Курстық жұмыс: Экономика | БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ
Мазмұны
КІРІСПЕ 31 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ 5
1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы 5
1.2 Банк қызметі 6
1.3 ААҚ “АТФ-Банк ” сипаттамасы 22
4 Банктің клиенттерге несие беру кезіндегі қызметін басқарудағы ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 27
1.5 Банк қызметіндегі несие беруді басқарудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 29
1.6 Концептуалды схема 33
2 БАНКТІҢ КЛИЕНТТЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ЖОБАЛАУ 36
2.1 Есеп койылымы 36
2.2 Ақпараттық жүйедегі есептің орны 37
2.2.1 Кіріс ақпараты 37
2.2.2 Шығыс ақпараты 39
2.3 Ақпараттық база 40
2.4 Есептің математикалық қамтамасыз етілуі 43
2.5 Программалық қамтамасыз ету 44
2.5.1 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау 45
ҚОРЫТЫНДЫ 47
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады.
Нарықтық қатынасқа көшудегі қаржы және банктік механизмдегі қайта құрулар осы банктік және қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйе қызметтерінің бөлімдеріне айтарлықтай әсер етті. Банктік мекемелердің ақпараттық жүйесін құру принципі банктік органдардың иерархиялық құрылымын құрудан көрінеді.
Сонымен қазіргі түсінікте «коммерциялық банк — бүл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын акша-несие институты болып табылады.
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» заңның 1-бабына сәйкес, «банк — осы заңға сай банктік қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – банктердің клиенттерге несие беру кезіндегі қызметін оқып-үйренуде, жалпы банктың, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс-жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты «АТФ банк» мысалында банк клиенттеріне несие берудің акпараттық жүйесін тұрғызу болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Банктің клиенттерге несие берудегі қызметін басқарудың ақпараттық жүйесін негіздеу бөлімінде пәндік сала, банк сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және қарыз алушының төлем қабілеттілігін, банк қызметінің несие беру ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы көрсетілген, басқару объектісінің ұйымдастырушылық құрылымы берілген.
Негізгі бөлімінде банктің қызметтерінің ішінде несие берудегі қызмет көрсету бұл клиенттердің несие алу кезіндегі аса маңызды және көп тексерулерді қажет етеді. Сондықтан несие беру кезіндегі банктің – несие алушыға көрсететін қызметіне көңіл бөлінген. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін, несиенің рейтінгін зерттеу арқылы несиелік тәуекелдіні анықтап, оны алдын ала болжап, ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген.
Курстық жұмыс жазу нәтижесінде «АТФ банк» қызметіне сипаттама берілді, соның ішінде несие беру бөлімінің қызметкерлерінің жұмысын жеңілдеті мақсатында банктік ақпараттық жүйесі тұрғызылды.
1 БАНК КЛИЕНТТЕРІНЕ НЕСИЕ БЕРУДЕГІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 КР банк жүйесінің жалпы сипаттамасы
Елімізде қабылданған банктік зандылықтарға сәйкес ҚР-ғы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
ҚР Ұлттық банкі — мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бүл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер 1-кестеде беріледі.
Несие жүйесінің
элементері 12.2000 12.2001 12.2002 06.2003
І.Екінші деңгейдегі банктердің барлығы: 48 44 38 35
оның ішінде:
Мемлекеттік 1 2 2 2
Мемлекет аралық 1 1
Шетел капиталының қатысуымен оның ішінде: 100%/50% дан аса оның ішінде еншілес банктер 16
9/7
12 16
9/6
11 17
9/6
11 16
10/4
10
ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнің соңына
Сандық мәліметтер ҚҰБ-нің статистикалық бюлетінінен алынған N6 (103) 2003 маусым.
1- кестеден көріп отырғанымыздай , банктеріміздің саны жылдан жылға азаюдаю 90- шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны -16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуғын алады.
1.2 Банк қызметі
Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардың ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.
Сондай-ақ банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы, ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорнынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі мен түсіндіріледі.
Банктік қызмет — бүл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке түлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке түлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
— сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің қүжатты формада
шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы зат-
тарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтар-
ды және бөлмелерді жалға беру;
— ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаз-
дар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді
несиелер беру;
— төлем карточкаларын шығару.
— Банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту.
— шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
— чек кітапшаларын шығару;
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
— аккредетивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілхаттарды беру;
— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банк қызметін реттеу әдістері
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік қүқықтық актілермен анықталады.
1995 жылы 31 тамызда қабылданған "Банктер жәнс банктік қызмет туралы" ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлтгық банк екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ республикадағы ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:
• пруденциялық нормативтер белгілеу;
• банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
• банктердің қызметін тексеру;
• банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруга байланысты ұсыныстар беру;
• банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;
• банктерге немесе олардың лауазымды тұлгаларына санкциялар беру.
Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.
Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.
Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формаларымен, оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.
Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктср резервтік қор құруга міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктср резервтік қорларының көлемін Ұлттық банк белгілейді.
Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен
көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне
бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттық Банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндсгі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасынын № 213 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі банктерге арналган пруденциялық нормативтер туралы" ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) ашық валюталық позиция лимиті;
6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез- келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.
2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті
Меншікті капитал (К) — бұл I деңгейлі капитал мен II
деңгейлі капитал (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы — акцияның (жарғылық капиталда
қатысу үлесі) және еншілес ұйымдардың, сондай-ақ басқа
заңды ұйымдардың субординирленген қарызына
жұмсалымдар сомасы.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
- жоғары аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінің "А" категориясына енуге тиіс;
- жоғары аталған заңды түлғалардың қарыз рейтингі Standard & Рооrs және басқа халықаралык рейтингтік агенттіктердің "А" рейтингінен төмен болмауға тиіс.
Бірінші деңгейлі капитал (К1) мыналардан құралады:
- төленген жарғылық капитал;
- қосымша капитал;
- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс (өткен
жылдардағы таза табыс есебінен құрылған қорлар, резервтер шегерілген)
- материалдық емес активтер (Халықаралық қаржы
есебіне Халықаралық стандартына сәйкес банктің негізгі
кызметінің мақсатына алынған лицензияланған бағдарла-
малық қамсыздандыру);
- өткен жылдардағы зиян;
- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық сомасы.
Екінші деңгейлі капитал мыиалардан қүралады:
- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;
- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
тәуекелді есепке алып өлшенген активтср сомасының 1,25%-нан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиядар) мөлшері;...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі
» Курстық жұмыс: Информатика | Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
Іздеп көріңіз: