Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . 3І тарау. Педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық жүйенің құрылымы . . . . 6
1.2. Біртұтас педагогикалық процестің мәні . . . 14
1.3. Педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттары . 22
ІІ тарау. Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды жүзеге асыруы
2.1. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің
даярлығы . . . . . . . . .
2.2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшелігі. . . . . . . . 45
Қорытынды . . . . . . . . . 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . 54
Кіріспе
Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың басты міндеттері ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыруды ұсынды. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің рөлі зор. Мектептің басты міндеті – жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі және батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына байланысты. Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысын оқыту мен тәрбиелеуге ынта-ықылас білдіруі және атқара алуы оларға оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделілігі мен жауапкершілігі талап етіледі. Бұл мүмкіндіктер Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Е.И.Ильин, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин секілді жаңашыл-педагогтар ұсынған “педагогикадағы ынтымақтастықтың” негізгі идеялары мен принциптерінде тұжырымдалады.
Білім беру жүйесін одан ірі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және оның кәсіби дайындығының сапасын дамытумен байланысты. Мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретіндегі біртұтас педагогикалық процеске арналған ең бірінші еңбектердің бірі 1973 жылы шыққан. Осы уақыттан бастап педагогика ғылымының тарихында жаңа ғылыми бағыт айқындалды, ол мұғалімді кәсіби даярлаудың әдістемесі мен мазмұны, оның іс-әрекеті объектісінің ерекшеліктерін көрсететін - біртұтас педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңестік кезеңде А.Г.Калашников, Н.К.Крупская, В.Е.Гмурман, А.С.Выготский, А.П.Пинкевич, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. ғалымдардың қосқан үлесінің мәні зор.
Қандай да болмасын мамандық, кәсіби іс-әрекеттің объектісінің ерекшеліктеріне байланысты, адамға белгілі бір талаптар қояды. Мұғалім іс-әрекетінің объектісі – педагогикалық процесс болып табылады.
Мұғалім мектептегі әр түрлі оқиғаларға қатынасып көптеген адамдармен қалайда әрекетке түседі, әр түрлі педагогикалық оқиғалар мен құбылыстарға кездеседі. Мұндай құбылмалы оқиғалар мен жұмыстардың негізінде не себеп жатқанын және соған байланысты шешім қабылдау керектігін, басты назар аудару керектігін немесе ең басты жағдайда мұғалімнің өзі араласуы керектігін немесе оқушылардың белсенділігіне бөгет болмай қажетті жағдайларда олардың белсенді іс-әрекеттерін қамтамасыз етуге болады деген мәселелер тудыру.
Қзіргі кезеңде мұғалімнің кәсіби шеберлігі оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде ұйымдастыра алуынан көрінеді. Мұғалімге қажетті білімдер жүйесін меңгерту негізінде педагогикалық процесті нақтылы жағдайда ұйымдастыра алатын және алдын-ала жоспарланған нәтижеге жетуін қамтамасыз ету.
Дегенмен мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасы, оқушылардың үлгермеушілігі мұғалімнің де даярлығына байланысты болып табылады. Осы себептен мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудағы қайшылықтарды (үлгермеушілікті жою, білім сапасын арттыру, т.б.) жоюдағы мұғалімнің даярлығын жетілдіру қажет. Жоғары оқу орындарында мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыруға толықтай даярлықты қамтамасыз ету және нақты педагогикалық процесті бассарудағы, ұйымдастырудағы кемшіліктер арасындағы қайшылық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын “Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық процесті ұйымдастырудағы іс-әрекетінің ерекшеліктері” деп таңдауға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: педагогикалық процесті ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлін анықтау және оқу-тәрбие процесін басқаруды жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу.
Зерттеу объектісі: біртұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: педагогикалық процестегі бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастырушылық іс-әрекеті.
Зерттеу міндеттері:
1. Педагогикалық жүйенің құрылымдарын, біліктерін айқындау
және педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориялық негіздерін зерделеу.
2. Біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттарын анықтау.
3. Педагогикалық процесті ұйымдастырудағы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік іс-әрекетіне қажетті құралдарын, қабілеттерін, сапаларын айқындау.
4. Бастауыш мектеп мұғалімі даярлығының құраушыларын анықтау.
Зерттеу әдістері: педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау, педагогикалық процесті бақылау, талдау, әңгіме, мұғалімдердің құжаттарымен танысу.
ІІ тарау. Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды жүзеге асыруы
2.1. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің даярлығы
Кезінде К.Д.Ушинский тәжірибенің жинақталуының нашар болуына көңіл аударып, әрбір жаңа мұғалімді даярлаудағы процеске қатысты мұғалім өзінің шәкіртін қалай оқытса, олар жас ұрпақты солай оқытады деп есептеді.
Мектепте педагогикалық процестегі мұғалімнің ұйымдастыру-шылық іс-әрекетінің қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын білу мақсатында, біз зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай сауалдар қойдық:
1. Сабақ беру барысында қандай оқыту технологияларын қолданасыз?
2. Оқу жылында жоғары нәтижеге жеткен оқушыларыңыздың санын көрсетсеңіз.
3. Оқытатын сыныптағы оқушыларыңыздың сабақ үлгерімі мен білім деңгейін мазмұндасаңыз.
4. Қиын (білім деңгейі төмен) балалармсен атқаратын жұмысыңыздың негізгі түрі.
5. Тәртібі нашар, оқымай келетін оқушымен жасайтын жұмысыңыздың түрі (педагогикалық ситуация).
6. Мұғалімге қажетті деп тапқан қабілеттерді атасаңыз.
7. Мұғалімге қажетті сапалардың негізгілері.
Сауалнамамызды тұрғылықты жердегі мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінен алдық, оның нәтижесі мынадай болды: сұралған 100% мұғалімнің 30% сұрақтарға жауап беруден бас тартты, 50% тәжірибесіндегі шеберлігі жөнінде түсінік берді, 20% бастауыш сынып мұғалімдері, олар толық болмаса да жауап берді. Бұл жерде мұғалімдердің жоғары білімі, мамандығына сай білімдері бар, ұзақ уақыт өтілі бар мұғалімдер толық жауап берді және де “Жоғары оқу орнының жастарды білімдендіру процесіне сіз қандай өзгерістер енгізер едіңіз?” деген сұраққа: “Көбірек теориялық емес, пракатикалық тұрғыда оқытылса”- деген жауап алынды. Ал, жауаптан бас тартқандар тәжірибесі жоқ және жас мамандар болып табылды. “Тәртібі нашар, оқымай келетін оқушымен жасайтын жұмысыңыздың түрі (педагогикалық ситуация)” деген сұраққа: “Сабақтан кейін алып қалып, қосымша сабақ өтемін, жеке жұмыс ұйымдастырамын немесе мадақтаймын.” - деп жауап жазды. Ілуде-біреулері ғана “не себептен оқымайды, неліктен тәртібі нашар екенін анықтаймын, психологиялық көмек беремін” деп жауап береді. “Мұғалімге қажет деп тапқан қабілеттерді атаңыз” деген сұраққа кәбісі “ұйымдастырушылық, коммуникативтік, танымдық, дидактикалық” деп жауап берді. “Қиын, білім деңгейі төмен балалармен атқаратын жұмысыңыздың негізгі түрлері” - деген сұраққа “Ештеңе жасамаймын, қосымша сабаққа шақырамын немесе қабілетсіз балаға сабақ қонбайды” - деген жауаптар айтқандар болды.
Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда /Ф.Н.Гоноболин, В.Н.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б./ педагогикалық қабілеттің бірнешеуін келтірген.
1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалдарын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих т.б., бастауыш сыныпта барлық пән бойынша) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын (ренішін, сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б.) бірден байқайды.
4. Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікте етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беру, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру. Мұғалім өз жұмысын ұйымдастыра білу.
6. Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналықпен, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап, педагогикалық тапқырлық таныту.
8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге, баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
Педагогикалық шеберліктің негізгі элементі – педагогикалық қызмет қабілеттері болып табылады. Олар педагогикалық қызметтің табысты болуына көмектесетін психикалық процестің өту ерекшелігін көрсетеді. Педагогикалық қабілеттер анализі бірнеше зерттеулерде көрсетілген.
Бізге мұғалім өз ісінің шебері ретінде түзілмейтін жетекші қабілеттерді алып қою маңызды болады. Егер барлық жүргізушіні біріктіретін атқарушы қабілеттер туралы айтар болсақ, онда Н.В.Кузьминнің нақтырақ анықтағанын көреміз: бұл қалыптасып келе жатқан тұлғаға, өсіп келе жатқан адамға, объектке деген сезімталдық болып табылады. Аталған авторлардың зерттеулеріне сүйеніп, педагогикалық қызметке тұлғаның келесі алты жетекші қабілеттерін бөліп көрсетуге болады:
• жақсылық ойлау, қарым-қатынас жасағыштық;
• перцептивті қабілеттер - кәсіби көрегендік, эмпатия, педагогикалық интуиция;
• тұлға динамизмі - логикалық сендіру мен валеологиялық әсерге қабілеттілік;
• әсерлену тұрақтылығы - өз-өзін ұстау қабілеттілігі;
• оптимистік болжамдау;
• креативтілік – шығармашылыққа қабілеттілік.
Педагогикалық қызметтегі қабілеттілікті кәсіби оқытудың қаншалықты тез жүріп жатқанынан, педагогтің қаншалықты педагогикалық қызметтегі әдіс-тәсілдерді терең және берік игергенінен анықтауға болады.
Шамасы, өз қабілеттерін тексеруді қатынас жолдан, яғни қарым-қатынас қабілеттерінен бастау керек. Мұндай қабілетті кез келген адам игереді, бірақ ол әртүрлі болып қолданылады. Мұғалімнің қатынас жолының төменгі деңгейі кәсіби қызмет ортасын бұзады, оқушылармен қарым-қатынаста кедергі тудыруы мүмкін.
Педагогикалық мәселені шешудің барлық фазасынан өткеннен кейін әдіс-тәсілдер жүйесі шығады. Әдісті таңдауда педагог-шеберлер қаламайтын ситуациялардың өзінде де туындау себептерін іздеу өте маңызды, өйткені олардың әрбір шешімі өз қызметін үндестіруге, өзін-өзі тәрбиелеуге жасалған қадам болып табылады.
Қоғамымыз қазіргі таңда төмендегідей мұғалім моделін белгілеп отыр. Мұғалім моделі (мектеп мұғалімі үшін):
• ізденімпаз ғалым;
• нәзік психолог;
• жан-жақты шебер;
• тынымсыз еңбеккер;
• сұлулықпен сусындаған эстет;
• терең қазыналы білімпаз;
• кез-келген ортаның ұйытқысы;
• рухани бай гуманист;
• адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы;
• идеал адамның мүсіншісі.
Мұғалім мамандығы – педагогтік іскерлік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет-сапаларын айқындайды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси-қоғамдық азаматтық белсенділігі, адамгершілік-гуманистік бағыттылығы.
Әдебиеттердегі педагогикалық басқару бағытындағы барлық мәселелер анықтала, нақтылы бір басқару объектілері – балаларға, білім беретін мекемелер мен мектептерді басқаруға, мектеп ішіндегі басқаруға, мектеп директоры мен оқу істерін, меңгерушінің басқару іс-әрекеттері, танымдық іс-әрекеттерді басқару, тәрбие, педагогикалық процесті басқару, педагогикалық еңбек пен оқушылардың оқу еңбегін ғылыми ұйымдастыру, оқу жұмысын ұйымдастыру, жеке тұлғаны қалыптастыру төңіректерінде шоғырланған.
Бұл бағыт мектептану деп аталды және негізінде өзінің мазмұны жағынан аз ғана өзгеріске ұшырады, оның ең басты объектісі ретінде Н.И.Соцердотов пен Н.В.Черпинский ”Әкімшілік пен халыққа білім беру мекемелерінің ұстаздар мен оқушылардың жұмыстарына тікелей және қосымша әсер ету процесі” деп анықтайды.
Оқу жұмысын басқаруды әкімшілік ұстаздар жағынан басқару ретінде А.А.Орлов қарастырады, ол директорға саяси-педагогикалық басқаруды, дидактикалықты – завучке, әдістемелікті - әдістемелік секцияларға қалдырады. Бұндай жоғарыдан төменге вертикалдық сызықта бағыныштылықта мұғалім ешқандайда рөл атқармайды, оған тек “командалық мәліметтер” ғана беріледі.
”Ұстаздар – оқушылар” жүйесі “мұғалім – оқушы” қосалқы жүйе ретінде анықталады. Жеке және көптеген қатынасушылар арасындағы сандық айырмашылық әдіснамалық және педагогикалық тұрғыда өте маңызды.
Бірақта егер мектеп тануға арналған жұмыстарда әкімшілік-басқару іс-әрекеттері мұқият зерттелсе, онда орта буындағы “мектеп әкімшілігі- мұғалім – оқушы” жүйенің рөлі туралы мәселе жеткіліксіз өңделген болып қалады, дегенменде қазірдің өзінде мұғалім қызметінің өзіндік ерекшелігінің өте күрделілігі белгілі, оның Рөлі кибернетикалық аспектіде орындалған оқыту процесін басқаруға арналған зерттеулердің Дәлелдеуінше “оқушыларға білім берумен” шектелмейді.
Көрсетілген жұмыстарда, басқа да сондай жұмыстардағыдай, дәлелденген мұғалім іс-әрекетінің оңай еместігі туралы анықтап қарағанда негізді қорытынды жасалынады. Оқыту бағдарламасын жасағанда бір мұғалімнің бір ғана оқушымен жеке дара іс-әрекеттері ғана ескеріледі. Сонымен бұнда, бір бөлмеде бірнеше ондаған оқушылардың жұмыс істеу мүмкіншіліктері мен олардың әрбірінің әрекеттерінің бір-бірінен тәуелсіз екендіктері мүлдем ескерілмейлі. Сондықтан көрсетілген жұмыстардың авторлары жеке дара формасын ең тиімді оқыту формасы деп есептеді. Бұндай жұмыстардың әдіснамалық дұрыс еместігі, кеңестік және басқа да шет елдердің әдебиеттерінде бірнеше пункттер бойынша өте қатты сынға алынады.
Біріншіден, кибернетикалық тұрғыда білімді меңгеру мәселесі тек қана мазмұнды меңгерумен шектеледі, танымдық іс-әрекеттер құралдары, оқушылардың іс-әрекеттері сияқты онша маңызды болмай қалады.
Екіншіден, “мұғалім – оқушы” схемасы бойынша социалистік мектептің негізгі идеясы ұжымшылдықты қалыптастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін оқыту жоққа шығарады. Ал қоғам жағдайында әрбір азаматтың білім сапасының әлеуметтік маңызы болады.
Үшіншіден, бұндай жағдайда меңгерілетін материалдардың мазмұндары программаланады, программаларды барлық Пәндер бойынша барлық оқыту сатысында жасауға болады, онда мұғалім оқытатын машина жанындағы тексеруші қосымша рөлін атқаратын болады. Әрине бұл көрсетілген жағдайда, оқыту процесі барысында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі мүлдем болмайтындай алынып тасталынады. Оқыту тек қана білім берудің құралы ретінде ғана болады, ал тәрбие жұмысы толығымен оқудан тыс уақыттары аймағына шығады. Бұндай оқу және оқудан тыс уақыттар қызметін талқылаудың қисынды соңы арнайы тәрбиешілер институтын енгізуге әкелді, бұл тіпті оқушылардың қызығушылықтары тұрғысында, олардың жеке тұлға болып қалыптасу тұрғысында да, олардың уақыттарын дұрыс ұйымдастыру жағынан, басқада айқын экономикалық мәселелерді айтпағанда да қанақаттанғысыз.
М.Л.Захаров пен В.А.Сухомлинский басқа бағыттағы зерттеулерді мұқият талдағанда, мектепті басқару мәселесінің басқа бағыттары ашылып, мұғалім педагогикалық процесті басқармайынша, жалпы мектепті нәтижелі басқару мүмкін болмайтындығына көзімізді жеткізді.
Мұғалімнің іс-әрекеті оқушылардың іс-әрекетіне тікелей әсері, мұғалімнің жұмыстағы кемшіліктері оқушыларды дайындаудағы кемшіліктерге әкеледі. Бұндай қорытынды мұғалім іс-әрекеттеріне байланысты жұмыстарды және тағы басқа бағыттарды зерттеу негізінде жасалады.
Педагог-шеберлер осыны ұсынып, балалардың қажеттіліктеріне сүйеніп, өз қызметінің логикасын құрды. Ш.А.Амонашвили өз қызметінің бағдарламасын бала бағдарламасына жақындатуға ұмтылады.
Мұғалімнің уақытына ықпал жасайтын факторлар: сабақ мөлшері, сыныптар, педстаж, білім дєрежесі, жасы, сабаққа дайындалу мөлшері т.б. жағдайлар жете зерттелуі шарт.
Педагогикалық зерттеулер нәтижесі бойынша төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.
Жүз мұғалімнің уақытына жасалған зерттеу мынаны көрсетеді:
- 23 мұғалімнің сабақ кестесі уақытын үнемді пайдалануға кедергі жасайды;
- тамақты ұқыпсыз ішеді, 3-4 реттен кем тамақтанады;
- 70 мұғалім спортпен шұғылданбайды;
- 74 мұғалімінң пайдаланатын бос күндері жоқ;
- өнімсіз жұмсалатын уақыт жетісіне 6,5-7,5 сағатқа жетеді;
- әсіресе сабақта уақыт өте тиімсіз пайдаланылады.
Көптеген байқаулардың қорытындысында пайдалы жұмсалған уақыт тек қана 60-70%, шебер деген мұғалімдердің де уақыты осы шамада жұмсалатыны айқындалып отыр. Себебі көбіне әр сабақта жеке оқушыдан сұрақ сабақтың үштен бір бөлігін алады.
Сабақ уақытының тиімді іске асырылмайтындығы біріншіден, оқыту әдістерін дұрыс таңдай білмегендіктен, екіншіден, мұғалім сөзінің кедейлігі, шұбарлығы, әсерінің жоқтығы, мәнерлеп айта алмауы, көрнекті құралдарды және техникалық құралдарыды қолдану жолын білмеуі сияқты кемшіліктердің әсерлерінен. үшіншіден, М.Д.Штумаяның зерттеуі бойынша, 100 мұғалімнің 53-і ғана таңдаған әдісінің не себептен алынғанын дәлелдей алған. Төртіншіден, талдау мынаны көрсетеді: хронометраж бойынша оқу-...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық процесті ұйымдастырудағы іс-әрекетінің ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процес
» Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясының әдістері жайлы түсінік
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық процесті ұйымдастырудағы іс-әрекетінің ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процес
» Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
» Курстық жұмыс: Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясының әдістері жайлы түсінік
» Курстық жұмыс: Педагогика | Қазіргі мектептегі әлеуметтік педагогикалық жағдай
Іздеп көріңіз: