Курстық жұмыс: Музыка | Бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыру
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………3I ТАРАУ Мектеп оқушыларын аспаптық музыка негізінде
оқытудың теориялық мәселелері……………………………………5
1.1 Оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық проблемалары…………………………….……..5
1.2 Бастауыш сынып - білім берудің негізгі кезеңі…………………16
II.ТАРАУ Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс - тәсілдері…………………………………………28
2.1 Күй, күйшілік дәстүр және оны тыңдатудың тиімді
тәсілдері……………………………………………………………… 28
2.2 Күй — тәрбие құралы………………………………………….46
Қорытынды…………………………………………………………….49
Әдебиеттер……………………………………………………………..51
Кіріспе
Өзектілігі. Бүгінде мектеп окушыларына ұлттық музыка өнерін, әсіресе бастауыш сынып окушыларына аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру мен оның тәрбиелік негізін тереңірек меңгеру қажеттігі туындап отыр. Бұған негіз ретінде Р.Жәрдемәлиеваның, М.Балтабаевтың, А.Райымбергеновтың, Ш.Құлманованың бастауыш сыныптарна арналған әдістемелік бағдарламасын атап өтуге болады. Ол оқушының талғамын, эстетикалық тәрбиесін, көркемдік қызығушылығы мен шығармашылық қатынасын арттыруға ықпалын тигізуде.
Қазақ халық муызыкасы, дәстүрлі көркем мәдениетін жетілдіру мақсатында пайдалану жолын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсеткен ғалымдарымыз- С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Ж.З.Өтемісов, Р.К.Дүйсембінова, Ұ.А.Асанова, М.А.Оразалиева және т.б.
Ұлттық музыка өнерінің бала тәрбиесіндегі мүмкіндігіне ағарту ісінің көптеген қайраткерлері - Н.К.Крупская, В.Сухамлинский, К.Д.Ушинский ж.б. аса мән берген. Осы аспаптық музыка негізінде орындалатын күйді тыңдатудың тиімді тәсілдері қарастырылады. Күйдің ерекше қасиеттерін ашып көрсеткен академик А.Қ.Жұбановтың еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Сонымен, оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық проблемалары және оны қолданудағы тәрбиелік сипатын ашудың маңызы зор.
Мақсаты — бастауыш сынып окушыларын аспаптық музыкаға қызықтыра отырып тәрбиелеудің педагогикалық тиімді жолдарын теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Объектісі — бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие ісінде аспаптық музыкалық тәрбиелік сипатын саралау.
Зерттеу пәні — бастауыш сынып оқушыларына аспаптық музыканың тигізетін тәрбиелік ықпалын қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері: - бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелік сипатын саралауда ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыру;
-аспаптық музыканы педагогикалық тұрғыда пайдалану. Дәстүрлі амал-жолдарын айқындау, музыкалық білімді қалыптастыру мақсатында талдап, жүйеге келтіру;
-аспаптық музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының сабақ жоспарларын жасау.
Әдістері мен тәсілдері - философия, педагогика, өнертану ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, аспаптық музыканың тәрбиелік сипатын саралау.
Жетекші идея — бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесінде аспаптық музыканы қолдана отырып, педагогикалық тұрғыда оқушылардың тәрбиелік ісіне тигізер ықпалын анықтау.
Зерттеудің кезеңдері:
I кезеңде 2001 жылы Алматы қаласы М.Базарбаев атындағы өнер гимназиясында педагогикалық тәжірибе жүргізілді. Онда деректі материалдарға жүйелі талдау жасалып, ой елегінен өткізілді.
II кезеңде 2002 жылы осы өнер гимназиясында музыкалық білімді жетілдіру мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы — бастауыш сынып оқушыларына аспаптық музыка негізінде оқытудың тәрбиелік сипатын ашып көрсету.
Тәжірибелік маңызы — бастауыш сынып оқушыларына сыныптан тыс жұмыстарда аспаптық музыканы пайдалану арқылы әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің дәлелдігі — аспаптық музыкаға арналған зерттеулерге сүйене отырып қамтамасыз етілді.
Зерттеудің педагогикалық сипаттамасы - аспаптық музыкаға арналған күйлерді қарастыра отырып, олардың тәрбиеге ықпалы қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы жұмыс кіріспе, негізгі екі тарау, қорытынды бөлімдерден тұрады. Соңынан әдебиет тізімі берілді.
I ТАРАУ
Мектеп оқушыларын аспаптық музыка негізінде оқытудың теориялық мәселелері
1.1 Оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың педагогикалық проблемалары
Оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың өзіндік ерекшеліктерімен мүмкіндіктері бар. Музыка пәнінің деңгейін көтеру, аспаптық музыка негізінде білім беру ісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру қажеттігі туып отыр.
Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына ұмтылмас із қалдырған А.В.Затевич, академик А.Қ.Жұбанов, өнер зеттеушілері Б.Г.Ерзакович, П.И.Аравин, Б.Ш.Сарыбаев сынды ғалымдардың ұлан-ғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-ұрпаққа тарап жатыр. Білім берудің бұл жағын, әсіресе төменгі сынып оқушылары әлдеқайда айқын сезінеді. Бұл міндет педагогикалық міндеттермен қатар окушылардың аспаптық музыкаға деген саналы көзқарасын қалыптастыра отырып жүзеге асырылады.
Соңғы жылдары аспаптық музыканың әрбір жанрын бөлек арқау етіп, жеке дара зерттеу жұмыстары қолға алына бастады. Олардың қатарында өнер зерттеушілері Ә.Райымбергенов, Б.Аманов, П.Шегсбаев т.б. атауға болады.
Республика ғылымы саласында жас ұрпақты халық музыкасы арқылы тәрбиелеу мәселесі жан-жақты да, терең зерттеле бастады. Бұл орайда С.А.Ұзақбаева, М.Х.Балтабаев, Т.К.Қышқашбаев, Д.К.Дүйсенбаева және т.б.
Аталған еңбектердің әрқайсысы аспаптық музыка мәселесінің теориялық негіздемесін қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.
Сонымен оқушыларды аспаптық музыка негізінде оқытудың мәселесін қарастыра отырып, біріншіден жалпы аспаптық музыкаға деген қызығушылығын арттыру тәсіліне көңіл бөлінеді.
Педагогика ғылымының тарихымен мектептің қалыптасу кезеңдеріне тоқталар болсақ, белгілі педагогтар оқу тәжірибе ісінде қызығушылықпен оқытуға үлкен мән берді. Мысалы, Жан-Жак Руссо оқыту процесінде қызығушылыққа көп көңіл бөле отырып1, "оқушының кез-келген материалына қызығушылығы болса, оны тез әрі қарай меңгеріп кете алады", - деді. Я.А.Каменский еңбектерінде танымдық қызығушылықтың маңызын айқындайды, оқуға, білімге, қызығушылықты арттыруда оқу материалының тиімділігін атап көрсетті2. К.Д.Ушинский педагогтардың ой-пікірлерін қолдай келе "Ешбір қызығушылықсыз, тек мәжбүр ету арқылы жүргізілген оқу қажетсіз, ол оқушы бойындағы білімге деген құштарлығын жойып жібереді"3, - деп жазды.
Айталық XVII ғасырда француз сенсуалистері мен материалистері Гербарт, Кондильяк, Гельведций психология ғылымында, қызығушылықтың ұғымын пайдалана отырып, қызығу-педагогиканың ең негізгі ұғымы деген тұжырым жасады.
Белгілі психологтар С.А.Ананьин, М.Р.Беляев, Л.И.Божович, СЛ.Рубинштейн, В.Н.Мясинщев т.б. ғалымдар "қызығу" ұғымына өздерінің түрлі көзқарастарын білдіре отырып, "қызығушылық" — жеке адамның белгілі бір бағыттылығы деген ортақ пікірге келеді.
Педагог, музыкант Б.Асафьев "Музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қатынасын дамытудың ең негізгісі — оларды қызықтыра білу" - деді4. Ал Д.Кабеловский "Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату да оны ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызықпаған,онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды"3. Бұдан шығатын корытынды: балалардың музыкалық аспапқа қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткіземін деу бос әурешілік. Ал музыкалық аспапты ұнату, оған қызығу сезімдері арқылы балаларға музыкалық аспаптың нағыз көркем үлгілерін, шығу тарихын, әр аспаптардың ерекшеліктерін, ойнау тәсілдерін педагогикалық негізде түсіндіру қажет.
Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы педагогтарының да назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып білуде қызығушылықтың роліне үлкен мән берген. Әсіресе балаларды тәрбиелеуде олардың білімге қызығушылығын қалыптастырудың әдіс жолдарын қарастырған. Мысалы, Әл-Фараби "Философияны үйрену үшін қажетті шарттар" атты трактаттарында баланың ішкі сезімдеріне әсер ете отырып, мұғалімнің оқыту процесінде қызығушылықпен ынта тудыра білуі жөнінде пікір айтты: "Рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесінде шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ"6. Сонымен қатар Ибн-Синаның тәрбие беру туралы пікірі де өте құнды. Ол," егер бала - ұжымды тәрбиеленсе, онда ол жалықпайды, сабаққа ынтасы мен қызығушылығы пайда болып, басқалардан қалып қоймауға талпынады "7-дейді. Ғұлама Абай да өзінің 38-қара сөзінде адамның адамдығы -(тәрбиелілігі), ақылы мен ғылымы (алған білімі) туа біткен денсаулығына, психологиялық жан дүниесінің дұрыстығына тәуелді дегенді айта келе, оқуға баулудың мынадай педагогикалық жолын ұсынады: "Ғылым - білімді әуел бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлық яки алдау мен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болдырудың, қызықтырудың тәсілдерін меңзейді8. Балалардың өнер-білімге деген талабы олардың қызығушылығын оятып, тәрбиелеген жағдайда ғана жеміс бере алатындығына халқымыздың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин сол кезде жіті назар аударып,пікір білдірген.
Ы.Алтынсариннің көзқарастарында балаларды мектепке, сабаққа, кейіннен ғылымға өз бетімен қүштарландыратынын сабақ балаларға ана тілінде қарапайым, қызықты ұғындырылып, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланса, олардың білім алуға қызығушылығы арта түсетіні айтылады .
Қызығушылықтың өнер-біліммен сусындауда әрқашан жетекші мәнге ие екендігі жөнінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев еңбектерінде де назар аударады.
Қызығушылыққа қатысты осы ұғымдарды пайдалана келе, оқушылардың аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру, олардың бір іске белсене араласу дағдысын қалыптастырады.
Аспаптық музыкаға деген қызығушылық жалпы білім беретін мектептерде ән-күй пәні және сыныптан тыс жұмыстар барысында да мүғалімдердің мақсатты, жүйелі басшылығымен жүзеге асады. Бұл жерде, әлбетте, басты рольді жеке тұлғаның өзіндік қызығушылығы арқылы атқарады. Сөйтіп, жалпы аспаптық музыка өнеріне деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына негіз болады.
Ал өскелең ұрпаққа аспаптық музыканың тәрбиелік сипатын саралау орасан зор роль атқаратыны белгілі. Қазақстанда аспаптық музыканың дамуы халықтың көп ғасырлық тарихымен оның тұрмыс-салтымен, мәдениетімен тығыз ұштасқан. Мәселен бір ғана қазақ халқының ұлттық аспаптары халық бұқарасының рухани творчествосының бағалы нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар интернационалдық аспаптық музыканың тәрбиедегі қазіргі кезде әрбір халықтың мәдени және рухани мұрасына дұрыс көзқарасты қалыптастыру, оларды пайдалану жолдарын іздестіру ерекше мәнге ие болып отыр.
Жеткіншек ұрпаққа аспаптық музыка арқылы тәрбие беру мәселесі бойынша материалдар да бүгінгі мектептердің практикалық тәжірибесінде бар болғанына қарамастан, бұл проблеманың көптеген аспектілері Қазақстанда әлі де зерттелмегені құпия емес.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей аспаптық музыкаға окушылардың қызығушылығын қарастыра отырып оның эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық ерекшеліктеріне, шығу тарихына және сол аспаптарды қолдана отырып, ұлттық ойлау және болмысын қалыптастыруына негіз болып отыр.
Жалпы музыканың тәрбиелік сипаты жөнінде шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап ғалым Әл-Фараби "музыкалық әуендер жақсы мінез-құлық машықтарын, адамның қоғамдық мұраттарын қалыптастыруда елеулі роль атқарады және музыка мен ән адамды эстетикалық сезімдерді туғызу арқылы кісінің өзін-өзі тәрбиеленуіне, бойдағы нашар қасиеттен арылуына ықпал етеді"11 деп жазды. Аспапты музыкадан ерекше дыбыстарды есту арқылы белгілі бір әуен шығары сөзсіз. Оқушыларға аспапты музыканың ерекшелігін, әуеннің саздылығын, әсемділігін, екпінін,ырғақ мәнерін, бояуын түсініп, өз тарапынан қиялдау мен шығармашылық қабілетін көрсете білген жағдайда ғана аспап туралы сөз қозғауға болады.
Аспапты музыка өзіндік ерекшеліктерін бейнелей келе, белгілі композитор, академик А.К.Жұбанов: "Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойы даналық тұнып"12, - деген еді.
Ал үрмелі және ұрып ойналатын аспаптар туралы, қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеуші Б.Сарыбаев "... бұл аспаптарды дабыл қағу үшін жорықтарға алып шығатын болған. Мұндай аспаптарға тән қасиеттерін қарастырар болсақ, үрып ойналатьш аспаптардың көлемі үлкен, даусы зор. Халық тұрмысында, сонау бағзы заманнан бері, қоңырау көлемі әр түрлі сақиналар және басқа металл заттар қолданылған. Қазақ бақсылары да өздері ем жасаған кезеңдерінде жынын алдырғандай болып ақыра-бақыра отырып, қоңыраулар мен сақина-шығыршықтарды қоса даңғырлатып, күңгірлететін болған. Оларды көбінесе музыкалық аспаптар даңғыраға, асатаяқ пен қылқобызға тағып алады екен"13.
Жоғарыда айтылған аспаптардан басқа, кейбір музыкалық аспаптар дәріптеліп жырға қосылып отырған. Оқушыларға музыкалық аспаптардың өзіндік қасиеті мен тәрбиелік сипатын ашып түсіндіру музыка сабағында аспаптарды қолдану арқылы іске асыруға болады. Осындай көне аспаптарды жинау ісінің таза танымдық тұғырымен бірге практикалық маңызы зор. Музыкалық аспаптардың шығу тарихы, оның өзіне тон ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен баяндалған. Қ.Мендіаяқова, Г.Қарамолдаева ''Мектепте музыка тәрбиесін беру
Үрмелі аспаптар - сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік тастауық, керней;
Ішекті аспаптар — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;
Тілішікті аспап — шаңқобыз;
Ұрып ойналатын музыкалық аспаптар — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз,шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау т.б.
Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама бере отырып, оқушыларды осы аспаптар туралы жазылған аңыз-әңгімелерді мысал ету арқылы, қызықтыра тәрбиелеуімізге болады.
Халық арасында көп тараған қазақтың ежелден келе жатқан сүйікті музыка аспабы — домбыра. Домбыраның мүмкіншілігі жөнінде Б.Сарыбаев былай дейді: "егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі—аңызды сүйемелдеу үшін ғана қолданса, енді домбыра жеке шығармалар орындауға арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылды. Бармағынан бал тамған майталман домбырашылар, халық композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Казанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан екен. Бұлар небір ғажайып күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері"15.
Қобыз — халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне аспаптарының бірі. Казақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы - қылқобыз. Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады. Бұл аспап ата-бабаларымыздың әрідегі үніндей. Ол екі заманның сырын шертеді, алыс заман оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды. Қобыздың тарихы мен әдеби көне ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты. Қорқыт халық ұғымында ел басына түскен ауыртпашылықты күні бұрын болжай білетін сәуегей, оның тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген замана шындығын қыл ішекті қобызда сөйлеткен асқан музыкант, халықтың басынан кешірген не түрлі тарихи кезеңін өлеңмен баяндаған жырау. Қобыздың аңыз күйлерімен оқушыларға түсінікті әрі қызықтыра білім беріп, олардың тыңдап, ести білу қабілеттерін жандандыру негізі көзделеді.
Қазақ халқының үрлеп ойнайтын музыкалық аспаптарының бірі-сыбызғы....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқытудың әдіс-тәсілдері
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ балабақшаларындағы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру
Іздеп көріңіз: