Курстық жұмыс: Педагогика | Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
Мазмұны
І. Кіріспе............................................................................................................3 бетІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің негіздері
1.1. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі............................4 – 9
1.2. Озат педагогикалық тәжірибені үйрету мен жинақтау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау..............................................10-15
ІІ тарау. Ғылыми педагогикалық процесте оқушылардың әрекетін тексеру және бағалау.
2.1. Оқыту процесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі..............................................................................................................16-19
2.2. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары..19-23
2.3. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалдаудың жаңа технологиясы...................................................................23-25
ІІІ. Қорытынды..............................................................................................26-27
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................28
V.Қосымшалар................................................................................................29-31
І тарау. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің негіздері
1.1. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің жіктелуі.
Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай – қайсысында да қолданыс табады. Себебі, педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғылым сабаққа қатысы отырып, оқушылардың егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым – жырт отырып, зейінді тыңдайтынын аңғарады. Одан әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белсенділікпен көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қорытындылауға мүмкіндік береді. Оның мән – мағынасы келесідей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша нақты теориялық ой – пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі.
Педагогикалық бақылау – бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу – тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс - әрекеті, оқушылар зейін жандандыру, балалар ұжымының іс - әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез – құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдарды арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалдама мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың, мектеп қызметкерлерінің, ата – аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез – құлқын, түрлі іс - әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен септері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртүрлі мінез – құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанда жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесудің бірден – бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін түсіндіріп беруге ұмтылады.
Бақылау ммәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілер, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті адамдармен дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хаптнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.
Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, эксперимент процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық экспериментерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеудің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі – экспериментті, екіншісі – бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде - әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екіншісі бір топ оқушылардың, немесе толық сынып ұжымын сол сияқты өндірістік звеноны немес бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтарындағы, сыныптарындағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн. сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің, білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі – табиғи эксперимент – бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу – тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми – зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын ұйымдастыру формалардың принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдісетрі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымының бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабараториялық эксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптың сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі – мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми – зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ, эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттаремн танысу, сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын – ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс - әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әр түрлі жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері.
Жетіскен білім деңгейін анықтау экспериментті – зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым – оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мүмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды.
Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту – қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын – ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже намды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында қолданылуы, жөнінде қажетті қорытындылар жасалады.
Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дрыстығын негіздесе, зерттеуші ең соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, қорына өз жаңалығы етіп қосады.
Мектептік құжаттар мен оқушылардың шығармашылық өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс – құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделікті сабақ бағаларының оларпдың жалпы үлгеріміне ықпалын білу үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдермен танысып шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман карточкасымен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Үй тапсырма дәптерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкін және т.б.
Мектеп жұмыстарын зерттеу. Оқу және тәрбие жұмысындағы ешбір күдікті мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұ лмектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелеріндегі құжаттар мен архив мәліметтері. Мектеп құжаттарына сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері, сыныптың оқу – тәрбие жұмысының жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есебі, үйірме мүшелерінің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары, педагогикалық тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен ғылыми мақалалары жатады.
1.2. Озат педагогикалық тәжірибені үйрету мен жинақтау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру мен бақылау.
Білім мазмұнына деген мұндай жаңаша көзқарас ең алдымен білім, білік, дағдыларды меңгерудің негізі ретінде оқушы дамуы мен тәжірибесін қамтамасыз ету міндеттерін шешуді көздейді. Басты кезекте бастауыш сынып оқушыларының игеруге қажетті білім, білік, дағдылар жүйесін зерттеуді қажет етеді. Бұл зерттеуде оқушы игерген білім, білік, дағдылар жүйесін тексеру мен бағалаудың рөлі ерекше.
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болады. Бірақ, ол талаптар білім мазмүнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан, оқу үрдісін оқушылардың жеке бас ереккшеліктерін (қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш білім мазмұны оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгейімен беріледі:
1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі (немесе деңгейі).
2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті деңгейі).
Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс.
Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.
Оқушылардың меңгерген білім мен біліктерінің міндетті деңгейіндегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар .....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету
» Курстық жұмыс: Педагогика | ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
» Курстық жұмыс: Педагогика | МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету
Іздеп көріңіз: