Курстық жұмыс: Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Курстық жұмыс: Экономика | Банктерге және банк жүйесіне сипаттама

Мазмұны
I. Кіріспе бөлім.
1.1. Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.......................................
II. Негізгі бөлім.
2.1. Қ.Р. банк жүйесін ұйымдастыру..................................................... Банк жүйесінің ерекшеліктері......................................................
2.3. Банк жүйесінің элементтеріне сипаттама......................................
III. Қорытынды.
3.1. Банктің атқарымдары.................................................................
IV. Пайдаланған әдебиеттер............................................................

Кіріспе
Банктерге және банк жүйесіне сипаттама.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіпорны, мекеме, дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны, -дейді; үшіншілері - делдалдық үйым,- дейді. Төртіншілері — несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды. Негізінде, банктің мазмүнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшауланушылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И. Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: "Банк ақшалай, несиелік жоне қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашылығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар - ақша және есеп айырысудың құралдарың шығарады".
Қорытындылай келіп О.И. Лаврушин: "Сонымен, банк — ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі - дейді. Біз осы анықтамамен келісеміз.
Үлкейтілген ауқымда банктер - эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара қүқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық банк болып табылады. Басқа банктердің бөрі, Қазақстан жағдайыңда, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Өз кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктері болып бөлінеді.
Халық шаруашылығының тек белгілі бір саласының өкілдеріне, несме және есеп айырысу қызметтерін көрсететін банк мамандандырынған банк болады, ал егер банк, мүндай қызметтердің түрлі-түрлісін кез келген саланың өкілдеріне көрсете алатын болса, ондай банк әмбебап банкі деп аталады. Бірақ қазіргі жағдайда қызмет істеп жүрген банктерді жоғарыдағыдай етіп жіктеу өте қиын. Өйткені, олардың бәрі өздерінің көрсететін қызметтерін ұлғайтып және жетілдіруге тырысады. Әйтпесе басқа банктермен бәсекелесе алмайды. Тіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге қызмет жасау үшін ұйымдастырылған Агропромбанкте халық шаруашылығының көптеген салаларына өзінің қызметін ұсынады. Халыққа жұмыс көрсетуге арналған халықтық жинақ банкісі де кең мөлшерде түрлі-түрлі қызметтерін Заңды және жеке тұлғаларға үсынады. Осының бөрі Қазақстанда банк жүйесінің әлі мамандандырылып болмағанын, банктердің жетіліп, нығайып үлгермегендігін байқатады.
Меншіктің нысанына қарай банктер, мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді. Қазақстандық банктерге тән ерекшелік, олардың бәрі, мемлекеттік банктерден басқалары, ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғам болып қалыптасқан.
Әр түрлі белгілер мен банктер: аймақтық, аймақаралық, ұлттық, халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып та бөлінеді.
К.Р - дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қ.Р. Ұлттық банкі» және 1995 жылдың
31 тамызында қабылданған «Қ.Р-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Қ.Р заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке түлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдың тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы кестеде берілген.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады. .
КР екінші деңгейдегі банктері Қ.Р Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.
Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
К.Р-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа К.Р Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін Қ.Р Ұлтық банкі лицензия береді.
2.1. Қ.Р. банк жүйесін ұйымдастыру.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "Қ.Р-дағы банктер және банктік қызмет туралы" Қ.Р-ның заңына сәйкес Қ.Р-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен түрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3)Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
• банктің жарғысы (түпнұсқа);
• банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау тұрады хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);
• құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың ңаржылың жағдайлары туралы аудиторлық ңорытынды;
• егер бір немесе одан да көп ңүрылтайщылары К,Р-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе ңадағалау органынан жазбаша келісімі;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын үйым банк р|ётінде қайта ңүрылса, онда оның жарғы-сы, рүрылтайшылық шартьі, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, үйымның ңаржылың жағдайы туралы ауди-торлың ңорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу ңүры-лымы (банктің өкілетті органымең бектілуі тріс);
• жаңадан ңүрылатын банктің ішкі аудит ңызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі' тиіс);
• жаңадан ңүрылатын банктің несиелік кОмитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан ңүрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде банк ңызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауңымы, ңаржылың болашағы (есеп айырысу балансы, бас-тапңы ңаржылың (операциондың) үш жылғаі арналған пайда және зиян туральіі есебі. маркетинг жоспары (банк клиенттерін ңалыптастыру), еңбек ресурстарын ңальщтастыру жоспары);
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындың шар-лары туралы ңүрылтайшылардьің есебі;
• нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың
атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс.
— ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
— жарияланган жаргылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу жәнгі жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке тұлгалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке түлғалардың вексельдерін және өзге борыштың міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
— сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
— ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
— төлем карточкаларын шығару;
— банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
— шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
— төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
— чек кітапшаларын шығару;
— бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
— аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
— ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
— үшінші түлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
— брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
— дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
— кастодиандық;
— клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
курстык жумыс Банктерге және банк жүйесіне сипаттама курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар экономика жобалар курстық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]