Курстық жұмыс: География | Африканың шөлдену аймақтары

Курстық жұмыс: География | Африканың шөлдену аймақтары

Мазмұны
Кіріспе..................................................................3-4

І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары.............5-7
1.1. Сахара ..................................................................................8-15
1.2. Намиб .....................................................................................16
1.3. Калахариде ........................................................................17-21
1.4. Араб.........................................................................................22
1.5. Ливи- Нуби..........................................................................23-25

II. Шөлдену аймақтарының экологиясы ...................................26-27

ІІІ. Қорытынды........................................................28

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер....................................29

І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
Африка оңтүстік жары шар материгі. Африканы экватор дәл ортасынан кесіп өтеді. Екі тропиктік шеңбердің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түсеі. Сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және Оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді. Африканы экватор сызығы қиып өтуінен күн сәулесі үлкен көлбеу бұрыш жасай түседі. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеден жаз кезінде күн сәулесі дәл төбеден тіктүседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігі құрғақ шөлді болып келеді. Тропиктік белдеуде жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан.Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +400с және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +700 с +800с-қа дейін кызады, керсінше түнде ауа мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы құрғақ ыстық әрі шаңды болады. Жазда жиі-жиі саммум желдері соғады. Асты ылғи шаңдатып тұрады. Нәтижесінде көкжиекте пайда болған сағымдар шөлдері жолаушылардың көзін алдады. Сахарада жаңбыр- өте сирек болатын құбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан кейін күтпеген жерде нөсер жаңбырлап жауады. Су өткізбейтін жыныстар жауып жатқан шөлде әп сәтте айналасуға толып сел жүреді. Киматтың мұндай сипатын тропиктік континенттік шөл климаты деп атайды. Ал Калахари шөліндегі климаттық жағдайлар Сахара мен салыстырғанда біршамақолайлы болып келеді. Үнді мұхитынан келетін теңіздің тропиктік ауа массаларын ықпалында болатындықтан тропиктік ылғалды климат тән болуы. Осындай климат жағдайларды адам өмірі мен шаруашылығы әрекетіне түрліше әсер етеді. Климаты қатал деп есептелетін Сахара жері медециналық тұрғыдан алғанда Африканың ең «таза» ауданы болып саналады. Оның себебі шөлдегі жоғары температура мен құрғақ ауа жағдайында жұқпалы ауруларды қоздыратын микроптар мұнда кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мсол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең таралған. Бұл адам денсаулығына ғана емес, мал шаруашылығын дамытуға да нұқсан келтіреді.
Сахара қойнауында қазба байлықтардың (мұнай, газ, темір, марганец, мыс рудалары, тұз) қоры мол. Оның күн қызуынанорасан зор мөлшерде алатын энергиясы егін шаруашылығы үшін таптырмайтын мүмкіндік көздері болып табылады; топырағында қоректік минералдық заттар көп. Осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін су жетіспейді. Сахараны оның шекарасын бойлай орналасқан алқаптарын суат есебінен суландыру және суару жобалары әлде неше рет жасалды. Сахараны Конгомен оның сағаларын бұру арқылы суландыру мүмкіншілігі жайлы пікір көбірек айтылды. сондай-ақ Сахараның климаттық жағдайларын онда Жерорта теңізі суларын жіберу арқылы өзгертетін жобалар да бар. Бірақ осы жоба – ойлардың бәрі жүзеге аспай келеді. Африканың солтүстік бөлігіндегі шөлдердің ауданы азаюдың орнына барған сайын ұлғая түсуде. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке саваннаға қарай ілгерілеп бара жатқаны байқалады. Бұл процес өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы топрақты малдың таптап тастауы, ағашпен бұта шабу және өртеу топырақ жамылғысының бұзылуын құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанда, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына бір км жылжитын көрінеді.
Сахара алабының өзінде адамдардың қаректімен байланысты өсімдіктердің азып, топырақтың тозып бара жатқандары жайлы деректерде бар. Кейбір ғалымдар Сахара шөлі адамдардың қолымен жасалған деген тұжырым жасайды, дегенмен мұндай пайымдауларды асыра айтқандық деп есептеу керек.
Африканың физикалық картасы
1.1Сахара
Тропиктік шөлдер Африканың солтүстігінде ұланғайыр территорияны алып жатыр Шөл және шөлейт ландшафтар Атлант мұхитынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегімен Жерорта теңізі жағалауынан Сенегал өзенінің төменгі ағысынан бастап, Чат көлі арқылы Нілдегі Хартумға өтетін сызыққа дейін жердің өн бойына созылып жатыр. Осынау 7-8млн.км2 орасан зор кеңістікті яғни Африка материгінің 25% сахара деген жалпы географиялық атаумен біріктіріп атайды.Сохара араб тілінен сахара-шөл деген мағнаны білдіреді.Сахараның географиялық шекарасы барынша айқын. Тек қана оңтүстікте, табиғат жағдайлары шөлейттен саванаға бірте -бірте ауысатын жерде анық физикалық - географиялық шекарк жоқ. Сахара оңтүстікте тұрақты жауын- шашынды кезеңі бар жерде аяқталады.
Сахара түгелімен Африкаплатформасыныңшегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп, горизонталь тұнба шөгінде қабаттарымен көмкерілген үстүрт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күнбе тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интруизиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен көмкерліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән.
Қыс айларында анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20-250 С шамасында тұрса, түнде қатты жылу қайтару салдарынан ауа 00С – ге дейін салқындайды, ал кейде үсік қатты соғатыны сондай, ыдыстар мен қолдан жасалған су алқаптарындағы су қаттып қалады. Тауларда – 180C-ге дейін аяздар байқалған.
Сахараның Атлант мұхитының суық Қанар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті – шөлдің басқа бір жағалық типі болып табылады. Ондағы температура мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75- 80% -ке жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады, бірақ жауын шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.
Сахарада жер беті суы жоқтың қасы, сумен қамтамасыз етудің көзі – жер асты сулары адамдардың, малдардың және өсімдіктердің күн көріс көзі осы су. Жер асты суына құмды шөлдер біршама бац. Құм астының кейбір жерлерінде жер асты суларының бұлақтарына бастама беретін айтарлықтай қалың горизонттары жатады. Көптеген уэдтердің жер асты ағындары болады. Сахарада суды көпшілік жағдайда құдықтардан алады. Соңғы кездері сумен қамтамасыз етуде насостармен жабдықталған және қысымды горизонттардың сенімді де тұрақты суларын пайдаланатын терең артезиан құдықтары үлкен роль атқарады.
Сахараның шеткі бөліктері мен кейбір таулы аудандарында соңғы плювиалды кезінен бері сақталып қалған және жер асты көздерінен қорек алатын суы таза көлдер бар.
Облыс алабындағы бірден - бір ірі әрі тұрақты арна ағысы- Ніл. әлденше жүз км бойы көбірсіген шөлді басып ағып, оған жан бітірген бұл өзен – Африка табиғатының тамаша құбылыстарының бірі болып танылады. Әлбетте Нілдің болмысы оның шөлден тыс жерлерден алатын су көздерімен байланысты.
Сахараның топырақ жамылғысы үзік – үзік. Құмды және тасты шөлдердің орасан зор алқабы топырақсыз десе де болады. Дегенмен де Сахара жерін суарса, ол құнарлы аймаққа айналар еді, өйткені онда қоректі тұздар көп. Бірақ жер бетіне жақын қабатқа су барса болды, артық тұз жинақталып сор пайда болады.
Сахараның өсімдік жамылғысында өсімдіктің 1200 түрі бар. Олардың басым көпшілігі ксерофиттер немесе эфемерлер. Тек аздаған учаскелері, негізінен тастақ жерлер мүлде өлі сияқты болып көрінеді. Дегенмен оларда да шөлдің қатал табиғатына бейіиділігі мен таң қалдыратын өсімдіктер кездеседі. Мысалы, тастардың арасынан құмнан нерирхон райханы гүлін кездестіруге болады, оның сабағы қысқа, бұтақтары саусақтар сияқты иіліп тұрады, иілген жерлерінде тұқымдары болады. Жаңбыр кезінде бұтақтары жазылып сала береді де тұқымдары жерге төгіледі және ылғалдың әрбір тамшысын пайдалана отырып өсіп шығады. Басқа өсімдіктердің тұқымдары мен түйнектері де топырақта сақталады да бірнеше айда немесе бірнеше жылда жауатын жаңбырдан соң өсіп - өнеді. Кейбір жерлерде құм мен тастақта ұсақ жапырақты немесе тікенекті жермен жексен немесе жатаған өсімдіктер өседі. Кейде тастарды қалың қына қабыршығы басып кетеді. әр жерден ағаш тәріздес сүттігенді де көруге болады. Өсімдік жамылғысында сұр, және сары рең басым, мұның өзі далаға қайғылы тіршіліксіз өң береді.
Сахараның оңтүстік шекарасына жақын маңда бұталар мен кейбір қатаң астық тұқымдастардың қаулары кездеседі. Солтүсткте, Атлас облысымен шекарада жабайы пісте, олеандра және ююбаны көруге болады.
Сахараның түрге кедей, бірақ санға бай жануарлар дүниесі төзімді және су мен азық іздеп тез көшіп жүретін немесе өзінің таралуында ылғалы көбірек аудандармен немесе су көздерімен шектелетін жануарлар тұрады. Сахараға аддакс пен орикс бөкендері, Дордакс пен Лодер газелдері, тау текелер өте сипатты. Оларды еті мен терісіне бола қырып аулайды, сондықтан да олардың кейбір түрлері құрып бітуге тақау. Жыртқыштардан шибөрі, қорқау, түлкі, гепард көбірек мәлім.
Облыста жыл құстары да, тұрақты мекендейтін құстар да бар, соңғылардан бұл жерге әсіресе шөл қарғасы тән. Рептилиялардан кесірткелер басым, жыландар мен тасбақалар да баршылық.
Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғайыр құм жинақталған Ливия шөлінің үстірті өтеді. Солтүстікте Сахараның беті бірте-бірте аласарады, онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі- 133 м. Қаттар ойысы- Жердің ең терең құрғақ ойыстардың бірі.
Сахараның орталық бөлігін де кристалдық және вулкандық жыныстардан түзілген биік тау қыраттары мен үстірттер түзеген. Олар: Тибести, Ахаггар, Ифорас т.б. тау қыраттары. Тибести тау қыраттарының ең биік шыңы – сөнген Эми-Куси вулканы (3415м), кратерінің диаметрі 12 км, бұл бүкіл Сахара облысының ең биік шыңы. Массивтердің рельефі қатты тілімденген, олардың беткейлері құзды және жартасты, етектерін түрлі ірі қираған материлдар басып кеткен.
Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасы, құм тас және сазды жыныстардың қабаттары жапқан.
Сахараның көп учаскелері моноклиналды құрылымды болып келеді де жақсы көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Рельефтің мұндай типі солтүстік- шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин – Адджер үстіртіне, солтүстікке таман орналасқан Тадамоит үстіртіне, Антиатласты жиектеген Джебель- Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық рельефінің құрылуында тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын алған аэрозиялық процестердің ролі зор.
Сахараның шөлді үстірттерінің бетін арабтар «уэд» деп атайтын арналар жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл арналар сүға толады, бірақ ары кетсе бірнеше күннің ішінде, кейде бірнеше сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды, уэдтердің көпшілік бөлігі негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан жаққа салаланып тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабының пайда болған плиювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін аллювийлік құм материалдар басып қалған немесе саз жыныстары қатайтқан.
Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әр түрлі тұйық ойыстарға аяқталады, бұл да Сахара рельефі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жауыннан соң ойыстар азғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың түбін тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының түбі тұзданбаған . Ойыстардың пайда болуында тектоника, жер асты эрозиясы процестері, карст түзілістері және үйінділерді жел үріп кетуі роль атқарған.
Үйілу процестерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс шықпауы ұлан-асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты. Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттердің араларындағы ояңдарға және кең байтақ тұйық қазан шұңқырларға эрг деп аталатын орасан зор мөлшерде дюно құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз «өлі», құм учаскелерімен қатар аумақты жерлерді алып жатқан құм дюналары да баршылық, бұлар үнемі басым желдің бағытына қарай көшумен болады. Құм әсіресе Ливия шөлінде өте көп шоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі онда 300м жетеді.
Сахараға малта тастан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан орасан зор тегіс учаскелер тән
Сахараның да көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас үйіліп жатады. Мұндай тастақ алаптар «хамада» деп аталады. Хамаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан жартасты, қия беткейлі оқшау үстірттер – «гара» көтеріліп тұрады.
Сахара болмысы жыл бойы құрғақ тропиктік ауаның үстем болуымен байланысты. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде дерлік 50 мм ден аз. Ішкі аудандарда жауын-шашын кейде қатарынан бірнеше жыл бойына жаумайды және жаңбырдың жаууы кездейсоқ сипатта болады. Мұндайда кейде су басуын тудыратын нөсер өтеді. Жауын –шашынның біршама артуы тек биік тау қыраттарының беткейлерінде ғана байқалады, бірақ онда да оның жылдық жиынтығы 100мм жетпейді. Шөлдің солтүстік және оңтүстік шет алқаптарында жауын-шашын анағұрлым тұрақты жауып тұрады және ол жылдың белгілі бір кезеңдеріне сай келеді. Солтүстікте жаңбыр күзде, қыста және көктемде, ал оңтүстікте – жазда жауады. Азды –көпті тұрақты жауын-шашынды бұл өңірлер ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Африканың шөлдену аймақтары жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, Африканың шөлдену аймақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]