Курстық жұмыс: География | Африканың географиялық белдеулері мен зоналары

Курстық жұмыс: География | Африканың географиялық белдеулері мен зоналары

Мазмұны
Кіріспе
І тарау
1.1 Африканың географиялық белдеулері.
1.2. Ауа температурасы мен жауын-шашынның географиялық таралуы.
1.3. Африканың климаты және зоналары.

ІІ тарау
2.1. Өзендердің климатқа тәуелділігі.
2.2. Климаттың шаруашылыққа әсері.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20°С-тан төмен болмайдь (61-суретті қараңдар). Жаз айларында солтүстік тропик кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның орташа температурасы +35°С, +40°С-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептелетін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8°С-тан төмен түспейді.
Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бүл айырмашылық әр жарты шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, щілде, тамыз айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.
Африка жерінің көп бөлігі экваторлық және тропиктік ауа мас саларының ықпалында болады, тек материктің қиыр оңтүстік және солтүстік жағалық бөліктеріне салкын кезде батыс желдері алып келетін қоңыржай ауа массалары әсер етеді.
Екі жарты шардың пассаттары бір-бірімен түйісетін экваторлық бөлікте жауын-шашын көп жауады, ол осы бөліктегі өрлеген ауа қозғалысы-
ның әсеріне байланысты болады. Ал Арабия түбегінен соғатын солтостік-
шыгыс пассат желдері енсіз Қызыл теңіз үстінде ылғалға қаныға алмайтындықтан Африкаға құрғак тропиктік ауаны алып келеді. Сахара үстімен жылжыған сайын бүлауақызып, одан әрі қүрғай түседі. Сондықтан солтүстік пассат желдерінің жолында жаткан аудандар ғажауын-шашын аз түседі. Африканың оңтүстігіндегі Үнді мүхитынан соғатын онтустік-шыгыспассаттаржылы ағыстар үстінде ылғалғақанығып, Мадагаскар Айдаһар тауларыныңшығыс беткейлеріне мол жауын-шашын өкеледі.
Ал Гвинея шығанағынан соғатын пассат желдері материктің батыс жағалық бөлігіне ылғалды, эк-ваторлық ауа ағынын әкеледі. Әсіресе жағалау-дағы таулардың батыс беткейлерінде жауын-шашын мол түседі. Мысалы Дебунджа каласында жылдық жауын-шашын мөлшері 10470 мм-ге жетеді. Гвинея шығанағы жағалауынан солтүстікке және оңтүстікке жүрген сайын жауын-шашынның мөлшері күрт азаяды (картадан қарап, себебін түсіндіріңдер).
Африканың климаттық жағдайлары жер бедеріне де тәуелді болады. Жер бедері биіктеген сайын температура мен қысымның, жауын-шашын мөлшерінің өзгеретіні белгілі. Сондықтан экваторға жакын жатқан биік тау шыңдарында мәңгі қар жатады, Атлас тауларының биік бөліктеріне де қар түседі. Ылғалды ауа массаларының жолында жатқан тау беткейлерінде жазық жерлермен салыстырғанда жауын-шашын біршама мол түседі (климаттық картаны қараңдар).
Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жатқан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен қайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінн (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай орасан зор Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп түр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мүхиттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірден емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын кеп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сол бөлігінде қатты қызады. Бүкіл Африка (азғана қалысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бүл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.
Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мүхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тан континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді.
Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардын құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді.

Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады.
Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдан туғызады.
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бір жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше маңызы бар. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан етуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қарай бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттын, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17°с. е. және 20° о. е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ықпалы көршіс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны ала жүреді де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың кысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады.
Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады.
Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға карай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оң-түстікке қарай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінің батыс циркуляңиясы жағдайында қалып қояды.
Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20° дейін, ал батысында 18° с. е. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жауын-шашын ала келеді.
Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалында болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады.
Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті мен қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері қүрғақ болады. Тек Қап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әрекет тән.
Африканың, негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура + 20°С-ден асып түседі. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ кызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура ( + 35°—40°С), сонымен бірге ең жоғары максимумды температура ( + 58°С-ге дейін) орын алады.
Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 50°С-ге жетеді. Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын конвективтік жанбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5° е. е. пен 10° о. е. аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм
шамасында) Камеруп массивінің басым оңтүстік-батыс желдеріне қараған беткейлеріне түседі.
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 17°-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланыс-ты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке жэне оцтүс-тікке қарай (30°-қа дейін) жыл боііына жауын-шашын өте аз мөл-шерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қныр солтүстігіланудан 1,5—2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұрақты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Афри-каньщ экваторлық бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді.
Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17° сі е. дейін жетіп жатыр. Оңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстік-те 20° о. е. дейін жуықтап барады. Материктің шыгысында жарты шардың солтүстік және оқтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык Африканың географиялық белдеулері мен зоналары жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, Африканың географиялық белдеулері мен зоналары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]