Курстық жұмыс: Экономика | БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ
Мазмұны
Кіріспе 3I БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ
ОНЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ 4
1.1 Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттер нарығын жетілдірудегі маңызы 4
1.2 Депозиттік нарық түсінігі және оның мәні 11
1.3 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесі,
оның қызметі 12
II САЛЫМ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 15
2.1 Талап ету салымдарының есебі 15
2.2 Мерзімді салымдардың есебі 16
2.3 Шетел валютасындағы депозиттік операциялардың есебі 17
III ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ 19
3.1. Банктің депозиттік емес ресурстары 20
3.2. Депозиттік емес тартылған қаражаттары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ
Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.Қазақстан банктерінің депозиттік операциялары пассивтік операциялардың ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік агенттер есебін қамтиды.Сондықтан Қазақстан банктері депозиттермен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптсатырып отыруы керек. Депозиттік саясат дегеніміз- коммерциялық банктердің нарықтық ортада сырттан қаржат тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Банк жүйесінің капиталдануы дамып отырса да, әлі де көптеген кемшіліктердің бар екндігін атап айтуға болады. Бұл жіберіліп отырған кемшіліктер Қазақстан Республикасының Нарықтық экономика жолына түскеніне онша көп бола қоймағандығымен түсіндіріледі.
Осы тақырыптың ең бір өзекті проблемалы мәселенің бірі - ол банктік жүйенің халық пен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелерін, яғни депозиттік салымдарын қайтарып беру бойынша кейбір жағдайларда өз міндеттемелерін мезгілінде орындай алмай қалып отыруында болып тұр.
Негізінен депозиттік саясаттың мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдану үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі – салымдарды тартумен байланысты салым операциялар болғандықтан, осы операцияларды жүргізуде банктер өз кәсіби шеберліктерін, заңдық, әдістемелік, техникалық негіздерін және тағы басқа тұстарды әр уақытта жетілдіріп отыруы қажет.
Егер банк жүйесінде салым ретінде салынған 1000 теңгенің мультипликациялануы нәтижесінде 20000 теңгеге дейін артатынын ескерсек , онда халық қолындағы экономикаға тартылмай отырған қаражаттардың біз үшін қаншалықты маңызының бар екенін көруге болады. Бұл қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы ол банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр.
Қалай болған жағдайда банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын әрбір атқан күннің басты мәселесі болып қала береді.
I БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ ТӘРТІБІ
1.1. Банктердің депозиттік саясаты және оның депозиттерді жетілдірудегі маңызы
Депозиттік саясат зерттеу жұмысында салымшылар мен баска да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын аньқтауға мүмкіндік береді. Бұндай тәсідеме банк ресурстарының тиімді, оңтайлы комбинациясын аньқтауды болжайды. Банктің депозиттік саясатын оңтайландыру - бұл күрделі көп факторлы міндет, оның шешімінің негізі біздің ойымызша елдің экономикальқ кызығушылығын тұтасымен коммерцияльқ банк экономиканың субъектісі peтiндe банктің клиенті және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан 6ipiнe сай келмейтіндігі айқын. Сондьқтан оңтайлы депозиттік саясат, ең алдымен, олардың мүдделерінің келісуін болжайды. Бұдан басқа депозиттік саясат коммерциялық банктің несиелік саясатының 6ip бөлігі ретінде, несиелік саясат үшін тиімділіктің, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады - бұл өтімділік, табыстылық және тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы.
Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.
Банктің депозиттік саясатының негізгі міндеттері:
- халықтың қысқа мерзімді депозиттеріне қарағанда ұзақ мерзімді депозиттерді дамыту және осының неізінде қаражаттардың тұрақты көздерін қалыптастыру;
- талап еткенге дейінгі депозиттердің баламасы ретінде карточкальқ шоттарды (пластикальқ карточкаларды) кезеңдер бойынша көбейту;
- клиенттерге көрсетілетін депозиттік және онымен байланысты банктік қызметтер ауқымын кеңейту;
- қаржылық және қаржылық емес салалардың клиенттерінің депозиттерін арттыру.
Банктердің депозиттік саясаты олардың тарифтік, мүдделік саясаттарымен өзара байланысты болады және келесі мәселелерді шешуге бағытталады:
барынша аз қаржылық шығындарды жұмсап, жеке және заңды тұлғалардың бос ақшалай қаражаттарын тарту;
ақшалай қаражаттарды шоғырландыру үшін депозиттердің жаңа түрлерін дайындау және енгізу;
инвестицияны қаржыландыру мен несиелеу үшін депозиттердің жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
депозиттерге қызмет көрсету бойынша банктің шығындарын азайту және т.б.
Депозиттік саясаттың қағидалары:
- ақшалай қаражаттарды депозиттерге орналастырудың еріктіліп және оларды қабылданған номиналдары бойынша қайтарымдылығы;
- нарықтьқ конъюктура тұрғысына қарағанда депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі;
- жинақтарды жинақтау үшін депозиттердің шартының қолайлылығы; ақшаларды пайдалануға және тартуға бақылау жасау.
Депозитік саясат депозиттер бойынша сый-ақы ставкаларын, жинақтарды тарту әдістерін, депозиттерді сақтау мерзімдерін оңтайландыру, қызмет көрсету аясын кеңейтуді, клиенттерге қызмет көрсету технологиялық үрдісін өзгертуді икемді реттеу жолымен жүзеге асырылады.
Банктің депозиттік портфелінің оңтайлылығы және диверсификациясы өтімділікті ойдағыдай басқаруға қажетті шарт болып табылады. Банктің негізделген және заңды клиенттерінің қажеттіліктерінің қабілетсіздігі тиімді келісім-шарттардың тез арада жоғарылауына, оның бәсекелік позициясыньң әлсіздігіне және ақырында, нарықтық қатынастың өміршең қабілетті cyбъектici ретінде банктің күйреуіне әкeлeдi. Банк қызметінің мақсаты (басқа да экономикалық қызметтер сияқты) — минималды тәуекелділікте максималды мүмкін пайда (табыс) алу. Басқаша айтқанда, бұл анықтама – тәуекелдің табысқа немесе табыстың тәуекелге қатынасы. Табыстылық пен тәуекелдің оңтайлы комбинациясы тәуекелдің табысқа қатынасы үшін минимумға жету немесе эквивалентті бөлу табыстың тәуекелге қатынасы үшін максимумға жету болып табылады. Табыстылық пен тәуекелдің оптималды комбинациясын Морковиц-Шарп моделіндегі бағалы қағаздар портфелінің оңтайлы 6ip уақытта ұштастырылуы мынадай екі шартты орындайды:
• бұдан басқа eшбip табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбip комбинациясы берілген табыстылықтың көп немесе тәуекелдің аз деңгейінде қамтамасыз етілмейді;
• табыстылық пен тәуекелдің бұдан басқа eшбіp комбинациясы берілген аз немесе табыстылықтың жоғары деңгейінде қамтамасыз етіле алмайды.
Мұндай комбинация тәуекелдің бip түрі ғана қабылданғанда және табыс кездерін баламасыздығын тек бipey ғана болған кезде қалыптасады. Көп қабылданған тәуекел және сараланған табыс көздерін қолдану кезінде мұндай оптимумдар бірнешеу болуы мүмкін, ол тәжірибеде ереже болып табылады. Бұндай жағдайда табыстылық пен тәуекелдің ара қатынасының оңтайлылығын iздey кезеңі бойынша өткізіледі, тәжірибеде жүзеге асыру жолында тізбектілік итерацияда негізгі бағыттарды байқай отырып "градиент" сияқты кеңестік ықтималдық жоғары жағдайында.
Дегенмен, саналы тәуекелді қабылдаудан басқа, оны минимизациялауды банк өзінің қызметін мынадай түрде: минимумды жоғарылытуды өзіне анықталған табысты қамтамасыз етуде icкe асыру керек. Мұндай минималды табыс деңгейі деп табыстылықтың жеткіліктілігін айтамыз. Онда табыстылықтық тәуекелдігін бірнеше аймаққа бөлуге болады, оның әрқайсысы қызметтің айрықша жағдайымен сипатталады.
Болашақтағы сұраныстың анықталмаған жағдайында өтімділіктің қалыпты мөлшерін анықтау қиын. Коммерциялық банктердің өтімділік жағдайын нақты бағалау үшін анықталған кезеңде қолма-қол ақшаның түcyi және қолма-қол қаражаттарының қажеттілігі күтілген деңгейде өтімді активтердің нақты болжамдары қажет.
Несиелік саясатты әзірлеу кезінде:
1.базистік кезең деңгейімен салыстырғанда салымдар мен ссудалардың әр күтілген өзгерістеріне сүйенуі мүмкін.
2. банктің өтімділік ресурстарының қажеттілігін есептегенде.
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын анықтайтын өтімділік динамикасына мынадай үш негізгі фактор әсер етеді:
А) салым сомасының азаюына немесе көбеюіне байланысты қаражаттарды сатып алу немесе жоғалту;
Ә) инвестиция және ссуда сомаларының қысқаруы мен өсуіне байланысты қаражаттардың түcyi немесе жылыстауы;
Б) салым сомасының қысқаруынан немесе өсуінен міндетті резервтік мөлшерінің төмендеуі немесе өcyi.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын анықтауда нарықтық ерекшеліктерін талдауға сүйенеді, сондай-ақ банктің ресурстарының оңтайлы комбинациясының критерийлерін, негізгі талаптарын жасауға болады. Сонымен бipгe біздің көзқарасымыз бойынша, жеке таңдаулы банктің депозиттік саясатының ерекшелігі айырықша көрінеді және барлық банктер үшін жалпы критерийлер болуы керек.
Қазақстан банктерінің депозиттік саясатының жалпы оңтайлы критерийлері мыналар:
- банктің қаржылық тұрақтылығы, оның сенімділі, тұрақтылықты ұстап тұру үшін қажетті банктің депозиттік, несиелік және басқа да операцияларының өзара қатынасы. Жекелей алғанда, активтер мен пассивтердің келісуі қажет (сомасы, мерзімі, өтімділігі тәуекелдік және табыстылық дәрежесі бойынша), яғни банктің депозиттік саясатты жүргізгенде депозиттер портфелінің оңтайлылығын банкке деген салымшылар (заңды және жеке тұлғалар) талабының жиынтығы ретінше ең артынан қарауының өтімділіктің және табыстылықтың, тәуекелдің дәрежесін анықтайтын критерийлердің негізінде жіктелінуінің (несиелік ұйымның берілген ресурс түрінің айналымы мен мepзiмi, талап ету дәрежесіне, пайызд ық ставка деңгейі және т.б.) қалыптасуына үлкен көңіл бөлу қажет.
- банк ресурсының тәуекелдігін минимизациялау мақсатында диверсификациялау;
- депозиттік портфельді сегменттеу (клиент, өнім және нарық бойынша);
- әр түрлі клиенттер тобына саралау тәсілдемесі (тұрғындардың жоғарғы
депозитіндегілер, байлар, кедейлер үшін әр түрлі өнімді жинақтау);
- банктің өнімі және қызмет көрсетуі басқа бәсекелес банктің өнімінен өзгешеленуі керек (сапасы, бағасы бойынша және т.б.);
- жоғары тәуекел жағдайында банктің депозиттік портфеліндегі тұрақты ресурстарының үлесі жоғарылағанда тұрақты және "ұшпалы" ресурстардың оңтайлы үйлесуші қамтамасыз етуде ресурстардың тиімді комбинациясының қажеттігі сонымен қатар депозиттік операциялар бойынша да;
- депозиттік портфель мен салымдардың гаммасын тұтасымен
қалыптастыру процесінде өміршендік кезеңде есепке алу концепциясы.
Депозиттік саясаттың оңтайлы критерийлерін ерекшелігі әр банкте жеке-жеке анықталады (банктің мөлшеріне оның персоналдарының квалификациясына, олардың орындаған операциялары және қызмет керсетулерінің өзіндік құны және т.б.) Мысалы, әлеумметік бағытталған саясатты жүргізуде (халықтың тұрмысы төмен жіктері үшін; VIP-клиенттерүшін; халықтың тұрмысы жоғары жіктегілер үшін) нақты аймақта өзінің операцияларын дамыта отырып немесе операцияларымен қызмет көрсетудің анықталған түрлеріне арналған нарықтық стратегияны банк таңдайды, оның оңтайлы көpiніci біршама дәрежеде сәйкес келеді.
Халыққа банктік қызмет көрсету нарығын маркетингтік зерттеу нәтижесі жоғарыда айтылғандай, сонымен қатар шетелдік банк тәжірибесін зерделеу мынадай қорытындағы әкеледі, банк қызметінің түбегейлі бағыты депозитке қаражаттарды тарту, бұл - салымдар гаммасының кеңеюі берілген жағдайды негіздеу үшін депозиттер нарығының қaзipгi жағдайын және жекелей алғанда Қазақстандағы банктердің салымдар жүйесі зерттеу өте қажет.
Халықтың ақшалай жинақтарын талдау қазipгi кездегі Ресей жинақтау жүйесінің үш негізгі элементтен қалыптасқанын көрсетеді банк шотында салым түрідегі жинақ ақша сақтандыру полисі түрінде және бағалы қағаздар түрінде. Ең маңызды рөлі банк шотындағы салым түріндегі жинақ ақша алады, және жоғарыда көрсеткендей жинақ банктегі салымдар тарихи басымды.
Салымдар бойынша операциялар несиелік айналымның және халықтың жинақ ақшаларын оңтайлы ұйымдастыру мәселесіне тікелей байланысына қарамастан осы уақытқа дейін "депозит" жинақ iciнiң теориясы мен тәжірибесінде « салым» түсінінің біржақты анықтамасы жоқ.
Осы зерттеу жұмысында депозиттер - банк кітабындағы келісім және шарт бойынша қаражаты немесе банкке анықталған талабының бар екені куәләндыратын тіркеу ретінде қарастырылады. Сондықтан, бағалы қағаздарды жатқызуға болады және банктерге клиенттердің ақшалай қаражаттарын тартуға қызмет көрсетеді. Депозиттерді әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Бірақ бағалы қағаздарды жіктеу мәселесі экономикалық әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде өңделген, ал салымдардың жүктелуі - пікірталас тудырып отырған мәселе.
Депозиттік операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады. Оның ережелері:
1) депозиттік операциялар банктік пайданы алуға немесе болашақта пайда
алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұйымдастырылады;
2) ұйымдастыру процесінде депозиттік операциялар субъектілерінің әр
түрлілігін және әр формадағы депозиттердің сәйкестігіне қамтамасыз ету керек;
3) банктік операцияларды жүзеге асырған кезде депозиттік операциялар
мен депозиттер және несие салымдарының сомалары мен мерзімдері бойынша
карыздарды беру операциялары және депозиттік операциялар арасындағы өзара
байланыстылығы мен өзара келіспеушіліктер қамтамасыз ету қажет;
4) депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде банк балансының өтімділігін сақтауды ең жоғары дәрежеде камтамасыз ететін мерзімді депозиттерге ерекше көңіл бөлінеді;
5) депозиттік операцияларды ұйымдастыру кезінде банк депозиттік шоттардағы бес (активті операцияларды тартылмаған) қаражаттардыңрезервтері минималды болдыруына тырысу керек.
6) банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті мен сапасын арттыруы шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға әсер етеді
Депозиттік саясаттың маңызды тeтiгi - банктің салымшыларына тартылатын ресурстар үшін төлейтін пайызы. Депозиттер бойынша пайызды орнатуға әсер ететін бірқатар факторлар болады. Шартты түрде оларды сыртқы (олар объективті және банктің қызметінен және оның контактілік аудиторияларына тәуелді емес) және iшкi (олар банктің iшкі саясатының және контрагенттерің әсерінен қалыптасады) деп бөледі.
Сыртқыларға:
- елдің орталық банк анықтайтын пайыздық есептік ставкасы;
- қорлану нормасы;
- ақпараттың деңгейі;
- банктік қызмет нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қатынасы;
- әлемдік қаржы нарығындағы пайыздық ставкалардың деңгейі. Ішкілерге:
- операцияның мазмұны, яғни депозиттің түpi, мерзімі сомасы және т.с.с.
- клиенттің сипаттамасы;
- берілген банкте қолданылатын баға белгілеудің әдістері неғұрлым өз экономикалық мазмұны бойынша әр түрлі болса, соғұрлым ол бойынша әр түрлі пайыз ставкалар орнатылады. Банктің депозиттің әр түpi бойынша операцияларынан кipicтep мен шығыстары әр түрлі болады. Төменде шығындарды функционалды талдау беріледі.
Ең арзан депозиттер- бұл чектік депозиттер, соның ішінде кәдімгі пайызсыз мерзімді депозиттер. Чектерді жасау мен есептеуге байланысты шығындар, шығындардың ең үлкен бабын құрап тұрғанмен, кәдімгі чектік депозиттер бойынша салымшылар шамалас пайыздық табыс алады, бұл банктің қаражаттарының басқа көздеріне қарағанда шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Коммерциялық фирмалар үшін ашылатын чектік шоттар орташа мәнде азаматтарға ұсынылатын чектік шоттар сияқты банктер үшін онша қымбат емес. Коммерциялық фирмалардың депозиттеріне түсетін қаражаттардың долларға кететін щығындары азаматтардың чектік шоттарды жүргізуі мен байланысты шығындарының жартысынан аз бөлігі құрады. Жеке чектік шоттың орташа мөлшері коммерциялық шоттың орташа мөлшерінінің 1/3 бөлігінен аспайды, сондықтан банк өзі инвестициялайтын қаражаттардың ең көп бөлігін коммерциялық салымдардан алады.
Мерзімді депозиттер (әсіресе ақшалай нарықтық шоттар) жинақ салымдары ранг бойынша жалпы талап еткенге дейінгі депозиттерден кeйін жүреді, ceбeбi банк үшін ең арзан емес болады. Жинақ салымдары банк үшін төмен пайыздық ставкасына байланысты, ал көп жағдайда салымшылар үшін шоттардан айлық көшірмесінің жоқтығына байланысты операциялардың үлкен саны жүргізіледі көптеген салымшылар оларды чектік шоттар ретінде қолданады. Көптеген банктер өз жинақ; депозиттерінің ағымдылығын болдырмау үшін шоттардан қаражаттарды алуға шектеулер қояды және қызметтері үшін төлем мөлшерін орнатады.
Жалпы, мерзімді депозиттер, депозиттік сертификаттар және ақшалай нарықтық шоттардың қаражаттарды салу және алуды жүргізу тұрғысынан
жинақ шоттарына қарағанда қозғалмалылығы аздау. Мерзімді депозиттер мен ақшалай нарықтағы шоттардың көбici бойынша ең жоғары пайыздық ставкалар жинақ салымдарымен салыстырғанда олардың артықшылығын кемітеді. Үлкен емес банктердің ipi банктерге қарағанда жинақ депозиттер және ақшалай нарықтың шоттарға қызмет ету бойынша жоғары шығындары жиі болады, бірақ олардың басқа банктерге қарағанда мерзімді депозиттер бойынша шығындары орташа төмендеу болады. Сонда да ipi банктер депозиттердің орташа мөлшерінің көптігіне байланысты чектік және жинақ депозиттері операциялардан ең жоғары мөлшерде табыс алады.
Депозиттерді ұстау бойынша қызметтердің бағаларына катысты мәселелерді шешкенде банктің басқармасы ecкi дилеммаға тап болады банктер клиенттердің салымдарын тарту мен сақтау үшін жеткілікті мөлшерде жоғары пайыздық табыстарды қамтамасыз ету керек, бірақ депозиттерден алынатын қаражаттарды пайдаланудан алатын пайдадан асатын шектен тыс пайыздық ставкалардан жалтару керек. Депозиттер үшін қатаң бәсекелестік күрес бұл мәселенің шешуін күрделіндіреді, ceбeбi бәсеке депозиттер бойынша пайыздық шығыстардың өcyiнe әкеледі және бip уақытта тартылған қаражаттар айналымынан күітілетін пайдаларды төмендетеді.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері қызметті тәжірибесінде депозиттер бойынша сый-ақы(мудде) пайыздық ставкасын белгілеу банктердің Басқармасының қаулысымен бекітілген пайыздық саясатына сай жүзеге асырылады.
Клиенттердің депозиттері бойынша сый-ақы пайыздық ставкасының мөлшерін банктер келесі факторларды басшылыққа алады:
- қаржы нарығының конъюктурасын;
- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;
- банкаралық ресурстардың құнын;
- мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;
- инфляция деңгейін;
- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;
- депозиттердің құрылымын;
- халықтың табысының өсу қарқынын.
Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда курделі проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі. Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелеу және оның Қазақстанда дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазіргі кездегі банктердің депозиттік саясаты Банктің салым операцияларының есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің пассивтік операцияларының құрылымы және жалпы сипаттамасы.Депозиттік және депозиттік емес операциялар
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің басқа да операциялары
» Курстық жұмыс: Экономика | Депозиттік операцияларды дамыту
» Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелеу және оның Қазақстанда дамуы
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазіргі кездегі банктердің депозиттік саясаты Банктің салым операцияларының есебі
» Курстық жұмыс: Экономика | Банктердің пассивтік операцияларының құрылымы және жалпы сипаттамасы.Депозиттік және депозиттік емес операциялар
» Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктердің басқа да операциялары
» Курстық жұмыс: Экономика | Депозиттік операцияларды дамыту
Іздеп көріңіз: