Курстық жұмыс: Педагогика | БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
Мазмұны
КІРІСПЕ………………………………………………………........2I Тарау БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС СӨЗДЕРІН МЕҢГЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Жанұя тәрбиесі............................................................4
1.2 Туыстық қатынас сөздерді меңгерудің әдіс-
тәсілдері.............................................................................12
II Тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Шағын комплектілі мектепте туыстық қатынас сөздерін меңгерудің кейбір жолдары..............................22
2.2 Туыстық қатынас сөздердің бала дамуына жасайтын ықпалы...............................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………...........30
ҚОСЫМШАЛАР .........................................................................32
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Ата-бабамыздың дәстүрлі халық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, болашақ азаматты жан-жақты жетілген, ізгілікті, мейірімді етіп тәрбиелеуде туыстық қарым-қатынасты жетік білдірудің айрықша маңызы зор.
Халқымыздың отбасына үлкен міндет жүктейтін өнегелі дәстүрдің бірі - жеті атасын білу. Әкесі баласына өз ата-бабаларының жеті буынының аты-жөнін, атқарған істерін түсіндіруі міндетті. «Жеті атасын білмеген - жетімдіктің салдары» немесе «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал-мәтелдердің түпкі ойы тереңде жатқанын әрбір әке-шеше үғынуы тиіс. Ол үшін ата-аналардың осы дәстүрге мән беруіне назар аударту тәрбиешінің, бастауыш мектеп мұғалімінің ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бала өткеннің қадір-қасиетін неғүрлым көп білсе, бүгінгі күнге соғұрлым ойлы көзбен қарайды. Өткендегі мен бүгінгіні салыстырады. «Тектей білген екшей біледі» демекші ертеде өткен ата-бабалар қасиеттерін жақсы білген бала бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терістен түңіледі, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре алады (1).
Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау сияқты адамгершілік қасиеттер негізінен отбасы, бала-бақша мен бастауыш мектепте қалыптасады .Отбасы тәрбиесі дегенде әке-шеше, ата-әже, аға-жеңге, іні-сіңлі, жезде-әпке, нағашы-жиен т.б туыстық қарым-қатынастар, олардың сыйластығы мен түсініктілігі жайлы сөз болуға тиіс. Жасы үлкен адамға ізет, құрмет көрсету - олардың аттарын атамай ата, аға, апай деген сияқты атауларды үйрету адамгершіліктің, имандылықтың белгісі.
Қазіргі таңда бала тәрбиесінде, яғни бастауыш сынып оқушыларына туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді меңгертудің әр түрлі әдіс-тәсілдері қолданылып жұр. Халқымыздың отбасына үлкен міндет жүктейтін өнегелі дәстүрдің бірі - жеті атасын білу. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақал мәтелдің түпкі ойы тереңде жатқанын ірбір әке-шеше ұғына отырып, бала тәрбиесінде оны тиімді қолдануы қажет.
Зерттеудің мақсаты: - Қазақ халқының өсіп-өну дәрежесі, тарихы мен мәдениеті осы туыстық қатынастарға тікелей байланысты. Сондықтан бастауыш мектеп балаларына мектепке барған алғашқы күннен бастап, туыстық атауларды меңгерту;
- туыстық қатынасты білдіретін сөздердің мән-мағынасын тарихи тұрғыдан түсіндірудің психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін үйрету.
Зерттеудің міндеті: -Бастауыш сынып оқушыларына туыстық қатынас сөздерін меңгерту;
- Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылармен жан-жақты ой-пікірлерді талдап, көрсетіп беру.
Практикалық қолданылымы: Зерттеу материялдарын бастауыш кластардағы оқу пәндерін оқыту үрдісіне кеңінен пайдалануға, сондай-ақ бастауыш буын мұғалімдерінің білімін жетілдіру және қайта даярлау курстарында пайдалануға болады. Жоғарға оқу орындарында лекциялар жазғанда, практикалық және лабороториялық сабақтар өткізгенде, ғылыми жұмыстар жазғанда толық пайдалануға болады.
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС СӨЗДЕРІН МЕҢГЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Жанұя тәрбиесі
Халқымыздың тәрбие көзі ретіндегі шоқтығы биік дәстүрі
үлкенді сыйлау, құрметтеу. Бұл дәстүрдің негізі балабақша мен бастауышта қалыптасады. Үлкенді сыйлау, құрметтеу адамгершілік белгісі болып табылады. Сондықтан да халқымыз бүл дәстүрді бала бойына сіңіруді бесік тәрбиесініен бастаған. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүрлер - бой арқылы қалыптасады. Жанұя тәрбиесі дегенде әке-шеше, ата-әже, аға-бауыр, іні-сіңлі, т.б туыстық қарым-қатынастарды, олардың өзара сыйластығын жатқызамыз. Жасы үлкен адамға құрмет, ізет көрсету -олардың аттарын атамай ата, аға, апай, сияқты атауларды үйретуіміз керек.
Халқымыздың өсіп-өну дәрежесі, тарихы мен мәдениеті осы туыстық қатынастарға тікелей байланысты. Міне сондықтан бастауыш мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап балаларға туыстық атауларды меңгертудің, оның мән-мағынасын тарихи тұрғыдан түсіндірудің психологиялық та, педагогикалық та маңызы ерекше.
Осы мақсатта балаларға:
1. Жеті атаңа дейін атап, олардың игі дәстүрлерін айт.
2. Туыстық атауларға байланысты мақал-мәтелдер айт.
3.Бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат деген атаулардың мәні қандай?
4. «Менің әжем» немесе «Менің атам», «Менің жездем» т.б. туыстық атауларға байланысты шығарма жазыңдар деген сияқты тапсырмалар беріп, жұмысты жан-жақты жүргізу - бүгінгі егемен еліміздің үлкен де басты талабы.
Осыған байланысты мына бір аңыз-әңгімені мысалға келтіре кетейік:
Баяғыда бір әйелдің ері, бірге туған жалғыз бауыры және көзінің аға мен қарасына балап, түн үйқысын төрт бөліп, әлпештеп, мәпелеп өсірген жалғанда көрген жалқы ұлы бір ауыр қылмыс жасап қаьарына мінген хан үшеуін де табан астында дарға тартуға әмір беріпті,- дейді. Төбесінен жай түскендей әйел байғүс: «Бәрінен бір-ақ күнде айырылатындай менің жазығым не, енді мен кіммен қалам, қайтіп өмір сүріп, күн көремін»,- деп қара киініп, қара шашын жайып, «аһ» ұрып зарлап барып ханның аяғын құшыпты. Хан жазықсыз әйелді аяп, рахымы түсіп, жұрт алдында: «Олай болса, сен үшін біреуінің кінәсін кештім»,-депті. Әйел жендеттерді қақ жара нық басып, жалтақтаған ері мен баласына жүзін де бұрмастан, дар түбінен бауырын жетектеп шығыпты. Не күйеуін не баласын құтқарар деп отырған хан әйелдің мына қалауына таңырқап:
- Неліктен сен ажалдың аузынан өмірдің ыстық-суығын бірге көрген, құдай қосқан некелі қосағың - күйеуіңді немесе бауыр етің балаңды құтқармай, от басы, қазаны, тірлігі бөлек бауырыңды құтқардың, мәнісін айт? -депті.
Сонда әйел:
- Алдияр тақсыр, рас адамға өмірде қосағынан жақын, баласынан қымбат ешкім жоқ. Дегенмен қу бауырдың жөні бір басқа. Құдайдың рахымы түссе, күйеу де, бала да болар. Ал, бір құрсақтан шығып, бір емшекті емген бауырды енді қайтып маған кім береді? - деген екен.
Әйелдің үлкен жүрегіне, даналығына риза болған хан райынан қайтып, үшеуінің де күнәсін кешіреді.
Баяғы заманнан бізге жеткен аңыз осылай дейді. Тар жерде сын сағатта ері мен баласын тәрік еткен апаның бауырына деген туысқандық сезімі бірге туғандардың бір-біріне елжіреген етене жақындығының айғағы. Адамға бірге туған аға мен апаның қадір-қасиеті осындай болғанда, өзінен кейінгі іні мен қарындастың жөні бір бөлек.
«Адамға өткен дәуір бәрі - сабақ» заманалар тәжірибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап сөзіндей аса қымбат болатыны да осыдан. Өнегелі дәстүрге тәрбиелеудің орны бөлек. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», әйтпесе, әкесінің көзі тірі бала ең кем дегенде жеті буынның өткен-кеткенін, өшпес жолын, елдікке қосқан ерлігін, озбырға көнбеген өрлігін, ата-бабасының артқыға қалдырған асыл өсиеттей - айтулы сөздерін, қай сайды қыстап, қай тауды жайлағанын білуі парыз.
Ізгілік есте сақталғыш. ¥рпақтан ұрпақ сол ізгілікті, елдік мерейін көтерген рухани өмірді көкпардай қағып алып, мерейін өзінен кейінгіге табыстап келген. Қазір бабасы түгіл атасының кім болғанын, не істегенін, ел жұртқа несімен беделді болғанын, қайда туып, қайда өскенін, қайда жерленгенін... ол ол ма, өз әкесінің еңбек жолын, алған сый-сыяпатын білмейтін жас өспірімдер де кездеседі. Бүл - кешіргісіз енжарлық, салғырттық. Бала өткеннің қадір-қасиетін неғүрлым көп білген сайын, бүгінге соғұрлым ойлы көзбен қарайды, өз тетелестерінің бұрынғыдан кем соқпауын тілейді, өткендегі мен бүгінгіні салыстырады (2).
Кейде ата-аналар әр түрлі сылтау айтып, баланы қатар құрбыларымен достасуға тыйым салатын кезі болады. Бұл арқылы олар баланы өз құрбыларымен бірге болып, бірге ойнау, қызық көру қуанышынан айырады, баланың оқшаулануына себепкер болады. Осылайша әрекет жасай отырып, қателік істейтіндерін ата-аналар білуі тиіс. Балалардың достығы олардың адамгершілік тәрбиесіне қандай қолайлы әсер ететіндігін түсіндіру керек.
Бала тәрбиесімен тек оның анасы ғана айналысатын отбасылар да кездеседі. Баланың әкесі де тыс тұрмай, бала тәрбиесі мен күнделікті айналысып отыруының зор маңызы бар. Жанұяда ересек балалардың анасына үйдегі кішкене балаларды күтуге көмектесуін үйымдастырудың маңызы да өте зор. Кейде мұндай көмек көрсетуге ер балалар «бұл қыздардың жұмысы» деп қарсылық білдіреді. Мұндай жөнсіз ұялшақтықты жеңу баланы өмірде іскер де білікті етіп тәрбиелеу ата-ананың міндеті. Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына отбасы өмірі, ата-ананың мінез құлығы да елеулі әсер етеді. Моральдық қасиеттері жоғары, ұрыс-жанжал болмайтын, бірін -бірі сыйлау рухы басым, бір-біріне сеніп, қамқорлық жасайтын тату отбасында, әдетте бала да кішіпейіл, қайырымды болып өседі. Ата-ана оқушылардың күн режимін ұйымдастырады және қадағалайды: үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді және балаларды дербестікке үйретеді. Оқушының оқу жұмысын, сабақтан бос кездегі үйдегі басқа да міндеттерін жоспарлау кезінде солардың бәрін де белгілі бір уақыт бөлу керек екенін ата -ана назарда ұстауы тиіс әрине, кейбір кезеңдерде ұлын немесе қызын күн режимшен тыс шаруаларға жұмсауға тура келетін жағдайлар да кездесіп қалады.
Кейде мынадай жағдай кездеседі, оқушы кітаптарын жайып тастап, сабақ оқуға енді ғана кіріскенде, оны магазинге жұмсайды, ұлы қызық кітап оқи бастап еді,- гүл суаруға жіберді, қызы отыра қалып, кесте тіге бастап еді, бауырын ойнатып келуге жіберді.
2-сынып балалары үшін әрбір отбасында әкеге байланысты: баба, кейуана, ата, әже, әке, аға, іні, қарындас; ал шешеге байланысты нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас деген туыстық ұйымдарды үйретуге болады.
«Әпке» деген сөз «Апа» деген түбірге «әке» деген сыйласым қосымшаның жалғануымен қалыптасқан. Әпке - екінші ана. Ол - әр анаға көмекші, әрі өзінен ұрпақты тәрбиелеуші. Әпке — біреуге туған жасы үлкен қыз.
«Ағасы бардың жағасы бар» дейді халық.
Аға - жасы үлкен біреуге туған бауыр.
Аға - әкеден кейінгі отбасының иесі.
Ол - әрі әкеге көмекші, әрі отбасындағы барлық тірлікті басқарушы, тәрбиеші, тәлімгер. Аға ініге, қарындасқа үлгі - өнеге көрсетіп, оларға қамқоршы болуға міндетті.
«Інісі бардың тынысы бар» деп,- халық інінің ағаға көмек көрсетіп, оған сүйеніш болатынын уағыздайды. «Аға - бордан, іні - зордан» деген мақал ағаның кешірімділігінің іні пайдалана бермей, іні одан да зор болып, яғни асып түсуге тиіс деген үғымды білдіреді. Іні ағаны ардақтап, ақылына тәнті болып, кеңесіп отыруға міндетті. Інісі мен қарындасы ағасын әкесін дей сыйлау керек.
Қазақта «Қарындасын сыйламағанның қарсы сынсын» деген қатаң мақал бар. ¥лттық дәстүр бойынша қыз баланы әсіресе, ең кіші қызды әлпештеп аялау- әрбір жақынның жандай міндеті.
Қыз баланы сыйлай білу, оның көңіліне қаяу салмау, бар жақсылықты әуелі қызға жасау - ұлттық дәстүрдің салтқа айналған үрдісі. Ал қарындас ағасына қызмет етуді, әпкесіне көмек көрсетуді өзінің негізгі міндетім деп, инабаттылық қарым -қатынаста болу керек, яғни «Бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе меймансың». «Бір-біріңді жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деп халық отбасындағы сыйласымды жоғары бағалайды.
Енді бір ерекшелеп айтатын туыс - бөле. Әр елге ұзатылған апалы сіңлілі қыздардың, өзара немере, шөбере, тіпті аталас елдің қыздарының, балалары бір-біріне бөле болып келеді. Бөлелер арасында олардың аналарының туыстық жақындығына байланысты аса бір жарасымды, сыйласымды қарым-қатынас болады. Оларды туысқандық жағынан байланыстыратын - нағашы жүрты....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
» Курстық жұмыс: Педагогика | БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
» Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Көмекші мектепте сөз құрамын оқыту
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымын қалыптастыру жолдары
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазір мектепте оқушы ұжымы
» Курстық жұмыс: Педагогика | Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайту
Іздеп көріңіз: