Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық қатынас
Мазмұны
Кіріспе-------------------------------------------------------------------- 2I.Бөлім
1.1.Валюталық қатынас және валюта жүйесі--------------------- 3
1.2.Валютаның түрлері------------------------------------------------ 8
1.3.Валюталық қатынастарды реттеу.Валюталық саясат.------ 11
II.Бөлім
2.1.Валюталық нарық-------------------------------------------------- 15
2.2.ҚР-дағы төлем балансы------------------------------------------- 17
III.Бөлім
3.1.Халықаралық валюталық қор------------------------------------ 19
Қорытынды--------------------------------------------------------------- 20
Сөздік---------------------------------------------------------------------- 21
Қолданылған әдебиеттер---------------------------------------------- 22
1.1.Валюталық қатынас және валюталық жүйе
Валюталық бағамның тәртіптемесі, Бұл мағынада валютаның “тіркелген”, және “еркін құбылмалы” деген екі тәртіптемесі бар.Бірінші тәртіптеме бойнша, ұлттық валютаның бағамы басқа бір елдің валютіне бекітіледі.Бірақ бұл тәртіптемемен анықталған бағам не былай, не былай ауытқуы мүмкін.Мысалы, европиялық валюта жүйесінде, 12 валютаның бағамы, орталық бағамнан +/-15% ауытқуына жол беріледі. Сондықтан, бұл тәртіптемеде орталық ( ұлттық ) банктер жоғарыда келтірілген шеннен шығып кетпес үшін, валюталық басқыншылық жасап, ұлттық бағамын бір қалыпта ұстауға тырысады.
Осындай тәртіптеме, Қазақстанда 1999 ж. 5 көкегіне дейін қолданылады. Қазақстан Ұлттық банкісі сол кезде, 1998 ж. Ресейде орын алған опырылудың Қазақстан экоомикасына тигізетін әсерін жоққа шығару үшін, теңгенің бағамын төмендету үшін, 600 млн. артық доллар шығарды (теңге сатып алды), ал бұл сол кездегі елдің алтын-валюталық резервінің 1/3 бөлігі болатын.
Екінші тәртіптемеде ( еркін құбылмалы ) ұлттық валютаның бағамын сұраным мен ұсынымға байланысты нарық анықтайды. Қазақстан мұндай тәртіптемеге 1999 ж. 5 көкегінде ауысты. “Осының нәтижесінде инфляцияның деңгейі төмендей бастады, елдің төмен балансының ағымдағы шотында айтарлықтай оң сальдо шықты, алтын-валюталық активі өсті, ұлттық ақшаның бағамы тұрақтады, банк саласы нығайды”—деп жазыпты, « Кешкі Алматы » газеті, 2001жылдың 11 көкек күнгі санында ( авторы Асқар Баянов).
Елдің Халықаралық валюталық өтімділігі. Бұл ұғымға елдің алтын-валюта резерві, СДР-шоты, ЭКЮ және Халықаралық валюталық қордағы (МВФ) резервтік жайғасымы кіреді. Өйткені, олар елдің алған міндеттемелеріне жауаптылық қабілетін суреттейді. Бұл жөнінде де Қазақстанның жағдайы оңалып келеді. Мысалы, 1999ж. көкек айында елдің Халықаралық резерві 1,600 млн. доллр болса, 2001 жылдың басында ол 2095,8 млн. доллорға жетті ( өсім 30%-тен артық ).
Халықаралық несиелік айналым құралын және Халықаралық есеп айырысудың нысандарын реттемелеу;
Халықаралық қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды реттемелеу;
Халықаралық валюталық және несиелік қатынастарға қызмет көрсетіп, оларды жөнге келтіріп отыратын ұлттық органдардың Орталық (Ұлттық)банк, мемлекеттік қазына, биржалар, валюта нарқық т.б.) мәртебелері.
Ұлттық валюта жүйесін ұйымдастыру тәртібін зыңды түрде мемлекет бекітетін болғандықтан, бұл жүйе біршама дербестеленіп, ұлттық шаруашылықтың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатына бағынады.
Дүние жүзілік шаруашылық байланыстарының көбеюіне байланысты, дүние жүзілік нарықтың өсу негізінде және мемлекетаралық келісімдер мен бекілген Халықаралық валюталық қатынастырды ұйымдастыру нысаны--- дүние жүзілік валюта жүцесі пайда болды. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ғаламдық мақсатын көздейді, оған қатынасатын елдердің мүддесіне бейімделген және оның жұмыс істеуінің ерекше тетіктері бар.
Ұлттық валюталық жүйе, дүние жүзілік валюталық жүйемен тығыз баланысты. Бірақ, мұндай екі валюталық жүйенің өзара байланыстығы олардың бірдейлігін көрсетпейді. Өйткені, олардың мақсаттары, жұмыс істеуі, оны реттеу тәсілдері, әр елдің экономикасына және дүние жүзілік шаруашылыққа әсер ету жағдайлары өзгеше.
Ұзақ жылдар бойы өсіп, өркендеудің нәтижесінде, дүние жүзілік валюта жүйесінің мынадай негізгі элементтері құралды:
Дүние жүзілік ақшаның атқарымды нысандары ( алтын, резервтік валюталар, Халықаралық валюталық шот бірлігі.
Өзара валюта айырбастаудың жағдайларын реттемелеу;
Валютаның тепе-теңдігі мен валютаның бағамдарын юіргейлендіру;
Валюталық шектеудің көлемін реттемелеу ( Халықаралық валюта қорының мүше елдерден, валюта құндығымен жасайтын операцияны шектеуді, белгілі кезеңде тоқтату жөніндегі талабы );
Халықаралық валюта өтімділігінің құрамының құрамдас бөліктерін реттемелеу.( Мысалы, 1970 жылдан айналымға жаңа Халықаралық валюта бірлігі --- СДР енгізілді; 1979 жылдан Европадан валюталық бірлігі --- ЭКЮ енгізілді; 1999 жылдың басынан Евро бірлігі енгізілді);
Халықаралық несиелік айналым құралын пайдалану тәртіптерін, (векселдер, шектер, т.б.) және Халықаралық есеп айырысу нысандарын бірегейлендіру;
Дүние жүзілік алтын және валюта нарықтарының тәртіптемесі;
Халықаралық валюта қорының мәртебесі;
Дүние жүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы, оның құрылысын тұрғызу қағидалары мен дүние жүзілік шаруашылықтың құрылысын туғызу қағидалары мен дүние жүзілік шаруашылықтың құрылысын туғызу қағидаларының, дүние жүзілік майдандағы күштің орналастырылуына және алдыңғы қатардағы елдердің мүдделеріне сәйкестігіне байланысты. Егер, осы қағидалар бірімен-бірі сәйкеспей қалса, дүние жүзілік шаруашылықты құрылысын туғызыуқағидаларының, дүние жүзілік майдандағы күштің орналастырылуына және алдыңғы қатардағы елдердің мүдделеріне сәйкестігіне байланысты. Егер, осы қағидалар бірімен-бірісәйкеспей қалса, дүние жүзілік валюталық жүйе дүркін-дүркін дағдарысқа ұшырайды, ал ол істеп жүрген валюталық жүйенің құлауына, сөйтіп жаңа валюталар жүйесінің пайда болуына апарып соғады.
Бірінші дүние жүзілік валюта жүйесі, алтын валюталық үлгіде, 1867 жыл Парижде өткен, сол кездегі алдыңғы қатардағы елдердің маслихатында, мемлекетаралық келісіммен заңды түрде ресімделеді.
Бірінші дүние жүзілік Соғыс кезінде және одан кейінгі жылдарда орын алған валюта дағдарысы, екінші дүние жүзілік валюталық жүйе құруға әкелді. Ол, 1922 ж. Генуэсте өткен халықаралық экономикалық маслихатқақатынасқан елдердің келісімімен ресімделді. Бұл жүйеде алтын девиздік үлгіде негізделеді және ресімджелген қаланың атымен Генуэс валюта жүйесі деп аталып кетті.
Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап ұлттық несиелік ақша, халықаралық төлем-резервтік құралы ретінде пайдаланылды. Екі дүние жүзілік соғыстың аралығында, резервтік валюта мәртебесі ешқандай валютаға бекітілген жоқ, Англяның фунт-стерлингі мен Американың доллары жетекшілік үшін, өзара бәсеке күресін жүргізіп келді.
Үшінші дүние жүзілік валюталық жүйе 1944 жылдың 22 маусымында Американың Бреттевудес деген қаласында ресімделінді.бұл жүйеде алтын-девиздік үлгіде негізделген. Және де тарихта бірінші рет резервтік валютаның мәртебесіне заңды түрде, екі валюта ие болды: доллар және фунт-стерлинг.
1944 жылы Америка бүкіл капиталистік өндірістің 54,6%, тауарды шетке шығарудың 33%, ресми алтын резервтің 75%-нен артығын шоғырландырған болатын. Басқа, онымен бәсекелес елдердің бәрінің де, екінші дүние жүзілік соғыстан әлсізденіп шыққандығы, доллардың дүние жүзілік үстемдік етуіне себепші болды. Батыс Европадв және Жапониядағы валюта-экономикалық ауыр жағдай, ол елдердің Америкадан тәуелділігі, долларлық гегемония – бәрі доллардың жетіспеушілігінен көрінді (долларлық аштық).
Бреттевудтық валюталық жүйесінің құрылымды қағидалары:
-доллар мен фунт-стерлингтің резервтік валютаның мәртебесі;
-тіркелген алтын тепе-теңдігі мен валюталардың бағамы (тепе-теңдік +/-1%-ке дейін ауытқуға болады, ал Батыс Европада +/-0,75%-ке дейін);
-Шетелдік Орталық банктердің долларлық резервтерін, Американың қазынасы арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстырып алуға құқықтылығы;
-Алтынның ресми бағасының төмендетілгені (31,1 гр. таза алтындық троя унициясы 35 доллар)
АҚШ осы қағидаларды тиімді пайдаланды. Соның нәтижесінде, басқа елдердің есебіне өзінің жүние жүзілік жайғасымын нығайта түсті.
Броттенвудтық валюталық жүйенің қарама-қарсылығы, әсіресе Халықаралық төлем құралы болып екі ұлттық валютаның пайдаланылуы, бара-бара бұл жүйені әлсіретті. Өткен ғасырдың 60 жылдарының аяғында дағдарыс басталды, ал 1971-1976 жылдарда бұл жүйе құлай бастады. Оның орнына 1976 жылдың қаңтар айында, Ямайкада (Кингстон қаласында) өткен, Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше елдердің келісімімен ресмиленген, валюталық жүйе келді (Ямайкалық жүйесі). Бұл жүйе осы күнге дейін істеп келеді. Ямайкалық валюта жүйесінің құрылымды қағидалары.
-алтын девиздік үлгінің орнына СДР үлгісі енгізілді. Бірақ бұл үлгі құннының нақты үлгісі де, халықаралық төлемнің және резервтік бас құралы да бола алмады. Іс жүзінде, резервтік валюта мәртебесі болмаса да, долларлық үлгі қолданылып келді. (Жоғарыда айтылғандай, СДР-дың қоржынында доллардың үлгісі 40%).
Доллардың жетекшілік жайғасымы АҚШ-тың айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және соғыс әлеуетіне негізделген. Бірақ соңғы жылдары бұл әлует, АҚШ пен бәсекелес мемлекеттердің жетістіктеріне байланысты (Жапония, Германия) кәдімгідей босаңсыз. СДР үлгісі іс жүзінде түрлендіріліп, үш дүние жүзілік орталықтық негізінде көп валюталық үлгіге ауыстырылды (доллар, марка, иен);
-Ямайкалық валюта жүйесінің шегінде, алтын ақшалық атқарымын жоғалтты. Сөйтіп, алтын тепе-теңдігі, алтынның ресми құны жойылды. Сонымен қатар, басқа елдердің долларлық авуарларын (резерв), Американың қазынасы арқылы, ресми бағамен алтынға ауыстыру тоқтатылды. Сонда да, алтын өзінің ақшалық атқарымын түгелдей жоғалтқан жоқ. Бұрынғыша төтенше, дүние жүзілік ақша, сенімді резервтік актив болып қалды. Өйткені, оның нақты өзіндік құны бар. Қазір Орталық банктер мен тезавраторларда 60 мың тоннадан артық алтын қоры бар;
-Ямайкалық валюта жүйесі барлық Халықаралық валюта қорына мүше елдерге, валюта бағамын анықтау үшін екі түрлі тәртіптеменің қайсысын болса да қолдануға ырық берді. Сөйтіп, іс жүзінде 1973 жылдан бері қолданылып келген құбылмалы тәртіптемесі, заңды күшіне енді;
-Халықаралық валюталық қор (МВФ) мемлекетаралық валюталық реттемелеуді күшейтуге, мүше елдердің тығыз ынтымақтастығын арттырып, валюталық қатынастарды ырықтандырылуын, валюталық шектеулерді жоюды қамтамасыз етуге шақырылған;
Бруттенвудтық валюталық жүйемен салыстырғанда Ямайкалық жүйе төлем балансаларының және валюталық бағамның тұрақсыздығына, дүние жүзілік күштің қайта орналасуына дұрысырақ икемделінген болып шықты. Сонымен бірге, бұл жүйеде бірқатар қайшылықтар туғызды. Мысалы, СДР үлгісінің тиімсіздігі, алтынның, бір жағынан, ресми түрде, төтенше ақша мәртебесенің айрылғандығы, екінші жағынан, іс жүзінде, сол мәртебенің сақталуы, құбылмалы баға реттемесінің жетілдірілмегендігі т.б. Оның үстіне экономикасы өсіп келе жатқан елдер өзінің дүние жүзілік валюта жүйесіндегі орнына көңілдері толмай, оны, олардың мүдделерін есептей отырып, қайта құруды талап етеді. Осындай мәселелерді шешу, сөйтіп Ямайкалық валюта жүйесін, сонымен қатар, дүние жүзілік валюталық тетіктерді жетілдіру жөнінде ізденістер жүріп жатыр.
1979 жылдың наурыз айында Батыс Европада Халықаралық (аймақтық) валюталық жүйе-Европалық валюталық жүйе құрылды (ЕВС). Оған есеп болған Батыс Европалық экономикалық және валюталық біріктірілудің өсуі. Бұл жүйенің мақсаты-бірлесу процестерін ынталандыру, Европалық Саяси, экономикалық және валюталық одақ Европалық Одақ (ЕС) құру, сөйтіп батысевропаның жайғасымын нығайту.
Европалық валюталық жүйенің, Ямайкалық жүйеден айырмашылығын көрсететін құралымды қағидалары батысевропалық экономикалық бірлесудің ерекшеліктерінен шығады.
Олар:
-СДР-үлгісінің ЭКЮ-европалық валюталық бірлік енгізілді. Оның валюталық қоржыны 12 – батысевропалық валюталардан құралады. Оның ішінде неміс маркасы басым (30%). ЭКЮ-дің қызмет көрсететін салалары СДР-дың қызмет көрсететін салаларынан кеңдеу. ЭКЮ бара-бара дүние жүзілік валютаға айналып келеді. Бірақ, әзірге бола қойған жоқ.
-Алтынды ақша міндетін атқарудан қалдырған Ямайкалық ресми шешімге қарама-қарсы европалық валюта жүйесі, алтынмен жасалатын операцияларды жаңғыртты. Алтын доллармен бірге ЭКЮ-дің эмиссиялық тетіктеріне қосылды. Ол үшін мүше елдердің ресми алтын-валюталық резервтерінің 20% біріктірілді. Осы елдердің орталық банктері, валюталық ынтымақтастық институтының билігінде 2, 3 мың тонна алтын аударды. Бұл алтынға, аталмыш институт ЭКЮ шығарып, тиісті соманы әр елдің Орталық банкісінің шотына аударды. Алтын жарна, үш айлық жаңғыртылмалы құжат пен –«Своп» ресімделді. Ол алтынды қолма-қол ЭКЮ-ге сату мен, үш айдан кейін қайта сатып алу үшін қарсы мәмлені сәйкестіруге негізделген.
Мүше елдердің валюталарының құбылмалы бағамының тәртіптемесі бойынша, олардың орталық бағамнан ауытқуы +/- 15% шегінде болу керек. Осындай тәртіптеме, “Европалық валюталық жылан” – деп аталып жүр. Өйткені осындай ауытқудың графикалық түрі жыланға ұқсайды. Егер валютаның бағамы айтылған шеннен шығып кетсе, орталық банктер валюталық басқыншылық жүргізуі керек. (өз валютасына марка сатып алады, немесе керісінше, маркаға өз валютасын сатып алады).
- Европалық валюталық жүйеге мүше елдер Халықаралық валюталық қорға қарама-қарсы (МВФ), өзінің мемлекетаралық валюталық реттемелеу органын құрады – Европалық валюталық институт. Оның мүшелігіне 12 орталық банктің басқарушылары кіреді.
Европалық Одаққа мүше елдердің жайғасымын әрі қарай нығайту мақсатында, 1999 жылдың 1- қаңтарынан бастап айналымға “Евро” деп аталатын – европалық валюта шығарылады. Әзірге ол 11 мүше елдің арасында қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға қолданылды, ал, 2002 жылдан бастап қолма-қол есеп айырысуға қолданылады. Қазіргі кезде “Евро” мен доллар, дүние жүзілік майданда жетекшілік етуге таласуда.
1.2.Валютаның түрлері
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
• Ұлттық валюталық жүйе.
• Дүниежүзілік валюталық жүйе.
• Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құрайтын және оны пайдалануға көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.
Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.
Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады. Мысалы, Европалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Европалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді.
Мұндағы, валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртәпте белгіленетін екі валюта арсындағы шекті қатынасы.
ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.
Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валютвлық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есптесу бірліктері және төлем құралы (СДР, евро).
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1)тауарлар мен қызметтермен сауда саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзар валюталарды айырбастайды. Импартер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2)дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;
3)фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:
• Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастар
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық қатынас және валюта жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық дағдарыстар мәні себебі салдары Несиелеу мониторингі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының және халықаралық валюталық рет
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта жүйесі және валюта қатынастар
» Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық валюталық жүйелер және валюталық қатынастар
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық қатынас және валюта жүйесі
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюталық дағдарыстар мәні себебі салдары Несиелеу мониторингі
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының және халықаралық валюталық рет
» Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта жүйесі және валюта қатынастар
Іздеп көріңіз: