есебі «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау» 39 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен реттеледі.
Осы құжатқа сәйкес бухгалтерлік есепті хеджерлеу олардың әділ ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЕСЕБІ жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Қаржы курстық жұмыстар, ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЕСЕБІ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]