Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3-4І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі..........................................................................................5-18
1.2 Ұлы данышпандардың имандылық және адамгершілік жайындағы пікірлері.................................................................................................................18-20
ІІ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ САНАЛЫ ТӘРТІПКЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу............................................................................................................21-23
2.2 Ұлттық ойындар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу...............................................................................................................23-25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................26-27
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................28
V. ҚОСЫМША...................................................................................................29-31
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Қай дәуірлерде болмасын қоғам мүддесінө мүддесінен жоғары қоятын саналы ұрпақты тәрбиелеу қоғамның басты мәселелерінің бірі болып келеді, солай болып қала береді де.
Еліміз тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін бізге еліміздің ертеңі үшін еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат керек. Ал бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен мораль өлшемдерін егжей-текжейлі білетін, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына жиған ұрпақты тәрбиелеу басты мақсат.
Дегенмен арамызда пендешіліктен аса алмай, өзінің азаматтық ар-намысын, ожданын дүниенің алдамшы қызығына айырбастап алып жүргендерді кездестіріп жатамыз. Міне, осы көңілге кірбің ұялататын жайт мектептін алдына бала алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап онын бойына адамгершілік, имандылық, саналылық касиеттерін сіңіру міндетін қояды. Бұл міндет бізге осы бітіру жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудын аса манызды бір саласы болып табылады, ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілікке тәрбиелеу процесінде мектеп бастауыш сынып оқушысының бойында отан сүйгіштік, жолдастық өмір шындығына белеснді көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бойына тек бір өзін жетілдіру ісімен шектеліп қоймай, айналадағы дүниенің қалыптасуына, мораль нормаларын енгізу жолында да міндетті белсенді позиция ұстап, ашық күрес жүргізуді талап ететін нағыз қоғамдық адамгершілікті тәрбиелеуге тиіс.
Зерттеу жұмысының объектісі. Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие беру процесі.
Курстық жұмыстың мақсаты.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің теориясымен танысу
Курстық жұмыстын міндеттері:
Адамгершілік тәрбиенің мәні мен мазмұнын талдау;
Адамгершілік - қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатынын қауымдық, әлеуметтік, халықтың игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық инабаттылықты көрсететін терек мәнді ұғым.
Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, достықты уағыздай отырып, тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі-бауырмалдық, бүкіл алам баласын бауыр, лос түту, көпшіл болу.
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.
Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.
Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.
Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін - қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.
І ОҚУШЫЛАРҒА АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Адамгершілік және саналы тәртіпке тәрбиелеудегі халық педагогикасының ролі
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек». - деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең, жыр мүұасын қалдырды" — деп халық педагогикасының аса үлкен бағытын көрсеткен. Сондықтанда бізлің қазақ даласын зерттеуші Пурона. орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық - деп Пікір айтпаған деген тұжырымға келеді. М.Әуезов.
Баланы дүниеге келуіне байланыты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі (киіз басу. үй салу т.б. көпшілік еңбск түрлері), адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Мұның бәрі өлең жырдың адамның өмірлік серігі, рухани азығы болғанын дәлелдейді.
Қазақтың тұрмыс-салтымен байламысты айтылған "Жар-жар", "Сыңсу", "Беташар", жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда "Естірту", "Жоқтау", "Қоштасу" әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат біріншіден ас пен тойды қьзықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден аламның көңіл күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден жиынға қатысушы үлкені-кішінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Яғни отбасы, ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алады. Салт-сананы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы, осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ас пен той, қуаныш пен реніш. ұлы жиындардың бәрі халық мектебі сияқты тәрбие беру орын болған.
Халық жиындарында ән айту, күй тарту, қыз қуу, тенге салу, бәйгеден озу, астарлы сөз мағынасын арттырып, қарсыласынды ұғындыру, жіп иіріп, жүн түту. жылқыны жорғаға үйрету, өрмек пен кесте өрнегін арттырылып сайысқа түсу, қыз бен жігіттің өнерге деген ынталы азамат атаулының бәйгеге түсер дүбірлі думаны болған. Халықтың мәдени мұраларынан оның ғасырлар бойы басынан кешкен куанышы мен қайғысының, үміт арманы мен өкінішінің, сүйіспеншілгі мен өшпенділік сезімінің ізін көреміз. Осының бәрі халықтың ән мен күйінде, өлең жырында, аңыз-әңгімелерінде, поэма дастандарында тіпті қолөнерінде де бейнелей суреттелген.
Мәдениеттің фуикцияларын айқындай отырып, ғалымдар оны туындауынан гөрі жинақталу, сақталу, таралу мақсаттарына көбірек көңіл аударады. Өйткені сақтаушысы мен таратушысыі болмаса жазба және басма өнері дамымаған халықтардың мәдени мұрасы тұл болар еді. Өзінің есту, жаттау қасиетін арттыра білген қазақ халқының ұзақ ғасырлар бойы жазу мен баспа өнерін шермей келуінде де осы қабілет қасиеттері әсер еткен сияқты.
Міне, мәдени мұраны бұлжытпай сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші иелері, халыққа билігін жүргізген баба, киелі кимешекті әже, ақындар, жыршы-жыраулар, әнші, күйші, хиссашылар еді. Халық ақындар мен әнші-күйшілердің ел билейтін әкімдерден әлдеқайда артық бағалап қадірлеп, қастерлеген. Сал, сері, жыршы-жыраулар ел аралап өнер көрсетіп, үй-үйден дастархан жайылып құрмет көрсетіліп, ауыл өнерлісіне ән мен күйді, жыр мен дастанды үйреткен.
ХІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген, халық аса қастерлеген ақын, әнші сал, сері, жыршы-жыраулардың аттары күні бүгінге дейін мәдениет тарихының төрінен өшпес орын алуы, халқының жадында сақталуы осының айғағы.
Халық педагогикасының ғылыми-негіздерін анықтап қалаушы, заманының кемеңгері Мағжам Жұмабаев бала тәрбиесіне жан-жақты талдау жасаған. Ол қазақ халқының бала тәрбиелеуде ғылыми дамыған халықтардан еш кем түспегенін халық даналығын дәлелдейді.
Қазақ халқының бала тәрбиелеу негізгі бағыттары мен түрлеріне ғылыми негіздеме береді.
М.Жұмабаев баланың жан тәрбиесі мен тән тәрбиесінің маңыздылығының сөз етіп, жан тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау кажеттігін көрсетеді. Өйткені «Адамның қымбат нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан», - деп ұғындырады.
Егерде С.Қалиев ұрпақ тәрбиесіне күшті көбірек жұмсау қажеттігін, іс-әрекеттер тұрғысынан қараса М.Жұмабаев негізгі ілімін психологиялық заңдарға сүйене отырып жасайды. Жам-көріністерін тап-тапқа бөліп, оларды ақыл көріністері, ішкі сезім көріністері, һәм қайрат көріністері деп атайды.
Бұл жерде айта кететін жәйт, данышпан Абай, халық тәрбиешісі ретінде, өзін байқаушы ретінде танылып, М.Жұмабаев көрсеткен адамның жан дүниесінің үш көріністерінің теңдігін дәлелдейді.
Әлде бір суық, мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық талабы шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек, - деп үйретеді.
Көптеген жалған түсінікке сүйеніп, баланың тоқ, жылы жүруіне ғана қамқорлық жасап, жан дүниесін қалыптастыруды табиғатқа, қоршаған ортаға жүктеген жоқ. Бұл ата-аналар баланың дене тәрбиесінің бір саласына ғана көңіл аударғаны болар еді. Бала тәрбиесінің бұл екі саласының да қажеттілігін, маңыздылығын ойлай отырып, дегенмен де бала өскен сайын тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай білу керек деп көрсетеді М.Жұмабаев. "Тегінде берік ұғыну керек, адамның қымбат нәрсесі де, жұмбақ процесі де сол жан".
Сонымен бала тәрбиесі дене және жан тәрбиесінен тұрады екен. Баланың дене тәрбиесі нәрестелік кезчінен басталып, түрлі жаттығу ауаға қыдыру, серуендету, шынытырудан тұралы. Дене тәрбиесімен айналысатын мамандар талай еңбектер жазып, арнайы кесте жаттығуларлы ата-аналарға арнаған. Ал табиғат заңдылығын жете меңгерген көрегенділік тәжірибесіне бала тәрбиесінде қолдана білген қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері кейінірек сөз болмақ.
Теориялық тұрғыдан баланың жан-тәрбиесінің бағыт заңдылықтарына жүгінер болсақ әүелі ол адам танымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар сыртқы және ішкі сезім әсерленулерінің бастапқы сезім тәрбиелеуде алар орнын орасан зор екенін көрсету қажет.
Сыртқы сезім әсерлерінің бірі — көру сезімі жарық, түс және қозғалыс әсерлерінің сезінген адам айнала қоршаған табиғатты, қоғамдық өзгерістерді қабылдауға мүмкіндік алады. Бұл сезімді тәрбиелеу балаға әртүрлі ойыншықты беріп, сурет салудан басталады. Әрбір ата-ана балаға әртүсті, түрлі формадағы ойыншық сатын алып, істеп беріп, істеп үйренуіне көңіл аудару керек.
Ал сурет салу өнерінің бала жанының дамуына әсерін қазақ даласында ғылыми-сапарымен болған Д.Л.Иванов өте жақсы бейнелейді де, баланың көру қабілетін әдіетемелерін ұсынады. Баланың сыртқы әсерлену құралы — есту. Шуды есту, дыбысты есту мүмкіндігі болып екіге бөлінеді. Соның дыбысты есту мүмкіндігін дамыту қиып еңбекті талап етеді. Әннің әуенін, домбыра, қобыз күйіп, адамның сезіп есту, қабылдап түсіну үлкен еңбекті талап етеді. Соның ішінде ең қиыны — музыка. Бірақ баланы жастайынан әр дыбысқа еліктеткізіп, музыка тыңдағанда алдына алып отырған ересек адам түсіндіріп, айтып отырса, дыбыс құралы ерекшелігін бала тез қабылдап кетеді. Баланың есту сезімін ілгерлсіу үшін ең үлкен әсер беретін бесік жыры.
Грек данышпандары алдында тұрған адамға "қане сөйлеші, мен сені көрейін», дейіді екен. Жаратылысты танып. түсіну, ажырату, әсерлену. Сені естуге, көңіл сөзін айтуға байланысты Баланың жайы кетік болмай, бүтін болғанын қалайтын адам баласын он, жыр, күйді, тындатын, үйретеді.
Адамның жан дүниесін толықтыратын сезімнің бірі — зейін. Дүниені, жаратылысты қабылдау, әсерлену мүмкіндігі зейінге байланысты. Ерікті, еріксіз түрдегі зейінді дамыту, қалыптастыру ата-анаға, оқытушыға, жетекшіге байланысты. Әсер алу үшін зейінді ауыстырып жүру қажет деп үйретеді психологтар. Жеке әсер, жаңа әсер, жаңа білімнен ескі білімнің қатынасын қарастыру, сақтау, болашақ әсерге даярлықты жасау (әсерлерді күту)- зейінді тәрбиелеу шарттары. Баланың есту мүмкіндігі, баланың қиялдау мүмкіндігіне тікелей байланысты. Қиял бұрынғы бар суреттеулерден жаңа суретеулер алу қиялы деп аталалы, "Қиял-фантазия өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам жұсаулы есек. " Фантазия қиял ақылды кеңейтіп, ой-өрісті дамытып, жаңашылдық. шығармашылық деңгейіне жетуге, әдістемелік сезімді тереңдетеді. Баланың қиял фантазиясын тәрбиелеу түсінікті болды, енді оны дамыту, іске асыру әдітемелермен танысайық.
Қиял-фантазияны ояту-негізі білім. Сондықтан білім беру алғы шарт. Тұрмыстық өмір, жан-жануар тұрмысын бақылап, жаратылысымен танысып, әдебиет, тарих, география, жаратылыстану пәндсрінің қиялды оятар түрлі сайыстардың көмегі зор болмақ.
Жаратылыстың құшағынды көк аспан астында, желмен жарылып, күнмен таласып өскен бала Қобыландының тайбұрымы сөйлейді десе, қотыр тай кұрық салғанда құнан жүген салғанда дөнен болды десең де сеніп өскен. Міне, қиял-фантазия ояту үшін ең алғаш ертегі таңдатып өсіру қажет. Ойын мен ойыншықтардың да бала қиялын оятуға әсері мол. Шыбықты ат қылып ойнап, оны ерттеп, асау уйретуі де соған сенгендіктен, қиялдап елестетуден, сенуден басталған. Сонымен қиял тек бүгінді, барды ғана емес, болашақты танып болжауға әсер етеді екен.
Бала тәрбиесіндегі келесі зандылық ойлау қабілеті. Бала жаратылысты көріп, естіп, сезініп, қана қоймайды, оларды ұққысы келеді: «Мынау не?» "Ол неге?" деген сұрақтардың ертеңді кеш жаудыру себебі баланың өзін тану, айналасындағы жаратылыстану оның байланыстырып түсіну процесінің басталғанын анықтайды.
Баланың ойлау қасиетін дамыту жолдың бірі — анық суреттеп беріп, өзіне қорытынды шығартып отырса ойлау шеберлігі туындайды. Осы кезге дейін айтып келінген барлық таным қабілетінің жарыққа шығару жолы тікелей тілне байланысты. Жанның жайын ұқтырып шығаратын мимика мен тіл. Ойдың тілі — сөз. Әр адам өз жанының хал-ахуалын, қуанышы мен ренішін сөз арқылы білдіріп ұғындырады. Сонымен көрінісінің ең қымбаты — ой. Тіл байлығын дамыту арнаулы тәрбие жұмысын талеп етеді.
Шешендік - қазақ халқының ең басты қасиеттерінің бірі. «Өнср алды - қызыл тіл» демекші, өперлі бөлу әркіммің арманы.
Адамның ішкі сезімі: ұялу, достық сезімі. Сұлулықты сезіну. Бұл сезімдер жан-жақты қасисттерге байланысты болғандықтан көп салалы тәрбие жұмысын талап етеді. Ата- бабаларымыз: ұялшықтық пен ұяңдықты әр баланың бойына сіңіру үшіп ғасырлар бойына қалыптасқан жазусыз....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: