Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері
Мазмұны
КІРІСПЕ .......................................................................................................... 3-4І ТАРАУ. БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.. 5-17
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы ......... 5-17
1.2 Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы................................................................................................. 18-25
ІІ ТАРАУ. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..................................................................................... 26-33
2.1 2-сынып Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану жолдары………………...………………................................... 26-33
2.2 Озат мұғалімдер тәжірибесі……………………………….............. 34-43
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............... 44-45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………..……........... 46
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі экономикалық жағдайдың күрделілігіне қарамастан жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге көтеру, оларды жалпы орта білім алуға түгел қамтуға басты назар аудару жолында жасалынып жатқан батыл қадамдар болашағымыздың жарқын, ұрпағымыздың білімді азамат болуының алғы шарты.
Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халыққа білім беру саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда ел Конститутциясынан бастау алған “Білім туралы Заң, Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің Мемлекеттік стандарты сияқты құжаттар.
Бұл мемлекеттік құжаттарда ұлттық мектептерде ана тілін оқыту ісін жаңа талаптарға сай жетілдіру, оқушылардың ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізу дағдыларын жаңа сатыға көтеру, оқыту барысында ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігіне баса назар аударыла бастады.
Қазіргі мектептердегі жұмыстың негізгі мазмұны құрылып жатқан қоғамның жоғары құндылығы адам деп танылып, заң жүзінде солай жарияланып, барлық педагогикалық құралдар мен халықтық педгогиканың мұраларын жеке адам тәрбиесіне пайдалануға зор мән берілген.
Оқыту процесінде халық педагогикасының құрамды бір бөлігі-ұлт ойындарын пайдаланудың маңызы жөнінде жазылған еңбектерде аз емес. Олардың қатарында Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Қ.Қалиевтың, С.А.Ұзақбаеваның, Р.Қ.Төлеубекованың, Е.Сағындықовтың зерттеу жұмыстарын жатқызуға болады. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық ойын элементтерін бастауыш оқыту процесінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеу мақсаты ретінде қойылмағандығы белгілі.
Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқыту жүйесінде мынадай қайшылық бар екендігі байқалады:
- бастауыш оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ұлттық сезімін ояту мақсатында ұлттық ойын элементтерін пайдалану қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда іске асырылмауы арасында.
Бұл қайшылықтың шешімін іздестіріп табу курстық жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы және оларды Ана тілі сабақтарында қолданудың жолдарын көрсету.
Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:
1. Ұлттық ойындардың зерттелу жайын сипаттау;
2. Бастауыш оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың дидактикалық маңызын көрсету;
3. Ұлттық ойын элементтерін Ана тілі сабақтарында пайдаланудың жолдарын көрсету;
4. Озат мұғалімдер тәжірибесін жинақтау және талдау;
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін пайдалану.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1- ТАРАУ. БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1 Педагогика тарихында ұлттық ойындардың зерттелу жайы.
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан солардың қай-қайсында адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі-ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жәй емес.
Қазақ халқы материялдық мұраларға мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі болып табылады. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау ғылыми жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары бастауына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Дәл осы жағдай қазақ ұлттық ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Қазіргі кешеніне (Төтенаев Б. Қазақтың ұлтттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991, 3-бет )келген Маркстік тарихи ғылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласының жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады.
Халқымыздың ұлы перзентінің бірі заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.О.Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан ой өнері бар. Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыруға ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған» – деп тегіннен айтпаса керек.
Ұлттық ойындар сол халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып дамығанына қазақ халқының ұлттық ойындары мен таныса отырып көзіміз әбден жетеді себебі қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып, оның көші-қоны тұрмыс жағдайларына байланысты болған.
Ұлт ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі де болған.
Алғашқы қауымдық кезеңнен біздерге жетіп, ойналып жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр алуан құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, қарагие тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар айналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э.Маккей “бұл ойындарының барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға ұқсайды” дейді. Сондай – ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген “Қызбөрі” ойыны да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезімен яғни таптық қатнастан бірге туғандығы жайлы ескертеді. Мәселен, тарихи уақиға Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалардың кезіндегі негізгі кәсібі болған аңшылық келе – келе жекелеген тайпа мүшелерінің қоғамдағы орны мен рөлін анықтады. Осыдан барып тайпалардың аңға шығардағы жасаған жатығулары кезінде «Қарагие» ойынын туғызды.
Қазақ балаларында ойыншық болған жоқ десек те болады, тек қана балалардың өздері жасалған зырындауын, қуыршақ пен балшықтан істеген ат, түйе, қой, ит т.б. жануарлар бейнесі ғана болды. Бұл ойыншықтар сыртқы әсемдік жағынан балаларды онша қызықтыра қоймады, сонда да, антропологиялық көзбен қарайтын болса, осы ұсыныс ойыншықтар балаларды еңбекке баулып, өздері жасағандықтан құнды болды. Мәселен “Қой бағу” ойынында балалар құмалақты пайдаланады. Түйенің кепкен құмалағынан “қой” қой құмалағынан “ қозы” жайып қораға қашап, “қоздатып”, “көшіп-қонып” күнделікті халық өміріндегі болып жатқан оқиғалар мен байланыстырады. Балалардың ойындары сол күндегі қоғам өміріне негізделіп, күнделікті тіршіліктің қалыптасқандығын аңғартады.
Барлық білім тәжрибеден, түсініктен аңғарудан туады. Олдай болса, бала өзін қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды.
Қазақ халқы – ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ерте, де ауызекі туып, жалпақ жұртқа ауызекі таратып отырған. Сондықан көпшілігі бүгінігі күнге жетпей ұмыт болып кеткен.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. Қазақтың ұлт ойындары туралы алғаш пікір айтушылар мен оның жеке нұсқаларын жинаушыладың қай – қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтегендіктерін сөз етеді.
ХІІІ ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғоляға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материялынан “Монғолия тарихы” атты еңбегін жазды. Мұнда ол Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірі мен әдет-ғұрыптары, демалыс уақытын өткізгендегі ойын – сауықтары жайлы, жауынгерлік ерліктері туралы айтылады.
Италия саяхатшысы Марко Поло өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын сауықтарын көріп, көптеген ұлт шығу тарихына, қалыптасу дәуіріне де болжам айтқан.
Қазақтың ұлттық ойындары жайындағы деректер Қазақстан жерінде болмаған кейбір шетел ғалымдарының зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен: Австрия дипломаты С.Герберштейннің 1516 – 1517 және 1526 – 1527 жылдары Москвада болып, Қазақтарды білетін орыстардың ауызша айтуынан жазып алғандары 1549 жылы латын тілінде “Записко о Московских делах” деген атпен жарық көрді. Бұл еңбегінде қазақ жері, халқының әдет – ғұрпы, орыс халқымен қарым – қатынасы, ойын – сауықтары жайында жазған. Сондай ақ италия ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың белгілі елшісі Дмитрий Геросимов пен кездесіп, соның айтуымен «Книга о Московском посольстве» атты еңбегін жарыққа шығарады. П.И.Новокамский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқы мен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын сауықтары жайында жазған. Мұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Германиядағы Лейден университетенің архивінде де сақталған.
XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С.Паллос болды. Ол 1767 жылы Батыс Сібірі мен Орал бойына жасаған экспедицияны басқарып, осы сапарында жиналған материалдардан 1773 жылы “Путешествие по разным провинциям Россиской империй” атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің “Известия о киргизах” атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған, халықтың ойын сауықтарының қалай өтетендігі, демалыс уақытын қалай өткізетіндегі, аңшылық өнері қарастырылып мысалдар келтірілген.
Қазақ халқының қонақ жайлылығы мен ойын-сауықтары тіпті сонау Марко Поллодан бастап, 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған Шығысты зерттеуші ғалым, Венгр Арминий Вамбери мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында маңғышлақта болған неміс этнографы Рихтер Кортуцқа дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған. Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны Европа елдеріне таратуға ат салысқандар–поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залеский болды. А.Янушкевич “Дневники и письмо из путешествия по казакским степям” атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп, қонған күнін “бұл күн бұлар үшін бақыт күні, қуаныш күні” дей келіп, сол күнгі ойын сауықта, әсіресе “Қыз қуу” ойынының көз тартарлық қызығын сипаттайды. Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын „Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын, айтыс үстінде олимпиадаға күрескерлердей бірімен-бірі айқаса түседі. Не деген талант, не деген жыр. Менің жанымды тебірентіп, жүрегімнен орын алуда”,- деп табиғи дарын құдіретіне бас ие суреттей келіп, „мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құрметті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр”,- дейді.
Г.В.Плеханов “Письмо без адреса” атты еңбегінде “ойын еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана өлшенеді”,- дей келіп материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бірінші кезекте тұрғанымен адам өмірінде ойын да қажетті екендігін дәлелдеді. Мұндай пікірді орыс ғалымы, дәрігері, педагог К.А.Пакровский қостаған. Ол “ойын-күнделікті бала еңбегі болашақ өмірдің бастамасы ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеттілігі байқалады”,- дей келіп “Физическое воспитание детей и разных народов преимушественно Россий” атты еңбегінде Азия халықтарының оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене шынықтыруының халық тәрбиесіндегі алатын орнын зерттеп, өзінше баға берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамуын, қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған.
ХІХ ғасырда халқымыздың әдет-ғұрпын, ойын-сауықарын, ұлт ойындарын зерттеуде қазақтар арасынан да бірлі-жарым адамдар шыққан. Солардың бірі-Ешмұхаммед Букин болды. Ол дене тәрбиесінің тұңғыш ұстазы Е.Букин “физическое и умственное воспитание у киргиз” атты еңбегінде жергілікті мамандар арасынан бірінші болып “гимнастика” деген терминге ғылыми түсініктеме берді. Демек адам баласы үшін ғана емес, ересектер үшін де қандай роль атқаратындығын баяндайды. Жергілікті мамандар ішінде ұлт ойындарын жинастырып, қағаз бетіне түсірушілер барған сайын көбейе береді.
Қазақтың ұлттық және спорттық ойындарының өзіндік тарихи, дамуы, қалыптасу кезеңдері бар. Қазіргі кейбір тарихи деректерге қарағанда бізге жеткен ұлт ойындарының біразы сонау көне заманнан басталады. “Бес тас”, “асық”, “садақ ату”, “қарагие” сияқты ұлт ойындары шамамен алғанда осыдан 5000 жылдар бұрын ойнағалдығы жайында айта келіп, ағылшын ғалымы Э.Маккей бұл ойындардың барлығы дерлік Азия елдерінде тайпалы одақтардың арасында тарағанға ұқсайды,-дейді.
Ұлт ойындары қоғамның өзгеруі, әлеуметтік экономикалық жағдай негізінде толығып, тұрмысқа сіңіп өзгерісе ұшырап отырады. Мәселен, Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан “аң аулау”, “таяқ жүгірту”, “садақ ату”, “қақпа тас”, “қарагие” ойындары келесі дәуірде қайталау-толығу процесінде “аң-аулау”,“бүркіт салу” немесе “құс салу”,“садақ ату”, “жамбы ату”, “қақпа тас”, “бес тас”, “қарагие”, “найза лақтыру” болып аттары өзгеріп мазмұндары сақталып қалды. Басқасын айтқанда күні бүгінгі бәрімізге әйгілі “Ақ сүйек” ойынының бірнеше аттары бар екендігі анықталды. Мәселен, әйгілі ғалым, этнограф Э.Диваевтың еңбегінде “орда”, орыс дәрігері Е.Покровскийдің еңбегінде “тоқтымақ”, делінсе А.Алектровтың еңбегінде “Ақ сүйек”деп аталған.
Ұлт ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға дейінгі VII-VІ ғасырлардағы қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың құралу дәуіріне тура келеді, себебі: ойындардың қай-қайсысы болмасын, қай кезеңде дамымасын, олар тек өнлдірістік қатарға негізделген. Өз кезіндегі өндіріс құралына пайдалануға жарамды тас, ағаш, сүйек, т.б. табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт ойындарына да қолданылды. Мәселен күні бүгінге дейін мәнін жоймаған “асық” ойындарына кез-келген сүйек емес, малдың асықтарын алған. “Бес тас” ойынына кез-келген тастар емес ұстағанда қолға сиятындай, домалақ тастар, “қарагие” ойнына қолға түскен ағаш емес, тек қайың мен ырғайдың бірі, тіпті табылмағанда талды пайдаланған. Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын-сауықтың жағынан ғана маңызды емес, ол-спорт, ол-өнер, ол-шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Үлкен мерекелердің қай-қайсысы болсын халықтың “көк бөрі” сияқты спорттық ойындары мен жалғастырылып отырады. Бұл ойындар ерте замандағы төтемдік түсініктерден бері қуалап келген болатын, қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірі мен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды жазушы, С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген тарихи және этнографиялық кітабында былай деп жазды: “Жүн сабайтындар көбінесе жастар болады. Олар жүн сабайтын үйге жиналады да, сабалатын жүнді киіз үйдің ортасына төсеген тулаққа үйеді де, айнала отыра қалып, екі қолына алған сабаумен ұра бастайды. Әдетте жастар бұған ойын-сауық үшін де жиналған. Себебі: жүн сабақ үстінде жастар жарыса қимылдап, оны ойын-күлкіге, әзіл-ысқаққа айналдырып әкеткен. Сабауды ұстай, ұра білмегендер көршілеріне күлкі болады, әрі алақандарын ойып алады”,- дейді.
ХІV ғасырдың екінші жартысында және XV ғасырдың бас кезінде қазақ халқының күнделікті тұрмысы мен этнографиялық ерекшеліктерін зерттеуде екі ағымның пайда болғаны белгілі. Оның бірі-реакцияшыл-монархиялық ағым, екіншісі-прогрессивтік ағым. Реаксияшыл монархиялық ағым үстем тап өкілдерінің саяси әлеуметтік құрылыс ерекшеліктерін “ғылымсымақ” негізде зерттеу мен болды. Олар: Тронов, Мейер, Кроссовский, тағы басқалар еді. Прогрессивтік ағымда ғылыми демократиялық бағытта көпшілік қауымның этнографиялық ерекшеліктерін зерттеген ғалым, этногрфтар В.Радлов, Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин т.б. болды. Осы ғалымдардың ішінде қазақ халқының өмірін жан-жақты терең зерттегендердің бірі- Э.А.Диваев. Ұлты башқұрт, ол орыс, қазақ, араб Орта Азия халықтарының тілдерін жақсы білген. Орынбордағы Некиюев кадет корпусының Азия бөлімін бітіргеннен кейін, Ташкенттегі Сырдария соғыс губернаторына кіші чиновник болып тағайындалған. Содан өмірінің 55 жылын қазақ халқының арасында өткізген ғалым.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелерінің бірі халықтың ұлт ойындарының бала тәрбиелеудегі маңызына Ә.Диваев ерекше мән беріп зерттеген. Ә.Диваев бірінші рет ғылыми прогрестік идеяда қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне қарай,
“Бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он беске дейін бозбала, он алтыдан жиырма беске дейін жігіт”деп төрт топқа бөледі. Бірінші топтағы нәрестені тәрбиелеудегі “Бесік жыры”, “Саусақ санау”, “Тұсау кесу” жырларын жатқызады.
Ә.А.Диваев екінші топқа сәбидің дүниеге көзқарасын қалыптастыратын әр түрлі ойыншықтар мен құмалақ ойындарын жатқызады. Қазақ балаларында ойыншықтар болған жоқ десекте болады, тек қана балалардың...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Математика | Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта математиканы оқыту процесінде компьютерді пайдалану
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Математика | Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс
» Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Іздеп көріңіз: